Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


Грамматикалық жаттығулардың түрлері



бет46/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

Грамматикалық жаттығулардың түрлері.


Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен программаға сай білгендерімен жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, бұл ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадын саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын жаттығу әдістерін білуге тиіс. Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтакситік және лексикалық болып бөлінеді.
Фонетикалық жаттығулардың міндеті- балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс анық айтып берулерін қамтамасыз ету. Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланылып қоймайды, сонымен қатар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де пайдаланылады.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты- ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар. 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, мофемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әр бір элементі түбір, жұрнақ, жалғау – бұлардың әрқайсысы сөзге өзінше мән береді. Ал осы мәндердің жинағы бірігіп сөздің жалпы мағынасын тудырады. Морфемаларды соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де зор мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді жасауға орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді. Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйретеді, жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді,
септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады.
Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: текстегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен текстерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет