Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


Өзіндік тексеріске арналған сұрақтар



бет49/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
Àðíàéû ìåêòåïòå ?àçà? ò³ë³ ¼ä³ñòåìåñ³

Өзіндік тексеріске арналған сұрақтар:


  1. Бесінші сыныпта "Сөз құрамы" тақырыбын оқытудың маңызы.

  2. Сөз құрамын меңгерту ісінде кездесетін мақсат-міндеттер.

  3. Сөз құрамын оқыту әдісінің жүйесі.

  4. Түбір мен түбірлес сөздердің әдістемесі.

  5. "Қосымша" туралы ұғымды түсіндіру және оқыту тәртібі.

Әдебиеттер:


  1. Аксенова А.К. «Методика обучения русскому языку в коррекционной школе», М., 2004

  2. Барская Н.М. «Методика обучения русскому языку в 5-9 классах вспомогательной школы. М., 19923.

  3. Рахметова С.Р. «Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы» Алматы, 2007.

  4. Арнайы білім беру бағдарламасы : қазақ тілі бөлімі. «ӘБЕО орталығы», 2009.



6. Зат есімді оқыту әдістемесі


  1. Зат есім туралы жалпы түсінік беру.

  2. Жалқы және жалпы есімдер

  3. Зат есімнің жекеше және көпше өзгеруі

  4. Зат есімнің тәуелденуі

  5. Зат есімнің септелуі

  6. Жақ ұғымының әдістемесі

  7. Жіктік жалғаудың мәні, қызметі, әдістемесі.

Барлық тақырыптарды саналы түрде меңгеру үшін ең алдымен зат есімді толық түсініп алу қажет. Ақыл ойы кем оқушылардың ойлау ерекшеліктері заттарды абстрактылы түрде түсінуін қиындатады. Олар ақыл, жылдамдық, ұят, ыстық, суық т.б. сөздерді зат есімге жатқызбайды. Ережелерді қалыптастыру бір жақты түрде меңгеріледі (зат есім Кім? Не? сұрағына жауап береді.) Олар зат есімнің сөйлемдегі синтаксистік рөлін қабылдамайды. Жаңа сабақты өтпес бұрын, мұғалім ескерту немесе басқа да қиындықтарды жеңу негізінде білімді қалыптастыру қажет. Ең алдымен бастауыш сыныптарда өткен материалды қайталау қажет. Оқушылар барлық ережелерді меңгеруге қиналатындықтан, әр ереже бөлімі талқыланады (көмекші мектепте оқытудың ерекшелігі). Морфологиялық және синтаксистік білімді меңгеру негізінде, мұғалім сөйлем ішінен заттың атауын білдіретін сөздерді табуын сұрайды және заттың атын білдіретін сөздер зат есім екендігі туралы түсінік қалыптастырады. Бұл термин қайталанып, дәптерге жазылады. Содан соң мұғалім оқушыларға зат есімдерге сұрақ қоюын сұрайды және мынадай қорытындыға келеді: «зат есімдер кім және не сұрақтарына жауап береді».
Содан соң оқушылар жаттығумен жұмыс жасайды (көшіру, сөйлемді талдау т.б). Зат есімдерге байланысты дәлелдемелер келтіріп, зат есімдер қандай сұрақтарға жауап беретінін айтады.
Бұл жұмыстың барлығы келесі қорытындыға келеді: «заттың атын білдіріп, кім, не сұрағына жауап беретін сөз табын зат есім дейміз».
Сөйлемдегі зат есімдерді тез табуын қалыптастыру және ережелерді терең меңгеру үшін оқушыларға келесі жоспарды пайымдау ұсынылады:

  1. Заттың не білдіретінін анықтаңыз

  2. Сұрақ қойыңыз (кім немесе не)

  3. Қорытынды жасаңыз (бұл зат есім)

Көмекші мектепте берілген тақырып бойынша туындайтын себептердің бірі бір оқушының өзен,көл атауларын, село және қала, кітаптар кинофильмдер, спектакль т.б атауларын нашар білу болып табылады. Сондықтан мұғалім қиындықтарын алдын алып, оларды болдырмауға тырысу үшін, оқушылардың жеке ерекшелігін ескеріп, жеке ықпал ету мүмкіндіктерін ұйымдастыру.
Үлгерімі жоғары оқушыларға келесі мәтінді ұсынуға болады: Қазақстан жері арқылы көптеген өзендер ағып өтеді:Еділ,Есіл,Алакөл,Балқаш т.б.
Үлгерімі төмен оқушыларға жеңілдеу мәтін ұсынған жөн: Біздің жанұямызда төрт адам бар. Анамның аты-жөні – Салтанат Маратова, әкемнің аты-жөні – Берік Сағатұлы, ағамның аты-жөні – Еркін Берікұлы және мен Майра Берікқызы.
Оқушылар мәтінді оқып, адам аттарын, өзен көл,қала атауларын тауып, олардың неліктен зат есім екендігін түсіндіреді. Ал мұғалім жалқы есім туралы түсінік қалыптастырады. Жалқы есімді меңгергеннен кейін, оқушылар бір қорытындыға келеді: «адам аты-жөндері, қала,өзен-көл, село, ауыл атаулары жалқы есім болып табылады».
Осыдан кейін жалқы есім туралы түсінік қалыптасады. Оқушылар оқыған кітап,газет,журналдарын атайды.
Мұғалім оқушылар назарын жалқы есім бас әріппен жазылатындығына аударады және қалған зат есімдер жалпы есім болып табылатындығын хабарлайды. Жалқы және жалпы терминдері дәптерге жазылады.
Бұл тақырыпты бекітуге әр түрлі жаттығулар бар: теріп көшіру, терме диктанты, шығармашылық жұмыстар т.б. Осы жұмыстарды басқа да әдебиеттерден де алуға болады.
Оқушылар жалпы және жалқы түсініктерін меңгергеннен кейін, жоспарды пайымдау келесідей:

  1. Сөздердің нені білдіретінін анықтаңыз

  2. Сұрақ қою

  3. Қорытынды жасау

  4. Жалқы немесе жалпы зат есім екендігін анықтау.

Төменгі сыныптарда оқушылар міндетті түрде «көп зат және аз зат» түсінігімен танысады. Олар бір заттың атауы және бірнеше бірдей заттарды атаулары бойынша сөз дифференциациясы бір және бірнеше зат белгілері т.б.жайлы жаттығуларды орындайды. Бұл білімдер берілген сабақ тақырыбының негізі болып табылады. 5-сыныпта зат есмінің көпше және жекеше түрін табу үшін мәтін бойынша бақылау жүргізеді. Оқушылар мәтіннен зат есімдерді теріп жазып,анықтайды. Мысалы, көлік-көліктер, машина-машиналар, қағаз-қағаздар, ара-аралар, көл-көлдер, ит-иттер, құс- құстар.
Сол бағандағы сөздер бір зат, оң бағандағы сөздер бірнеше сөздер екендігі туралы оқушылар қорытынды жасаған соң мұғалім сол бағандағы сөздер зат есімнің жекеше түрі, оң бағандағы сөздер зат есімнің көпше түрі екендігін айтады.
Көпше және жекеше деген сөздерді қолданумен бірге аз және көп ұғымдарымен сәйкестендіру грамматикалық терминдерді саналы түрде меңгеруге алып келеді. Осындай жұмыстан кейін оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап беруге дайын болады:

  1. Зат есімнің неше түрі бар?

  2. Зат есімнің түрлері қалай аталады? (жекеше және көпше)

  3. Жекеше түрдегі зат есім неше затты білдіреді? (екі немесе бірнеше)

  4. Көпше түрдегі зат есім неше затты білдіреді? (екі немесе бірнеше)

Алтыншы сыныпта зат есімнің тек қана жекеше немесе көпше түрде қолданылуымен танысады. Бұл тақырып бойынша жұмыс қазақ тілінде жиі кездесетін сөздердің қолданылуын таныстырады, сөздердің қолданылуын кеңейтіп, белсендіріледі.
Берілген тақырып бойынша келесі жаттығуларды орындауға болады:

  1. Зат есімдерді теріп жазу. Зат есімнің қанша және қандай түрде тұрғанын анықтау;

  2. Көпше түрде берілген зат есімдерді жекеше түрге ауыстыру;

  3. Берілген зат есімдерді түр бойынша өзгерту: мысалы, арық..., бұлбұл..., ағаш..., құмырсқа..., қанат.., дос...

  4. Зат есімдерді жекеше түрде жазу. Мысалы, орманда саңырауқұлақтар,жиделер,өсімдіктер.

  5. Зат есімдерді кім немесе не сұрағына жауап беретіндей етіп өзгерту. Зат есімнің түрлерін анықтау.

  6. Сөздерді үш бағанға жазу.

    1. тек жекеше түрде қолданылатын зат есімдерді жазу.

    2. тек көпше түрде қолданылатын зат есімдерді жазу

    3. жекеше және көпше түрде қолданылатын зат есімдерді жазу.

  7. мағынасына сай зат есімдерді қою және қай түрде қолданылатынын анықтау.

  8. Белгіленген зат есімді өзгерту, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Оқушылар сабаққа дайындалып жатыр. Оқушы сабаққа дайын. Қыздар кесте тігіп жатыр. Қыз кесте тігіп жатыр.
Оқушылар зат есімнің көпше, жекеше түрін анықтап, өз жауаптарын дәлелдей алуы тиіс. Жазбаша талдау мынандай түрде берілуі мүмкін:
Құс-зат есім, жалпы есім Алматы-зат есім, жалқы есім.
Сонымен, зат есімнің жекеше немесе көпше түрлерімен танысқан оқушылар болашақта септік жалғауларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады.
Қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – зат есімнің тәуелденіп жұмсалатындығы. Сондықтан зат есімнің тәуелденуі оның жалғаулары, тәуелдік жалғаудың меншікті мәні мен үш жақ бойынша түрленетіні көрнекілік, бақылау, салыстыру тәсілдері мен оқытуды қажет етеді. Тіпті "тәуел", "тәуелді", "тәуелсіз" деген сөздердің ұғымын түсіндіруге де әдейі назар аударған жөн. Демек, әрбір грамматикалық терминнің мәнін таныту үшін оның тақырыбының мағынасын бірден дұрыс түсіндірмесе болмайды. Әйтпесе оқушы білімі жаңсақ не қарадүрсін түрде қалыптасады. Сонда шамамен "тәуел−меншікті, тәуелсіз− меншіксіз(ерікті)" деген ұғымға келетінін мысалдармен таныту керек. Ол үшін оқушыға таныс заттың аты әрі тәуелденгенде түбірдің соңғы дыбысы өзгеріске ұшырамайтын сөз атау күйінде алынып, сол сөзге тәуелдік жалғауын жалғап, екі күйді де тақтаға жазып, салыстырып, байқатылады. Мысалы, ат, қалам, сия, дәптер, қол, терезе, ат−атым, қалам−қаламым, сия−сиям... содан барып –ым, −ім, −м тәуелдік жалғаулары менікі деген меншіктілік ұғымды білдіріп тұрғаны анықталады. Енді бұл меншік бірінші жақта, яғни сөйлеп тұрған кісінің өзіне тиісті затты көрсетіп тұрғандығы ескертіліп, әлгі сөздердің алдына "мен", "менің" деген жіктеу есімдіктерін қойып айтып бақылату керек.
Мен ат−менің атым, мен қалам− менің қаламым. Сонда –ым, −ім, −м жалғауларының тәуелдікті көрсететін мәні айқындалады. Одан әрі тәуелдеудің екінші, үшінші жақта "сен,ол" сөздерімен байланысты айтылуы, одан кейін жекеше, көпше түрлері оқып, жазып үйреніледі. Ең соңында тәуелдік жалғауға байланысты емле ережелерінің кейбір түрлері қарастырылады. Мәселен, сөз аяғындағы "к", "қ", "п" дыбыстарының дауысты дыбыстан басталатын (ым, ім, ың, ы, і) қосымша жалғанғанда ұяңға
айналып, "г, ғ, б" болатыны, жазуда сол өзгеріс ескерілетіні таныстырылады. Құлақ−құлағым, жүрек−жүрегім, кітап−кітабым (ІІ−ІІІ жақта да байқатылады). Жинақ таблица жасатылады. Орыс тілінен енген сөздің аяғында жіңішкелік белгісіне қос дауыссыздың біреуі сөзге тәуелділік жалғауын жалғағанда, түсіріліп айтылып және солайша жазылатыны ұғындырылады. Мұның өзі ілгерінді ықпал заңының жазуда ескерілетіні жөнді, практикалық түрде таныстыра бастағандық, сол ережені меңгеруге дайындық болады.
Зат есім тақырыбындағы әрі тыңнан оқып үйренілетін әрі күрделі тарау – септік жалғаулары. Программа септік жалғаудың мәнін сұрауларын, жалғауларын және сөздің септелуіне байланысты емле ережесін үйретуді талап етеді.
Оқулық материалы әрбір септікті бөлек−бөлек параграфта алып, олардың сұрақтарын тізім түрінде көрсетеді. Септік жалғауларының атау тұлғалы сөзге жалғанғанын айтады. Ал, кейбір жалғаулардың барыс, табыс, жатыс септік тәуелденген сөзге жалғанатын түрлері де беріледі.
Осы арада тәуелді жалғаулы сөздердің де атау тұлғалы сөзге жататынын мұғалім ескергені жөн. Сонда тәуелді сөздің септелуі де "септік жалғаулар атау сөзге жалғанады" деген ережеге қайшы емес деген ұғымды оқушыларға іс жүзінде түсіндіреді. Әрине, септік жалғаудың әр түрі әр сабақта берілсе де, оқушыларға берілетін білім солардың сөйлемдегі қызметін, сөз бен сөзді байланыстырудағы ролін таныту мақсатын көздейді. Соның өзінде әрбір септік жалғаудың мәнін танытуға аса назар аудару керек. Бұл үшін септіктің аттарының өзі оның мағынасын ашатынын аңғартқан жөн. Мысалы, ілік−сөздердің бір−бірімен ілік шатыс байланыстылығын көрсетсе, барыс−бару, табыс−табу; жатыс−орын, мекен шығыс−шығу, көмектес−жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымдарды меңзейтіні мысал талдау арқылы түсіндіріледі. Бұл ұғымдар сөзге сұрақ қою арқылы сөйлем құратып танытылады. Мысалы, кімге бардың? –Асанға бардым. Неге бардың? – Кітапқа.

  • Кімді көрдің? Асанды көрдім. Нені таптың? Кітапты.

  • Кімде болдың? Асанда болдым. Неге? Қайда болдың? Үйде.

  • Кімнен алдың? Асаннан алдым. Неден оқыдың? Газеттен.

  • Кіммен таныстың? Асанмен таныстым. Немен келдің? Атпен.

Осындай септік мәнін ашарлық мысалдар арқылы әр септік жеке−жеке қарастырылады. Ал, барлық септік түгел өтілгеннен кейін, жинақ кесте жасатылып, қорытынды шығарылады. Әлбетте, септік жалғаулардың білдіретін мағынасы, жұмсалатын орындары көп. 6 сыныпта зат есім
сөздердің жіктелуімен және жіктік жалғаулардың формалық, мағыналық, синтаксистік қызметі мен танысудың өздік ерекшеліктері бар. жіктік жалғауларды үйрету ісі синтаксиспен, яғни сөйлеммен байланысты қарастырылады. Бұл тақырыпты таныту төңірегіндегі оқулық берген материалдың мазмұны программа талабына сәйкес келеді.
Әдетте мұғалімдер сабақты кітаптағы оқу материалдарының негізінде өткізеді. Алайда зат есімнің жіктелуі жөнінде де ескерілетін мәселелер жоқ емес.
Оқушылар «жақ» деген ұғыммен жете таныс емес. Алдымен "жақ" деген грамматикалық терминнің өзін түсіндіріп алу керек. Лексикалық мәніне қарағанда "жақ" көп мағына танытатын сөз, "Жақ" – дене мүшесі. Бастың жағы "Жақ" – бағыт, оң жақ, сол жақ, "Жақ" – Қару (садақпен мәндес). "Жақ"

  • жік (жақ−жақ болу). "Жақ" – грамматикалық айырма. Жоғарғы мәндер ішінде тек соңғы жіктелісті білдіретін ұғым осы грамматикалық жаққа жақын мән беретін сияқты. Сонымен "Жақ" балаларға түсіндіру үшін өте қиын термин екені практикада байқалып жүр. Ал, кейбір мұғалім "Жақ" сөзінің мағыналарын түсіндіріп жатуға айта қаларлықтай көңіл аудармастан зат есімнің жіктелуін "мен, сен, ол", сөздерімен байланыстырып түсіндіруді негізгі әдіс етіп қолданады.

Жекеше

Көпше

І жақ. Мен оқушымын

Біз оқушымыз

ІІ жақ. Сен оқушысың

Сендер оқушысыңдар

Сіз оқушысыз

Сіздер оқушысыздар

ІІІ жақ. Ол оқушы

Олар оқушы

Осындай жіктелу үлгісін тәуелдеуді зат есімдердің жіктелуіне де ыңғайлап пайдаланады.


Оқушылар жіктеу есімдерімен (жалпы есімдікпен) әлі танысқан жоқ. Сол себепті "мен, сен, ол", сөздерін жіктеу есімдігі деп алдын ала таныстырып жату− оқы материалдарының мазмұнынан ауытқиды әрі білім кемелін кеңейтіп, ауырлатып жібереді. Сол себепті мұғалім жіктеу есімдіктерін сөйлемде адамның аты орнына қолданылатынын сөздер деген ұғымды білдіретінін түсіндіреді. Сонда мен−сөйлеп тұрған кісі, сен−тыңдап тұрған екінші кісі, ол−мен де, сен де емес, үшінші біреу туралы ұғымды білдіреді дегендей бағдар береді. Бұл түсінікті оқушыларға мысалдар арқылы ұғындырады.
Жіктік жалғаулардың мәні, қызметі жөнінде де балаларға бастапқы түсінікті дұрыс негіздеу қажет. Бұл ретте жіктелетін зат есім адам ұғымын
білдіретін мен, сен, ол сөздерімен байланысып сөйлем құрамында айтылатын ерекшелігін пайдалануға болады. Демек, жіктелетін зат есім де адам турасындағы ұғымды білдіреді. Адамның аты−жөнін, мамандығын, кәсібін көрсететін зат есімдер ғана жіктеледі. Сондықтан ондай жіктелген сөздерге қойылатын сұрақта кімнің кім екендігін анықтау үшін, Мен кіммін? Сен кімсің? Ол кім? түрінде айтылады. Мен оқушымын, Сен ағасың, Ол балықшы деп айтамыз.
Оқушылардың түсінігіне тағы бір қиындық келтіретін мәселе жіктік жалғау мен тәуелдік жалғауды ажырату жолы. Балалар зат есімнің тәуелденгенде де жақпен өзгертілетініне қарай, әрі екеуі де "мен, сен, ол" сөздерімен байланысты айтылатынына қарай – бұл екеуін танып ажыратуда көп шатастырады. Әсіресе тәуелдік жалғаулардың да, жіктік жалғауларының да көпше бірінші жағында –мыз, −міз формасында келетін түрінен жаңылысады.
Тақтаға не плакатқа мына сияқты сөйлемдер жазылып талқыланады. Отан біздің анамыз. Біз бақытты анамыз.
"Ана" сөзі екі сөйлемде де сыртқы көрінісі бойынша грамматикалық бір формада тұрған сияқты. Енді бұларды дұрыс тану үшін сұраққа сүйену қажет. Сонда алдыңғы жағдайда "анамыз" сөзіне Сіздің кіміңіз? Соңғы сөйлемде "Сіз кімсіз?" – деген сұрақтар қойылады. Осыдан келіп "Біз" сөзімен байланысып тұрған анамыз сөзі жіктеліп, сөйлемдер баяндауыш болып тұр да, ал, "Біз" сөзі – бастауыш деп айырамыз. Өйткені "біз" сөзі Кім? сұрағына жауап береді. Алдыңғы сөйлемдегі анамыз сөзімен байланыс жасап тұрғанбіз сөзі ілік септік формасында тұрып, сөйлемге бастауыш бола алмайтынын да дәлелге келтіруге болады. Сөйтіп алдыңғы сөйлемде біз сөзі ілік септікті, ана сөзі тәуелдік жалғау қабылдап тұр деген түсінікке келтіреміз. Бұл тәріздес мысалдар көп талдатылып, текстен тәуелдеулі, жіктеулі зат есімдер тапсырылады. Берілген сөзді жіктеу, оны сөйлемге баяндауыш мүше етіп қатыстыру сияқты практикалық жұмыстар орындатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет