Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


үрейін  ұшырып,  есінен  тандырды



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата30.01.2017
өлшемі1,02 Mb.
#3030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

үрейін  ұшырып,  есінен  тандырды.  Бұл  сөйлемдегі  үрейін  ұшырып,  есінен 
тандырды  деген  тіркестер  олардағы  жеке  сөздердің  тіке  мағынасына  сəйкес  ұғымда 
жұмсалмаған,  сол  тобымен  өзгеше  мағынада  жұмсалған:  үрейін  ұшыру – қатты 
қорқыту;  есінен  тандыру-  есін  шығару.  Бұлардың  бір  сөзін  мол  мағынасында,  сол 
тұлғада  кез  келген  басқа  сөздермен  тіркестіріп  айта  беруге  болмайды  (болса,  үрейім 
қалмады,  зəрем  ұшты  (қатты  қорықтым),  есінен  шығып  кетті.(ұмытып  кеттім)  сияқты 
өте  аз  кездеседі).  Бұл    жағынан  ол  тіркестерді  құс  ұшты,  балапан  ұшты,  қарға  ұшты, 
самолет ұшты; үйден шықты,  кеңседен шықты, есіктен шықты деген сөз тіркестерімен 
тең қоюға болмайды; алдыңғылар тұрақты тіркестер де, соңғылар – еркін тіркестер. 
Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздер де сөйлемнің бөлек-бөлек мүшесі 
болмай, сол тобымен бір-ақ мүшенің қызметін атқарып тұрады. Сонымен қатар олар 
сөз тіркесінің  бір-бір сыңары болып, күрделі сөз тіркестерінің де құрамында айтылады; 
Жаудың үрейін ұшырды, айтқаның есімнен шығып кетті. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Сөз тіркесінің синтаксисі туралы түсінік 
2. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем туралы жалпы сипаттама 
3. Сөз тіркесі дегеніміз не? 
4. Сөз тіркесінің құрамы мен құрылысы  
5. Түйдекті тіркес дегеніміз не? 
Пайдаланатын əдебиеттер 
1.  Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы. 1992. 
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996   
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997 
4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы.  1992.  
5. Бектұров Ш.Қазақ тілі. Алматы. 2006 
6. Cайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991.  
  
 
 

 
 
Сөздердің байланысу тəсілдері мен түрлері 
Жоспары 
                    1. Сөздердің байланысу тəсілдері туралы түсінік 
                    2. Сөздердің байлансу тəсілдерінің түрлері 
                    3.Сөздердің байланысу формалары 
                     
Тірек  сөздер:  сөздердің  қосымшалар  арқылы,  шылаулар  арқылы,  интонация  арқылы, 
орын тəртібі арқылы байланысуы, қиысу, матасу, меңгеру, жанасу, қабысу т.б. 
Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік қызмет атқару үшін өзара 
бері  байланыста  болуылары  керек.  Мысалы:  мен  жазба,  өлең,  ермек  дегендер 
бытыраңқы сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына 
енгенде. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…. дегендей синтаксистік байланысқа еніп, 
өзара  тіркесіп  тұруға  тиіс.  Сонда  мен  деген  сөз    жазбаймын  деген  сөзбен    жіктік 
жалғауы  арқылы  байланысып,  бір  тіркес  болса,  өлеңді  деген  сөз    табыс  жалғауы 
арқылы жазбаймын деген сөзбен  байланысып, үшінші тіркес жасалады.  
Сөздер,  осылай  өзара  тіркесіп  барып  бір  тұтас  сөйлем  болғанда , олар  əр  алуан 
синтаксистік  тəсілдер  арғылы    байланысад.  Сөз  бен  сөзді  байланыструға  дəнекер 
болатын  синтаксистік  тəсілдер , негізінде,  мыналар: 1. Жалғаулар  (септік,  тəуелдік, 
көптік,  жіктік).  Мысалы:  жастардың  міндеті  деген  сөз  тіркесіндегі  екі  сөздің 
алдыңғысы ілік жалғауда, сңғысы тəуелдік жалғауда  айтылу арқылы байланысқан. 2. 
Шылаулар  (демеулер,  жалғаулықтар).  Отаным  үшін  аттанам,  көрген  сайын  сұрайды 
дегендер  шылаулар  арқылы  байланысқан. 3. Сөздердің  орын  тəртібі  биік  тау,  темір 
күрек, хат жаз, білім ал деген сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз тек қатар тұру арқылы 
байлангысқан. 4. Интонация.  Бұл – кітап.  Жақып – бригадир – интонация  арқылы 
байланысқан. 
Сөз  тіркесідегі  сөздердің  қосымшалары  арқылы  байланысуы – синтетикалық 
байланыс,  қосымшаларсыз,  орын  тəртібі,  интонация,  шылаулар  арқылы  байланысуы 
аналитикалық байланыс болады. 
Сөздердің  өзара  байланысу  тəсілдері  негізінде  қалыптасқан  синтаксистік  
байланыс жүйесін  сөздердің байланысу формалары дйміз. 
Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары мыналар: 1) қиысу, 
2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5)жанасу. 
Қиысу - синтаксистік  байланыстың  көп  қолданылатынт  түрі.  Қисыу  да  -
сөйлемдегі  бағыныңқы  мүше  басыңқы  мүшенің  грамматикалық  тұлғасына  не 
грамматикалық  мақынасына    қарай  тұлғаланады.  Мысалы:  Мен  көрдім  ұзын  қайың 
құлағанын    деген  сөйлемде    мен  көрдім  –қиыса  байланысқан  сөздер.  Онда  мен  деген 
бастауыштың I жақтық грамматикалық  мағынасымен үйлесіп, көрдім деген баяндауыш 
та  бірінші  жақтық    жіктік  жалғауда  айтылған.  Сіздер  талапты    жеткіншектерсіздер 
дегенде, баяндауыш сіздер деген бастауыштың II жақтық грамматикалық мағынасына 
жəне  –дер  деген  грамматикалық  тұлғасына  қарай,  дəл  сондай  жалғауларда  айтылып 
қиысып тұр. 
Матасу - сөз  тіркесінің  құрамындағы    бағыныңқы  сөздің    басыңқыға  жəне 
басыңқының  бағыныңқыға  қарай  тұлғаланып  байланысуы.  Осылайша  бірімен-бірі 
қарама-қарсы,  матаса  байланысатын  сөздердің  бірі  ілік  жалғауда,  екіншісі  тəуелдік 
жалғауда    айтылады.  Мысалы:  ағаштың  бұтағы,  сенің  кітабың,  колхозшылардың 
табысы. 
Меңгеру-сөз  тіркесіндегі  бағыныңқы  сөздің    басыңқымен  мағыналық  үйлесімі 
негізінде  септік  жалғауларының  (іліктен  басқа)  бірінде  тұрып  байланысуы: 
меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады 
да, меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы болады. Осыған қарап 

 
 
меңгеруді  үшке  бөлеміз:  етістікті  меңгеру  (терезені  ашты,  жайлауға  шықты, 
қалтасынан  алды,  жолда  жатты,  түнімен  жүрді),  есімді  меңгеру  (қойдан  жуас,  оқуға 
ықыласты,  қалада  көп),  ортақ  меңгеру  (айтуға  тілім  жетпейді,  сөзін  мақұл  көрдік, 
жұртқа күлкі болғанмен, маған күлкі емес). 
Қабысу  –  сөз  тіркесінің  бағыныңқы  сыңарының  басыңқымен  жалғаусыз,  қатар 
тұру арқылы байланысы. Қабыса байланысатын сөздердің  көпшілігі тұрған орындарын 
өзгертпейді,  жұбын  жазбайды.  Ал  бірқатар  қабыса  байланысатын  сөздер  сөйлемдегі 
орнын  өзгертіп,  өздері  бағындыратын  сөздерінен  қашықтап  та  тұрады.  Ондай  алшақ 
байланыс жанасуға жатады.      
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Сөздердің синтетикалық байланысы қалай жасалады? 
2. Сөздердің аналитикалық байланысы қалай жасалады?   
3. Сөздердің байланысу формалары қандай? 
 
                                                      Пайдаланатын əдебиеттер 
1.Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы. 1992. 
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996   
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997 
4. Балақаев М.  Қазіргі қазақ тілі. Алматы.  1992.  
5. Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006 
6. Cайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991. 
 
Сөз тіркесін топтастыру принциптері. Есімді сөз тіркесі 
 
Жоспары 
                        1. Сөз тіркесін топтастыру туралы 
                        2. Есімді сөз тіркесі туралы түсінік 
                        3. Есімді сөз тіркесінің түрлері 
Тірек сөздер; cөз тіркесі, есімді сөз тіркесі, етістікті сөз тіркесі, қабыса байланысқан, 
матаса байланысқан, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесі. 
Сөз  тіркесін  бірқатар  авторлар  сөйлем  мүшелерінің  ыңғайында  топтастырады. 
Олар  тіркескен  сөздердің  өзара  мүшелік  қарым-қатынасына  қарай,  сөз  тіркесін  
“предикативті”  жəне    “предикативті  емес”  деп  екіге  бөледі  де,  соңғыдан  
“толықтауыштық”,  “анықтауыштық”  жəне    “пысықтауыштық”  сөз  тіркестерін  
шығарады. Сөз тіркестерін бұлай топтастыру  сөздердің өзара тіркесу ерекшеліктеріне  
негізделмей,  сөйлем  мүшелерінің  өзара  тіркесіне  негізделгендік  болады.  Егер  сөз 
тіркесін  “сөйлем  мүшелерінің  тіркесі”  деп  есептейтін  болсақ,  оның  синтаксистік 
ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен  араластырып жіберген боламыз. Бұл 
–бір.  Екіншіден,  сөз  тіркесі  мен  сөйлем  мүшелерінің  жігі  бір  емес.  Мысалы,  кен 
байлығы,  мал  дəрігері,  қос  ауыз,  қазан  пышақ  сияқты  сөз  тіркестері  сөйлемде  бір-бір 
күрделі мүше  болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтастыруды қанағаттанарлық 
деп  айтуға  болмайды.  Рас,  сөздер  бірімен-бірі  тіркесу  нəтижесінде  белгілі  мүшелі 
қатынаста  айтылады.  Бұл  жағдай  сөз  тіркесінің  синтаксисінде  еленеді,  бірақ  оның  ең 
басты белгісі бола алмайды. 
Сөз тіркесін топтастыру принциптерін  дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің зерттеу 
обьектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерінің нелер екенін ашу керек. 
Сөз  тіркесі  синтаксисінің  негізгі  обьектісі – сөйлем  мүшесі  емес,  сөз.  Сөздердің 
өзара  тіркесуі – олардың  грамматикалық  қасиетінің  бірі.  Сөз  тіркесінің  синтаксисінде 

 
 
жеке  сөз  таптарының,  олардың  бөлшектерінің  басқа  сөздермен  жəне  өзара  тіркесу 
қабілеті,  байланысу  тəсілдері,  сөздердің  сөз  тіркесін  құраудағы  қызметі 
қарастырылады. 
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді жəне 
етістікті  болып  үлкен  екі  салаға  бөлінеді.  Есімді  сөз  тіркесінде    есім  сөздердің  бірі 
басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады. 
Есімді,  етістікті  сөз  тіркестерінің  құрамдары,  түр-тұрпаты  əр  түрлі  болады.  Сөз 
тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын жəне сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын 
синтаксистік  тірек – сөздердің  байланысу  формалары.  Есімді  жəне  етістікті  сөз 
тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді. 
Есімді  сөз  тіркестері  қабыса,  матаса  жəне  меңгеріле  байланысады,  етістікті  сөз 
тіркестері қабыса жəне меңгеріле байланысады.  
Соңғылар  қандай  сөздерден  құралатынына  қарай  өзара  тағы  бірнеше  топқа 
бөлінеді. 
Есімді сөз тіркесі туралы түсінік. Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі əр уақытта 
есім,  көбінесе  зат  есім  болады.  Зат  есімдердің  жетегінде  айтылып,  оларға  бағынып 
тұратын  тұратын  сөздер  де  көбінесе  есімдер  болады.  Ол  есімдердің  бірқатары  сөз 
тіркесін құрау үшін өзара қабыса байланысады. 
Қабысу – түркі  тілдерінде,  оның  бірі  қазақ  тілінде  өте  жиі  қолданылатын 
синтаксистік  байланыс  формасының  бірі.  Егер  қиысуда    бағыныңқы  сөз    басыңқы 
сөздің    грамматикалық  мағынасына,  тұлғасына  бейімделе,  тиісті  жалғауда  айтылып, 
байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері  өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар 
тұру  арқылы  тіркеседі.  Сонда  қабыса  байланысқан  сөз  тіркестерінің  грамматикалық  
байланыс амалы сөздердің орын тəртібі болады. 
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы əр түрлі; оның бағыныңқы 
сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, есімше, 6стеу болады да, басыңқы 
сыңары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер болады.  
Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер;  
Зат  есім;  темір  күрек,  ағаш  күрек,  жел  диірмен,  түлкі  тымақ,  етікші  бала, 
жұмысшы адам. 
Сын есім; биік тау, қызық өмір, жақсы талап, малды колхоз. 
Сан есім; үш кісі, мың қой, оныншы мектеп. 
Сілтеу есімдігі; бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ. 
Есімше; айтылған сөз, келген кісі, айтар сөзім. 
Үстеу; бүгін бала, ертең оқытушы. 
Бұларды  жинақтап,  зат  есіммен  қабыса  байланысатын  сөздерді  схемамен 
көрсетсек болады:  
Сын есім мен   зат есім: жібек орамал 
Зат есім мен    зат есім: балалы үй 
Сан есім мен   зат есім: алтыншы арба 
        Есімше мен    зат есім: Орындалған арман 
        Сілтеу есімдігі мен зат есім:  мына қала. 
         Үстеу  мен зат есім:   бүгін студент. 
Бұл есімдердің өзара тіркесу қабілеттілігі бірдей емес. Олардың сөз тіркесін құрау 
ерекшеліктерін білу үшін, əр түрін бөлек қарайық. 
Қабыса  байланысқан  зат  есімдерден  құралған  тіркестер.  Қабыса  байланысатын 
сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі – зат есімдерден құралатын тіркестер. Екі 

 
 
зат  есім  атау  күйінде  қабыса  байланысып,  сөз  тіркесін  құрау  үшін  алдыңғысы 
соңғысына бағынып тұрады; алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т.б. 
Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі сөзден құралады. Олар 
өзара əр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады; қамыс құлақ, бота тірсек, темір 
қанат балапан, шаруа қол товар. 
Осы  тəрізді  қатар  тұру  арқылы  бірін-бірі  анықтайтын  зат  есімдер  тобы  екі,  үш, 
кейде  төрт  сөзден  құралуы  мүмкін;  темір  қанат  балапан,  қой  көз  бала,  шоқпар  темір 
таяқ. 
Зат есімдерден құралған сөз тірсектері тұрған орнына қарай байланысқанда, əрбір 
анықтауыштық тіркес фразалық бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып 
тұрады. 
Зат  есімдерден  құралған  анықтауыштық  топқа  кез  келген  зат  есім  ене  бермейді. 
Оған  өзара  мағыналық  байланыста  бола  алатын  сөздер,  тілде  солай  айтылып 
үйреншікті  болған  сөздер  ғана  енеді.  Сондықтан  тас  жол,  темір  күрек,  қол  сағат  деп 
айтылады  да,  керісінше,  жол  тас,  күрек  темір,  сағат  қол  деп  айтылмайды.  Зат 
есімдерден  болған  сөз  тіркесінің  бірінші  сыңары  көбінесе  конкретті,  материалды 
заттың аты, кейде солай ұғынылатын басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге , қайрат, 
əрекет,  айла,  айбат,  сес,  ұйқы,  тəртіп,  абырой,  кінə,  түс,  обал  сияқты  абстракты  зат 
есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып айтылмайды.  
Бірқатар  зат  есімдер,  жоғарыдай,  анықтауыштық  құрамда    жұмсалу  үшін  ол 
екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді;  
а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар анықтауыштық 
құрамда  енеді.  Арқа  отын  деп  жалаң  айтылмайды,  бір  арқа  отын  дегенде  оның 
алдында  сан есімнен анықтауышы болса ғана, екі зат есім қатар тұрып тіркесе алады.  
ə) Сол сияқты, қайнатым шай, үзім нан, асым ет қалпында етістіктің аяғына –ым/-
ім  жұрнағы  жалғанып  жасалған  зат  есімдер  мен  басқа  зат  есімдер  сандық 
анықтауышсыз  бір  топ  құра  алмайды,  бір  қайнатым  шай,  бір  үзім  нан,  екі  асым  ет 
сияқты құрамда ғана айтылады. Сонда, екі заттың анықтауыштық қатынаста айтылуы 
олардың  алдындағы  сан  есімдерге  байланыстан  болады.  Бұлай  болу – барлық  затқа 
бірдей шарт емес. 
б)  Салпаң,  қалқан  сияқты  бейнелеуіш  сөздер  қатысқан  зат  есімдер  басқа  затпен 
тіркесіп, анықтауыштық құрамда айтыла алады;   Қалқан – қалқан құлақ бала,  Салпы – 
салпы ерін ат,  Бұлаң –бұлаң құйрық түлкі,   Сылтық – сылтық аяқ түйе. 
в)  Бірқатар  зат  есімдер  өзара  тіркесу  үшін  олардың  алдында  келте,  қысқа,  биік, 
ұзын,  жұқа,  қалың,  шолақ,  қаба  сияқты  сын  есімдер  болады;  ұзын  құйрық  түлкі,  биік 
өкше етік.  
г)  Бірқатар  зат  есімдер  тек  қосарланып  айтылғанда  ғана  басқа  зат  есімдермен 
тіркесе алады; қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, тарам-тарам тамыр, айқыш-айқыш жол 
т.б. 
Зат  есімдерден  құралған  сөз  тіркестері  түрлі-түрлі  мағыналық  қатынаста 
жұмсалады.  Ол  жағдай  анықтауыштық  топтағы  заттардың  семантикалық 
өзгешеліктерімен  байланысты.  Мысалға  қамыс  қора,  қамыс  құлақ  дегенді  алайық. 
Бұлардың сыртқы құрылысы  бірдей, бірақ мазмұны бірдей емес; қамыс деген зат есім 
қораның  алдында  тұрып,  қораның  қамыстан  істелгенін  білдірсе,  құлақ  деген  сөздің 
алдында тұрып, құлақтың қамыстай екенін білдіреді. Соңғының орнына қамыс сырнай 
десек,  мұнда  да  сырнайдың  қамыстан  істелгендігін  білдіреді.  Сол  сияқты:  Тас  үй – 
тастан  салынған  үй.  Тас  еден – тас  төселген  еден.Тас  балға – тасты  сындыратын 
балға.Бұл  мысалдарға  қарағанда,  есімді  сөз  тіркестерінің  мазмұны,  бір  жағынан, 

 
 
басыңқы  сөздің  мағынасымен  байланысты  болса,  екінші  жағынан,  оның  анықтауышы  
болған бағыныңқы сөздің заттық мағынасымен байланыста болады. 
Сын  есімді  тіркестер.  Сын  есімді – заттың  əр  түрлі  сындық  сапасын  білдіретін 
сөздер.  Солай  болатындықтан  олар  зат  есімдерге  қатысты  болып,  зат  есімдерден 
тіркесіп,  есімді  сөз  тіркесінің  құрамында  өте  көп  жұмсалады.  Сын  есімдердің 
лексикалық  мағыналарына  жəне  синтаксистік  қызметіне  қарағанда,  олар  есімді  сөз 
тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңары болатын. 
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді 
сөз  тіркесі  жасалады.  Мұндай  синтаксистік  тіркестердің  құрамы  əр  алуан 
болатындықтан,  олар  əр  түрлі  анықтауыштық  қатынаста  жұмсалады.  Мысалы, 
анықтауыштық  қатынаста  жұмсалатын  сын  есімдер  заттың  түсін  (ақ  қар,  боз  ат,  көк 
шөп,  қызыл  гүл),  заттың  көлемдік  сапасын  (тар  жол,  қысқа  жіп,  кең  сарай),  заттың 
табиғи  күйін  (қалың  қарағай,  салқын  жел),  тамақтың  дəмін  (тəтті  тамақ,  ащыс  сорпа, 
қышқыл жеміс), заттың салмақтың мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан) т.б. білдіреді. 
Осындай  əр  түрлі  мағынада  жұмсалатын  сын  есімдер  кез  келген  зат  есіммен 
тіркесе  бермейді  жəне  барлық  сын  есімдердің  зат  есімдерден  тіркесу  қабілеті  бірдей 
емес.  Мысалы,  тілемсек  деген  сөз  адамның  ғана  сынып  білдіреді.  Сондықтан  оны 
тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады, тілемсек ат, 
тілемсек  қоян  тəрізді  құрамда  айтуға  болмайды.  Сол  сияқты  асау  сөзін    асау  ат,  асау 
бие,  асау  тайлақ  сияқты  құрамда  айтуға  болады  да,  асау  бала,  асау  шал,  асау  тал  деп 
айту  ерсі  болады.  Оның  себебі  əрбір  сын  есімнің  білдіретін  лексикалық  мағынасы 
белгілі  затқа  тəн  сапа  болады.  Сондықтан  мысалы,  қисық  сөзін  қисайтуға  болатын 
заттардың,  асау  сөзін  көлік  малын  білдіретін  заттардың  сапасы  деп  айтуға  болады, 
көркем  əдебиетте  ондай,  белгілі  ғана  заттың  сапасын  кейде  мағыналық  үйлесімі  кем 
басқа затқа теліп, сол арқылы сөз тіркесінің мазмұнын көрікті етіп əсірелеуге болады. 
Сан  есімді  тіркестер.  Сан  есімдер – зат  есімдерге  тəн,  оларды  сан  жағынан 
анықтап тұратын, зат есімнің жетегінде  айтылатын, өзінің басыңқылық дербестігі жоқ 
сөздер.  Олардың  зат  есімдермен  тіркесуі  арқылы  қабыса  байланысқан  есімді  сөз 
тіркестері  жасалады.  Сан  есімдер  зат  есімдердің  өзара  тіркесу  қабілеті  ерекше 
болатындықтан,  ондай  сөз  тіркестері  жиі  кездеседі  жəне  олардың  құрамы  əр  түрлі 
болады. 
Бірқатар  зат  есімдер  талдап  саналатын  конкретті  заттардың  аты  болады  да, 
бірқатары  абстракт  ұғымының  аты  болады.  Осыған  орай,  сан  есімдер  барлық  зат 
есіммен  бірдей  тіркесе  алмайды;  олар  санауға  болатын  заттардың  атын  білдіретін 
сөздермен  тіркесе  алады  да,  санауға  болмайтын,  абстракт  ұғымды  білдіретін  зат 
есімдермен тіркеспейді. Соңғыға мынандай сөздер жатады;  
а) балалық, жастық, сұлулық, тазалық, жалқаулық 
ə)  гүрсіл,  тарсыл,  қарау,  жүдеу,  жасқану  сияқты  құбылыс,  процесс  аттарын 
білдіретін  зат есімдер; 
б)  логика,  психология,  химия,  биология,  педагогика  сияқты  ілім  жəне  ғылым 
аттарын білдіретін зат есімдер. 
Есімшелі тіркестер. Зат есімдермен қабыса байланысатын сөздердің тағы бір тобы 
–  есімшелер.  Есімшелердің  зат  есімдермен  тіркесуі  арқылы  анықтауыштық 
қатынастағы  есімді  сөз  тіркестері  жасалады,  мысалы;  орылған  егін,  жайнаған  дала, 
көгерген шөп, келіскен кіс, айтар сөз. 
Есімдікті  тіркестер.  Есімдіктердің  ішінде  қабыса  байланысқан  есімді  сөз 
тіркестерінің  бағыныңқы  сыңары  болып  жиі  кездесетіндері – сілтеу,  сұрау  жəне 
жинақтау  есімдіктері.  Олар  зат  есімдермен  тіркесіп,  анықтауыштық  қатынаста 
жұмсалады. Мысалы, мына кітап, ана тау, осы қала, қай аудан?    

 
 
Үcтеулер. Үстеулер-өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың қимылдық 
сапасын  айқындайтын  сөздер.  Солай  болатындықтан  олар  көбінесе  етістіктерге 
қатысты болып, етістікті сөз тіркесінің құрамында жиі қолданылады. Үстеулердің есім 
сөздермен тіркесуё кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ тілінің материалдарына қарағанда, 
мезгіл  үстеулері  сөйлем  ішінде  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім  жəне  бар,  жоқ  сөздеріне 
қатысты болып, солармен қабыса байланыста көп ұшырайды. 
Матаса  байланысқан  сөз  тіркестері.  Матасу – қиысу,  меңгеру  сияқты 
синтаксистік  байланыс  формаларының  бірі.  Ол  изафеттік  құрылыстағы  сөз  тіркесінің 
байланыс  формасы;  Омарбектің  інісі,  ағаштың  бұтағы,  біздің  табысымыз.  Бұл  сөз 
тіркестерінің  бірінші  сыңарлары  ілік  жалғауда,  екінші  сыңарлары  тəуелдік  жалғауда 
айтылған. 
Сөйлемдегі  сөздердің  осылай  байланысуы – қазақ  тілінің  грамматикалық 
құрылысындағы  ерекшелігінің  бір.  Ондай  сөз  тіркестерінің  байланысын  бірқатар 
авторлар  қиысу  деп  қарайды.  Енді  бірқатар  авторлар  басқа  тілдерде  бар  байланыс 
формасының, əйтеуір, біріне жатқызу үшін оны меңгеру деп таниды. Дұрысында, біздің 
матасу  дегеніміз  бен  қиысудың  кейбір  сыртқы  ұқсастығы  бары  рас.  Бірақ  екеуі  бір 
емес; екеуінің мазмұны да, сөз тіркесін құраудың қызметі де екі басқа. Оның соңғыдан 
негізгі  айырмашылығы  мынау;  егер  меңгеруде  өзара  байланысқан  сөздердің  бірі  
екіншісіне бағынып тұлғаланса, матасуда бағыныңқы сөз бағынатын сөзге қарай айқас 
байланысады.  Басқаша  айтқанда,  бір  сөздің  белгілі  жалғауда  тұруын  керек  ететін  сөз 
оның жетеінде айтылып, оған бағынып тұрады. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы 
сөзге  иек  артып,  соның  жақтық,  көптік  мағынасына  лайық,  белгілі      грамматикалық 
тұлғада  айтылса,  матасуда  керісінше,  басыңқы  сөз  өзіне  бағыныңқы  сөздің  жақтық 
мағынасымен  үйлесіп,  тісті  граматикалық  түлғада  айтылса,  матасүда,  керсінше, 
басыңқы  сөз  өзіне  бағыныңқы  сөздің  жақтық  мағынамасы  мен  үйлесіп,  тиісті 
граматикалық  түлғада  «тəуелдікжалғауда)  жүмсалады.  Сөйте  түрып,  ол  бағыныңқы 
сөздің тиісті жалғауда «ілік септікте) айтылыуын керек етеді: 
Менің қарындасым келді, 
Сенің қарындасың келді, 
Оның қарындасы келді. 
Мұнда тəуелдік жалғаулардағы бастауыштарға баяндауыштар бағындырылып, ілік 
септікті сөздер олардың анық тауыштары болып түр. Ортадағы сөздің бірде I жақтық,  
бірде II жақтық,  бірде III жақтылық  түлғада  айтылыуы  оның  бағыныңқысының 
ерекшелігіне қарай түрленетін болады да, олардың қай жақта болыуымен  байланысты. 
Сонда  тəуелдеулі сөздер  өзіне бағыныңқы сөздердің мағыналық байланыслы айқасқан 
байланыс болады. Оны қиысумен  салыстыра стрелкамен көрсетсек, былай болар еді. 
        Қиысу                                     Матасу 
Бастауыш          Баяндауыш   Анықтауыш  Анықталушы    
Матаса  байланысуды  қиысудан  бөліп  қарау  қазақ  тілінің,  сонымен  қатар  басқа 
түркі  тілдерінің  де  сөйлем  қурылысында  бар  синтаксистік  ерекшелікті  дұрыс  тануға 
себепкер  болады.  Олай  етпей,  ағаштың  жапырағы,  менің  жолдасым  дегендерді  тек 
жақтық,  сандық  қиысу  тұрғысынан  карағанда,  ондай  топтағы  басыңқының 
тұлғаланыуы  ескеріледі  де,  ілік  жалғауындағы  сөздерге  бағыныңқылық  ыңғайда 
жұмсалатыны  ескерілмеген  болады.  Шынында  да,  олардың  екі  жағын  бірдей  ескеріу 
керек. 
Матасу деген терминді қлдануда изафеттік қурылыстағы (Темірбектің інісі тəрізді) 
тіркестін  сол  сияқты  басқа  сөз  тіркестермен  де  тізбектеліп,  шиыршықтана  беретінін 
ескеру  қажет.  Мысалы:  Темірбектің  інісі;  Темірбектің  інісінің  пальтосы;  Темірбектің 
інісінің пальтосының түймесі; Темірбектің інісінің пальтосының түймесінің бауы;  

 
 
Бұл матаса байланысқан бір тізбекті тіркестің соңғы сөзі одан бұрын тұрған сөзбен 
матаса байланысып, ол басқа сөздермен тағы сондай синтаксистік байланысқа еніп, 3-4 
сатылы  шумақты  топ  жасалған.  Ол  топтың  бірінші  жəне  соңғы  сөзінен  басқалары  да 
анықталушы,  əрі  анықтауыш  болып,  бəрі  жиналып,  өзара  матаса  байланысқан  бір 
синтаксистік шумақ болып тұрады. 
Изафеттік  құрылыстағы  сөз  тіркестерімен  өзара  матастырып  тұратын 
грамматикалық  тұлғалар – ілік,  тəуелдік  жалғаулары.  Сонда  ондай  сөз  тіркестерінің 
бірінші  сыңары  ілік  жалғауында  айтылады  да,  екінші  сыңары  тəуелдік  жалғауда 
болады. Тек біз, сіз деген екі есімдік ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен тіркесетін сөз 
жалғаусыз да айтылады; біздің бала, біздің ауыл, сіздің бала, сіздің ауыл. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет