153
жылы Париж қаласында өз қаражаты есебінен көз жанарынан айырылған
балаларға арнап мектеп ашады. Ашылған мектепті «Еңбек етуші
зағиптардың шеберханасы» деп атайды. Мектепке ең алғашқылардың бірі
болып 12 бала қабылданады. Валентин Гаюи
оларға арнап өзінің оқу
әдістемелік құралын жазады. Мектептің материалдық жағынан
қамтамасыз етілудегі қиындықтарға қарамастан мектеп жанынан
баспахана ашады. Баспахананың көмегімен көз жанарынан айырылған
балаларға бедерлі қаріптермен (шрифт) жазылған кітап басып шығарады.
Көз жанарынан айырылған балаларға
арналған кітаптың баспадан
шығарылуы адамзат тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болып саналды.
Арнаулы қаріптермен басылған көрмейтін балалардың сауатын ашу
жұмыстары 1829 жылы Луи Брайльдің алты нүктелі қарпі шыққанға дейін
жалғасты.
1803 жылы патшалық Ресейдің императоры болған Александр І
Валентин Гаюиге сол кездегі империяның астанасы болған Санкт-
Петербург қаласында көру қабілеті зақымдалған
жандарға арнап мектеп
ашып беруін өтінеді. Өтінішті қабылдаған мейірімді Валентин 1807 жылы
Санкт-Петербург қаласында Александр І патшаның демеушілігімен Ресей
тарихындағы алғаш көз жанарынан айырылған тұлғаларға арнап мектеп
ашады. Мектепте зағип жандарға білім беру мен тәрбиелеу ісі, қол өнер
жұмыстарына үйрету жұмыстары қолға алынды.
Ресей империясының
ағарту саласына қосқан орасан үлесі үшін император Александр І
Валентинді төртінші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапаттайды.
В.Гаюи 1745 жылғы 13 қарашада Францияның Сен-Жюст ауылында кедей
тоқымашының отбасында дүниеге келген. Дүниежүзілік Денсаулық
Сақтау Ұйымының шешімімен В.Гаюи дүниеге келген күн, яғни 13
қараша Халықаралық зағиптар күні деп белгіленді. Зағип жандардың,
нашар көретіндердің санының күрт өсуі Дүниежүзілік
Денсаулық сақтау
ұйымы (ДДСҰ) алаңдатып, 1967 жыл соқырлыққа қарсы күрес жылы деп
жарияланды.
Көз жанарынан айырылған балаларды ауызша, жазбаша сөйлеуге
үйретудегі компенсаторлық мүмкіндіктер оқушының ұсақ қол-қимыл
моторикасына
байланысты, денесінің қимыл-қозғалысына байланысты
қалыптасады. Осы пікірлердің дәлдігіне көз жеткізуде тарихи зерттеулер
мен жазба жұмыстарының қалыптасу кезеңіне шолу жасауымызға болады.
Олай болса, жазудың қандай және қай кездегі түрін алсақта, ол адам
баласының зор мәдени табысы екені даусыз. Алайда, қайсібір жазуды оқу
үшін алдымен көзбен көру керек. Ал көз жанарынан айырылғандар қалай
оқып, жазуы мүмкін? Бұл сұраққа сонау
Гомер заманынан бері жауап
іздеушілер аз болмаған. Ағашқа немесе металға ойылған бедерлі жазулар
ертеден мәлім.1784 жылы Парижде Валентин Гаюидің қаріпті жазуы,1821
жылдан бастап Францияда Ш.Брабьенің бедерлі жазуын айта аламыз.
154
Бірақ бұл жазулардың қай қайсысы да жанарсыз жандарға хат тану
проблемасын түбегейлі шешіп бере алмады. Осыдан 2 ғасырға жуық
бұрын, яғни 1825 жылы Париждегі соқыр балалар институтының зағип
оқытушысы Луи Брайль инемен шаншып жазылатын бедерлі нүктелі жазу
жүйесін ойлап тапты. Бар жоғы алты нүктенің
орналасу тәртібін өзгерте
отырып әр түрлі әріптер, цифрлар, математикалық белгілер мен нота
сызықтарына дейін айна қатесіз қағаз бетіне түсіре алатын бедерлі жазу
жүйесі екі ғасырға жуық уақыт бойы сан мыңдаған жанарсыз жандардың
рухани қажеттілігін ойдағыдай өтеп келеді. Ал көзі тірісінде еңбегінің
жанғанын көре алмаған Брайль есімі бұл күнде И.Гуттенбергтің,
М.Федоровтай ұлы ағартушылардың есімімен қатар аталады
Көрудің бұзылуы екі деңгейде анықталады:
соқырлық және нашар
көрушілік.
Достарыңызбен бөлісу: