Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


ЖАЗУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет44/67
Дата08.05.2023
өлшемі450,92 Kb.
#91062
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67

4 ЖАЗУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ





  1. Арнайы мектепте грамматика және емлені оқытудың мақсаты,

мазмұны, жүйесі


  1. Граматика және емлені оқытудың мақсаты.

  2. Граматика және емлені оқытудың мазмұны.

  3. Граматика және емлені оқытудың жүйесі.

  4. Граматика және емлені оқытудың әдісі.

Оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеу тілін жетілдіру, практикалық маңызы бар орфографиялық және пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру, ана тілін білуге көмектесу, олардың бойындағы дұрыс сөйлеу мен жазуға деген қажеттілігін дамытып, тілге деген қызығушылығын тәрбиелеу арнайы мектептегі грамматика мен емленің негізгі міндеттері болып есептеледі.
Грамматика мен емленің бағдарламасы төмендегідей бөлімдерден тұрады: қайталау, дыбыс және әріп, сөз, сөйлем, ауызекі сөйлеу, жазуға үйрету. Дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік сауат ашуға дайындық кезеңінен басталады, оқушылар әр дыбысты дұрыс дыбыстай білуге, олады ажырата білуге дағдыланады. Дауысты, дауыссыз дыбыс, дауыстылардың жуан, жіңішке болып бөлінетіндігі, дауыссыз дыбыстардың түрлері
( қатаң, ұяң, үнді) , оладың емлесі туралы түсінік алады. Буын, тасымал жайында берілетін білім де біртіндеп күрделенеді. 2-4 сыныптарда дыбыстық талдау сауатты емлені сақтап жазудың бірден – бір негізі болып саналады. Тілдің дыбыстық жүйесі туралы алғашқы түсінік бере отырып, балалар тілдегі сөйлеудің айтылу және жазылу нормасымен таныстырылады. Сөздердің айтылуы мен жазылуы үнемі сәйкес келе бермейтіні, сөзде бір дыбыс өзгерсе оның мағынасы өзгеретіндігі практикалық түрде таныстырылып байқатылады.
Сөз. Арнайы мектептің 2-4-сыныптарында практикалық жаттығуларды орындау барысында әр түрлі сөздерді ( заттың атын, қимылын, түсін, т.б. білдіретін) өтеді.
V сыныптан бастап грамматика мен емленің негіздері жүйелі түрде оқытыла бастайды. Өтілетін негізгі тақырыптар – «Сөз құрамы» және «Сөз таптары». Бағдарламада сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарын оқушыларға саналы түрде ұғындыру көзделген. Бағдарламада оқушылардың ұғымына сәйкес, жиі қолданылатын синоним, антоним, омоним сөздермен, тұрақты тіркестері мен көп мағыналы сөздермен практикалық түрде
таныстыру көзделген. Осы тақырыптарға қатысты ұғым, жұмыс түрлері сыныптан сыныпқа біртіндеп күрделене барады.
Сөз құрамы. Сөз құрамын, сөздің жаңа мағына беретін бөлшектерін ( жалғау, жұрнақ, т.б.) оқыту, оқушылардың белсенді және енжар сөздік қорын байытуға бағытталған жаттығулар орфографиялық нормаларын меңгеру жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс. Осы кезеңде айтылуы ұқсас сөздерді салыстырып талдау, морфемдік талдау, т.б жұмыс түрлерін жүргізудің зор маңызы бар.
Сөйлем. Арнайы мектепте сөйлемді оқытудың әлеуметтік өмірге дайындап, бейімдеуге, қарым – қатынас жасауға үйретуге маңызы бар. Бұл тақырып арнайы мектеп бағдарламасының барлық сыныптарында орын алады. Әр оқу жылында бұл тақырып күрделене түседі, айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлерімен танысады. Сонымен қатар оларда орфографиялық және пунтуациялық дағдылар қалыптасады. Сөйлемнің айтылу интонациясына мән беріледі. Сөйлемді айту кезіндегі дауыс ырғағының, дауыс шапшаңдығының, дауыстың бәсең не қатты болуының айтылатын ойға қатысты екенін білдіретін болады.
Сөз таптары. Арнайы мектепте сөз таптары туралы жалпы ұғым беріледі. Сөз таптарын сұрақ бойынша және мағынасына қарай ажырата білу қалыптастырылады. Бастауыш сыныптарда сөздердің лексикалық мағынасына, грамматикалық белгілеріне қарай белгілі таптарға бөлінетіндігі аңғарылады. Оқушылар бастауыш сыныптарда сөз таптарының негізгі белгілерін меңгерсе, жоғарғы сыныптарда олардың әрқайсысының өзіне тән қасиеттерін, өзгеру тәсілдерін толығырақ меңгереді.
Байланыстырып сөйлеу. Мүмкіндігі шектеулі балаларда өз ойын жүйелі толық жеткізе алу қабілеті өте нашар дамиды. Қазақ тілі сабақтарында 2-4 – сыныптан бастап оқушылардың ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Жазуға үйрету. Арнайы мектеп оқушыларында жазу дағдылары қиындықпен қалыптасады. Оның себебі – ақыл ойы жетік дамымаған балалардың ұсақ бұлшық еттерінің қимыл қозғалысы да, қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу, кеңістікті бағдарлау, фонетикалық талдау- жинақтау дағдылары да жетік дамымайды. Сондықтан баланы жазуға үйрету дайындық кезеңінен басталады, 2- сыныптан бастап ол дағдылар жетіліп, графикалық дағдылар қалыптасады. Әріп элементтерін үйреткенде соларға сәйкес келетін ұлттық таңбалар ою- өрнектерді пайдаланған жөн.
Ондай жаттығулар буын, сөз жазуда әріп таңбаларын бір–біріне қосып жазудың (ілмек, сызық арқылы) дағдыларын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет