Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет28/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67

11-12 сабақ


Тақырыбы: Үй жануарлары. Буынды талдау.
Бұл сабақта оқулықтың 9 імен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар үй жануарларын түрлеріне қарай ажыратып, малдардың және олардың төлдерінің атауларын білулері тиіс. Әр малдың ерекшеліктері, өзіне тән қасиеттері, пайдасы, оларды күту, т.б. туралы түсінік беріледі. Әр мал атасы, оларды бағатын адамдарды қалай атау керектігі жөнінде мағлұмат беріледі.
Оқулықтағы берілген дыбыс сызбаларымен жұмыс жүргізіледі. Сызбада дауысты дыбыс белгісі қызыл дөңгелекшемен көрсетілген. Мысалы, бірінші сызба бойынша сөзге дыбыстық талдау жүргізілгенде, бұл сөз үш дыбыстан құралған, біріншісі- дауыссыз дыбыс, екіншісі- дауысты дыбыс, үшіншісі- дауыссыз дыбыс болатынын айтып, суретке қарап, қай сөз екенін таптыру керек. Оқуышлар сызбаға сәйкес сөзді дұрыс тапқандарын тексеру үшін осы сөзге дыбыстық талдау жасату қажет. Осылайша барлық дыбыс
сызбасымен жұмыс жүргізіледі. Сабақты бекіту, толықтыру мақсатында
«Әліппе серігін» пайдалануға болады. Дәптермен жұмыс жүргізіледі.

13-14 сабақ


Тақырыбы: Жабайы аңдар. Буын
Оқулықтың 10 беттеріндегі жабайы жануарлар мен аңдардың суреттері бойынща жұмыс жүргізу. Олардың аттарын білдіру: тиін, арқар, елік, бұғы, жираф, қосаяқ, қоян, қасқыр, түлкі, аю, арыстан, жолбарыс. Жабайы жануарлар мен аңдардың әрқайсысы туралы түсінік беру. Олардың өзіне тән ерекшелігі, пайдасы, оларды қорғау, сақтау туралы ұғым беріледі. Олардың атауларына буындық талдау жасалады. Дәптермен жұмыс жүргізіледі.

15-16 сабақ


Тақырыбы: Құстар. Үй құстары. Буын
Үй құстары: қаз, әтеш, тауық, үйрек, балапан, күркетауық. Оқушыларға үй құстарының ерекшеліктері, пайдасы, оларды күту, т.б. туралы түсінік беру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Қаз сөзінде үш дыбыс бар: қ, а ,з; қ- дауыссыз, а- дауысты, з- дауыссыз.
Оқулықта көрсетілген дыбыс сызбаларымен жұмыс жүргізіледі. Құстар: аққу, шағала, жапалақ, қарлығаш, бүркіт, торғай, қарға, сауысқан, т.б. Бұл құстар туралы да әңгіме айтылады. Олардың ерекшелігі, пайдасы, оларды қорғау, сақтау, т.б. жайында түсінік беріледі. Осы құстар туралы сөзжұмбақ шештіру. Сөзжұмбақтың жауаптары мындай: аққу, тырна, шағала, жапалақ, қарлығаш. Дәптермен жұмыс жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет