Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет31/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67

3-4 сабақ


Тақырыбы: Аа дыбысын қайталау.
Мақсаты: Өткен сабақ еске түсіру.
Жаңа сабақ бойынша оқушылардың назарын суретке аударамыз.
-Суретте нені көріп тұрсыңдар?
- ....
- Балаға А дыбысынан келетін ат қоямыз.
-Дәрігер Айшаға не істеді?
- ....
-Алия кім? (Алия оқушы).
-Мынау Асан.
-Асан не істеп отыр?
Енді Асан сөзін буынға бөлеміз. Бірінші буынды және екінші буынды оқушылардың өздеріне атату керек. А дыбысы сөздің қай буынында келетінін таптыру қажет.
Мұғалім ұсынған суреттер бойынша жұмыс.
Асқабақ, қауын, банан, сөздерін буынға бөлдіріп, әр сөздегі буын санын анықтатып, а дыбысының қай буында тұрғанын таптыру керек. Осы жұмыстың нәтежиесінде оқушылар а дыбысы сөздің барлық буынында болатынына көз жеткізеді.
Оқулықтың жазу жолындағы а әрпінің жазба түрін оқыту қажет. Бұл а
әрпінің баспа және жазба түрін ажыратуға себін тигізеді.

5-6 сабақ


Тақырыбы: Аа әрпі
Мақсаты: Оқушыларды кіші таңбамен белгіленген а әрпін жазуға машықтандыру.
Әліппенің 22 індегі а-ның кіші әріптері берілген. Кеспе әріптер мен буындарды пайдалана отырып, а дыбысы бар сөздер құрау арқылы а дыбысының сөздегі орнын анықтайды.
Бұл сабақта оқушыларға а дыбысының сөз ішіндегі орнын анықтау, а әрпінің баспа және жазба түрін ажырата алу, а-ның бас және кіші әріптерін көркем жаза білуге үйрету көзделеді.
7-8 сабақ
Тақырыбы: Т т дыбысы
Әліппеде 28 те көрсетілген. Сабақты тақырыптық сурет бойынша жұмыстан бастаған жөн. Әңгімені оқушылар өздері жүргізеді. Ата сөзіне дыбыстық талдау қажет.
-Ата деген сөзде неше буын бар?
-Екі буын бар
-Екінші буынды атаңдар.
-та.
-Осы буындағы өздеріңе таныс емес дыбысты атаңдар.
-т.
Т дыбысын артикуляциясына сай дұрыс дыбыстатып, бірнеше рет қайталату керек.
-Т қандай дыбыс?
-Т- дауыссыз дыбыс.
-Оны қалай ажыраттыңдар?
-Т дыбысы а дыбысы сияқты созып айтуға келмейді, өз алдына буын жасай алмайды.
Т дыбысының таңбасын кеспе әріптерден оқушылар өздері табады. Т- ның бас және кіші әрпінің баспаша, жазбаша жазылуын оқулықтан таныстыру. Суретті әріп үлгісін (т) пайдалану. Оқулықта берілген жүйемен жұмыс былай жүргізіледі. Оқушылармен бірге үстіңгі жолдағы т дыбысының таңбасы үш рет қайталанады. Енді т-ны астыңғы жолдағы а мен қосып үш рет оқиды ( та, та, та). Та буынының дыбыстық сызбасы арқылы буынды үш рет қайталайды. Оқушылар өздеріне таныс а дыбысына та буынын қосып, ата сөзін жасайды. Сөйтіп, дыбысты дыбысқа қосып буын, буынға буынды қосып қалай сөз жасалатынын ұғынады.
Сызбадағы жоқ буынды дыбыстық сызба арқылы тапқызу:

А





та

Суреттегі әтеш, тақта, ат сөздерін буынға бөлдіріп, т дыбысының қай буында тұрғанын оқушылардың өздеріне тапқызу қажет.
Оқушылардың өздеріне де құрамында т дыбысы бар сөздер ойлап айтқызу керек. Осыдан оқушылар өздері қорытынды жасайды.
Т- дауыссыз дыбыс.
Т дыбысы сөздің барлық буынында болады.
Т дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да келе береді.
Дәптермен жұмыс. Жазба әріптер мен олардың элементтерін пайдалану. Кеспе әріптер мен буындар арқылы сөз құрату. Сабақты дидактикалық материалдармен бекіту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет