Нистагм
– көздің қимылдатқыш функциясының бұзылуы, көз
алмаларының еріксіз қозғалысқа түсуі, дірілдеу, бұл физиологиялық және
паталогиялық нистагм болып бөлінеді. Физиологиялық нистагмның бір
формасы тез қимылдаған обьектілерге қараудың әсерінен болған
оптокинетикалық нистагм. Оптокинетикалық нистагм балаларда бас
миындағы маңдай бөлігінің дамуына сәйкес 4-5 айда байқалады. Көрудің
бұзылумен анықталатын паталогиялық нистагм ұрықтық кезеңдегі, туылу
кезіндегі, туғаннан кейінгі кезеңдегі паталогиялық жағдайлардың әсерінен
болады. Бұл кезде емдік-сауықтыру, коррекциялық жұмыстарын жүргізу
қажет.
Амблиопия –
көру органының анатомиялық құрылымындағы
өзгерістер, соның ішінде сәйкестенген қылилық кезінде кездесетін
кемшілік. Бірақ амблиопияның тіке қарайтын түрі де кездеседі.
Амблиопия кезінде ұсақ заттарды көру процесі қиындайды, алысты көру
фиксациясы, заттардың формасы мен көлемін қабылдау бұзылады.
Амблиопияның формасы мен деңгейлері әр түрлі. Сондықтан амблиопия
кезінде бір немесе екі көздің орталық және перифериялық көруінің
төмендеуін бақылауға алу керек.
Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі
мекемелер соқырлар мен нашар көретін балаларға, сонымен қатар 2-3
жастан 6 жасқа дейінгі амблиопия мен қылилық кезіндегі балаларға
арналған мемлекеттік мекемелер болып табылады. Бұл мекемелердің
негізгі әрекеті көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке даярлау, емдеу,
көрудің бұзылған функцияларын коррекциялау.
Педагогикалық жұмыс көру қабілеті бұзылған балалардың
психикалық және дене дамуын үйлесімді қалыптастыруға бағытталады.
Педагогикалық жұмыс түрлері арнайы бағдарламалар негізінде құрылған
жалпы білім беретін балабақша бағдарламасы арқылы ұйымдастырылады.
Арнайы педагогиканың міндеттеріне сай баланың танымдық, тұлғалық,
қимылдық сферасын коррекциялау, есту, сезу, көру қабілеттерін сақтау
арқылы барлық компенсаторлық жүйелерді қалыпқа келтіреді.
Мектепке дейінгі білім берудің Типтік бағдарламаларына сәйкес көру
қабілеті бұзылған балаларға арналған төмендегідей мектепке дейінгі
мекемелердің тізбегі бар: соқыр және нашар көретін, амблиопия мен
қылилық анықталған балаларға арналған балалар үйлері, күндізгі (12
сағаттық) және тәулік бойына жұмыс жасайтын балабақшалар мен
яслилер, жалпы балабақшадағы арнайы топтар, мектеп-интернаттардағы
соқыр және нашар көретін балаларға арналған топтар.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған балабақшаларда көру
қабілетінің күрделі деңгейдегі бұзылуы анықталған балалар да
тәрбиеленеді. Оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарымен қатар, балалар
үйлерінің міндеті дамудағы кемшілікті түзетуге, сауықтыру, көру
157
қызметін қалыпқа келтіруде компенсаторлық жүйелердің дамуына, соның
ішінде есту, сезу, кеңістікті бағдарлау, өз-өзіне қызмет ету дағдысын
қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Мектеп жанындағы балабақшаларда көру өткірлігі 0,05-0,6-ға тең
нашар көретін балалар қабылданады. Мұнда балалар негізгі гигиеналық
дағдыларды, көзілдірікпен жұмыс жасау дағдысын игереді. Балаларда
көру арқылы қабылдаудың барлық элементтерін, яғни алыстан және
жақыннан көруге қабілеттілік, қозғалыстағы заттарды бақылау, зат
формасын, түсін ажырата білу, суреттерді қарау, кеңістікті бағдарлуды
игереді. Көру функцияларының қызметін дамыту сонымен қатар есту, сезу
мүшелерінің қызметі арқылы толықтырылады.
Амблиопия мен қылилыққа ұшыраған балаларға арналған мектепке
дейінгі мекемелердің тізбегі коррекциялық-педагогикалық және емдеу
жұмыстарының біртұтас жүйесін жүзеге асырады. Амблиопия мен
қылилыққа ұшыраған балаларға арналған мекемеде емдік шаралардың
жүргізілуіне сай күн тәртібі құрылады. Амблиопия мен қылилық кезіндегі
арнайы мекемелердің жұмыс уақыты баланың жеке даму ерекшелігіне
сәйкес, дәрігер-офтальмологтың келісімімен белгіленеді.
Арнайы
балабақшалардағы
жүргізілетін
коррекциялық-
педагогикалық жұмыстардың негізгі қағидалары:
-
көрнекіліктердің кеңінен қолданылуы;
-
көру қабілетін коррекциялауда оптикалық құралдарды қолдану;
-
соқырлық пен нашар көрушілікті компенсациялаудың құралы
ретінде сөйлеудің ролін арттыру үшін экскурсия, бақылау жұмыстары,
қоршаған ортамен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
-
заттық-практикалық әрекетті дамыту жұмыстары (қол еңбегі,
конструкциялау, мүсіндеу, жапсыру т.б.);
-
балабақша мен отбасы арасындағы байланысты орнату.
Совет Одағында 1928 жылдан бастап соқырларға білім беруге
арналған бағдарламалар шығарыла бастады. Тифлопедагогика мен
тифлопсихологияның дамуына өз үлестерін қосқан зерттеушілер М.И.
Земцова, Б.И. Коваленко, А.С. Ганджий, Н.Г. Крачковская, Л.И. Плаксина,
Л.И. Солнцева, А.Г. Литвак, В.П. Ермаков, А.Б. Гордин, Р.С. Муратов,
И.С. Моргулис, т.б. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған
мектептер мемлекеттің қарауында болып халыққа білім беретін
мекемелердің қатарына енгізілуіне негіз жасады.
Соқыр және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің
ерекшеліктері:
- баланың жалпы және жеке даму ерекшеліктерін есепке алу,
сенсорлық негізде оқу, еңбек, ойын әрекетінің әдістері мен тәсілдерін
қалыптастыру, саралау;
158
- оқу материалын қайта қарау, оның ұзақтығын өзгерту, оқу
жүктемесінің көлемін қайта қарау, оқытудың арнаулы әдістері мен
формаларын, баланың танымдық қабілеттерінің арнасын кеңейтуге
арналған оқулықтар мен көрнекі құралдарды, оптикалық және
тифлотехникалық құралдарды пайдалану;
- оқу кабинеттері мен сыныптарды жабдықтау, санитарлық-
гигиеналық талаптарды сақтау, емдік-қайта құру жұмыстарын
ұйымдастыру;
- кәсіптік бағдар беру жұмыстарын, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу
жұмыстарын күшейту.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған жалпы білім беретін
мектептер үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең - бастауыш мектеп, екінші
кезең – негізгі (аяқталмаған орта) мектеп, үшінші кезең - орта мектеп.
Мектептің деңгейлері бала дамуының негізгі үш кезеңіне, яғни балалық
шақ, жеткіншек шақ, жастық шаққа сәйкестендірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |