Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку во вспомогательной школе. М., 2004
Аксенова А.К., Якубовская Э.В. Дидактические игря на уроках русского языка в 1 классе вспомогательной школы. М., 1987.
Воронкова В.В. Обучение грамоте и правописанию в 1-4 классах вспомогательной школы, М., 1995
9. Сыныптан тыс оқу.
Сыныптан тыс оқудың негізгі мақсаты.
Сыныптан тыс оқудың негізгі принципі.
Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларына кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде, ақын – жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі ескертіп отырады.
Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушыларды ақыл ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі – түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Ана тілі» оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынын айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет.
Сыныптан тыс оқудың мақсаты:
Баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәнен алған білімін тереңдете түсу.
Кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу;
Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайта түсу;
Оқуға, білімге ынтасын, құштарлығын арттыра түсу;
Баланың эстетикалық және дүние тану құмарлығын арттыру;
Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі принципі - оның сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланыста болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары класта өтілетін сабақтардың жалғасы
түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, табиғаттану, сурет, ән, еңбек т.б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта отырғанда байланыстырып отырады. Сыныпта оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мұғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қызықтыра алса, сыныптан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді.