ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ҰҒЫМДАР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
АСБ
БҰҰ
БЦП
Гц
ДЕҰ
ДПО
Дб
ЕБА
ЖБС
ЖПФ
ЖОО
ЖТДБ
ЖТК
МДҰ
МШ
МШБ
ПМПК
ПДТ
ТДО
ТДБ
ОЖЖ
ХАЖ
ДДСҰ
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
аутизм спектріндегі бұзылыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымы
балалар церебральды параличі
Герц (есту қабілетінің арнасын өлшеу бірлігі)
Дүние жүзі елдерінің ұйымы
Дүние жүзілік почта одағы
децибел (есту деңгейінің өлшем бі рлігі)
ерте балалар аутизмі
жалпы сөйлеудің бұзылуы
жоғары психикалық функциялар
жоғары оқу орны
жеке тұлғаны дамыту бағдарламасы
жалпы сөйлеу тілінің кешеуілдеуі
мектепке дейінгі ұйымдар
мүмкіндігі шектеулі
мүмкіндігі шектеулі балалар
психологиялық-педагогикалық
медициналық
кеңес беру
психикалық дамуы тежелген
түзете-дамыта оқыту
түзете-дамыту бағдарламасы
орталық жүйке жүйесі
халықаралық аурулар жіктемесі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
6
БӨЛІМ I
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
§ 1. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. Арнайы педагогиканың пәні, нысаны, мақсаты мен міндеттері
2. Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері
3. Арнайы педагогиканың салалары
4. Арнайы педагогиканың әдістері
Көптеген жылдар бойы арнайы педагогика саласындағы мүмкіндігі
шектеулі тұлғаларды зерттеу, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі басқа ғылыми
салалармен бірігіп қарастырылып келеді. Психикалық дамудың
кешеуілдеуі
зерттеулерде
клиникалық,
психологиялық
және
педагогикалық тұрғысынан зерттелген.
ХХ ғасырда екі ғылымның: арнайы педагогика мен арнайы
психология саласының бағыттары дербес дами бастады.
Арнайы педагогика аралас ғылымдармен, соның ішінде медицинамен,
арнайы психологиямен тығыз байланыса отырып, педагогикалық
ғылымның бір саласы ретінде қарастырылды.
Арнайы психология зақымдалған психикалық ерекшеліктерін, оның
ішінде себептерін, оның мәнін, заңдылықтарын, танымдық әрекеттері мен
эмоциялық-ерік саласын, тұлғалық дамуын зерттейді.
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі бола
отырып, оның бір саласы ретінде дене және психикалық дамуында
кемшілігі бар тұлғаларға арнайы білім берудің теориялық және
қолданбалы аспектілерін құрастырады.
Қазіргі уақытта халықаралық педагогикалық теория мен практикада
«арнайы педагогика» мен «арнайы білім беру» атаулары қатар
қолданылады. Бұл атаулар әлемдік білім беру жүйесіндегі гуманистік
көзқарастар бойынша «коррекция», «қолдау» түсініктерімен сәйкес келеді.
Ағылшын тіліндегі «special» атауының түп-тамыры бойынша «ерекше,
жеке» деген ұғымды бере отырып, арнайы педагогиканың жеке түрдегі
бағытын анықтайды.
Арнайы педагогика
– педагогикалық білімнің құрамдас бір бөлігі
болғанына қарамастан, көлемді ғылым саласы (латын тілінен аударғанда
speciaIis – туыс, түр) деген мағынаны береді. Нақты түрдегі қабылданған
7
анықтамасы, арнайы педагогика – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы
білім берудің теориясы мен технологиясын зерттейтін ғылым.
Арнайы педагогиканың
нысаны
педагогикалық феномен ретінде
қарастырылатын ерекше білімді қажет ететін тұлғаларды арнаулы оқыту
процесі.
Арнайы білім берудегі зерттеулер мен педагогикалық көмек көрсету
жұмысының
субъектісі
– мүмкіндігі шектеулі тұлға.
Арнайы педагогиканың
пәні
- арнаулы оқыту мен тәрбиелеудің
теориясы мен тәжірибесі, дамудағы кемшіліктерді алдын алу, түзету мен
жою, олардың әлеуметтенуіне бағытталған коррекциялық-педагогикалық
жұмыстардың қағидалары, мазмұны мен әдістері.
Арнайы педагогиканың
мақсаты
– психикалық немесе дене
дамуында кемшілігі бар тұлғаларға білім беру мен оларды
әлеуметтендірудегі арнаулы білім беру мазмұнының теориялық және
практикалық мәселелерін қарастыру.
Арнайы педагогика білім беру жүйесіндегі мәселелерді шешуде
(Л.С.Выготский, Т.Келлер, А.Грюневальд, К.Ван Рейвейк, В.Вейнс,
Р.Штайнер Д.Б.Эльконин, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, В.И.Лубовский,
Р.А.Сулейменова, Ж.И.Намазбаева, Қ.Қ.Өмірбекова және т.б.) теориялық
қағидалары мен ғылыми ілімдеріне сүйене отырып, негізгі міндеттерді
теориялық және практикалық міндеттерге бөледі.
Теориялық міндеттері:
арнаулы оқыту мен тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық
негіздерін құрастыру;
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеудің
қағидаларын, әдістері мен мазмұнын құрастыру;
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім берудегі педагогикалық
жүйелерді зерттеу;
дамудағы кемшіліктердің алдын алу мен жоюдағы педагогикалық
құралдарды анықтау, жасақтау және жүзеге асыру.
Практикалық міндеттері:
арнаулы білім беру мекемелерінде және инклюзивті білім беру
жағдайында педагогикалық процесті ұйымдастыру;
арнаулы білім берудегі педагогикалық технологияларды жасақтау;
білім беру және коррекциялық-дамыта оқыту бағдарламаларын
құру;
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кәсіптік білім беру, оларды
әлеуметтік-еңбекке бейімдеу бағдарламаларын құру;
алдыңғы қатарлы педагогикалық
іс-тәжірибелерді талдау,
қорытындылау.
8
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлімі ретінде
жалпы педагогикалық түсініктерге сүйеніп, арнайы педагогиканың
ерекшелігін анықтайтын арнайы терминологияны қолданады.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттарда
арнаулы білім беру саласында қолданылатын кейбір терминдерге
анықтама беріледі.
Арнаулы білім беру жүйесі –
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың
арнайы білім алуы үшін жағдай жасаудағы мектепке дейінгі, жалпы және
кәсіптік білім беру.
Ерте қолға алу
–
психикалық және дене бұзылыстары скринингін,
медициналық психологиялық-педагогикалық дигностиканы, емдеуді,
дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау.
Әлеуметтік бейімдеу
–
нысаналы әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзету арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың
қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен
нормаларын игеруі мен қабылдануы және еңбекке даярлануы жолымен
әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
Арнаулы (түзету) білім беру мекемелері
– мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларға арналған білім беру мекемелері.
Арнаулы білім беру жағдайлары -
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға
жалпы білім беру мен кәсіптік білім берудегі арнаулы оқыту мен тәрбие
жағдайлары.
Компенсация
– (лат. compensatio - өтеу, теңдестіру, толықтыру, орнын
басу) - организмнің бұзылған немесе толық дамымаған қызметтерін
алмастыру, толықтыру немесе қайта құру. Бұл жүре иеленген немесе туа
біткен кемістіктердің нәтижесінде пайда болған организмнің күрделі, әр
алуан үрдісі.
Коррекция
– (лат. correctio - түзеу) – балалардың психикалық және
дене дамуының кемшіліктерін түзетуге немесе оның салдарын
жеңілдетуге бағытталған педагогикалық шаралар жүйесі
.
Коррекциялық процесс
– дамудағы анықталған кемшіліктерді түзетуге
бағытталған арнайы педагогикалық көмек түрлері немесе әлеуметтік
ортадағы түзете-дамыта оқыту процесі.
Емдік педагогика
– арнайы педагогикадағы көзқарастар жүйесін
медициналық тұрғыда қарастыру.
Реабилитация
– бұзылған функцияларды медициналық, әлеуметтік,
білім беру тұрғысынан қайта қалыпқа келтіру процесі.
Абилитация
– ерте жастағы балалардың дамуындағы функцияларды
қалыпқа келтіру.
9
Скрининг
– қатер тобындағы (психикалық немесе дене дамуында әр
түрлі бұзылыстарға қауп) балаларды анықтау мақсатымен жүргізілетін
жаппай стандартты тексеру.
Мониторинг
– білім саласындағы белгіленген процестің алға
қойылған мақсат-міндеттерге сәйкестігін бақылау әдісі.
Педагогикалық зерттеу мен көмектің субъектісі
Достарыңызбен бөлісу: |