Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Дамуында күрделі кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу
мәселесінің өзектілігі.
2. «Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға «педагогикалық көмек
көрсету» мазмұнының теориялық негізін анықтаңыз.
3. Дамуында күрделі кемшілігі бар балалармен жұмыс жасауда
педагог-практиктердің жұмысында анықталатын қиындықтардың
түрлеріне сипаттама жасаңыз.
4. «Күрделі кемшілік» және «кемістіктің күрделі құрамы»
түсініктерінің айырмашылығын көрсетіңіз.
5. Күрделі кемшіліктің пайда болу себептері.
6. Шет елдік зерттеулердегі күрделі кемшілігі бар балалар дамуының
ерекшеліктері қалайша түсіндіріледі?
209
§ 26. ЭМОЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН (АУТИЗМГЕ
ШАЛДЫҚҚАН) ТҰЛҒАЛАРҒА КОРРЕКЦИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ
1. Аутизм спектіріндегі бұзылыстары бар балалардың
топтастырылуы мен мінездемесі
2. Аутизмге шалдыққан балалармен жүргізілетін коррекциялық-
педагогикалық жұмыстарының сипаттамасы
Уикипедияда аутизм — (
грек.
autos
- өзім) – адамның сыртқы
дүниеден
оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-
күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э.Блейлер адамның ішкі эмоциялы
қ
кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы
аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген деп көрсетілген.
Ары қарай, аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол
әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде
аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда
ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді.
Сонғы кезде жоғарыда аталған
бірқатар ерекшеліктермен сипатталатын
психикалық даму жағдайын
«а
утизм спектіріндегі бұзылыстары
» термині
қамтиды
.
Аутизм спектіріндегі бұзылыстарына тән ерекшеліктер:
- басқа адамдармен және заттар әлемімен қарым-қатынасқа түсе
алмаушылық, әлеуметтік дамудың ерте кезеңінде байқалады, шамамен 1,5 -3
жаста;
- тәртіптің, мінез құлқылың сереотиптілігі;
- сөйлеу тіліндегі дамуының ерекше түрде байқалуы (мутизм, эхолалия,
стереотипті монологтар, диалогтық болмауы);
- сенсорлық жағдайларға деген сезімталдықтың сензитивтілігі.
Қазіргі уақытта аутизм синдромының себептерін авторлар баланың
биологиялық тұрғыдағы толық дамымауымен түсіндіреді. Ерте балалар
аутизмінің этиологиясы белгілі, яғни генетикалық факторлардың ролімен
анықталатын нозологиялық форма түрінде сипатталатын кемшілік. Ерте
балалар аутизмі кезінде балалардың көпшілігі орталық жүйке жүйесінің
органикалық зақымдануларына шағымданады.
Балалар аутизміне тән ерекшеліктер туралы баяндасақ, былайша
тізбектеледі:
-
мұндай жағдай баланың бір жасқа дейінгі кезінде жымиу, күлу,
сезіктену сезімдерінің болмауымен байқалады;
-
қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсудегі аффектінің бұзылуы
Онтогенез дамуының ерте кезеңінен бастап сәбидің эмоциясындағы
жабырқаулық, анасының қолына үйреніспеу жағдайларымен байқалады;
210
-
адамға немесе қандай да бір затқа үйренісуі байқалады,
байланушылық кезінде бала өзіне деген сенімділікті жоғалтып, өз бетімен
әрекет жасай алмайтын жағдайға түседі;
-
қарым-қатынас кезінде өзінің эмоциялық жай-күйін түсіндіре
алмаушылығы байқалады;
-
аутизм кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері қарым қатынастан бас
тарту, мутизм, эхолалия түрінде байқалады;
-
фантазияға
берілушілік,
шектен
тыс
қорқуы
сананың
тұрақсыздығымен түсіндіріледі;
-
өз тәртібін реттей алмаушылық кезінде бала ойын барысындағы ойын
ережелеріне бағынбау, ойынға араласа алмау белгілерін көрсетеді.
Аталған проблемалар 2,5-3 жасқа дейін толық байқалады.
Аутизмде ақыл-ой дамуының қандай да бір деңгейі болуы мүмкін, бірақ
шамамен төрт жағдайдың үшеуінде (70%) ақыл-ойдың дамымауы байқалады.
аутист балалардың тек 25% ғана зерде нормасының төменгі шегінің
көрсеткіштеріне
жетеді.
Бірақ
көптеген
аутист
балалардың
зерде
мүмкіншіліктері жақсы деңгейде болып, қандай да бір салаға қатысты қабілеті
жоғары болуы да мүмкін.
Аутизмнің
медициналық
және
психологиялық-педагогикалық
топтастыруы бар,
Медициналық топтатыру:
-
ерте жастағы аутизм
-
Каннер синдромы
-
Аспергер синдромы
-
атиптік аутизм
-
аутистік көріністер.
К.С. Лебединская мен О.С. Никольская аутизм кезіндегі психикалық даму
өзгешіліктерін қарастыра келе, аутизм балаларда төрт түрде байқалуы мүмкін
деп айтқан:
1-топ.
Айналасындағылардан бас тарту ретінде байқалатын аутизмнің ең
күрделі түрі. Бұл топ балаларында жайсыздық пен белсенділіктің бұзылуы ерте
жастан байқалады, бала кейіннен бұдан өзі үшін ең тиімді қорғаныс тәсілінің
(сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту, болып жатқаннан мүлдем безу)
көмегімен өтеді. Бұндай балалар өзінің есімін айтқанда бұрылмайды,
басқалардың өтінішіне жауап бермейді, сонымен бірге өздері де ештеңе
сұрамайды. Әдетте олардың бойында мақсатты түрге бағытталған тәртіп
қалыптаспайды, керісінше, алаңдық (мақсатсыз) бір объектіден екінші
объектіге ауысу, заттарға қол тигізу, оларды қолдарында ұстау, жиһаз бойымен
өрмелеу, шеңбер бойымен жүгіру, объектілерді ұзақ уақыт енжар бақылау
байқалады.
Моторлық стереотипиялар мен өзіне қатысты агрессия үлкендердің баланы
мақсатқа бағытталған әрекетке қосқанда қысқа мерзімде пайда болады.
Ынталандыру мен әлдендіру қозғалыс немесе мақсатты қарау барысында
байқалады.
211
Балалар қоршаған ортамен өзара байланысқа белсенді түспей, еш нәрсеге
таңдау арқылы зейінін салмайды, орталық көру қабілетін қоспай, негізінен
шашыраңқы әрі сырттай бақылау дағдысын қолданады. Бұндай бала бір нәрсені
еркінен тыс немесе өздігінен рақаттанып қарай алмайды. Алаңдық мінез-
құлықтың ептілігі мен сұлулығына қарамастан өзіне қызмет етудің бағытталған
пайдалы дағдыларын меңгере алмайды.
Аутизмнің осы тобындағы балалар көрмейтін және естімейтін сияқты, ерте
жаста сенсорлық ыңғайсыздықты байқатқандығына қарамастан көп жағдайда
ауру, суық пен аштыққа қарсы әрекет етпейді. Олар еш нәрседен қорықпайды
және ештеңені ұнатпайды.
Балаларда сөйлеу тілі болмайды (мутизм), алайда олардың кейбіреулері
кейде коммуникативті бағытталмаған жеке сөздерді немесе тіптен сөз
тіркестерін де айтулары мүмкін. Балалар қоршағандармен қатынас үшін сөйлеу
тілін, мимика мен ишаратты пайдаланбайды, жақын адамдарына деген бауыр
басушылықты білдірмейді. Қоршағандарға енжарлық білдіре отырып, тактильді
қатынасқа қарсылық білдірмейді, өзін тамақтандыруға, киіндіруге және басқа
да іс-әрекеттерге енжар қатысады. Олар өздерін төбеге лақтырып,
айналдырғандарды ұнатады, бірақ тез жалығып, байланыс сияқты нәрсені қатал
түрде мөлшерлейді. Көбіне жағымды әсер етулерді барынша алу мүмкіндігін
қолданады.
2-топ.
Бұл топтың балалары ортамен қатынаста белсенділеу болып, тез
ренжіп қалмайды, қоршағандарды таңдай отырып қатынасқа түсе алады, бірақ
оларға қоршаған әлемді тануға деген ұмтылыс пен қызығушылыққа қарағанда,
оны қабылдамау тән болады. Балалар қорғаныс тәсілі ретінде жайсыздық пен
қорқыныш тудыратындардың бәрінен белсенді түрде бас тартуды
пайдалаланды. Сондықтан қоршаған ортамен қатынас баланың бекіткен және
бұлжытпай орындайтын тәртібі бойынша ғана жүреді. Бұндай балалар үшін
қалыптасқан өмірлік стереотиптерді, белгілі бір әдеттерді қатал сақтау өте
маңызды. Дамудың патологиялық жағдайлары қоршаған ортаға бейімделуді
бейберекетсіз шешуге ұмтылдырады: таңданымпаздық қоршаған ортамен
байланыс жүйесі емес, қорғаныс, тыйым мен шектеулердің қалыптасқан жүйесі
ретінде пайда болады.
Олар жаңа, таныс еместердің барлығын жаратпайды және барлық жақта:
тамақтанғанда, киімге, үйреншікті жағдайға серуендердің бағытына және т.б.
қатысты тұрақтылыққа ұмтылады. Ұнату оларда өте тар және қатал
қалыптасады, баланың тәртібін қалыптасқан әдеттің аясынан шығаруға ұмтылу,
балада қарама-қарсылық реакциясын (айғай, жылау, белсенді қарсылық көрсету
және агрессия) тудырады. Бұл топ балаларында көптеген жетік және қисынсыз
(қолдарын сермеу, қолының саусақтарын айналдыру, әр түрлі секірістер,
таяқашаларды және жіптерді сілкілеу т.б.) қимыл-қозғалыс стереотиптері
байқалады. Қозғалыс барысында қысылыс, астарлылық пен мәнерлілік
байқалады. Аутист бала тұрмыста қажет дағдыларды меңгеру кезінде ебедейсіз
болғанымен, ынталандыру барысында епті. Жалпы балалар әлеуметтік-
тұрмыстық дағдылардың шағын жиынтығын меңгереді, бірақ басқа жағдайға
қиынсынып бейімделеді.
212
Олар өзінің қажеттілігін білдіру үшін сөйлеу тілін пайдалана алады,
олардың сөйлеу тілінің дамуы ерекше: балалар ең алдымен нақты жағдайға
қатал түрде байланыстыра отырып, сөйлеу тілдік даяр сөз орамдарын меңгереді
және оларды үнемі стереотиптік түрде пайдаланады, оларға эхолалия, жіктеу
есімдігін дұрыс пайдаланбау тән.
Бұл топ балалары анасына деген жаны жақындығын білдіреді, бірақ
анасымен байланыстың түрі симбиотикалық болады. Баланың көптеген
қорқыныштарға берілетіні соншалықты, анасынан бір минутқа да ажырай
алмайды. Ол анасының өзінің болмысының шарты ретінде белгілеп, анасының
мінез-құлқын қатал түрде бақылап, үнемі жанында болуын талап етіп, байланыс
стереотипін өзгерту ниетіне қарсылық білдіреді.
3-топ.
Балалар қатынасқа, оның ішінде тілдік қатынасқа түсе және оны
қолдай алады, бірақ оны орнату айырықша жанжалдықпен ерекшеленеді. Олар
қырсық, қыңыр болып, басқалардың пікірлерін есепке алмай, сөйлесіп тұрған
адамның сөзіне және одан алған әсеріне мән бермей, сөйлесіп тұрған адамның
айтқандарын істеткілері келеді. Балалар үшін басқа адамдардың сезімін түсіну,
олардың басқалардың ісіне жауап беру, жол беру, жаны ашуы қиындық
туғызады.
Бұл балалардың жоғарыдағы топтармен салыстырғанда психикалық
белсенділігінің жоғары болғандығына қарамастан, олар да басқа аутистер
сияқты өте сезімтал, тез ренжігіш болып келеді. Олар жайсыздық пен
қорқынышты жеңу үшін аутистік қызығушылықтары басым болып келетін
психологиялық қорғаныш тәсілін пайдаланады. Балалар қандай да бір
интеллектуалды
түрдегі
сабақтар
және
қызығушылықтармен
айлап
айналысулары мүмкін. Олар ақпаратты қатарға қойып, жүйелеуден рақат
көргендіктен, бұндай стереотипті зерде әрекеттері ынталандыру түрі болып
табылады.
Ерте жастан абстрактылы жеке білімдерде жоғары деңгейдегі табыстарды
көрсеткенімен, олар болып жатқан әлеуметтік мәндегі жағдайларды түсінуде
шектеулікті байқатады. Көп жағдайда бұндай балалардың сөздік қоры бай
болады, күрделі, «кітап» сөз тіркестерін пайдаланады; олардың сөздері
табиғатқа жат «ересектікті» байқатады
.
Бұл топ балалары іс-әрекеттерін жоспарға сәйкес қатал дәйектілікпен
орындауға тырысады; егер оны іс-жүзіне асыру бұрмаланса, онда ол тәртіптің
бұзылуына: қырсықтыққа, агрессияға, керісінше істеуге ұмтылуға әкеліп
соқтырады.
Бұндай балалардың өмірге бейімделуі басқа топтардағы балаларға
қарағанда нәтижелірек болады. Олар өздерінің әдеттерінде қалыптырақ, тамақ
таңдауда талғамы дұрыс, тыйымдар жүйсеі сондай күрделі емес, бірақ қозғалыс
тұрғысынан ебедейсіз және тұрмысқа икемсіз, әлеуметтік өзара байланыста
баяу.
4-топ.
Бұл балалардағы аутизм қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікті
ұйымдастырудағы қиындық ретінде жеңіл түрде байқалады. Бала дүниемен
өзінің қарым-қатынасын жақын деп есептеген ересек адамның көмегімен
жанама түрде орнатуға тырысады. Оның көмегімен барлық бейімделу
213
мәселелерін шешуге тырысады, олардың арасында қарқындылықтан қорғану,
ортамен сенсорлық байланысты анықтау және тұрақсыз жағдайда
тұрақтылыққа ие болу бар. Ынталандыру жақындардың эмоциялық көмекке
дайындығы, баланың әрекеттерінің дұрыстығын үнемі қолдау және құптауға
байланысты. Бала эмоциялық тұрғыдан қолдауға мұқтаж.
Бұл балалар жоғары сезімталдығымен және тез ренжігіштігімен, сын мен
қолдамауды жаратпайтындығымен ерекшеленеді. Олар жақындарына бауыр
басқан, олардан үнемі көңіл мен эмоциялық қолдауды талап етеді. Бұл топ
балалары жасық, ұялшақ және қорқақ балалар сияқты әсер қалдырады. Оларда
басқа адамдардың сезімдерін, тәртібін қабылдап, олармен белсенді және икемді
әрекеттес болу ұғымы, түсінумүмкіндігі төмендеген; олар қарапайым
әлеуметтік жағдайларда естері шығып кетуі мүмкін. Бұл топ балалары үшін
тәртіп пен қызметтің стереотиптік формаларына – ережелерге және дүниемен
байланс орнату тәртібіне сәйкес әрекет етуге ұмтылу тән. Олар мінез-құлық
бағдарламаларының меңгерілгендерінқайталап, еркінен тыс ережеден ауытқу
болған жағдайда мұңаяды. Әдеттегі стереотиптің сәл болса да өзгерген кезінде
оларда бірден қорқыныш пен ыңғайсыздықтың жоғарылауы байқалады.
Қазақстан
Республикасында
аутизмге
шалдыққан
балаларды
диагностикалу ерте жастан басталады. Алғашқы медициналық-санитарлық
көмек көрсетуші (АМКК) мекемелер базасында анықтау және диагностикалау
мақсатымен жаңадан туған балаларды жаппай тексеру (скрининг) тиімді
тәсілдерінің бірі болып табылады. Скрининг нәтижесінде анықталған қатер
тобындағы балалар терең кешенді тексерілуі үшін психологиялық-
медициналық-педагогикалық кеңеске (ПМПК) жіберіледі. ПМПК негізінде
баланы психологиялық-педагогикалық зерттеуден өткізіп, ата-анаға кенес беру,
ары қарай білім маршрутын белгілейді.
Аутизмге шалдыққан балалар арнайы қолдауды коррекциялық кабинеттер
негізінде алады. Және аутист балалар даму деңгейіне қарай тіл кемістігі бар,
жалпы немесе ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектептерде
білім алуға мүмкіндігі бар. Кей жағдайларда жалпы білім беру мекемелерінің
жанынан ашылған арнайы топтарда, денсаулық сақтау жүйесі негізіндегі
құрылған арнайы мекемелерде тәрбиеленеді.
Арнаулы орталықтағы балаға көмек көрсету жұмысы мына қағидалар
бойынша ұйымдастырылады:
-
түзетуге
бағытталған
жан-жақты
медициналық-психологиялық-
педагогикалық көмек көрсету;
- интеграция;
-
түзету жұмыстарын дамудың барлық кезеңінде реттілікпен
ұйымдастырыу;
-
әдістемелік
жұмыстарды
жүргізуде
аутист
баланың
жеке
қызығушылығын есепке алу;
- түзету жұмыстарын жүргізудің жеке түрде ұйымдастырылуы;
- отбасымен қарым-қатынас орнату.
Аутизм кезіндегі жүргізілетін коррекциялық көмектің әдістері мен
тәсілдері баланың психикалық тонусын бірқалыпты сақтау арқылы жүргізіледі.
214
Өз мүмкіндігінен тыс жағдайларды туғызу балада агрессия, негативизм, қарым-
қатынастан бас тарту түріндегі әрекеттерді туғызады.
Баламен қарым-қатынасқа түсудегі негізі параметрлерді мына
деңгейлер
арқылы анықтауға болады:
- баламен қарым-қатынасқа түсу кезінде не қажет?
- бала өзімен-өзі қалғанда қандай әрекеттерді (бөлмеде әрі-бері жүру,
бір затты соққылау, секіру, т.б.) жүзеге асырады?
- қоршаған ортадағы заттарды қалайша зерттейді (иіскеу, қарап шығу,
бір қырыннан қарау);
- ойыншықтармен қалай ойнайды (қызығушылықпен)?;
- стереотиптілік дағдылар байқала ма?
- әрекет барысында сөзді қолдана ма?
- дискомфорт жағдайында өзін қалай ұстайды (тынышталу, агрессия,
шағымдану, қимылдық стереотип)?;
- қуану кезіндегі тәртібі қандай?
- тыйым салуға қалай реакция береді?
- баланы тыныштандыруда қандай әрекеттер жасайсыз?
- бала зейінін шоғырландыру үшін не істеу керек?
- ересектердің бала әрекетіне қызығушылық танытуын қалай
қабылдайды?
Аутизм кезіндегі бала тәрбиесінің тауқыметі анасына жүктеледі.
Сондықтан да
арнайы мамандар кәсіби тұрғыда кеңес беру жұмыстарын
ұйымдастыруы керек. Отбасында ерте жастан тәрбиеленетін аутист баламен ең
басты қолайлы қатынас орнату; оның ішінде, мысалы күні бойы балаға
өмірінде болып жатқан жағдайларды түсіндіріп отыру. Кішкентай баламен
сөйлескендей эмоционалдық тұрғыда сөйлеу: «Сен ояндың, балақай. Тұра ғой!
Қазір пижаманы шешеміз, жуынуға барамыз тс.с.». Кешкісін, баланы ұйықтатар
алдында, күні бойы болған жағдайларын онымен бірге еске түсіріңіз, әсіресе
жағымды сәттерін жан-жақты және эмоционалды тұрғыда. «Таңертең ояндық
та, былай созылдық ... . Далада сен допты «Бух-Бух» деп былай лақтырдың... .
Кешкісін – әкешің келді. Ой, біз қалай әкемізді қарсы алдық!».
Ерте
балалар
аутизмі
кезінде
коррекциялық-педагогикалық
жұмыстарды ұйымдастыру Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та ХХ
ғасырдың 30 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Аталған елдердің
ішінде алдыңғы қатарда дамып келе жатқан Дания мемлекетінде 1920
жылдан бастап аутист балаларға ерте кезден бастап арнайы көмек түрлері
көрсетіледі.
Еуропаның басқа елдері мен Америкада аутист балаларға ата-
аналардың көмегімен ұйымдастырылған арнайы көмек түрлері
көрсетіледі. Көрсетілетін көмек түрлерінің ұйымдастырылуы арнайы
әдістемелердің көмегімен жүргізіледі.
215
Достарыңызбен бөлісу: |