155
Жүре пайда болған көрудің бұзылу себептері, көру органдарының
ауруы, орталық нерв жүйесінің аурулары (менингит, ми ісігі,
менингоэнцефалит), бас миының немесе
көздің соққы алуы болып
табылады. Балалар арасындағы көрудің бұзылуындағы негізгі клиникалық
формалары нерв жолдарының, көру анализаторының қабықтық
зоналарының зақымдануы, көз хрусталінің (катаракта) бұзылуымен
түсіндіріледі. Балалар арасында кездесетін көру қабілетінің бұзылуларына
қылилық, амблиопия, астигматизм т.б. жатады.
Аталған кемшіліктердің
әсерінен бала бойында анықталатын жағымсыз жағдайлар:
- кеңістікте бағдарлай алмауы;
- қимылдық сфераның шектелуі;
- дүниетанымының тарлығы;
- әлеуметтік тәжірибесінің шектелуі;
- эмоциядағы, мінездегі ерекшеліктер;
- ойын, оқу, еңбек әрекетін игерудегі қиындықтар;
- өз-өзіне деген сенімсіздік, пассивтіліктің байқалуы;
- шектен тыс қозғыштық, ашуланшақтық, агрессия.
Қазіргі уақытта көру қабілетінің төмендеуі тек бір себеппен немесе
бір аурумен ғана анықталмайды. Көбінесе бір балада бірнеше көз
ақаулары кездеседі. Мысалы: көз өткірлігінің төмендігі+қилылық+
нистагм немесе көру аймағының тарлығымен қатар көз өткірлігінің
төмендігі.
Қылилық -
көру сызықтарындағы кемшілік,
көздің қимылдатқыш
функцияларының бұзылуы, фиксацияның жалпы нүктелеріне көз
сызықтарының сәйкес келмеуі (паралитикалық және сәйкессіздік)
Паралитикалық түрі буындардың салдануынан немесе (парез) құрысу
салдарынан пайда болады. Негізгі себептері соққы алу, ісіктер,
инфекциялық аурулар, интоксикация, қан кету. Қылилық кезіндегі түрі
тұрақты және қайталанбалы күйде жалпы фиксация нүктесіне бір көз
сызығының сәйкес келмеуінен болады. Негізгі себептері:
орталық нерв
жүйесінің аурулары, рефракцияның бұзылуы, көз қимылдатқыш
аппараттың аномалиясы. Қылилық жұмысқа деген қабілеттілікті
жоғалтады, монопулярлық көру пайда болады (қабылдау бірде бір көзбен
бірде екінші көзбен жүзеге асады) Балаларда қылилық 2-3
жасқа таман
пайда болады немесе күрделі аурулардан кейін, қорқыныштан пайда
болады. Қылилықтың әсерінен көру төмендейді. Дисбинокулярлық
амблиопияның екі түрі болуы мүмкін:
-
дұрыс фиксациялы амблиопия (орталық) фиксациялық аймақ -
орталық тор шұңқыршасы.
-
теріс фиксациялы амблиопия (орталық емес)
фиксациялық
орталық – көз торшасы.