Тақырыбы:Аадыбысы
Сабақ әліппеде 22 те көрсетілген. Оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Алма туралы оқушылар өздері әңгімелейді. Алмаағашындакөпалмабар.Алмапісті,т.б. -Олай болса, алмадеген сөз қандай дыбыстан басталады?- дейді мұғалім.
-А дыбысынан басталады,- деп балалар өздері айтады.
-Онда адыбысын айтып көрейік.
А дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, адыбысын дұрыс айтуға үйрету қажет.
А дыбысы қандай әріппен таңбаланатынын көп әріптің ішінен оқушылардың өздеріне тапқызу қажет. Мынау- бас әрпі, ал мынау кіші әрпі деп бірден ажыратып көрсеткен жөн. Оқулықта а-ның бас әрпі мен кіші әрпі баспаша әр жазбаша жазылып, сол бойынша барлық бала қосылып хормен қайталайды.
Полотноға А а әрпі ілінеді. Алма сөзін буынға бөліп көрсету керек (Ал-ма). Адыбысы сөздің басында және соңында естілетінін балалар өздері тұжырымдап айтады.
-Алмасөзінде неше буын бар?
-Екі буын бар.
-Адыбысы қандай дыбыс?
-Адыбысы- дауысты дыбыс.
-Олай болса, дауысты дыбысты мынадай шартты қызыл түсті дөңгелекшемен белгілейміз!
А-ны бірнеше рет хормен созып қайталату керек.
Алма,алмұрт,анарсөздерін буынға бөлдіріп, адыбысының қай буында тұрғанын өздеріне тапқызу керек. Алмасөзінде а дыбысы сөздің басында және соңында келеді. Алмұрт сөзінде а дыбысы сөз басында келеді. Анарсөзінде адыбысы сөз басында, сөз ортасында келеді.
Осыдан оқушылар өздері мынадай қорытынды шығаруға тиіс:
адыбысы барлық буында болады;
адыбысы сөз басында, сөз ортасында, аяғында да келе береді.
Ааәрпін жазуға үйретуден бұрын Аа-ны жазудың жазба үлгісін көрсетіп, а-ның бас әрпі мен кіші әрпінің элементтерімен таныстыру қажет. Алдымен қаламмен ауада бірнеше рет жаздырып, жаттықтырып алып, дәптермен жұмыс жүргізу қажет. Дәптерде жүргізілген штрихтарды бастыру арқылы жазуға үйренеді. Бұрын жазу дағдысы бар балалар екінші жолға өздіктерінен жазып жаттығады. Дәптердегі суреттерге сәйкес берілген
сөздердегі аәрпін бастырып жүргізеді. Аәрпінің сөздің қай жерінде келгенін аңғарады. Сабақты кесте арқылы бекітуге болады.
А-дауысты дыбыс. Адыбысы сөздің барлық буынында келеді. Сабақта
«Әліппе серігінің» материалдары да пайдаланады.