Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері


Арнайы педагогиканың құқықтық негіздері



бет5/9
Дата31.03.2022
өлшемі120,5 Kb.
#29409
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
5 тапсырма


4. Арнайы педагогиканың құқықтық негіздері.

Адамның ең маңызды игілігі - жеке басының бостандығы мен құқықтыры. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конститиуциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет саласындағы құқытар жайлы халықаралық құжаттар барлық адамдардың өмір сүруге, бостандыққа, жеке тұлғалық дербестігіне, ой-пікір, діңи жолын таңдау, еңбек ету еркіндігіне, дем алуға, әлеуметтік қолдауға, қаржылық және моральды қызығушылықты қоргауды қолдайды.

Барлық еркіндік пен құқықтар жүйесінде ең маңыздысы білім алуға құқық. Бұл тұлғалар үшін ең қажетті негізгі құқық. Бұл құқықтан әр бала немесе жас өспірім ақыл-ойында, дене дамуындағы кемістікке сондай-ақ жыныс әлде кіші елдер өкілі болғандығына қарамастан айырыла алмайды.

Баланың білім алуға деген құқығы бірқатар халықаралық құжаттарда бекітілген, олар “Адам құқықтары жайлы Жалпы Декларация”, “Бала құқықтары жайлы Конвенция” т.б. және өз еліміздегі құқықтық Заңдарда белгіленген, нақты ҚР Конституциясында және ҚР “Білім туралы” Заңы (2007), ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңы (2002), , ҚР “Бала құқықтары туралы” Заңы (2002),.

“Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңның 4 Тарауында Кемтар балалардың құқықтары. Олардың ата-аналарының және өзгеде заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бапта кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті түрде тегін алуға туралы құқығын бекітті.

“Баланың құқықтары туралы Конвенцияда” мүгедек балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруіне, тәуелсіздігі мен әлеуметтік ортаға қосуды қамтамысдандыру туралы мазмұны 23 бапта белгіленген.

Аталған құжаттарда барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажеттіліктілігі бар тұлғаларға арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған. Олар:

әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға;

білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы мектептерде оқуға;

инклюзивті білімді ұйымдастыру бағытында жалпы мектептерде дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы;

жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру;

арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет