Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Сөз тіркестерінің басыңқы
сыңарлары есімді, етістікті бағыныңқы сөздердің байланысу формасына, тұлғасына
қарап бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі – меңгеріле байланысқан есімді сөз
тіркестері. Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құралу
тұлғасынан қарап айырамыз. Олар барыс, шығыс, табыс жатыс, көмектес
жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін
етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркестері жасалады.
Меңгеруші сөз жетектеуші де, меңгерілуші оның жетегіне еруші сөз болады. Септік
жалғаулары сөзбен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты
білдіреді. Мысалы, барыс септігіндегі сөз беталысты, бағытты, мақсатты, мезгілді т.б.
білдіреді. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің əртүрлі
болуынан ғана тумайды, тұтас сөз тіркестерінің қарым-қатынасынан туады. Жоғарыда
аталған септік жалғауларын меңгеріп, түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркесін
құрайтын сөздер, негізінде етістіктер болады. Солай болатындықтан меңгеріле
байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Сөз тіркестеріне топтастыру принциптері ?
2. Есімді сөз тіркестері қалай жасалады?
3. Есімді сөз тіркесінің қандай түрлері бар?
4. Қабыса байланысқан, матаса байланысқан, меңгеріле байланысқан сөз
тіркестерінің түрлері қандай?
Пайдаланатын əдебиеттер
1. Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы
Алматы. 1992.
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997
4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
5. Бектұров Ш.Қазақ тілі. Алматы. 2006
6. Cайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991.
Етістікті сөз тіркесі
Жоспары
1. Етістікті сөз тіркесі туралы түсінік
2. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
3. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
4. Қорытынды
Тірек сөздер: Етістікті сөз тіркесі туралы түсінік, қабыса байланысқан етістікті сөз
тіркестері, меңгеріле етістікті сөз тіркестері, үстеулі сөз тіркесі, еліктеуішті сөз тіркесі,
көсемшелі сөз тіркесі, сын есімді сөз тіркестері.
Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде
басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ-
та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Етістіктер мен
есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе
алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дəрежесі , тіркесу тəсілдері мен
формалары, сол сияқты мағыналық қатынастары да əртүрлі болып отырады. Толып
жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістіктер мен
есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады. Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы
есімдердің барыс, жатыс, шығыс, көмектес, табыс жалғаулары арқылы салт жəне
сабақты етістіктермен меңгеріле байланысады.
Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне
қарай етістікті сөз тіркестері; 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері. 2)
меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа бөлінеді.
Етістікті сөз тіркестері демеулер мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да
құралады. Бұларды меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамында
қараймыз.
Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бұдан əрі де бірнешеге таралып кетеді.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері. Қабыса байланысқан етістікті сөз
тіркестерінің құрамы əр түрлі болады. Етістіктер мен қабыса байланысатын сөздер;
үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат
есімдер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен
қалай оқиды? қанша сұрайды? Деген сөз тіркестерін құрайды. Қабыса байланысқан
етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай; 1) үстеулі сөз тіркесі 2)
еліктеуішті сөз тіркесі 3) көсемшелі сөз тіркестері 4) сын есімді сөз тіркестері 5) сан
есімді сөз тіркестері; 6) зат есімді сөз тіркестері деген алты топқа бөлінеді.
Үстеулі сөз тіркестері. Үстеулерді қимыл процесімен байланыста айтылатын
сөздер деп қараймыз, сондықтан олар етістіктермен тіркесу үшін жаратылған сөздер
деуге болады. Үстеулер етістіктердің алдында қабыса байланыста жұмсалып өте жиі
кездесетіндіктен, ондай сөз тіркестеріне ерекше назар аудару керек. Үстеулер етістікті
сөз тіркестерінің құрамында пысықтауыштық қатынаста, мезгіл, мекен, себеп, мақсат
т.б. мағыналарда жұмсалады.
Еліктеуішті сөз тіркестері. Еліктеуіш сөздер – өзіндік ерекшеліктері бар сөз
табынының бірі. Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші, не негізгі
етістіктермен тіркескен синтаксистік құрамында қолданылады. Мысалы; (мылтық) тарс
етті, (жарық) жылт етті, (бала) жалт қарады. Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы
сыңары қызметінде жұмсалатын еліктеуіш сөздер tтістіктерді мəнерлі түрде еліктеу
тұрғысынан сипаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер
қимыл-əрекеттің шапшаңдық қарқынын меңзейді. Мысалы: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ
қайнау, тарс-тарс соғу.
Көсемшелі сөз тіркесі. Көсемшелер-синтаксистік қызметі жағынан етістіктің
үстеуге бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қасиетін жойып ала
береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, мысалы,
баяндауыштың құрамында, сонымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен
қабыса байланысып пысықтауыштық қатынаста да айтылады. Соңғы екі жағдайда да
көсемшелік тұлғалар бір етістікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша
қызметінде жұмсалады. Солай болатындықтан көсемшелер тек етістіктерге қатысты
болып, тек етістіктермен ғана тіркесе алады. Олардың етістіктермен тіркескіштік
қасиетін мынадан көруге болады; етістіктердің модальдық, шақтық, видтық т.б.
мағыналарын түрлендіру үшін немесе əр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалу
үшін етістіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінің ұстіне бірі жамалып, өз ара қат-
қабатала береді. Мысалы: асықпай оқыды,-асықпай оқып отыр еді,-асықпай оқып кетіп
бара жатыр еді; осылардың ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауш мұште қызметінде
дербес қолданылған да қалған көсемшілер тұтас бір түйдекті тіркес қураған. Кейде осы
тəрізді қат-қабаттаулдың нəтижесінде бір сөйлем мүшесі қызметінде жүмсалатын
тіркес қүрамында бес етістік, ал екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатын
тіркестер қурамында он етістікке дейігн болады. Мысал:1. Жүгіріп кету, жүгіріп кетіп
бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр еді, 2.Асықпай оқып отыр, асықпай оқып отыра
берді. 3. Асығып оқып кетіп бара жатып, сүрініп кетіп жығылып қала жаздап еді.
Соңғы мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтаксистік топтар қүраған: соңғы төрт сөз
баяндауш қызметінде қалған үш топ əр түрлі пысықтауш қызетінде айтылған: 1)
асығып оқу; 2) оқып кетіп бара жатып сүріну; 3) сүрініп кетіп жығылу.
Сын есімді сөз тіркестері. Сын есімдерінің етістіктермен тіркесуі-сирек
кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікпен тіркесе бермейді, барлық етістіккесын
есім бірдей қатыста бола бермейді.Сын есімдер етістіктермен тіркескенде, қимылға не
күйге тəн қəсиетті, сапаны білдіреді. Барлық етістік бірдей ондай сапалық
пысықтауышы болуын керек етпейді.
Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің
(не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабылетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу,
секіру, ойнау, сияқты жəне кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура
тəрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланыста бола алады.
Сапалық сын есімдердің ішінде мұндай етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары
болады: жақсы, жаман, қатты, ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын, ұзақ,т.б. Мысалы, жақсы
сөйледі, жаман жазды, оңай түсінді,ұзын кесті, кең пішті, майда турады. Мұндай
етістікңі сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіреді. (Олар) дойбыны өте
жақсы ойнайды. Досы қатты сүйенген, дұшпаны жаман күйінген. Ағаш кессең, үзын
кес-қысқартуы оңай, киім пішсең кең піш–тарылтуы оңай. Ол оп-оңай беріле қоятын
кісі емес.Сонда бұған білім есігі оңай ашылатынын сөйледі. Биыл колхоздың егіні
қалың шыққан.
Қатыстық сын есімдерінің ішінде етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары
қызметінде сыз-сіз, дай-дей, тұғалы сөздер көп жұмсалады: Абай бүл түнді үйқысыз
өткізді. Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді.
Сан есімді сөз тіркестері. Сан есімді заттың сандық сапасын білдіретін сөз
ретінде есімді сөз тіркестерінің кұрамында жиі қолданылатыны белглі. Сонысына
қарап сан есімдері есіммен (зат есіммен) тіркесіу үшін жаратылған сөздер деуге
болады. Дегенмен олар естіктермен де тіркесе береді. Сан есімдер етістікті сөз
тіркестері құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сандық сапа
тұрғысынан пысықтайды. Бұл қызметтсан есімдер атау тұлғасында етістіктермен қатар
тұрады. Сонымен қатар сан есімдер рет, есе тəрізді сөздермен қосарланып жұмсалады:
үш рет келді, екі есе көбейді, т.б.
Есептік сан есімдер ал, айт, сөйле, кел, қара, жүр, өл, тіріл, секір, сүрін тəрізді
етістектермен қабыса тіркеседі. Сан есімдер бұл қызметте қимыл мен кұйдің қайталану
мөлшерін білдіреді. Жанбота туды екі алды. Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-əрекеттің шамамен алғандағы қарқынын
білдіреді:Би-болыстар екі-үш қонып…ауылнайға қарай кетті. Сан есімдер етістікті сөз
тіркесі қүрамында рет, дүркін сөздермен қосарланып, қимылдың дүркінділік дəрежесін
көрсетеді. Мысалы: Ғайша бірер рет көзінің астымен Қожашқа қарап қойды.
Зат есімді сөз тіркестері. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен
бір тобы зат есімді тіркес болады. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу
арқылы əрі мағыналық, əрі грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобын
құрайды.Сөз тіркестерініңбұл түрі тура обьектілік қатынаста жұмсалады.Жалғаусыз
табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте
қайнасқан байланыста түрады. Мысалы: жер жыртыу, киім тігу, бала оқыту. Кейбір зат
есімдер етістіктермен бір тіркесте жиі қолданылуының нəтижесінде жəне керсінше,
өздерінің бұрынғы дербестілігінен айрылып, түйдекті тіркес қалпында баяндауыштың
не басқа бір мүшеннің құрамына еніп кетеді. Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті
сөз тіркестерін тіркесу ерекшелігіне қарай екі топқа бөлуге болады.
Нақтылы зат есімдердің қимылды, қозғалысты білдіретін етістіктермен тіркесі.
Мысалы: ағаш кесу, пішен ору, таяқ ұстау, ет турау.
Абстракт зат есімдерінің күйді, сезімді, білдіретін етістіктермен тіркесі. Сөз
тіркесінің бұл түрі сирек құралады. Себебі ақыл, мінез, қылық, тамаша, жақсылық
тəрізді абстракт зат есімдердің обьектілік қызметі солғын болады. Оның үстіне, бұндай
сөздері бар тіркестер сөйлем құрамында көбінесе лексикалық тіркес ретінде
ұғынылады. Бұлар- жақсылық қылу, сыр білдіру, ақыл беру тəрізділер. Мысалы: Дем
алысы – үскірік, аяз бен қар. Кəрі құдаң – қыс келіп əлек салды (Абай)
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері. Етістіктермен меңгеріле
байланысып, əр түрлі қарым-қатынаста жүмсалатын сөздер-есімдер.
Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін табыс, барыс, жатыс,
шығыс, көмектес, жалғауларының бірінде айтылады. Бұл жалғаулар есімдерді
етістіктермен ұластырыушы ғана емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын
да тұлғалар. Сондықтан меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мəні ерекше.
Аталған септік жалғаулардың синтаксистік қызметі, негізінде, етістіктердің
лексикалық магыналарымен байланысты болады да, сөз тіркестерінің бағыныңқы
сыңарларына септік жалғауы басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады. Мысалы,
шық, түс, қара, жібер етістіктері барыс, шығыс, көмектес жалғауларындағы сөздері
керек етіп, оларды өздеріне бағындырып (меңгеріп) тұрады: Шық-тауға шық, үйден
шық, сатымен шық; Түс-суға түс, аттан түс, арқанмен түс.
Меңгеру-синтаксистік байланыс формаларының ең жиі ұшырайтын түрі.
Меңгеруде де сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары, қиысудағыдай, басыңқы сөздің
ыңғайына еріп, белгілі жалғауда тұрады. Бірақ ол екеуінің үлкен айырмашылығы бар.
Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына
қарай райлас болып тұлғаланса, меңгеруде сөз тіркесіндегі сөздердің арасында
тұлғалық райласу болмайды, тек бағыныңқы сөз басыңқы сөздің лексикалық
мағынасының əуеніне қарай тұлғаланады. Түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде,
кейбір жалғаудағы сөздерді меңгере алатын етістіктерге етіс қосымшасын жалғап
айтқанда, олардың меңгеретін сөздерінің де тұлғалары өзгерілетіні бар. Мысалы: Ол
мені көрді – ол маған көрінеді. Ол сені байқамады – ол саған байқалмады.Мен
мақала жаздым – мен газетке жазылдым. Мұндайда септік жалғаулары етіс
қосымшаларына бейімделіп, өзгерілмейді, сол қосымшалар арқылы етістіктердің
мағыналары өзгертілетіндіктен, олардың меңгеру тұлғасы да басқа болуы мүмкін.
Мысалы, сұра табыс жалғауын керек етсе, сұран – керек етпейді, түсіндір – барыс
жалғаулы сөзді меңгерсе, түсін меңгермейді.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай
былай бөлінеді; 1) табыс жалғаулы сөз тіркестері. 2) барыс жалғаулы 3) шығыс
жалғаулы 4) жатыс жалғаулы 5) көмектес жалғаулы сөз тіркестері.
Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер – сабақты етістіктер. Қазақ
тілінде сабақты, салт етістіктің тұлғалық айырмашылығы болмағанмен, оларды
мағыналық ерекшеліктеріне қарап, табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын
не тіркесе алмайтынына қарап айыруға болады. Мысалы, кес, ұр, шап, ал, бер, шақыр,
сұра, сой, қама сияқты кісінің қимыл-əрекетін, ісін білдіретін етістіктер сабақты
болады да, күл, қуан, қайғыр, жыла, шошы, есіне, жалық, ауыр, терле, тон сияқты
заттың қимылдық күйін білдіретін етістіктер салт болады. Бұларға етіс жұрнақтары
жалғанып, сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді;
С а л т с а б а қ т ы
Қуан қуант
Шарша шаршат
Күл Күлдір
Барыс жалғаулы сөз тіркестері. Барыс жалғаулы сөз тіркестері өзара меңгеріле
байланысады да, жанама толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады.
Барыс жалғаулы есімдер қатысқан етістікті сөз тіркесінің қарым-қатынасының əр
түрлі болуы сөз тіркесі құрамының түрлі-түрлі болуымен байланысты, мысалы, тауға
шығу (беталыс), тоғайға кіру, үйге келу (мекен), балаға беру (арнау). Барыс жалғаулы
есімдер кез келген етістіктермен тірқесе бермейді, олар мен мағыналық үйлесімде бола
алатын етістіктермен ғана тіркеседі. Олар мынадай етістіктер: беру, кету, келу, жату,
отырыу, ұмыту, сену, нану, жалыну, ұнау, сіңу, қуану, таяну, қамау, беру, беттеу, шығу,
түсу, тою, қарау, салу, жету, жүру, шабу, кіру, кірісу, қону, айту, толу, қамау, қою,
жақындау, бату, қызығу, көріну, дайындалу,т.б.
Бұл етістіктердің көпшілігі –күйді, қимылды, сезімді білдіретін салт етістіктер.
Салт етістіктердің жетегінде айтылатын барыс жалғауылы есімдер (зат есім, есімдік,
сын, сан есім, есімше) басыңқы сөздерге тіккелей жəне демеулер арқылы қатыста
болады.
Бұл сөзге Абай жеткенде, Тəкежан қатты сескеніп қалды.(М.Əуезов) Байжан іске
кірісті.(С.Мұқанов). Абайға агашты таулар… шидем айналдырып киген кəрінің өңдей
көрінеді.(М.Əуезов). Парома мініп ар жаққа бұлар да өтті.(С.Мұқанов).Олар заңға
бағынады. (Ол) Нұрланды көрген соң, табалдырықтан əрі аттамай тұра қалды.
(З.Шашкин).
Сабақты етістіктер ден барыс жалғауы есімді меңгере алады, бірақ олардың
көпшілігі жоғарғы тізімде саналған салт етістіктерден жасалған сабақтылар болады.
Олармен тіркесетін барыс жалғаулы есімдер тура обьект қызметіндгі заттармен де
мағыналық байланыста тұрады:
Адамға жол бермеген қайран тілім…
Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде объектілік жəне пысықтауыштық
катынастарда жұмсалады.
А) Объектілік қатынастағы соз тіркестері, негізінде,қимыл процесінің кімге, неге
арналғанын, андай затпен үстемеленгенін, бағытын, қандай затпен түйіскенін, неге
қамтылғанын білдіреді.Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді. Абайға үйдегі
кемпір де бүрылып қарады.
ə) Пысықтауыштық қатнастағы сөз тіркестері, негізінде, кимыл процесінің бағытын
білдіреді жəне мекендік, мезгілдік, мақсаттық мағыналарда жұмсалады.Мен ауданға
барамын. Ол…үйге кірді. Барыс жалғаулы есімдер кейде есім мен көмекші
етістіктерден болған құрама баяндауыштар да меңгереді. Сейіт бұл топқа жалпы сəлем
берді де, тоқтамай өтіп кетті. Судьялар ешкімге тəуелді емес.
Шығыс жалғаулы сөз тіркестері. Етістікті сөз тіркестерінің жиі ұшырайтын
ендігі бір түрі шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы. Мұнда да жалғаулы
есімдерді етістіктер меңгеріп, солардың байланысынан толықтауыштық жəне
пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады. Шығыс жалғаулы есімдерді
(көбінесе зат есімдер мен есімдіктерді) меңгеретін етістіктер, негізінде, мыналар: шығу,
шығару, қайту, қайтару, тастау, алу, (таудан асу), өлу, тарау, ұшу, тоқу, істеу, тігу, салу,
қалу, пісіру, орнату,(тастан орнату),соғу, қарғау, сұрану,т.б. Бұлардың көбіқимыл
(мысалы:тастау,шығару, тарау,тоқу) жəне қабылдау (мысалы:көру, қорқу, қарау,
үйрену) мəнді етістіктер.
Меңгеретін етістіктер, осылардай, əр түрлі мағынада жүмсалатындықтан, олармен
шығыс жалғауда тұрып сөз тіркесін құрайтын сөздер де əр алуан болды. Олардың
тіркесінен түрлі –мағыналық қатынастағы сөз тіркестері жасалады: Мысалы, шығу
етістігімен тіркесетін зат есімдер үйден (шығу), тоғайдан (шығу), сияқтылар. Бұлар-
пысықтауыштық қатынаста тұрып, мекендік мағанада жұмсалған сөз тіркестері. Ал
жіптен тоқу, барқыттан тігу, (қораны) қамыстан салу тəрізді тіркестер толықтауыштық
қатынаста тұрып, іске қатысты заттың материалдық тегін білдіреді. Толықтауыштық
қызметте жүмсалатын шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің мағыналары, негізінде,
мынадай болады.1.Заттың басқа заттан істелу тегін білдіреді. Тастан жер ошақ жасап,
май қайнаттым (Ғ.Мүсірепов)
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды (Ы. Алтынсарин).
Болатын сұңқар ұшырып,
Мұхиттан əрі асамыз.
Қуаттан дария ағызып,
Ерліктен ерлік туғызып
Өрге өрлеп тасамыз (Жамбыл)
Мұндай шығыс жалғаулы сөз тіркесін меңгеретін етістіктің жетегінде тура
толықтауыш та болады. Сонда шығыс жалғаулы жанама толықтауыш тура
толықтауышпен де мағыналық байланыста тұрады.
Мағлұматтың, əрекетінің шығу көзін білдіреді. Ондай сөз тіркестерін құрайтын
етістіктер кісінің қабылдау əрекетін білдіретін сабақты етістіктер (алу, алдыру, білу,
есту, оқу, үйрену, сұрау); кісіден есіту, кітаптан алу, үлкеннен үйрену, сөзінен білу ,
жолдасынан сүрап алу.
Жүсіп оның жайын Күншіден сұрап білді(Мүсірепов). Жұмыскерлер Ереминнен
естігенін айтты (М.Əуезов).
3.Шығыс жалғаулы зат есімдер айрылу, құтылу, айғу, жазылу, қашу, тазарту,
тазару, безу сияқты етістіктермен тіркесіп, бердеңеден арылу, құтылу мағанасында
жұмсалады. Мысалы: арудан айығу, бəледен құтылу, жамандықтан қашу.
4.Сан есім не болмаса сан есімнен анықтауышы бар зат есім шығыс жалғауда
тұрып етістікпен тіркескенде, сөз тіркесі заттың сандық бөлшегіне даралаған мөлшерін
білдіреді. Сегіз жүз жылқыдан бір тай қалмаған екен. Əрбір қонақтың сыртында
екіден, үштен жастықтар жатыр (М.Əуезов).
Пысықтауыштық қатынастағы етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары шығыс
жалғау арқылы тіккелей етістікке не демеулер арқылы етістікке бағынады, мысалы:
таудан асты, бір жылдан асты, аудан əрі асты, бір жылдан соң асты. Пысықтауыштық
қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, мынадай мағыналарда айтылады.
1.Көлемдік. Ондай сөз тіркестерінің көлемдік мағыналары істелетін істің,
əйтеуір,бір басталу орнын көрсетуге негізденеді.Көбінесе олар қимыл процесінің
орнын көрсетеді, мысалы: арбадан түсу, үйден шығу, терезеден кіру, тоғайдан өтіу.
Көлемдік мағыналы сөз тіркестерінің енді бірқтары қимылдың басталу, болу орнын
білдіреді, мысалы: каладан аттану, базардан қайту, осы арадан тарау.
2.Мезгілдік. Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мəнді жəне кісінің жас мөлшерін
білдіретін есімдер болады дабасыңқы сөз көбінесе қабылдау мəнді етістіктер болады,
мысалы: былтырдан білемін, жастайымнан түсінгенмін.
3.Себеп-салдар. Бұл мағынада жұмсалатын сөз тіркесінің шығыс жалғауы сыңары
есімше не қимылдық есім болады, мысалы: ұяалғаннан қызарды, түсінбегендіктен
қателесті,
үйықтап
қалғандықтан
кешікті.Жақып
Достарыңызбен бөлісу: |