Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет15/15
Дата30.01.2017
өлшемі1,02 Mb.
#3030
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Аралас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама берің. 

 
 
2.   Жалғаулықтар  арқылы  байланысқан  аралас  құрмалас  сөйлемдерге  талдау 
жасаң. 
3.  Жалғаулықсыз  байланысқан  аралас  құрмалас  сөйлемнің  құрамы  қандай 
болады? 
                       Пайдаланылған əдебиеттер: 
 1.Серғалиев М.,Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазақ əдеби тілі.    
   Алматы. 1991ж. 
 2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы.  1996.   
 3. Балақаев М., Сайрамбаев Т.  Қазіргі қазақ тілі. Алматы.   1997. 
 4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы.  1992.  
 5. Есенов Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. Алматы. 1974. 
 
                                         БӨГДЕ СӨЗ ЖƏНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРI   
Жоспары 
1.Бөгде сөз жəне оның түрлері. 
2. Төл сөз 
3.Төлеу сөз. 
Адам  сөйлегенде  я  жазғанда,  сол  өзі  баяндап  отырған  мəселеге  байланысты 
немесе  соған  қатысы  бар  басқа  біреулердің  сөзін,  пікірін  келтіретіні  болады.  Ондай 
сөздер  автор  үшін  басқа  біреудің  сөзі,  яғни  бөгде  сөз,  болып  табылады.  Бөгде  сөзге 
əрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге, 
автордың  басқа  бір  жағдайда,  басқа  бір  еңбектерінде  айтқан  өзінің  сөзінен  алынған 
келтірінділері де жатады.  
Бөгде  біреудің  сөзін  келтірудегі  мақсат-əр  түрлі.  Бірақ  солардың  ішіндегі  ең 
негізгісі-сөйлеушінің  я  жазушының  баяндап  отырған  мəселе  жөніндегі  өз  пікірінің 
байымдауларының  дұрыстығын дəлелдей түсу мақсаты.  
Бөгде  сөздерді  қолдану  тəсілі  түрлі-түрлі  болуы  мүмкін.  Бір  жағдайда  бөтен 
біреуден  алынған  сөз  ешқандай  өзгеріссіз,  түп    нұсқасы  бұлжытылмай  қолданылса, 
екіңші  бір  жағдай  ол  азды  көпті  болса  да  өзгертіліп,  тың  сөздер,  граматикалық  тың 
формалар  қосылып  немесе  жеке  сөздері,  грамматикалық  жеке  формалары  түсіріліп 
айтылуы да, болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей автордың өз сөзімен 
берілуі мүмкін. Соған қарай бөгде сөз төл сөз, төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді.  
Төл  сөз.  Қазақ  тілі  білімінде  қалыптасқан  дəстүр  бойынша  төл  сөз  деп 
жазушының  я  сөйлеушінің  сөздігі  жағынан  болсын,  грамматикалық  формалары 
жағынан  болсын  ешқандай  өзгеріссіз,  бұлжытпай  алып,  өз  сөзі  ішіндегі  қолданылған 
біреудің сөзін айтамыз.  
Біз  бұл  арада  қалыптасқан  атауды  өзгеріссіз  қолданып  отырмыз.  Шындығында, 
«төл  сөз»  деген  грамматикалық  атау  бұл  арада  өзінің  мазмұнына  сай  қолданылмаған. 
«Төл»  деген  сөз  «меншікті», «тəн»  деген  мағынаны  білдіреді  жəне  осы  сөздермен 
синонимдес.  Ал  сөйлеушінің  я  жазушының  өз  сөзі  ішінде  келтірілген  басқа  біреудің 
сөзі оған, яғни авторға, төл сөз бола алмайды, қайта керісінше, ол бөгде сөз болады.  
Қолдану  орнына  жəне  қолдану  мақсатына  қарай  төл  сөз  цитат  немесе  диалог 
түрінде  келеді.  Цитат  түріндегі  төл  сөз  негізінде,  саяси  əдебиеттерде,  ғлми  жəне  əр 
алуан  публицистикалық  еңбектерінде  қолданылады.  Цитат  ретінде  келтірілген  төл 
сөздің  айналасында  оны  пайдаланып  отырған  жазушының  я  сөйлеушінің  өз  сөздері 
қоса қолданылады. Ол-автор сөзі деп аталады. Төл сөздің айналасында қолданылатын 
автор сөзінің атқаратын қызметі-төл сөздің кімдікі екендігін, қайтадан алынғандығын, 
төл сөз иесінің алынып отырғн үзіндінің алдында нелерді айтқанын, оның үзінді қандай 
күнде,  қандай  жағдайда,  ішкі  сезім  дүниесінің  қандайлық  құбылыстары  жағдайында 

 
 
айтқандығын  жəне  қалай  қандайлық  құбылыстары  жағдайында  айтқандығын  жəне 
қалай айтқандығын тағы сол сияқтыларын білдіру.  
Автор сөзі диалог түрінде келетін төл сөздерде де болады. Бірақ диалог түріндегі 
төл  сөз  қолдану  орны жағынан  да,  функциясы  жағынан  да  цитат  түріндегі  төл  сөзден 
басқа қолданнылу орны жағынан алғанда, диалог төл сөз көркем əдебиет жанрларында 
қолданылады.  Мұндағы  төл  сөз  болып  саналатындар-көркем  шығармалардағы 
персонаждар  сөздері.  Ал  персонаждарға  сөз  беріп,  оларды  сөйлестіріп  отырған 
жазушының  өз  сөзі  автор  сөзі  болып  есептеледі.  Сондықтан  диалог  төл  сөз, 
цитаттағыдай, оны қолданнушы автордың пікірін дəлелдеу үші қолданылмайды. Жеке 
адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, əңгімелесуі болады.  
Диалог  төл  сөздің  айналасында  қолданылатын  автор  сөзінің  атқаратын 
функциясында да цитаттағы автор сөзінен біраз өзгешеліктері болады. Мұндағы автор 
сөзі  төл  сөздің  кімдікі  екендігін  білдіру,  оны  қандай  құбылыста,  қандай  күйде,  калай 
айтқандығын жəне кімге айтқандығын байқату сияқты функциялар атқарады. Сонымен 
бірге,  автор  сөзінің  əрбір  сөйлеушінің  сөзі  сайын  қолданылып  отырылуы  шарт  емес. 
Оны мына мысалдан да көруге болады:  
-Мынау аттан түсі жатқан кім?-деді Шұға.  
-Əбдірахман ғой,-дедім.  
-Əбдірахманың кім?  
-Қазақбайдың баласы.  
-Иə, əлгі учитель балсы ма?  
-Иə.  
-Жап-жас жігіт екен ғой,-деп, бірер  қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.  
-Бір сөздің ретінде Əбдірахмаға:  
-Еліңді қыстан шығардың ба, бала?-деді бай, 
-Шүкір, шығардым,--деді Əбдірахман.  
Төл сөз құрамы жағынан əр алуан болып келеді: ол жеке бір сөз болуы да мүмкің, 
бір  сөйлем  немесе  əлденеше  сөйлемдер  тізбегінен  қалған  тұтас  бір  үзінді  болуы  да 
мүмкін.  
Төл сөзді сөйлемдердің мағыналық жағынан да, құрамы мен мүшеленуі жағынан 
да тіліміздегі төл сөзсіз сөйлем түрлерінен ешқандай өзгешеліктері болмайды. Тілімізде 
қандай  құрамда,  қандай  мағыналық  сазда  айтылатын  сөйлемдер  болса,соның  барлық 
түрі де төл сөйлемдерде де болады.  
Төл  сөз  қандай  құрамда,  қандай  мағынада  айтылса  да,  ол  автор  сөзімен 
байланысты болады. Құрам жағынан автор сөзі де əр түрлі құрылыста айтылады. Оның 
қандай  құрамда  айтылуы  автордың  төл  сөзге  байланысты  нелерді  байқатқысы 
келетініне,  контекске  байланысты  болады.  Егер  автор  төл  сөздің  кіvдікі  екендігін 
көрсетумен ғана тынатын болса, автор сөзібір-екі сөзденғана құралады.  
Төл  сөз  автор  сөзімен  байланысты  болады  дедік.  Бірақ  ол  байланыс  төл  сөздің 
бастапқы  құрылысын  өзгерту,  оған  грамматикалық  жаңа  дəнекерлер  қосу  арқылы 
болмайды.  Төл  сөзді  автор  сөзімен  байланыстыру  үшін,  оның  тіпті  жеке  бір  сөзінің 
грамматикалық  формасын  өзгертіп  айтатын  болса  да,  ол  төл  сөз  болудан  қалады. 
Сондықтан  төл  сөздің  автор  сөзімен    байланысы  оның  бастапқы  құрылысында 
ешқандай өзгеріс енгізбей,өз дербестігін толық сақтау жағдайында жүзеге асырылады. 
Төл сөз бен автор сөзі арасындағы байланысты қамтамасыз ететін байлауыш дəнекер де 
көмекші етістігі.  
Төл  сөздің  бастапқы  дербестігін  толық  сақтай  отырып,  оны  автор  сөзімен 
байланыстыру функциясын де етістігінен басқа ешбір сөз, ешбір грамматикалық форма 
атқара  алмайды.  Де  етістігінің-төл    сөздің    төл  сөз  екенін  танытудағы  қасиеті  де  осы 
функциясында.  

 
 
Төл  сөзді  автор  сөзімен  байланыстыру  функциясында  қолданылғанда  де  етістігі 
деді, дегенде, дейін, дейді, депті, деп,мдесе жəне есімшенің əр алуан септік жалғаулы 
түрлерінде айтылады.  
Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады: төл сөзден бұрын келуі де, 
төл  сөзден  кейін  келуі  де,  төл  сөздің  екі  жағында  бірдей  келуі  де,  төл  сөздің  ішінде 
келуі де мүмкін. Соған қарай оның синтаксистік құрылысы да əр түрлі болады.  
Автор сөзінің төл сөздің алдында гана келуі, оның басқа орнында қолданылатын 
түрлеріне  қарағанда,  сирегірек  қолданылады.  Автор  сөзінің  бұл  түрі  формалық 
жағынан  тиянақты  болып,  төл  сөзбен  онша  тығыз  байланыста  айтылмайды.  Ондай 
кейін төл келтірілетіндігі оның тек мағынасынан ғана байқалып тұрады.  
Автор сөзінің мұндай құрамды түрінде де етістігінің дəнекерлік қызметінен гөрі, 
сөйлемге  тиянақтылық  мəн  беру,  аяқтап  тұру  қызметі  басым  болады.  Ол  төл  сөзді  өз 
жетегіне алады да, сонымен бірігіп барып, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.  
Төл сөзден кейін келген автор сөзі кейде өз алдына жеке бір немесе бірнеше жай 
сөйлемдерден  құралған  күрделі болып  та  келеді.  Мұндай  жағдайда  де  етістігі  есімше, 
көсемше  я  де  шылаулы  формада  айтылып,  төл  сөзді  автор  сөзімен  байланыстыру 
қызметін атқарады.  
Автор  сөзінің  төл  сөзден  кейін  келуі  көркем  шығармаларда  болатын  диалогты 
сөйлемдерде  өте  жиі  қолданылады  да,  цитат  түрінде  келетін  төл  сөздере  өте  сирек 
болады. Ол-төл сөздің бұл екі түрінің өзіндік  ерекшелігіне байланысты.  
Автор сөзінің қазақ тілі синтаксисінде көп қолданылатын жəне ертеден бері келе 
жатқан  көне  түрі-төл  сөздің  екі  жағында  келетін  түрінің  аткаратынын  қызметінде 
немесе  мағынасында  алдыңғы  екі  түрінен  ерекше  өзгешелігі  жоқ.  Бұл,  негізінде, 
алдыңғы екі түрдің бір жерге топталуы деуге олады.  
Автор  сөзінің  төл  сөздің  ішінде  келетіні  де  болады.  Төл  сөз  бен  автор  сөзінің 
мұндай қатынасы əдеби тілімізде кейінгі дəуірлерде қалыптасты. Оның қалыптасуына 
орыс тілінен жасалған аудармалардың ерекше əсері болды. Төл сөз бен  автор сөзінің 
бұл құрылыстағы түрі қазірдің өзінде де онша етек алып кете қоймағанымен, төл сөздің 
диалог  түрінде  болсын,  цитат  түрінде  болсын,  сирегірек  болса  да,  кездесіп  қалып 
отырады.  
      Автор сөзі төл сөздің ішінде келгенде, төл сөзді бір сөйлемнің ішінде келуі де, екі 
сөйлемнің арасында келуі де мүмкін. Мысалы:    -Үйренбеген кісіге солай да,-деді қазақ 
əйелге  қарап  жымиып  қойып,-тұрғын  елдің  адамына  мұндай  елдің  адамына  мұндай 
ыстық түк те емес. Олар жұмыстарын істеп жүре берді.  
   -Рас,-деді Байжан,-күріш расында суда өседі. Екі айдан артық суда тұрады ол.  
Төлеу  сөз.  Жазушы,  сөйлеуші  адам  біреудің  сөзін,  пікірін  пайдаланғанда,  оны, 
жоғарыда айтылғандай, əрдайым ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай келтіріп отырмайды. 
Кейде  оны  азды-көпті  болса  да  өзгертіп,  өз  тарапынан  сөздер,  қосымшалар  қосып, 
кейбір сөздерін алып тастап, грамматикалық кейбір формаларын өзгертіп пайдаланады.   
1.  Төл  сөзде  сөйлеуші  я  жазушы  бөгде  біреудің  сөзің  ешқандай  өзгеріссіз, 
қоспасыз,  бұлжытпай  келтіретін  болса,  төлеу  сөзде  олай  болмайды:  оның  бірер  сөзің 
болса  да  өзгертеді,  өз  тарапынан  кейбір  сөздер  қосады,  ең  болмаса  бірер  сөзінің 
бастапқы  морфологиялық  формасын,  соған  байланысты  синтаксистік  қызметін 
өзгертеді.  
2. Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі жүреді жəне ол екеуінің жігі 
айқын байқалып, бір-бірінен бөлектеніп тұрады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру 
үшін  оған  тұлғалық  өзерістер  енгізу  қажет  болмайды,  тек  дəнекер  ретіңде  де  етістігі 
қолданылады.  Төлеу  сөзде  олай  емес.  Мұнда  ол  автор  сөзімен  араласып,  тұлғалық 
өзгеріске ұшырауы арқылы онымен тығыз байланыста тұрады. Төлеу сөз автор сөзсіз өз 
алдына  сөйлем  бола  алмайды,  өйткені  төлеу  сөзде,  төл  сөздегідей,  өзіне  меншікті 

 
 
баяндауышы  болмайды.  Сондықтан  төлеу  сөз  автордың  қоспасымен  бірігіп,  бір-ақ 
сөйлем болады да, де етістігін қажет етпейді.  
3.  Төл  сөзде  сөйлемнің  əр  алуан  мағыналық  түрлері  болады.  Ол  хабарлы  да, 
сұраулы да, лепті де болып келеді. Соған қарай оның əр сөйлемнің өзіне лайықты сазы, 
интонациясы, римика-мелодикалық ерекшеліктері болып отырады. Төлеу сөзде мұның 
бірде-бірі болмайды, яғни олар сақталмайды. Өйткені төлеу сөз өзінің бастапқы түрінің 
қандай екендігіне қарамастан, тек хабарлау түрінде ғана беріледі, сондықтан онда сөз 
иесінің  бастапқы  əр  алуан  интонациялық;  ритмика-меледикалық  ерекшеліктері 
сақталмайды.  
4.  Төл  сөзде  сөйлемнің  бастапқы  эмоциялық,  модальдық  ерекшеліктерінің 
барлығы  да  сақталады.  Төл  сөз  иесі  қолданылған  одағай,  қаратпа,  қыстырма  сөздер 
бұлжытпай беріледі.  
5. Төл сөз бен төлеу сөз жақтық тұрғыдан, жіктеу есімдіктерін қолдану жағынан 
да  біркелкі  болмайды.  Төл  сөзде  іс-əрекеттің  иесі  өзі  болған  жағдайда  автор  жіктеу 
есімдігінің  бірінші  жағын  қолданып  сөйлей  береді.  Ал  төлеу  сөзде  олай  етуге 
болмайды.  
Төл сөзді төлеу сөзге  айландырудың тілімізде қалыптасқан, ежелден келе жатқан 
тұрақты  тəсілдері  бар.  Ол  тəсілдерінің  ең  негізгісі  жəне  өте  жиі  қолданылатыны-төл 
сөзде  сөйлемнің  тиянақты  баяндауышы  болып  тұрған  сөзге  табыс  жалғауын  жалғау 
арқылы  оны  автор  сөзімен  байланыстыру  тəілі.  Мұндай  жағдайда  төл  сөздің 
баяндауышы  болып  тұрған  етістіқ  қай  шақта,  қай  райда  айтылуына  қарай,  алдымен 
етістіктің  есімше  түріне  айналады  да,  содан  кейін  барып  табыс  септігін  қабылдайды. 
Кейде табыс септік жалғауы есімше-дық,-дік жұрнағы мен тəуелдік арқылы жалғанады. 
Мысалы: -Өстіп  жүргенде  өлшеулі  өмір  бітіп  қалып,  болашақты  көре  алмай  кетем  бе 
деп  қорқамын,-деді  Аман  сөйлеміндегі  төл  сөзді  төлеу  сөзге:  Аман  өстіп  жүргенде 
өлшеулі өмір бітіп қалып, болашақты көре алмай кетем бе деп қорқатынын айтты деп 
айқындауға  болады.  Мұнда  төл  сөзді  автор  сөзімен  байланыстыру  үшін  төл  сөзді 
сөйлемнің  баяндауышы  болып  тұрған  қорқамын  сөзіндегі  жіктік  жалғау  айтылмай, 
қорық  сөзі  табыс  жалғаулы  есімшеге  айналдырылған.  Бұл  сөзге  есімше  жұрнағы  мен 
жалғау  арасында  –дық  жұрнағы  келтіріліп,  қорқатындығын  деп  те  айтуға  болады.  Ал 
енді: Таласбай Аманға: -Шырағым, сиырды иесіне қайтарың. Енді мені соттың алдына 
апара  көрме!  Туғалы  сот  алдын  көрген  жан  емен.  Не  істесең  де,  өзің  істе!  Тек  сотқа 
сүйремеші,  айналайын!-деп,  қақсап  келді  деген  масалда  əр  сөйлемнің  баяндауышы  əр 
түрлі  шақта,  əр  түрлі  райда  берілген.  Олар  сөз  табы  жағынан  да  біркелкі  емес.  Соған 
қарай,  олардың  төлеу  сөзге  айналып,  автор  сөзімен  байланысуында  да  азды-көпті 
озгешеліктер  болмақ.  Оны  мынадан  да  байқауға  болады:  Таласбай  Аманға  оның 
сиырды иесіне қайыртқанын, енді өзін сот алдына апармауын, туғалы сот алдын көрген 
жан  емес  екендігін,  не  істесе  де,  өзінің  істеуін,  тек  сотқа  сүйремеуін  өтініп,  қақсап 
келеді.  
Мысалдан көрініп тұрғанындай, төлеу сөзге айналдырғанда, төл сөздің тиянақты 
баяндауыштарының  кейбіреулері  есімшенің  табыс  жалғаулы  түріңде  айтылса,  екіңші 
біреуінің  тұйық  райдың  табыс  жалғаулы  түрінде  айтылатынын,  ал  енді  біреулеріне 
екен,  керек  сөздерінің  көмекші  болып  қосылып  айтылатынын  көреміз.  Сөйтіп,  төлеу 
сөз  автор  сөзімен  əр  түрлі  тəсілдер  арқылы  байланысады.  Бірақ  солардың  қай-
қайсыларында  болса  да  табыс  жалғауының  қатынасы  бар.  Сондықтан  да  табыс 
жалғаулы  төл  сөзді  төлеу  сөзге  айналдырудағы,  оны  автор  сөзімен  ұштастырудағы 
бірден-бір шешуші форма болып есептеледі.  
Төл сөздің баяндауышы болып тұрған сөздің төлеу сөзге жоғарыда айтылған сөз 
түрлерінің қайсысымен берілуі оның қай сөз табынан болғанына, егер етістіктен, болса, 
оның  қай  райында,  қай  шағында  айтылғанына  байланысты  болады.  Өйткені  төл  сөз 

 
 
төлеу  сөзге  айналғанда  да  ондағы  əрекеттің  шақтық  мағынасы  белгілі  дəрежеде 
сақталады.  Осы  себептен  егер  төл  сөздің  баяндаушы  өткен  шақты  немесе  нақ  осы 
шақты білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің 
қан,-ған,-кен,-ген  жұрнақты  түрі  арқылы  беріледі  де,  егер  ол  етістіктің  ол  етістіктің 
келер  шақ  немесе  ауыспалы  осы  шақ  формасында  айтылса,  төлеу  сөзге  айналғанда, -
тың, тін жұрнақты есімше арқылы беріледі. Ал егер, төл сөздің баяндауышы етістіктің 
бұйрық  рай  формасында  айтылса,  төлеу  сөзде  ол  тұйық  рай  формасына  айналады. 
Баяндауышы  есім  сөзден  я  есім  араласуынан,  я  болмаса  атау  тұлғалы  тұйық  райдан 
болса, төлеу сөзге айналғанда, е етістігі көмекші болып келеді. 
                    Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  Бөгде сөз дегеніміз не? 
2.  Төл сөз жəне оның түрлеріне сипаттама берің. 
3.  Автор сөзі дегеніміз не? 
4.  Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың қандай тəсілдері бар?           
 
                                           Пайдаланылатын əдебиеттер: 
    1. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996.   
    2. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 
   3. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.  
    4. Сəдуақасов Ж. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер.Алматы. 1996.    
    5. Сайрамбаев Т. Синтаксистің кейбір мəселелері.Алматы. 1996 

 
 

 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет