Арнайыбілім жүйесінің экономикалық даму тарихы білімберудің бұл сферасының неғұрлым қуатты екендігін көрсетеді. Ал, оның экономикалық тиімділігі қалыпты жүйеге қарағанда біршама төмен. Осыған байланысты арнайыбілімберу жүйесін қаржыландырудың ғылыми негізделгені қажет. Біріншіден бөлінген қаржы шығынсыз тиімді пайдалану үшін екіншіден кемтар тұлғаның қажеттілігін қанағатттандыратындай болуы тиіс. Сөйтіп мамандардың есептеуінше, қаржыландырудың басымдылығын кемтар балаларға ерте көмек көрссту мен мектепке дейін оқыту жүйесіне көшіру иеғұрлым экономикалық тиімді болмақ.
9. Арнайы педагогикадағы ғылыми танымдардың əдістері мен əдіснамасы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;
- құбылыстарды даму барысында зерттеу;
- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.