Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата30.01.2017
өлшемі1,02 Mb.
#3030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

қуанғаннан 
күліп 
жіберді.(Ғ.Мүсірепов). 

 
 
4.  Амал.  Шығыс  жалғаулы  есімдер  етістіктермен  тіркескенде  қмылдың  амалын 
(қалай  болғанын)  білдіреді,  мысалы:  етпетінен  кулау,  даусынан  тану,  мұртынан 
күлу. Бұл үйдің адамдары… бірін-бірі қабағынан, танитын анасы оның ойын бөлген 
жоқ. 
Жатыс  жалғаулы  сөз  тіркестері.  Басқаларына  қарағанда,  жатыс  жалғаулы 
есімдерді меңгере алатын етістіктердің саны онша көп емес.Олардың көпшілігі заттың 
күйін білдіретін салт етістіктері: отыру, тұру, жүру. Жату, кездесу, ойнау, қону, көру, 
көрсету,ұйықтау,  қалғу,  сүйену,  жылау,  ескеру,  үйрету,  ұнау,  кұру,т.б.  Мұндай 
етістіктермен тіркесетін жатыс жалғаулы есімдер мынадай қатынастарда жұмсалады:  
а)  Объектілік  (Толықтауыштық).  Объектілік  қатынастағы  ондай  сөз  тіркестерінің 
мағыналары  қимыл  процесінің  қандай  заттың  үстінде  не  қандай  затпен  байланыста 
болатын,  бірдеңенің  кімде  екенін  білдіреді,  мысалы:өмірде  кездесу,  заңда  көрсетілу, 
ойда  сақтау,  күресте  озу,  сөзде  тұру.Бүгінгі  күресте  көрсеткен  күшіңді  өлеңге 
шығар(С.Мұқанов). 
ə) Пысықтауыштық. Пысықтауыштық қатынастағы жатыс жалғаулы сөз тіркестері 
мекендік  жəне  мезгілдік    мағынада  жұмсалады:1.Мекендік  мағынадағы  сөз  тіркестері 
зат  есімдер  мен  отыру,  тұру,  жүру,  қараллу  сиякты  заттың  күйін  білдіретін 
етістіктерден не солар қатысты күрделі етістктерден құралады. Аппақ кең далада ауыл 
көсіле  ұйықтап  жатыр  (Ғ.Мұстафин). 2.Мезгілдік  мағынадағы  сөз  тіркестерінің 
бағыныңқы  сыңары  шақ,  мезгіл  мəнді  есімдер  неесімдер  тіркесі  болады  да, 
басыңқылары  жоғарғыдай  етістіктің  бірі  болады:  Мысалы:  Оның  бұл  қылықтары 
Гүлнараға алғашқы кезде ұнамады.(С.Мұқанов). 
Көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Сабақты жəне кейбір салт етістіктер көмектес 
жалғаулы есімдерді меңгеру арқылы сөз тіркесінің үлкен бір тобын құрайды. Көмектес 
жалғаулы  есімдер  етістіктерге  меңгеру  арқылы  объектлі  жəне  пысықтауышты 
қатынастарда түрлі-түрлі мағынада жұмсалады: 
а) Объектілік қатынастағы сөз тіркестері. Көмектес жалғауда тұрып етістіктермен 
обьектілік  қатынаста  айтылатын  сөздер-зат  есімдер  мен  олардың  орнына  жүретін 
есімдіктер.  Олардың  обьектілік  мағынасы  əр  түрлі  болады.  Оның  себебі,  біріншіден, 
көмектестегі  бағыныңқы  сөздердің  нені  білдіретінімен  байланысты  болса,  екіншіден, 
оларды керек ететін етістіктердің  мағыналарының əр қилы болумен байланысты. Сол 
негізінде жоғарғыдай сөз тіркестері мынадай мағыналарда айтылады: 
1.  Құралдық.  Құрал-сайманның  атын  білдіретін  көмектестегі  зат  есімдер  кісінің 
қимыл  əрекетін  білдіретін  етістіктермен  тіркесіп,  құралдық  мағыналы  сөз  тіркестері 
жасалады. Мысалы: балтамен шабу, арамен кесу, балғамен соғу, қармақпен ұстау. 
Мұндай  сөз  тіркестерінде  көмектес  жалғаулы  зат  іс-əрекеттің  тіккелей  не  сол 
арқылы  істелу  құралы  болады.  Мысал:  Таяқтай  қарумен  салып  та  кетеді.  Атты 
қамшымен айдама, жеммен айда. 
2. Материалдық. Етістікті сөз тіркесінің құрамындағы көмектес жалғаулы зат есім 
істелетін  істің  неден,  қандай  заттан  істелетінін  немесе  соның  қатысымен  істелетін 
білдіреді. Мысалы: балшықпен сыйлау, бояумен сырлау, қамыспен қоршау, былғармен 
қаптау. 
3. Заттық. Бірқатар зат есімдер көмектес жалғауда еңістіктермен тіркескенде, олар 
қимылдың заттық объектісі ретінде жұмсалады. 
4. Бірлестік. Көмектес жалғаулы кісі аттары жəне кім? деген сұрақ қоюға болатын 
бала,  студент,  əкем  сияқты  сөздер  көбінесе  ортақ  етіс  тұлғалы  салт  етістіктермен 
тіркесіп  бірлестік  мағынада  жұмсалады,  мысалы:  Асқармен  сөйлесу,  Көбеймен 
қоштасу,  баламен  ойнау.  Кузнецов  Асқармен  тез  танысты  (С.  Мұқанов).  Жабай 
Көбеймен қоштасып, Баяндымен бірге кетті (Ғ.Мүсірепов). Жайраңдасып жас күлер 
құрбысымен  (Абай).  

 
 
Шылау  сөзді  тіркестер.  Үйге  барайық,  үйге  таман  барайық  деген  етістік  сөз 
тіркестері  мəндес  болғандықтан,  бірін  екіншісінің  орнына  айтса  да  болар  еді,  бірақ 
аздап та болса ол тіркестердің айырмашылығы бар; ең алдымен, үйге барайық пен үйге 
таман  барайық  дегендердің  мағынасы  бірдей  емес:  алдыңғыда  қимылдың  жалпы 
бағыты,  бет  алысы  айтылса,  соңғыда  ол  бет  алысты  бұрынғысынан  дəлдеп 
көрсеткен.Сол  дəлдік  үйге  сөзінен  кейін  таман  шылауын  қойып  айтудан  болып  тұр. 
Егер бұлардың білдіретін көлемдік мағанасынан əлі де түрлендіргіміз келсе, оны үйге 
дейін, үйге қарай, үйге жуық, үйдің қасына, ұйдің маңына дегендей етіп, оларды тісті 
етістіктермен тіркестірер едік. Сонда сөз тіркестерінің құрамы бұрынғыдай есім жəне 
етістіктен  ғана  құралған  болмайды,  есім  мен  етістіктің  арасына  дейін  таман,  қарай, 
қасына,  жуық,  маңына  тəрізді  шылау  сөздер  қойылады.Ондайда  шылау  сөз 
тіркестерінің  грмматикалық  мағыналарын  толықтырып,  есім  мен  етістікті  өзара 
байланыстырушы аралық дəнекер болады.  
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Етістікті сөз тіркесі қалай жасалады? 
2. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?  
3. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесі қалай жасалады? 
                                   Пайдаланатын əдебиеттер: 
1.Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы       Алматы. 1994. 
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.   
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 
4. Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006. 
 
Сөйлем мүшелері. Бастауыш. 
Жоспары 
1. Сөйлем мүшелері туралы түсінік 
2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері 
3. Бастауыштың жасалу жолдары 
4. Қорытынды 
Тірек  сөздер:  сөйлемнің  құрамы,  сөйлем  мүшелері,  бастауыш  туралы  түсінік, 
бастауыштың жасалуы, зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар.  
Тіл-қарым-қатнас  жасаудың  қуралы  да,  сөйлем  сол  қарым-қатынас  жасауда 
кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы əр əлуан, əр қилы болатындықтан, 
соларды  айту  үшін  жұмсалатын  сөйлемдер,  олардың  құрамы  да  түрлі-түрлі  болады. 
Кейда бір сөз бір сөйлем қызметінде жұмсалса кейде екі не одан да көп сөздерді, сөз 
тіркестерін құрастыру арқылы сөйлем жасалады. Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз 
болуы,  көп  болуы  ой  ерекшелігімнен  байланысты.  Сөйлем  құрамындағы  сөздер  өзара 
тіркесу арқылы белгілі қызметте жұмсалады, басқаша айтқанда, сөйлемдегі бір сөздің 
сөйлем  мұшесі  болуына  соныен  тіркескен  басқа  сөз  себепкер  болады.Мысалы, 
бастауышты  баяндауышпен  байланысына  қарап  (жəне  керісінше),  анықтауышты 
анықталатын сөзіне, қатнасына қарап сөйлем мүшесі деп танимыз. Сөйтіп, көп құрамды 
сөйлемдерді  бөлшектегенде,  олардың  ішіндегі  сөздердің  лексикалық  мағыналарына 
қарамай,  лексикалық  мағыналары  толық  сөздердің  тіркесу  нəтіжесінде  пайда  болған 
грамматикалық  мағыналарға  қараймыз.Ол  мағыналар:  бастауыш-баяндауыштық, 
толықтауыштық,  анықтауыштық  жəне  пысықтауыштық  болады.  Сөйлемде  осылардай 
грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді 
сөйлем  мүшелері  дейміз.    Жай  сөйлемдер  құрамдық  ерекшеліктеріне  сəйкес  жалаң 
жəне  жайылма  болып  бөлінеді.  Жалаң  сөйлем  бастауыш  пен  баяндауыштан  не  оның 
бірінен  құралады.  Ал  сөйлем  құрамына  бастауыш,  баяндауыштан  басқа  тұрлаусыз 

 
 
мүшелер  не  олардың  бірі  болса,  сөйлемнің  іргесі  кеңіп,  ол  жайылмаға  айналады. 
Мысалы,  Жел  өршелене  түсті-жалаң,  Ызғарлы  жел  өршелене  түсті-жайылма.  Толқын 
күшейді-жалаң.  Жайылма  сөйлемдегі  тұрлаусыз  мүшелер  не  бастауыштың,  не 
баяндауыштың  (кейде  екеуінің  де)  маңына  топтатылады:1.  Ызғарлы  жел  өршелене 
түсті.2. Өзін көтермейтін сөзді басқаға айтпа.  
Сөйлем  құрауға  негіз  болатын  бас  мүшелер-тұрлаулы  мүшелер-сөйлем 
атаулының  грамматикалық  ұйытқысы.  Ал  тұрлаусыз  мүшелер  тұрлаулы  мүшелердің 
маңына  топтанып  не  тікелей  соларды,  не  бірін-бірі  анықтап,  толықтап,  пысықтап 
тұрады.  Мысалы:  Шығысқа  қарай  беттеген  үлкен  кеме  толқынды  теңізді  тіліп 
келеді.Бұл  сөйлемнің  бастауышы-кеме,  баяндауышы-тіліп  келеді.  Олардан  басқа 
мүшелер сол екеуінің маңына топтанып, екі шумақ құралған да, əр шумақтағы сөздер 
біріне-бірі бағынып барып, не тікелей бастауышқа, не баяндауышқа бағынған.   
Тұрлаусыз  мүшелер-толықтауыш,  анықтауыш,  пысықтауыш  болып  үшке 
бөлінеді.Сөйлем  мүшелерінің  құрамы  дара,  кұрделі,  үйірлі  болады.Мысалы: 
Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер.Сөйлемнің мүшелері өзара синтаксистік 
байланыста  айтылады.  Сөйлем  мүшелерін  сұрақтар  қою  арқылы  талдау  жасағанда, 
олардың сол байланыс желісі үзілмегені мақұл. Мысалы: Көл жағалай қонады қу менен 
қаз  (Абай)  деген  сөйлемнің  мүшелерін  ажыратып  тану  үшін  талдауды  бастауыш 
баяндауыштан бастап, сұрақты былай қоямыз.Не қонады? - Қу менен қаз қонды.Қалай 
қонады?-Көл жағалай қонады. 
Сөйлемнің  құрамында  сөйлем  мүшелерінен  басқа  да  сөздер  болады,  олар-
қаратпа,  қыстырма,  од  ағай  сөздер.  Бұлар  жинақталып,  сойлемдегі  оқшау  сөздер  деп 
аталады.  Оқшау  сөздерсөйлемнен  не  сөйлем  мүшелерімен  тек  мағаналық  байланыста 
айтылады да, олармен синтаксистік байланыста болмайды. Сонлықтан оларды сөйлем 
мүшелері  деп  атаймыз.  Сөйлемнің  құрамында  əр  алуан  сөздер  болады.  Олардың 
көпшілігі  өзара  мағаналық,  синтаксистік  байланыста  айттылу  арқылы  мүшелік 
қызметке  ие  болады.Сөйлем  құрамының  негізі-бастауыш  пен  баяндауыш  болғанмен 
сөйлем  болғанмен  сөйлем  құрамында  баяндауыштың  синтаксистік  қызметі  басым 
ерекше  (ол  кейін  айтылады).Сөйтіп  мағыналық,  синтаксистік  қарым-қатнасы  дербес 
синтаксистік қызмет атқаратын сөздері, күрделі сөздер тобын сөйлем мүшесі дейміз. 
Сөйлемнің тұрлауы мүшелері. Дүкенде Қарабайға жəрдемлесетін адам жоқ. 
Көрікті  де  оның  өзі  басады,  темірді  де  өзі  қыздырады,  істі  де  өзі  соғады.  Бұл 
сөйлемдерде  əр  сөз  керегіне  қарай  өз  орнында,  синтаксистік  қызметте  жұмсалған. 
Сондықтан оларда айтылған ойға қатысы жоқ сөз де жоқ.Солардың басын құрастырып, 
əр сөйлемде айтылған ойға əрбір мүшені ортақ етіп тұрған бас мүшелер-бастауыш пен 
баяндауыштар:  адам  жоқ,  өзі  басады,  өзі  қыздырады,  өзі  соғады.  Бұлар  сөйлем 
құрамының  діңгі,  айтылған  ойлардың  негізгі  қаңқасы.  Басқа  мүшелер  солармен 
біртұтас құрамда айтылғандықтан ұтымды да, оларсыз шала-жансар, сөйлемдік қасиеті 
жоқ сөздер тізбегі ғана. Ал бастауыш пен баяндауыштар топтары бөлек алғанда да əрі 
сөйлем,  əрі  маңдарында  басқа  да  мүшелердің  болуын  тілейтіңдей  əрі  тіректі  тіркес. 
Осындай,  сөйлем  құрауға  негіз  болатын,  өзара  предикаттық  қатынаста  жұмсалатын 
сөйлем мүшелерін- тұрлауы (бас) мүшелер дейміз. 
Тұрлаулы  мүшелерінің  синтаксистік  қызметі  бірдей  емес.  Əдетте  бастауыш 
сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не 
басқа сапаның субъектісі (иесі) болады.Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін 
жəне  басқа  заттық,  сындық  сапасын  білдіріп,  бастауышқа  бағынады.  Бұл  жағынан 
тұралыуы  мүшелердің  ең  негізгісі-бастауыш,  бірақ  сөйлемдегі  қызметі  жағынан 
бастауыштан  гөрі  баяндауыштың  синтаксистік  қызметі  анағурлым  басым  болатыны 
белгілі.  Оны  мыналардан  байқаймыз: 1. Баяндауыш  сөйлем  арқылы  айтылған  ойды 

 
 
тиянақтап,көптеген сөздері ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол-
сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі.  
Бастауыштың 
жасалуы
Бастауыштың 
мағынасы 
баяндауыштың 
морфологиялық  құрамындағы  тұлғалар  арқылы  белгілі  болып  дербес  тұра  береді. 
Ондайда  бастауыш  сөйлем  ішінде  арнайы  айтылмай,  сөйлем  толымсыз    болы  да 
мүкін.Ал  баяндауышсыз  толымсыз  сөйлемдер  өте  сирек  кездеседі.  Əсіресе  диалогта, 
мақал-мəлтеде («қой  баласы-қозыдан»  сияқты)  баяндауыштың  «түсіп  қалуы» 
«ықшамдылықпен»  байланысты.  Осындай,  баяндауыштың  синтаксистік  қызметі 
бастауыштан  басым  болғанына  қарап,  баяндауышты  ғана  бас  мүше  деп  қарау  дұрыс 
болмайды. Шынында да, ол екеуі де-сөйлем құрауға ұйытқы болатын, басқа мүшелерді 
айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы-бас мүшелер. 
Бастауыштың  грамматикалық  тұлғасы-сөздің  атау  тұлғасы.  Басқаша  айтқанда, 
бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Бастауыштар 
кейде  формаланбаған  ілік  септігінде  де  айтылады;  ондай  ілік  септікті  бастауышы  бар 
сөйлемнің  баяндауышы  не  тəуелдік  жалғаулы  сөз  күрделі  баяндауыштың  құрамында 
болып  келеді:  Шығанақ  почта  конторындағы  радиоға  құлағын  төсеп  отырғаны 
(Ғ.Мұстафин). 
Тас 
түсіріп 
тұрсам, 
мына 
біреулер 
жанжал 
шығарып 
тұрғаны(Қ.Əбдіқадыров).   Бастауыштарға    қойылатын  негізгі  сұрақтар  кім?,  не? 
Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік,тəуелдік жалғауларда жұмсалуына  
қарай  жоғары  сұрақтар  да  сол  жалғауларда  айтылуы  мүмкін.  Бұл  сұрақтар  сөйлемде 
бастауыш  болар  деген  сөздерге  жалаң  күйінде  қойылмайды,баяндауыштармен 
қабаттаса қойылады. Мысалы: Ажар баяндама жасады.(Кім баяндама жасады?-Ажар…) 
Айту  оңай,  істеу  қиын.(  Не  оңай?-  Айту…  не  қиын?-  істеу…)  Дегенмен,  сөйлемде 
бастауыштық негізгі қызмет атқаратын сөздер-зат есімдер мен олардың орнына жүретін 
есімдіктер.  Олар  түбір  тұлғада  да,  көптік,  тəуелдік  қалпында  да  бастауыш  болады: 
Салика  қырман  басына  келді.  Колхозшылар  астықты  элеваторға  жөнелтіп  жатыр. 
Бастауыш қызметіндеи жұмсалатын сөдердің енді бір тобы-сапалық-есімдер-сын есім, 
сан есім, есімше:Қорқақ  бұрын жұдырықтар. Алтау ала болса, ауыздағы кетер… 
Бастауыштар жеке сөзден болған –жалаң, көп сөзден құралған-күрделі не үйірлі 
болуы  мүмкін.  Күрделі,  үйірлі  бастауыштарға  мыслдар;  Күрделіге:  Сөз  қуған  бəлеге 
жолығар. Жақсы жұмыс-жанға тыныс. Аузы күйген үріп ішер.  
Зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар.  Сөйлемде бастауыштық 
қызметте  жұмсалатын  сөздер,  негізінде,  зат  есімдер  болғанмен,  олардың  барлығының 
бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш-суьбекттінің грамматикалық баламасы. 
Ол  іс  істеуші  қимыл  иесі  болатындықтан,  сол  қызметі  өтей  алатын  заттардың  аты 
арнаулы  бастауыш  болуға  бейім  болады.  Сондықтан  ондай  зат  есімдер  арнаулы 
бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалға: Жарас ағаш екті деген сөйлемді алайық. 
Мұнда  Жарас,  ағаш  деген  екі  зат  есім  бар.Ол  екеуі  сөйлемде  екі  түрлі  қызметте 
айтылған. 
Жарас-қимыл 
иесі, 
бастауыш, 
ағаш-қимылдың 
объектісі, 
толықтауыш.Олардың  орнын  ауыстырғанмен  бірінің  қызметінде  екіншісі  жұмсала 
алмайды.  Оның  себебі-ол  екі  зат  есімнің  екі  түрлі  синтасистік  қызметті  атқаруға 
бейімділігінде:  Жарас-арнаулы  бастауыш  болатын  сөз  де,  ағаш-арнаулы  толықтауыш 
болатын сөз. 
Зат  есімдердің  ол  айырмашылығы  қазақ  тілінде  кісі,  кісі  емес  деген  ұғыммен 
байланысты.  Ол  айырмашылықты  зат  есімдерге  қойылатын  екі  түрлі  сұратан  да 
аңғаруға  болады.  Жалпы  алғанда,  кім?  деген  сұрақты  қоюға  болатын  зат  есімдер 
(олардың орынбасар сөздері –жіктеу есімдіктері де)-арнаулы бастауыштар, не сұрағын 
қоюға болатын зат есімдер- арнаулы толықтауыштар. 
Сонымен қатар кейбір жанды-жансыз заттарға ғана тəн іс-əрекет, қимыл, күй болуы 
мүмкін. Мысалы: құс ұшты, бұлбил сайрады,, сиыр мөңіреді, жауын жауды, жел уіледі. 

 
 
Осыдай  сөйлемдерде  бастауыш  қызметіндегі  зат  есімдер  баяндауыштар  арқылы 
айтылған  хабардың  бірден-бір  арнаулы  иелері  болып  тұрады.  Бірақ  олардың    мұндай 
əрекеті  тар  көлемдегі  тіркестер  арқылы  ғана  айтылады.  Сондықтан  мұндай  сөздер 
бастауышболып көп жұмсалмайды. 
Осылардай,  зат  есімдердің  бастауыш  болу  қабілеті  бірдей  болмағанмен,  олардың 
бастауыштық тұласы бəріне  бірдей. Ол-атау септігі. 
Атау  септігіндегі  зат  есімдер  жекеше,  көпше  жəне  тəуелді  тұлғада  бастауыш 
болуына  мысалдар:  Лиза  Рахметке  бұрылды.  Кештетіп  Қожаш  үйіне  келді.  
Батырлық майданда сыналады.  
Өздерінің  лексикалық  мағыналарында  көптік  ұғымы  бар  зат  есімдер  жекеше 
тұлғада бастауыш болыпта көптік мағынада жұмсалуы мүмкін: Қалың қой қыбыр етпей 
тыныштық  алып,  үнсіз  ғана  тыным  алды.  Сиыр  атаулы … шалшық  суларға  кіріп, 
көлбей-көлбей жатып апты. 
Тəуелдік жалғауы зат есімдер бастауыш қызметінде заттың кімге, неге тəн екенін 
білдіреді  де,  ондай  сөздің  бастауыштық  икемі  арта  түседі:  Шешем  қатты  сағынып 
жүрген сиақты. Əкеңіз кім болған еді? Кімнің ісі көп болса, соның күші көп болады. 
Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көбірек жұмсалатындары-зат 
есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар жіктеу,сілтеу жəне кім? не? Деген сұрау 
есімдіктері. Бұлардың ішінде əсіресе жіктеу есімдіктерін бастауыш қызметінде жиі 
кездестіруге болады. Сонымен қатар олар сөйлемнің жақтық мағыналарын 
түрлендіруші сөздер болып табылады. Жіктеу жəне өздік есімдіктерінің бастауыш 
болуына мысалдар: Мен көрдім ұзын қайың құлағанын…Біз барлаушылармыз. Сіз кейін 
қалған соң, мен алдыңызды оралта  беремін. Біз сірə, атты мықтап шаршатып 
алатын шығармыз…  Қалқам, Айша, сен шаруаңа бар, мен де демалайын. 
Сілтеу, сұрау жəне басқа есімдіктердің бастауыш болуына мысалдар: Бұл - 
Байжанның талай келген үйі. Мынау- қай ауыл? Əркім əр түрлі шаруамен 
қарбаласады
Заттың  сындық,  сандық,  қимылдық  сапасын  білдіретін  сөздер  де  сөйлемде 
бастауыштық  қызметте  жұмсала  береді.  Ол  үшін  сапалық  есімдер  субстантивтеніп 
(заттан) айтылады. 
 Сапалық есімдерден болған бастауыштар.  Заттың сындық сапасын білдіретін 
сын  есімдер,  ойды  ықшамды  етіп  сөзбен  білдіру  керек  болғанда,  зат  есімдермен 
қатарласып  түрмай-ақ,  дара  күйінде  бастауыш  жəне  толықтауышта  болуы  мүмкін. 
Ондайда  сын  есімдердің  сапалық  мағынасы  жойылып  кетпей,  олар  əрі  заттық,  əрі 
сындық  мағынада  жұмсалады.  Сонда  сын  есімдер  əдетте  қандай  заттардың  сындық 
сапасы  болып  жұмсалатын  болса,  сондай  заттардың  бастауыштық  қызметін  атқарып 
тұрады.Терең көбінесе судың, теңіздің, көлдің, өзеннің сыны болатын сөз. Сондықтан 
оны  бастауыш  қызметінде  Терең  батырады  (мақал)  десек,  алдымен  «Терең  су 
батырады» деп түсінеміз.  
Заттардың  ондай сындық сапасы  сындық сапасы синтаксистік қызметте бір ғана 
конкретті  заттың  орнына  жұмсалмай,  жалпылық  мағынада,  біртектес  көп  заттың 
орнына  жұмсалмай,  жалпылық  мағынада,  біріктес    көп  заттың  орнына      жұмсалады. 
Тек  сын  есімдерден  болған  жер,  су  аттары  мен  басқа  жалқы  есімдер  ғана  даралық  
мағынада  жұмсалады.  Ондайда  олар  орнықты  заттық  мағынаға  ие  болып,  зат  есім 
қатарына қосылады. 
Сын  есімдер  тəуелдік,  көптік  жалғауларда  тұрып  та  бастауыш  қызметінде 
жұмсалады.  Бірақ  ол  қағида  сын  есімнің  бастауыш  болуының  бірден  –бір  шарты 
еместігін көруге болады.  

 
 
Сын  есім  (есімшелер  де)  көптік,  тəуелдік  жалғауларсыз-ақ  субстантивтеніп 
бастауыш  болу  үшін,  олар  бастауыштық  əуенмен,  дауыс  ырғағы  арқылы  басқа 
сөздерден  оқшауланып  тұрулары  керек.  Есімше    де  бастауыш  болғанда,  сын  есімдей, 
қимылдық  сапаның  үстіне  заттық  мағына  жамап  тұрады.  Есімсшеден  болатын 
бастауыштардың  ерекшеліктері мынадай: 
а)  Баяндауышы  етістік,  зат  есім,  есімдіктерден  болған  сөйлемде  есімше  бастауыш 
қимыл иесі-кісі (сұрағы-кім? Не қылған? ) орнына жұмсалады.  
ə)  Баяндауышы  сын  есімнен  болған  сөйлемде  есімше  бастауыш  басқа  заттың 
мағынасында жұмсалады. (сұрағы не? Не қылған? Не еткен?)   
б) Көптік жалғаудағы есімшілер бастауыш болғанда, олар əр уақытта қимыл иесі - кісі-
мағынасында жұмсалады: Егін оратындар əрі кетті де, астық таситындар қырман 
басында қалды. 
в)  Тəуелдік  жалғауларда  турып  бастауыш  болған  есімшілер  əр  уақытта  зат  есім 
мағынасында жұмсалады (сұрағы-нем? нең? несі? не қылған? не еткен?)  
Субстанивтеніп  бастауыш  болатын  сөз  табының  бірі  сан  есім.  Есептік    сандар 
бастауыш  қызметінде  заттық  мағынада,  жас  мағынасында    жұмсалады:  25  үшке 
бөлінбейді.  Оннан төрті алсаң, алты қалады.  
Жинақтау, реттік сандар ол қызметте көбінесе кісі туралы айтылған есім болады
Төр бөлмеден шыққан үшеу  де ұзын столға ұзақ отырып қалды. 
Жинақтау, есептік сан есімдер  III жақтық тəуелдік жалғауда көбінесе бөлшектеу, 
кейде жинақтау мағынада бастауыш болады. 
Жалпы  алғанда,  субстантивтенген  бастауыштар  мақалды-мəтелді  сөйлемдерде 
көбірек  кездесді  де,  сөйлем  арқылы  айтылатын  ойды  ықшамды  етуде  үлкен  қызмет 
атқарады. 
Күрделі жəне үйірлі бастауыштар.  Бастауыштар да жеке сөзді дара (жалаң) көп 
сөзден  құралған  күрделі  не  үйірлі  жəне  басқа  сөйлем    мүшелері  сияқты  бірыңғай 
болады:  Əлдененше  сөз  күрделі  бастауыш  болу  үшін,  олар  өз-ара  синтаксистік  тығыз 
байланыста  болулары  керек  те,  сөйлемнің  баяндауышы  сол  сөз  тіркестеріндегі 
сөздермен байланысқан болуы керек:  
1)    Ілік септіктің жасырын түріндегі сөз бен үшінші жақтық төуелдік жалғаулы сөздер 
тіркесіп,күрделі бастауыш жасалады: 
 Қазақ  тілінде  ілік  жалғаудың  ашық  түрі    мен  «жасрын»  түрінің  сөзге  қосатын 
мағынасы,  сондай-ақ,  өзі  мен  байланысып    тұрған  тəуелдік  жалғауындағы  сөздерге 
қатысы  бірдей  емес:  ілік  жалғауы  жалғанбай  «тасаланып»  тұрған  сөздің  меншіктік 
мағынасы күңгірттенеді де, сөз тіркесі тұтасып, бір күрделі мүше ретінде жұмсалады, 
сол  себептен  кейде  солай  тіркесетін  екі  сөз  бір  заттың  аты  болыпта  айтылады.  Ілік 
септігіндегі есімдер тағы мынадай сөздермен тіркескенде, күрделі бастауыш болады:  
а)  Тəуелді  көмекші  есімдермен  (қасы,  жаны,  алды,  арты,  маңы,  бойы,  іші,  бойы,  т.б.) 
Үйдің іші су сепкендей болды.  
ə)  Тəуелдеулі  өздік  есімдікпен:  менің,  өзім,  сенің,  оның  өзі,  олардың  өздері,  мұндай 
тіркестің ілік септіктегі есімдіктері атау күйінде де айтылады: Мен өзім кінəлімін. Сен 
өзің ұрысқақ бала екенсең ! 
2.  Бастауыш  құрамында  екеуміз,  үшеуміз,  дегенміз,  деген  сөздері  айтылып  күрделі 
бастауыш жасалады:Сен екеуміз өлмейтін əке тауып алғанымыз жоқ па?   
Негізгі  жəне  көмекші  етістіктер  (субстантивтенген),  есімдер  тобы  күрделі 
бастауыш болады. Менің айтып отырғаным – ақыл. Күле беру ұят болады.  
3) 
Субстантивтенген  күрделі  сын  есім,  сан  еімдер  тобы  күрделі  бастауыш 
болады: Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты.  
4) 
Көп  сөзден  болған  күрделі  жалқы  есімдер  көрделі  бастауыш  болады: 
Аудандық оқу бөлімі жұмысқа қызу кірісті. 

 
 
Кісі  аты,  фамилиясы,  жолдас,  азамат  дегендей  қосалқы  айқындауыштармен 
тіркесіп, күрделі бастауыш болады: Жамалбек Тұрғанов жолдас баяндама жасады. 
Үйірлі  бастауыштар  да  көп  сөзден  құралады.  Оның  күрделіден  айырмашылығы 
мынау:  Егер  күрделінің  құрамы  түйдекті  тіркесті  болса,  үйірлібастауыштардың 
құрамында  бастауыш  баяндауыш  ыңғайындағы  сөздер  тобы  болады,  мысалы:    Білегі 
жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. (Мақал) 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет