Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет38/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

тәрбие процесі
күрделі түрде өтеді. 
Сондықтан білім беру жүйесіндегі қабылданған жалпы міндеттерді ғана 
шешуді емес, мүмкіндігі шектеулі балалар категориясының жалпы 
дамуын қамтамасыз етудегі коммуникативті қабілет, тәртіп нормалары, 
тұлғалық қасиеттерін қамтамасыз етуі керек. Арнайы білім беру 
жүйесіндегі тәрбие процесі әр оқушының жеке даму ерекшелігін есепке 
ала отырып, жеке түрде жүзеге асады. 
Соңғы уақытта шет мемлекеттерінде тәрбиеге әлеуметтенуіне 
бағытталған 
коррекциялық-педагогикалық 
іс-әрекет 
«терапия» 
терминімен 
анықталады. 
Осы 
мағынадағы 
«терапия» 
түсінігі 
тәрбиеленушінің 
әлеуметтенуіне 
бағытталған 
коррекциялық-
педагогикалық әрекеттер жүйесі.
 
Тәрбие әдістерін дәстүрлі түрде 3 топқа бөледі: 
1. Ақпараттық әдістер: әңгімелесу, кеңес беру, әдебиет пен бұқаралық 
ақпарат құралдарын пайдалану, қоршаған ортадан мысалдар келтіру, 
экскурссиялар және кездесулер өткізу; 
2. Практикалық әрекеттік әдістер: үйрету, жаттығу, бағындыру, ойын 
әрекеті, еңбек іс-әрекеті, бейнелеу әрекеті. Осының ішіне дәстүрден тыс 
жаңа әдістер де кіреді: арттерапия, иппотерапия, музыкатерапия т.б. 
3. Ынталандыру-бағындыру әдістері: педагогикалық талап, мадақтау, 
мақтау, жазалау. 
Оқыту әдістері сияқты тәрбие әдістерінің қолдануда өз ерекшелігі 
бар. Педагог тәрбие әдістерді іріктеу және қолдану барысында баланың 
жас ерекшелігін, жеке қасиеттерін есепке алады. 
Кейбір кең таралған әдістеріне қысқаша тоқталайық: 


88 
Жаттығу әдісі
тұрақты түрдегі әлеуметтік тәртіп нормаларын, 
санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық-шаруашылық дағдыларды, 
іскерлікті қалыптастыруда қолданылады. 
Бағалау әдістері (мадақтау және жазалау)
практикалық әрекет 
түрінде, сөздік түрінде баланы мадақтау сөздерімен қолданылады. 
Жазалау әдістері балаға қарсы тұру, аяқ астынан қимылдар жасау 
арқылы емес, бала әрекетіне риза болмаушылық кездегі көзқарастың 
өзгерісі, басты шайқау, риза болмаушылық кейіп танытумен 
қолданылады. Жасы өскен сайын балаға сөгіс жариялау қолданылады. 
Жеткіншектік шақтағы аталған тәрбие әдістері шынайы түрде әңгімелесу, 
кездесулер ұйымдастыру, кеңес беру, өнерге баулу, әдебиеттер оқу, сенім 
білдіру, талқылау түрінде жүргізіледі. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім берудегі оқу-танымдық 
әрекетті қалыптастыру, оның тиімділігін анықтау барлық уақытта бірдей 
емес. Сондықтан оқыту мен тәрбие процесі кезінде арнайы әдістерді 
қолдану тиімді. 
Тәрбие процесі кезіндегі 
музыкалық құралдар 
сабақтан тыс 
уақыттарда қолданылады. 
Бейнелеу құралдары
қоршаған орта туралы білімді шынайы 
әсемдікпен қабылдауды ғана емес, оқушылардың сезім органдарын, 
эмоциясын дамытуда маңызды орын алады. 
Қол еңбегі
декоративті-қолданбалы өнер түрі ретінде мүмкіндігі 
шектеулі балалардың моторикасын, қозғалыс координациясын, еңбек 
дағдыларын қалыптастырып, мәдениетке, халық өнеріне баулиды және 
қандай да бір өнер түрімен айналысуына түрткі болып, сөйлеу тіліне 
түзету жасайды, сөздік қорды байытады. 
Бейнелі-сөйлеу әрекеті 
мүмкіндігі шектеулі балаларға тіл арқылы 
әдеби тілде сөйлеуге, рухани баюға, әдебиеттерді оқуға деген 
қызығушылығын арттыруға түрткі болады. 
Театрландырылған-ойын әрекеті 
өнерді (диалог, ойын) танудағы 
негізгі тіл. 
Арнаулы білім беру жүйесіндегі педагогикалық процесс барысында 
баспа өнімдері: оқулық, әдістемелік құралдар, журналдар, жұмыс 
дәптерлері түрліше қоданылады. 
Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына арналған оқулықтардың 
өзіндік ерекшеліктері мазмұны мен құрылымына, дамудағы кемшіліктің 
дәрежесіне, баланың жас ерекшелігіне, оқу пәнінің сипатына қарай 
анықталады. 
Оқытудағы 
көрнекі құралдар
сақталған анализаторлардың жұмысын 
жүзеге асыруға арналған көрнекі-әрекеттік сипатты қамтамасыз етеді. 
Қабылданған көрнекі-образдардың белгілері, құбылыстар сөз арқылы 
бекітіледі. Сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс жасауда сөздік 


89 
көрнекі құралдар: жазба жұмыстары, сөздіктер, тақта, сызбалар, 
полотнолар қолданылады. Арнаулы білім беру жүйесінде бала дамудағы 
кемшілікті коррекциялау мен компенсациялауда түрлі аудиовизуалды 
құралдар: кинофильмдер, диафильмдер, дыбыс күшейткіш аппараттар, 
лупалар, көзілдіріктер, компьютерлер қолданылады Соқырларды оқытуда 
қосымша арнаулы техникамен жабдықталған: әріпті немесе цифрды 
басуға арналған клавиатура, Брайльдік жүйе бойынша құрылған 
компьютерлер қолданылады. 
Компьютерлік құралдар оқу мен жазуды дамыту, математика, шетел 
тілі, ыммен сөйлеуге оқытуда маңызды орын алады. Компьютер 
оқушының әрекетіне бақылау жасауға, объективті түрде толық талдау 
жасауға мүмкіндік береді. Компьютер оқу жылының басында 
психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық тестілеу жүргізуде 
қолданылуы мүмкін. Арнаулы білім беру жүйесінде компьютерді қолдану 
оқу әрекетіне қатысты жетістіктерге жетуге, сонымен қатар, бала 
дамуындағы жетіспеушіліктерді түзетуге қол жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет