Тақырыбы:Жеміс-жидектер. Көкөністер. Дыбыстық талдау
Сабақ оқулықтың 12-13 беттеріндегі материалдармен жүргізіледі. Оқулықта мынадай көкөністердің суреттері берілген: қияр,пияз,картоп,сәбіз,қызылша,асқабақ,қызанақ,шалқан.Оқушылар осы және оқулықта жоқ көкністердің суреттерін көрсетіп, атауларын айтуға болады. Оқушыларға көкністердің пайдасы, олардан не жасалатыны, өсіру, жинау, сақтау жұмыстары туралы түсінік беріледі. Дыбыстық талдау ретінде берілген сөзжұмбақты шештіру. Сөзжұмбақтың жауаптары: пияз,сәбіз,картоп,қызылша,шалқан,қызыанақ,асқабақ.Оқулықта мынадай жеміс-жидек түрлері берілген: шие,алма,өрік,жүзім,таңқурай,алмұрт,құлпынай,қарақат.Оқушыларға жеміс-жидектердің атаулары, қайда өсірілетіні, пайдасы, не жасалатыны, сақтау, жинау, т.б. жөнінде мағлұматтар беріледі. Берілген дыбыс сызбасымен жұмыс жүргізіледі. Дыбыс сызбасында дауысты дыбыс қызыл түспен, ал дауыссыз дыбыс көк түспен белгіленген. Оқушылар суреттегі жемістің атын атайды. Сызбағасәйкес сөзге дыбыстық талдау жасайды. Шиесөзі үш дыбыстан құралған. Бірінші дыбыс- дауыссыз: ш,екінші дыбыс- дауысты: и,үшінші дыбыс- дауысты: е. Берілген дыбыс сызбаларымен осылайша талдау жұмыстары жүргізіледі. Сабақта «Әліппе серігіндегі» материалдарды пайдалануға болады.
Дәптермен жұмыс жүргізіледі.
19-20 сабақ
Тақырыбы:Дыбыс. Буын. Сөз. Сөйлем.
Мақсаты:Осы ұғымдарды графикалық түрде және жолақшалар түрінде белгілеу және ұғымдар туралы түсініктерін салыстырмалы әдіспен анықтау.