83
-
қосымша
дидактикалық
материалдар
жаратылыстану-
математикалық циклдегі пәндер: физика, математика, химия тәрбиелеуді
компенсациялауға жағдай жасайды;
- оқыту процесін ұйымдастыру сабақтың құрылысын, мұғалім мен
оқушының әрекетін құрудағы реттіліктің сақталуын қадағалайды;
- оқытудың әдістерін, тәсілдерін, құралдарын рационалды түрде
қолдану оқушылардың танымдық әрекетін, өз бетінше жұмыс жасау
қабілетін, инициативасын, жеке көзқарасын білдіру қабілетін арттыруға
бағыттайды;
-
ұжымдағы психологиялық ахуал қарым-қатынас стилінің
демократиялы түрдегі құрылуына негізделеді;
- оқушыларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек
көрсету және қолдау;
- педагог тұлғасының тұлғалық және кәсіби-сапалық қасиеттерге
байланысты айқындалуы.
Оқыту ерекшеліктерін анықтауда мұғалім-дефектолог, логопед,
арнайы психолог кәсіби құзыіреттілікті, жеке тұлғалық қасиеттерді
игерген, мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасаудағы қарым-қатынас
формаларын сақтайтын маман болуы тиіс.
Оқыту процесінің коррекциялық бағыты
арнайы әдіс-тәсілдердің
көмегімен оқушылардың танымдық қабілеттерін компенсациялау
барысында арттырудың мүмкіндіктерін қарастырады. Осы бағытта
мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу әрекетін игерудегі қиындықтар мына
себептермен түсіндіріледі:
- кемшіліктің сандық құрылымы кемшіліктің сапалық жағын
бейнелейді;
- танымдық әрекеттің әлсіздігі игерген білімді қабылдау, оны қайта
өңдеу, есте сақтауға кедергі келтіреді;
- сөйлеу тіліндегі кемшіліктер;
- әлеуметтік бейімделудің қиындығы.
Достарыңызбен бөлісу: