6. Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері.
Ерте кезде де аномальды балаларға әлеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномльды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Киев Русінің негізі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «жүз тарауында» аномальды балалардың қоғамдық жағдайды ерекше бұйрықтармен шектелді. Мұндай жағдай Россияда Ұлы Октябрь социалистік револциясы жеңгенге дейін орындалып келді. Кейінгі капиталистік елдерде аномальды балалардың қоғамдық жағдайын арнайы түрде белгілеп қою күні бүгінге дейін бар. Онда аномальды балаға әділетсіздікпен қарап келді.
Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың құлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып – білуі қалай өтеді деген мәселеменшұғылданды.
Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро және басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды.
А. И. Радищев өзініңатақты трактатында аномальды балалар дамудың кейбір заңдылықтарын анықтады. Неміс философтары кант және Бауэр аномальды балалардың даму ерешеліктері жөнінде жазған.
Организімнің аномальдық тұрғыда бұзыл механизмі қандай деген мәселе өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жұмыс істемей қалғанда, басқалары өзара қандай қарым – қатынаста болады?Бала естімегенде оның өзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде құлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесібұзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мұндай мәселелерімен Дарвин және жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айналысты. Қазіргі уақытта дамунда ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білугебілуге үлкен көңіл бөлінуде.
Достарыңызбен бөлісу: |