Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



бет45/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67

Әдебиеттер:


  1. Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку во вспомогательной школе. М., 2004

  2. Аксенова А.К., Якубовская Э.В. Дидактические игря на уроках русского языка в 1 классе вспомогательной школы. М., 1987.

  3. Бебешина Н.Н. , Самсонова Ф.Н. Уроки русского языка во всп.школе. М., 1970.

  4. Барская Н.М. Методика обучения грамматике и правописанию. М., 1992.

  5. Гнездилов М.Ф. Методика обучения русскому языку во всп.школе.М. 1965



2. Грамматика сабақтарының түрлері


  1. Жаңа материалды түсіндіру сабағы

  2. Оқушылардың білімін тексеру сабағы;

  3. Оқылған материалды қайталау және жүйелеу сабағы;

  4. Оқушылардың білімін , білігін, дағдысын есепке алу жұмыстары жүргізіледі;

  5. Талдау сабағы;

Қазақ тілінен бастауыш сыныпта білім, білік, дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ең негізгі түрі сабақ болып есептеледі.
Педагогиканың үйретуі бойынша және көрнекті педагогтардың зерттеуінше, сабақтың алуан түрлері бар екені мәлім. Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағды педагогтар қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен грамматикамен жазу сабақтарының мына сияқты бастыларын атап өтуге болады:1 Жаңа материалды түсіндіру сабағы .2 Оқушылардың білімін тексеру сабағы; Оқылған материалды қайталау және жүйелеу сабағы; 3 Оқушылардың білімін, білігін, дағдысын есепке алу жұмыстары жүргізіледі; 4 Талдау сабағы;
Мектеп практикасында сабақтың таза бір түрі сирек кездеседі. Қазақ тілі сабағының қай – қайсысында болмасын қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту және жаңа материалды түсіндіру, алуан түрлі жаттығу жұмыстары оқушылардың өз беттерімен орындайтын жаттығулары үйге тапсырма беру, сабақты қорыту сияқты жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай түрі біріккен немесе аралас сабақ деп аталады.
Біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жымдасып, қабысып, жүйелі бір тұтас сабақ болып өтеді; мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді; сабаққа қажетті материал алдын ала іріктеліп жан – жақты толық дайындалады; Сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады.
Сабақтың қай түрі болмасын, барлығында да мынадай дидактикалық талаптар іске асырылуы тиіс:

  1. Жоғарыда көрсетілгендей, сабақтың тақырыбы мен мақсатына оқушылардың анық түсінуі қажет. Сабақтың мақсатын білсе, оқушы соған жеткенше асығады. Кейде оқушының жұмысында қате бар. Оны қалай табуға болады? Дұрысы қалай болар еді? Сияқты сұрақтарды шешу проблемасында қоюға болады. Сабақ соңында сол күнгі оқушылардың білген жаңалықтары, оны білу үшін не білу керектігі анықталады. Егер оқушылар ана тілінен алатын білім, білік дағдының әр кішкене бөлшегінің не үшін керектігін білсе жұмысты ынталана орындайды.

  2. Материалы түсіндіруде жаңа материал өтілген материалмен байланысты және оған негізделіп келуі шарт: білімді, дамытушылық, тәрбиелік маңызы күшті мысалдар іріктеліп алынып, балалардың белсенділігін арттыру, өз беттерімен орындау қабілеттерін күшейту, қорытынды шығарту, дәлелдету сияқты жұмыстар кеңінен қолданылуы қажет.

  3. Жаттығудың формасымен түрлері мейлінше түрлендіріп отыруға тиіс.

  4. Әр сабақта өтілген материал қайталанады. Ол үй тапсырмасын тексеру кезінде болсын, жаңа материалды түсіндірудің алдында болсын, түрлі жаттығулар арқылы жүргізіле береді. Қайталау арқылы ұмытылғандар қайта жаңғырығады, беке түседі. Оқу жылының басында немесе тоқсан аяғында, кейде бір үлкен тақырыпты аяқтағанда жоғарыда көрсетілгендей тұтас сабақ өтілген материалды қайталауға арналады.

  5. Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану қажет. Ол үшін сабаққа алдын ала жүйелі жоспар жасалады, түрлі керекті жабдықтар дайындалады. Оқушылардың тілін дамыту жұмысы негізгі, басты міндет ретінде іске асырылады. Оқушының сөздерді дұрыс айтуына, қажетті сөздерді іріктеп тауып алуына, сөйлем, мәтін құрауына көңіл бөліп, олардың ойын оятып, пікірлерін дәлелдетіп отырған жөн.

  6. Қазақ тілі сабақтарында кесте, схема, дидактикалық материал, суреттер, заттар т.б түрлі көрнекі құралдар кең қолданылады.

  7. Балалардың барлығына бірдей талап қоймай жеке, ерекшеліктерін есепке алып, нашар үлгеретіндерге ерекше көңіл бөліп отыруды қамтамасыз ететін әдіс – тәсілдер таңдалуы қажет. Шағын комплектілі

мектептерде мұғалім бір кезде бірнеше сыныппен жұмыс жасайды. Сондықтан мұғалім мұндай мектептердегі балаларды алғашқы қүнен бастап тапсырманы өз беттерімен орындауға тиіс.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет