Сөздік жұмыс қазақ тілінің барлық сабақтарында жүргізіледі және оқушылардың сөйлеу тілінің лексикалық жағын дамытуға, грамматикалық түрде жабдықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар орфографиялық өткірлігін дамытады. Ол сабақ үстінде білімдерді бекітудің бір түрі болып табылады.
Мұғалім әр сабаққа арналған жаңа сөздердің және қайталауға арналған сөздердің санын анықтап отырады,оны мұғалім оқу бағдарламасына сүйене отырып және «пәнаралық байланыс, өмірмен байланыстылығы» қағидасына сүйене отыра іске асады. Сабақ барысында зерттелетін барлық сөздер лексикалық және грамматика-орфографиялық жоспар бойынша өңделген болу керек. жүйелі түрде жүргізлетін сөздік жұмыс жалпы білімдік және арнайы дағды икемділіктерді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар ес, зейін, сөйлеу тілін түзетеді. Сөздік жұмысты жүргізу және ұйымдастыру барысында сөздік, тәжірибелік және көрнекілік әдістерді таңдау немесе іріктеу оқушылардын жеке және жас ерекшеліктеріне байланысты.
Қазақ тілі сабақтарындағы өзіндік жұмыстар. Сабақ үстіндегі өзіндік жұмыс балалардың білім және дағдыларын қалыптастырудың негізгі және әсерлі формасы болып табылады. Ақыл ойы кем оқушылар жазбаша нұсқауды дұрыс түсінуді үйрену керек және әр кезеңді ажырата білу қажет тапсырманы орындау барысында әдісті таңдап қажетті анықтау материялына сүйене отырып, жасалған жұмыс жайлы ауызша түрде баяндай білу керек.
Өзіндік жұмыстың түрі, деңгейі, жұмыс көлемі және сабақ тақырыбына байланысты. Сабақ жоспарында өзіндік жұмыс сабақтың әр кезеңінде өткізілуі мүмкін. Ол сабақтың басында, ортасында және соңында өткізілуі мүмкін.
Үй тапсырмасы. Қазақ тілі сабағының жалғасы ретінде үй тапсырмасын есептеуге болады. Үй тапсырмасының сапалы орындалуы сабақ үстінде әр оқушының сабақ тақырыбын түсінгеніне және әдістерді білуіне байланысты болады. Сабақ үстінде үй тапсырмасын түсіндіру жұмыстың мазмұнына, тақырыбына және міндеттеріне байланысты.
Сабақта жұмысты қорытындылау. Сабақтың бұл құрылымдық кезеңінің бұл түрі көмекші мектепте мінедетті болып табылады. Себебі мұғалімге оқушылардың материалды меңгергендігін тексеруге, жұмыстың қандай түрі қызығушылық танытқандарын анықтауға мүмкіндік береді.