«
Дамуы төмен
тип». Бұл балалардың дамуында үлкен
медициналық және мінез-құлықтық проблемалар байқалады. Бұл типті
түзеу қиынға соғады, тұлғааралық қарым-қатынастарды белгілеуде
ерекше қиындықтарды бастан кешіреді.
Көрсетілген жіктемелер баланың дамуының негізгі аясын, атап
айтқанда баланың психологиялық-физиологиялық дамуының базалық
бағыттары бойынша: баланың денсаулығын сақтау мен дене дамуы, оның
танымдық және әлеуметтік дамуын коррекциялық-педагогикалық
жұмыстарды қамтамасыздандыруға мүмкіндік беретін білім беру
салаларын қамтиды.
Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек
көрсету жұмысының мақсатын анықтауда мүмкіндігі шектеулі балаларға
арнайы білім беру жүйесінің құрылымын толығымен зерттеу қажет.
Күрделі кемшілігі бар балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері
бойынша бұл балалардың категориясын әлі де болса зерттеу қажет
екендігі белгіленген. Статистикалық мәліметтер бойынша арнайы білім
беру мекемелеріндегі оқушылар контингентінің 25-35%-ын дамуында
күрделі кемшілігі бар балалар құрайтыны белгілі. Осы мәселені алғаш
зерттеген Самуил Гридли Хоув, А. Сулливан, А.В. Апраушев, Г.П.
204
Бертынь, М.С. Певзнер, А.И. Мещеряков, Т.В. Розанова, И.А.
Соколянский т.б. пікірлері бойынша аталған мәселенің өзектілігі
анықталады. Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға педагогикалық
көмек көрсету мәселесінің өзектілігін анықтау үшін «Педагогикалық
көмек» түсінігінің терминологиялық статусына назар аударуымыз қажет.
С.И. Ожегов сөздіктерінде «педагогикалық көмек» түсінігі педагогика
ғылымының талаптарына сай оқыту мен тәрбие туралы ғылым екендігі
беріледі, ал «көмек көрсету» сөзі қандай да бір әрекеттің жүзеге асуына
көмектесу, қолдау жасау дегенді білдіреді. «Педагогикалық көмек
көрсету» баланың жеке дамуын қамтамасыз ететін ерекше әрекет.
Педагогикалық әрекет педагогтың көмегімен орындалатын баланың
әлеуметтік құндылықтарды игеруін жүзеге асырудағы әлеуметтік маңызы
бар әрекеттің түрі болып табылады. Педагогикалық әрекеттің ерекшелігі
нақты жағдайда, яғни дамуында күрделі кемшілігі бар баланың кемшілігін
компенсациялау мен коррекциялау процесі.
Күрделі кемістігі бар балаларға білім беру тарихына көз тастайтын
болсақ, алғаш ол соқыркереңдерді оқытуынан басталған. Алғаш рет 1837
жылы Паркинсон атындағы соқырларға арналған мектепке (АҚШ) Лора
Бриджмен атты соқыр қыз қабылданды. Оның оқытумен мектеп
директоры
Самуил Гридли Хоув
айналысты. Оның алдында 1825 жылы
дұние жүзі соқырларға арналған шрифті құрастыруғаарналған конкурс
жарияланды. Соған
Луи Брайль
деген соқыр алты нүктелі шрифті үсынды.
Бұл шрифті ең басты мүмкіншілектері бағаланбады. Лораны оқытуда
бірінші рет осы шрифті қолдану мүмкіндігін көрсеткен Самуил Гридли
Хоув болды. Кейінен Брайільдік шрифтті дактильдік әріптермен
сәйкестендіріп Лора дактильдік-жанасу сөйлеуді менгеріп, басқа
адамдармен қарым-қатынас жасайтын болды. Сонымен Лора оқу, жазу,
қарым-қатынас жасауды үйренді.
Кейіннен осы Паркинсон атындағы мектепке соқыр-керең
Елена
Келлер
деген қыз қабылданды. Оның оқытуымен
Анна Сулливан
деген
педагог айналысқан. Кейіннен Елена Келлер өте жақсы мектепті,
университетті бітіріп, психология ғылымының докторы атаққа ие болды.
Нью-Йоркте ұлттық соқыр-кереңдердің орталығын ашты. 1884 жылдан
1913 жылға дейін Е.Келлердің өмірі мен шығармашылығына байланысты
мақалалар жарияланды.
Жарияланған мақалаларда
Бельгиядағы,
Франциядағы,
Норвегиядағы,
Шотландиядағы,
Швециядағы
соқыркереңдерді оқыту мен тәрбиелеу туралы фактілердің дұрыстығы
туралы пікірлерде жарияланды. Германиядағы ғылыми байланыстар
негізінде қарым-қатынас орнатқан Ресейліктер соқыркереңдерді оқытуда
жетістікке жетіп, Нововесьедегі мүгедектерге арналған Приютте 1887-
1906 жылдары соқыркереңдерге арналған мектеп ашылады.
205
Совет одағы кезінде күрделі кемшілігі бар балаларды оқыту мен
тәрбиелеу туралы ғылыми жұмыстардың мазмұны әйгілі психолог А.В.
Ярмоленконың еңбектерінде жарияланған. 1923-1937 жылдар арасында
осы бағыттағы ғылыми жұмыстардың мазмұнын Харьковтегі соқыркерең
балаларға арналған мектепте қызмет жасаған И.А. Соколянский
еңбектерінен көруімізге болады. Осы мектептің тәрбиеленушісі
соқыркерең О.И. Скороходованың еңбек жолы да күрделі кемшілігі бар
балалардың тәрбиесіне арналады. Осындай тәжірибелерді 1947
жылдардан бастап әйгілі психологтар А.Н. Леонтьев, А.И. Мещеряковтар
жалғастырды. Олар М.В. Ломоносов атындағы Университтеттің
психологиялық факультетінде білім алған төрт студентті оқытады. 1971-
1977 жылдар арасында осы студенттің екеуі А.В. Суворов пен
С.А. Сироткин күрделі кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуге
арналған ғылыми еңбектердің авторлары.
Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек
көрсету-әлеуметтік тәртіп пен нормаларды игерудегі іскерлік, дағдыны
қалыптастыруға бағытталған баланың әлеуметтік құзіреттілігін көтерудегі
педагогикалық тәжірибе. Педагогикалық көмек көрсетудің пәні дамуында
күрделі кемшілігі бар баланы тұлға ретіндегі әлеуметтенуін қамтамасыз
ететін, бұзылуларға ұшыраған органдардың әрекетін компенсациялау мен
қоғамдағы бейімделуін қалыптастырудағы арнайы білім берудің теориясы
мен практикасы.
Педагогикалық көмек көрсетудің мақсаты дамуында күрделі
кемшілігі бар баланың қоршаған ортаға бейімделуін, қиындықтарды
жеңуін оқыту мен тәрбие процесі арқылы игертуге бағытталған процесті
жүзеге асыру. Адам тұлғасының қалыптасуы заңды түрдегі өзгерістерге
байланысты құрылады. Қарапайымнан күрделіге қарай өтетін жағдайлар
арқылы адамның жалпы дамуы сыртқы факторлар (экологиялық,
әлеуметтік, мәдени) мен ішкі факторларға (физиологиялық, генетикалық,
психикалық) тікелей байланысты. Күрделі кемшілігі бар балалар
психикасының даму кезеңдері қалыпты балалар дамуымен бірдей.
Дамуында күрделі кемшілігі бар балалар туралы коррекциялық-
педагогикалық тәжірибелердің көпшілігін соқырмылқау балалармен
жүргізілген жұмыстар құрайды. Соқырмылқау балаларды оқытудың
технологиясы
туралы
эксперимент
пен
ғылыми
негіздемелер
соқырмылқау балалардың компенсаторлық жүйелер арқылы даму
потенциалын дамудың ерте кезеңдерінен бастап анықтауға болатынын
көрсетеді. Күрделі кемшілігі бар балалар арнайы мектептердің әр түріне
орналастырылады. Бұл кезде оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне,
педагогикалық көмек көрсету жұмыстарына таңдау жасаудың қиындығы
анық байқалады.
206
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жалпы білім берудің мемлекеттік
стандартына сәйкес күрделі кемшілігі бар балалар саралап оқыту түрінде
білім алады. Барлық арнайы мектептерде күрделі кемістігі бар балаларға
арналған сыныптар ашылған. Мысалы, саңырау балаларға арналған типтік
бағдарламалар бойынша білім беруде бұл балалар қосымша психикалық
дамуында кемшілігі бар, ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балалармен
қатар білім ала алмайды. Күрделі кемшілігі бар балаларға арналған
көмекші сыныптар (психикалық дамуында кемшілігі бар балалар,
соқырмылқау балалар) құрылады. Мұндай сыныптардағы бала саны көп
болмауы тиіс. Арнаулы топтарда алғашқы екі кемшілік топтасқан нашар
еститін балалар: саңырау және ақыл-ой дамуы кешеуілдеген, саңыраулық
және психикалық дамуы кешеуілдеген балалар білім алады. Немесе көру
қабілеті зақымдалған ақыл-ойы кешеуілдеген балаларға арналған
сыныптар.
Мұндай
сынып
құрылуы
ПМПК
мамандарының
сараптамасының қорытындысына негізделіп құрылады. Тірек-қимыл
аппараты бұзылған ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған
топтар мен сыныптар құрылады. Нашар еститін немесе нашар көретін,
сөйлеу тілінде кемшіліктер, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы қатар
келген балаларды оқушылар ұжымына қосуда интеграцияланған
жұмыстар ұйымдастырылады.
Дамудағы күрделі кемшілікті зерттеудегі аралас пәндердің маңызы
өзекті мәселелердің мазмұнына сай дамуында күрделі кемшілігі бар
балаларды оқытудың әдіснамалық түрдегі жүйесі психология, педагогика,
медициналық блоктағы пәндер, әлеуметттік педагогика пәндерінің
қиылысында қарастырылып отыр. Көрсетілген жұмыстарды ұйымдастыру
қосымша оқыту мен тәрбиелеудің нақты әдістемелеріне толықтырулар
мен өзгертулер енгізіліп, оқытудың технологиясы мен мазмұны
модернизацияланады. Өзгертулер мен толықтырулар кемшіліктің пайда
болу себептеріне байланысты арнайы педагогиканың салалары
(сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия)
негіздеріне сүйеніп жүзеге асырылады.
Күрделі кемшіліктің пайда болу негізін анықтауда орталық жүйке
жүйесінің органикалық бұзылуы, сенсорлық қабілеттердің бұзылуы, түрлі
генетикалық факторлар негіз болатындықтан оларды есепке алу мен
түсіну үшін медицина аймағындағы арнайы пәндер невропатология, бала
дамуының ерте кезеңінің анатомиясы мен физиологиясы, психопатология,
психиатрия,
адам
генетикасы,
офтальмология,
отолорингология,
педиатрия, сурдология ғылымдарының жетістіктеріне сүйенеді. Адамның
өзіндік құрылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, өмірлік құндылықтары
мен қажеттіліктерін қанағаттандырауға мүмкіндік беретін әлеуметтік
ғылымдармен де тығыз байланысты.
207
Қазіргі уақытта дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға
коррекциялық көмек көрсету жүйесі өз алдына құрылуда. Арнаулы білім
беру мекемелерінде түрлі бағдарламалар, әдістемелік және нормативтік
материалдарды
басшылыққа
ала
отырып,
жұмыс
жүргізу
ұйымдастырылуда.
Аталған ғылыми бағыттың міндеттері төмендегі негізгі мәселелерді
құру мен оларды шешуді көздейді:
-
дамуында кешенді (күрделі) кемшілігі бар тұлғаларды
психологиялық-педагогикалық және клиникалық жағынан жан-жақты
зерттеу;
- анализаторлардың бұзылу типологиясын, дамудағы психикалық
және дене дамуындағы бұзылуды анықтау мен оларды бекіту;
- күрделі кемшілік кезіндегі оқыту мен тәрбиелеудің объективті
заңдылықтарын зерттеу;
- арнаулы білім беру мазмұнындағы оқыту мен тәрбие беру
процесінің теориялық негіздемесін жасақтау;
- білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасақтау (бағдарлама,
оқу жоспалары).
Күрделі кемшіліктерге жүргізілген клиникалық нейропсихологиялық
зерттеулерден (Г.П. Бертынь, М.Г. Блюмина, Е.М. Мастюкова, А.Г.
Московкина) күрделі кемшіліктер
эндогендік және
экзогендік
факторлардың әсерінен болатыны белгіленген. Олардың арасында көп
кездесетін түрі жүктіліктің бастапқы кезінде кездесетін ауыр түрдегі
инфекциялық аурулар қызылша, корь, вирусты тұмау, туа пайда болған
токсоплазмоз. Күрделі кемшіліктердің себептеріне ананың қайталанбалы
соматикалық ауруларын (диабет, жүрек аурулары) жатқызамыз. Аталған
себептердің ішінде маңызды орын алатын түрлері генетикалық
факторлармен сипатталатын аурулар, тұқым қуалайтын аурулардың
(Маршалл синдромы, Ушера синдромы, Альпорт синдромы, Лоу
синдромы) синдромдары. Мұндай кемшіліктердің симпомдарын білу
кемшіліктерді диагностикалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруды қажет
етеді.
Кешенді кемшіліктерді диагностикалау жұмыстары күрделі. Себебі,
диагностикалау жұмыстары кезінде баланың сенсорлық қабілетінің
дамуын, қимылдық дамуын, сөйлеу тілінің дамуын, танымдық әрекетінің
дамуын анықтау керек. Күрделі кемшіліктерді диагностикалауда баланың
психикалық дамуындағы кемшіліктерді де есепке алу керек. Дамудағы
күрделі кемшіліктерді психологиялық-педагогикалық диагностикалау
жұмыстарында арнайы маман жұмысының нақтылығы талап етіледі.
Күрделі кемшілік кезінде анықталған кемшіліктердің ішіндегі
негізгілеріне аса мән бере отырып, түзету жұмыстарының жүргізілу
керектігін Е.М. Мастюкова еңбектерінен көруімізге болады. Мысалы,
208
олигофрения, психикалық дамудың тежелуі кезінде есту, көру, сөйлеу
тіліндегі кемшіліктермен қатар келуі мүмкін. Ауытқып дамудағы негізгі
құрылым түрлі неврологиялық және психопатологиялық синдромдармен
сипатталады. Мысалы, сөйлеу тіліндегі кемшіліктер кезінде гидроцефалия
синдромының әсерінен тірек-қимыл аппаратының жұмысы баяулайды.
Қосымша баланың психикалық жай-күйі нашарлап, аутизм, қозғыштық,
невроздық жағдайлар байқалуы мүмкін.
Күрделі кемшілігі бар балалар қоршаған ортадағы жағымсыз
факторларға, психикалық депривация жағдайларына тез берілгіш келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |