Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


)Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата30.01.2017
өлшемі1,02 Mb.
#3030
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2)Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем.   
Қарсылықты  бағыныңкылы  сабақтас  сөйлемге  жай  сөйлемдері  мағыналық 
жағынан  бір-біріне  қайшы  келетін  сабақтас  құрмалас  сойлемдер  жатады. 
Компоненттерінің 
мағыналық 
қатынастары 
жағынан 
алғанда, 
қарсылықты 
бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем  қарсылықты  салалас  сөйлемге  өте  ұқсас.  Екеуінің 
компоненттерді  де  мағыналары  бір-біріне  қайшы,  қарсы  келетін  оқиғаларды,  жай-
к6йлерді баяндайды. Бұл екеуінің арасындағы өзгешелік компоненттерінің бір-бірімен 
құрмаласу  тəсілінде-бірінің  салаласа,  екіншісінің  сабақтаса  құрмаласуында  ғана. 
Құрмалас  сөйлем  синтаксисін  баяндауға  арналған  бұрын  соңды  шыққан  əдебиеттерде 
қарсылықты  бағыныңқылар  өз  басыңқысымен  көмектес  жалғаулы  жəне  –ша  -ше 
жұрнақты  есімшеден  болған  баяндауышы  мен  да,  де  шылаулы  шартты  райдан  болған 
баяндауышы  аркылы  құрмаласады  делінген.  Қарсылықты  бағыныңқыларды 
құрмаластыруда бұл айтылган етістік түрлерінің көбірек қолданылатыны даусыз. Бірақ 
қарсылықты  бағыныңқылардың  баяндауыштары  əрдайым  осы  айтылған  формалы 
сөздерден ғана болып отырмайды.  
Компоненттер  мағыналарындағы  қарама-қарсылықтың  түрлері  де,  олардың 
көріну тəсілдері де алуан-алуан. Оның «хайуаны да найсабы да» мен түсінбейтін сөздер 
болғанмен,  зілді  сөздер  екенін  молданың  кескінінен  байқап  отырмын.  Жақсы  аттың 
жалын сақтағанша, жақсы жігіттің арын сақта.  
Бағыныңқы  компоненттегі  белгілі  бір  іс-əрекеттің,  жағдайлардың  логикалық 
нəтижесі,  болуға  тиісті  табиғи  қортындысы  ретінде  күтілген  жайлар  басыңқы 
компонентте  олай  болмай  шығады.  Мысалы:  Дəркембай  екі  мықты  мырзаның 
қыспағында  отырса  да,  Құнанбайдың  сыртынан  соңғы  сөзін  қатты  айтып  қалды. 
Абайдың құбылысы орасан болғанмен, енді Ербол бұны түсіне бастады.  
Екі  компонент  арасындағы  қарама-қарсылық  мағына  бағыныңқы  компоненттің 
белгілі баяндауыш формада айтылуы арқылы жасалады. Ондай баяндауыш формасына 
мыналарды жатқызуға болады:  
1)  Бағыныңқы  компонент  да.  де,  шылауына  тіркескен  шартты  рай  формалы 
етістікке  аяқталады.  Анау  жанжал уақтында,  сол  жылдары  Күнту басқа  жаққа  шығып 
кетсе де, Оразбай оны бір аяғынан іліп қалды. Қатыны шайын дəмдеп құйып берсе де, 
Егеубай бұрынғыдай жадырап іше алмай, бірер кеседен кейін төңкерді.  
2) Бағыныңқы компонент көмектес жалғаулы есімшеге аяқталады. Мысалы: Қыс 
қыстаулары  баска  болғанмен,  жаз  көбіне  бірігіп  отырады.  Ол  ақылдарға  Масақбай 
қарсыболғамен, басқарманың өзге мүшелері көбін қабылдады.  
3)  Бағыныңқы  компонент  шартты  рай  формалы  етістікке  аяқталады  да,  əр 
компонент құрамында мағына жағынан бір-біріне қайшы келетін сөздер болады. Ондай 
сөздер  антоним    сөздер  болуы  да,  етістіктің  бірі  болымды,  екіншісі  болымсыз  түрі 
болуы да мүмкін. Төлеубекті мұғалімдердің көбі жек көрсе, Жанат оны жақсы көреді.  

 
 
4)  бағыныңқы  компонент  көсемше  формалы  етістікке  аяқталады  да,  басыңқы 
компонентте  бағыныңқы  компоненттегі  негізгі  пікірге  қайшы  мəнде  айтылған  сөз 
болады.   
5)  Бағыныңқы  компонент  –ша-ше  аффиксті  есімше  аяқталады  да,  сөйлем 
бағыныңқы  компоненттегі  іс-əрекеттегі  іс-əрекеттің,  жай-күйдің  болғанынан  басыңқы 
сөйлемдегі  іс-əрекеттің  болғанының  артықтығын  көрсетеді.  Бірақ  ондай  артықшылық 
екі түрлі і-əрекетті теңдестіру түрінде емес, біріншідегі іс-əрекетке қарсы бола отырып, 
екіншідегі іс-əрекетті қолдау түрінде болады.  
Қарсы  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем  жасауда  жоғарыда  талдаған  тəсілдердің 
атқаратын  қызметтері  бірдей  емес.  Олардың  ішінде  қарсы  бағыныңқылы  сабақтас 
сөйлемжасауда жиі қолданылатыны да жəне сөйлемнің мұндай түрін құрмаластыру-ең 
негізгі  функциясы  болып  есептелетін  де  көмектес  жалғаулы  есімше  мен  –да-де 
шылаулы  шартты  рай  формалы  сөздер.  Бұлардың  солай  екендігін  қазақ 
лингвистикасында құрмалас сөйлем синтаксисинің алғаш зерттеле  бастаған күннен-ақ 
танылған  жəне  содан  бері  ешқандай  пікір  таласына  объект  болған  емес,  бұл  мəселеге 
арналған барлық еңбекте де бірауыздылықпен баяндалып келеді. Ал кейінгі екі тəсілдің 
яғни  шартты  рай  формалы  етітік  пен-ша-шежұрнақты  есімшенің  қарсы  бағыныңқылы 
сабақтас сөйлем жасаудағы ролі алдыңғылардан біраз басқарақ. Мағыналары бір-біріне 
қарама-қарсы  келетін  жай  сөйлемдерді  құрмаластыру – бұл  екеуінің  бірден-бір 
функциясы  деуге  болмайды.  Бұлар  басқа  мағыналық  қатынастардағы  компоненттерді 
де бір-бірімен құрмаластыру үшін де қолданылады. Мысалы:  
Тəкежанның  ұрлатқаны  шын  болса,  ол  малдың  жоқтаушысы  өзі  болатынын 
ескертіп  отыр.  Бүкіл  жұмысшы  көтерілсе,  оған  қаланың  ұсақ  қолөнерлері  мен 
оқыушылары  дем  беріп  бас  көтерер  еді.  Қарсы  бағыныңқылы  сабақтастың  өзіндік  бір 
ерекшелігі  сол,  оның  бағыныңқы  компоненті  мағыналық  жағынан  басыңқыға 
меңгерілмейді, оның белгілі бір мүшесіне жетектеліп, белгілі бір сұрауға жауап болып, 
тұрлаусыз мүшелер тəріздес қызмет атқармайды. Мұндағы бағыныштылық компонент 
баяндауышының  тек  формалық  жағынан  тиянақсыздығында  ғана,  ал  компоненттердің 
мағыналық  қатынастары  жағынан  алғанда  қалыпты  қарсылықты  салалас  сөйлеммен 
бірдей.    
3)Салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
Сабақтас  құрмаластың  кейбір  трлерінде  бір  жай  сөйлемдегі  əрекет,  жай  күй 
екінші  жай  сөйлемдегі  əрекетпен,  жай  күймен  салыстырыла,  теңдестіріле  айтылады. 
Мысалы:  Майдандағы  сіздердің  халдеріңіз  қандай  болса,  мұндағы  біздің  халіміз  де 
сондай. Кең бөлменің ауасы жетпегендей, оның демі таралып кетті.  
Бұл  мысалдың  бірінші  сөйлеуші  адам  өзінің  хал-жағдайын  майданындағы 
жауынгерлердің  ҳал-жайымен  салыстыра,  теңдестіре  көрсетсе,  кейінгі  сөйлемде 
біреудің  демінің  тарылуы  ауа  жетпеген    уақыттығы  адамның  демінің  тарылуына 
салыстырылған. Оның демі қалай тарылып кетті?-Бөлменің ауасы жетпегенде, адамның 
демі қалай тарылса, оның демі де солай тарылып кетті.  
Осылар  тəріздес,  компоненттерінде  баяндалатын  оқиға,  жай-күй  бір-біріне 
салыстырыла,  теңдестіріле  көрсетілетін  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер  салыстырма 
бағыныңқылы сабақтас бағыныңқылы сабақтас сөйлем болады.  
Салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерде, негізінде, соңғы, тиянақты жай 
сөйлемдердегі  оқиға,  жай  күй  алдыңғы  бағыныңқы  жай  сөйлемдегі  оқиғамен,  жай 
күймен салыстырылады.  
Салыстырмалы  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемдер  мынадай  тəсілдер  арқылы 
жасалады. 1. Бағыныңқы  компонентті  шартты  рай  формалы  етістікке  аяқталады  да, 
оның  құрамында  міндетті  түрде  қандай,  қанша,  қалай  дегендер  тəріздес  сұрау 
есіvдігінің  бірі  айтылады.  Ал  басыңқы  компонент  құрамында  алдыңғы  бағыныңқы 

 
 
компоненттегі  сұрау  есімдіктеріне  қарай  айтылған  сондай,  сонша,  солай  дегендер 
тəріздес сөздердің бірі келеді де, бұл сөзер басыңкы компонентте баяндалған оқиғаның, 
жай-күйдің  бағыныңқы  компоненттегі  оқиғамен,  жай-күймен  теңдестігін,  бірдейлігін 
білдіреді.  Сіздің  үйдегі  Сəду  ағай  маған  қандай  жақын  болса,  Келдібай  да  сондай 
бауырым еді. Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанган еді.  
2.  Салыстырма  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем,  сондай-ақ  бағыныңқы 
компоненттің  баяндауышы  қызметінде-дай,  дей  жұрнақты  өткен  шақтық  есімше  келу 
арқылы  жасалады.  Мысалы:  Сондай  өмір  өзіне  еліктіргендей,  Дəулет  ауылдағыдан 
əлдеқайда сауықшыл боп кеткен сияқты.  
Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем.    Бағыныңқы  компонентті  басыңқы 
компоненттегі  іс-əрекеттің,  оқиғаның  мезгілін  білдіріп  тұратын  сабақтас  құрмалас 
сөйлем мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем болады.  
Сабақтастың  бұл  түріңдегі  бағыныңқы  копонент  басыңқы  компонентке  немесе 
оның  баяндауышы  қызметінде  қолданылған  етістік  сөзге  меңгеріліп,  соның  жетегінде 
айтылады  да,  соны  мезгілдік  жағынан  пысықтап,  қалыпты  мезгіл  пысықтауышының 
сұрауына  жауап  болып  тұрады.  Мысалы:  Отыз  елубасын  начальник  санап  тұрғанда, 
қазақ тілмаш та қатты саңқылдап қайталап айтып тұрды. Құстарың ана дуадақты барып 
ілгенше,  екеуің  бір-бір  ауыз  тың  өлеңді  шауып  келе  жатып  айтыңдар.  Дəрмен 
бағанадан  бергі  дағдысымен  төрттіктің  соңғы  екі  жолын  тағы  өзі  бітіруге 
ыңғайланғанда,  Мағаш  қатарында  келе  жатқан  Дəрменнің  тізгінен  ұстап,  күліп  тұрып 
əзіл айтты.  
Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем  əр  түрлі  тəсілдер  арқылы  жасалады. 
Мұндағы  екі  жай  өйлемді  бір-бірімен  байланыстыру,  құрмаластыру  қызметің 
атқаратын бағыныңқы компоненттің баяндауышы формалық құбылыстарға орасан бай. 
Ол негізінде, мынадай формалы сөздерден болады.  
1.Жатыс  жалғаулы  есімшеден  болады:  Дəрмен,  Мағаш,  Кəкітай  үшеуі  бір-біріне 
үнсіз қарасқанда,бəрінің көзінде де бұл сəтте үлкен ыразылық бар еді.  
2. Өткен шақтық есімшеге –ша-ше жұрнағы қосылу арқылы жасалады.  
Жылқыға  Абылғазы  қолы  жетіп  араласқанша,  мың  сан  тұяқтардың  құжырлы 
серпіндерінен ұшқан шиыршық қар енді бүткіл өңірді ақ түтек етті.  
3. Атау тұлғалы есімшеге сайын, соң, кезде, күнде, уақытта, мезгілде, сəтте күні, 
жылы  дегендер  тəріздес  сөздердің  көмекші  болып  айтылуы  арқылы  жасалады:  Бұл 
арадағы майдан біткен соң, ол топ жылқының соңынан шаба жөнеледі. Базаралыны бұл 
ұрып қалған сəтте, өзінің де сайманнан Абылғазының қайта сілтеген шоқпары зіл қара 
тастай қатты кеп соқты.  
4.  Барыс  жалғаулы  есімшеге  шейін,  дейін  шылаулары  тіркесіп  айтылу  арқылы 
жасалады.  
Тоғай,  шымшық,  қарлығаш,  бөдене  сияқты  кішкене  құстардың  балапандары 
ұшқанға шейін, жылан оларды үясына барып жұтады.  
5. Шығыс жалғаулы есіvшіге кейін, соң, бері шылаулары тіркесіп айтылу арқылы 
жасалады.  
Рахмет қоштасып кеткеннен кейін, Наталияның ұйқысы ашылып кетті.  
6.  Шартты  рай  формалы  етістіктен  болады.  Байжан  райкомға  барса,  Рахметтің 
кабинетінде ауданның басшы қызметкерлерінен он шақты кісі отыр екен.  
7.  Көсемше  етістіктен  болады.  Дəулет  армияға  аттанғалы,  Марфуға  Кеңтоғайға 
келмеген еді.  
 8. –ысы,-ісі қосымшалы етістіктің көмектес жалғаулы түрінен болады.  
Қонақтар үйге кіріп отырысымен, Абай Əбіштің жүзіне үңіледі.  
5)  Себеп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем.      Бағыныңқы  компоненті  басыңқы 
компонентегі  і-əрекеттің  болу-болмауының  себебін  білдіріп,  басыңқы  компоненті  сол 

 
 
себептен  туған  нəтижені,  салдарды  білдіретін  сабақтас  құрмалас  сөйлем  себеп 
бағыныңқылы сабақтас сөйлем болады.  
Себеп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемнің  бағыныңқы  жай  сөйлемі  басыңқы 
сөйлемнің  етістіктен  болған  мүшесіне,  əсіресе  оның  баяндауышына,  меңгеріп,  соған 
жетектеліп тұрады да, қалыпты себеп пысықтауыш тəріздес қызмет атқарады.  
Абайдың  осындайшығындағы  шын  мұңдасы  Ербол  ғана  болғандықтан,  жаңағы 
бір əзірде оның жалғыз келгенін ақын теріс көрген жоқ.  
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы 
бірнеше  түрлі  формада  айтылады  жəне  өз  басыңқысымен  сол  формалар  арқылы 
құрмаласады.  
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауышы 
бірнеше  түрлі  формада  айтылады  жəне  өз  басыңқысымен  сол  формалар  арқылы 
құрмаласады. Ол формалар мыналар:  
1.Бағыныңқы  компонент  –дықтан, -діктен  қосымшалы    өткен  шақтық  есімшеге 
аяқталады.  Бұл  есімшелер  бағыныңқы  компонентке  дербес  баяндауыш    болуы  да, 
баяндауыш болып тұрған сөзге көмекші болуы да мүмкін.  
Үлес жөнінде əлі ойын ашпағанАбай болғандықтан, Тəкежан енді бұның ішіндегі 
ниетін  сұрады.  Ол  бірге  туған  ағаңыз  істеген  қтянат,  жыртқыштық  болғандықтан,  сіз 
оған үяласыз да қиналасыз.  
2. Бағыныңқы компонент соң шылаулы өткен шақтық есімшеге аяқталады.  
Тымырсық ыстықта тыныс таралған соң, өзіңді сабалап жел іздейсің.  
3.  Бағыныңқы  компонент  –ып,-іп,п,-а,-е,-й  жұрнақты  көсемше  етістіқтерге 
аяқталады.  
Ол мезгілді уақтында келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық.  
Компоненттердің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, себеп бағыныңқылы 
сабақтас  сөйлем  мен  себептес  салалас  сөйлем  бір.  Екеуінде  де  бір  компоненттегі 
əрекетке  екінші  компоненттегі  əрекет  себепші  болып  тұрады.  Бірақ  құрмаластың  бұл 
екі түрінің арасында осы айтылған мағыналық ұқсастықпен қатар, ерекше өзгешеліктер 
бар.  Ол  өзгешеліктер  бұлардағы  компоненттердің  бір-бірімен  құрмаласу  тəсілдерінде, 
компоненттердің  баяндауыш  формаларында  ғана  емес,  солармен  бірге,  себепті 
білдіретің  компонент  пен  сол  себептен  туған  нəтижені,  салдарды  білдіретің 
компоненттердің  орналасу  жағынан  да  болады.  Себеп  бағыныңқылы  сабақтастас 
компоненттер  орын    жағынан  тұрақты  келеді:  мұнда  себепті  білдіретін  компонент 
əрдайым бұрын, нəтижені, салдарды білдіретін компонент кейің келіп отырады.  
 6)Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем.  
Бағыныңқы  жай  сөйлемі  басыңқы  жай  сөйлемдегі  іс-əрекеттің,  қимыл-
қозғалыстың сындық амалын, қалай болғандығын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлем 
амал бағыыңқылы сабақтас сөйлем болады.  
Сабақтас  құрмаластың  лдыңғы  мезгіл,  салыстырмалы,  себеп  бағыныңқылы 
түрлері  сияқты,  амал  бағыныңқылы  сабақтастың  компоненттері  де  бірі  екіншісіне 
бағыныңқы,  тəуелді  болып,  соңғысы  алдыңғысын  жетектеп,  меңгеріп  тұрады,  яғни 
меңгеру принципіне негізделеді. Сондықтан бағыныңқы компоненттұтасымен басыңқы 
компоненттің  немесе  оның  өзін  меңгеріп  тұрған  баяндауышының  бір  ғана  тұрлаусыз 
мүшесі  функциясында  келеді  де,  қалыпты  сын  пысықтауыш  сияқты,  қалай?  қайтіп? 
дегендер тəріздес сұрауларының біріне жауап береді.  
Амал бағыныңқылы сабақтастағы бағыныңқы компоненттің мағыналық жағынан 
жай  сөйлемдегі  сын  пысықтауыштарына  ұқсастықтарына  қарай  кейбір  əдеттерде 
сабақтастың бұл түрі амал пысықтауыш бағыныңқы сабақтас сөйлем деп те аталады.  
Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненті өз басыңқысымен 
көсемше  формалы  етістіктен  болған  баяндауышы  арқылы  құрмаласады.  Бірақ 

 
 
баяндауышы  көсемше  етістіктен  немесе  етістікке  аяқталған  сөздер  тіркесінен  болған 
бағыныңқы    компоненттердің  барлығы  бірдей  амал  бағыныңқы  бола  бермейді. 
Жоғарыда  айтылғанындай,  көсемше  етістікке  аяқталған  бағыныңқылар  өз 
басыңқысымен  септік  қатынаста  да  тұруы  мүмкін.  Сондықтан  мұндай  сөйлемдерді 
бағыныңқының  баяндауыш  формасына  сүййену  арқылы  ғана  ажырату  мүмкін  емес, 
компоненттердің мағыналық қатынастарына сүйену керек.  
Қоңыраулары шылдырлап, үлкен күймелер тройкалары лек-легімен келді. Махмұт 
қастарынан өте беріп, олардың орталарында отырған Кəкеновты шақырды.  
Кейбір  əдебиеттерде  баяндауышы  –дай,-дей  жұрнақты  есімшіден  болатын  Біреу  
əдейі жуып, лак жаққандай, жас жапырақтар күн санап құлпырып өсіп келеді дегендер 
тəріздес  сабақтас  сөйлемдерді  де  амал  бағыныңқылы  сабақтасқа  жатқызады.  Бірақ 
мұндай  сөйлемдегі  сын-салыстырмалы  сын.  Сондықтан  олар  салыстырмалы 
бағыныңқылы сабақтасқа жатады.    
7)Мақсат  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлем.  Бағыныңқы  компоненті  басыңқы 
компонентегі і-əрекеттің, оқиғаның болу я болмауындағы мақсатты білдіретін сабақтас 
құрмалас сөйлем мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлем.  
Мақсат  бағыныңқылы  сабақтастағы  бағыныңқы  жай  сөйлем  басыңқы  сөйлемнің 
жетегіне  айтылып,  оған  меңгеріле,  бағына  байланысады  да,  басыңкы  компоненттің 
немесе  оның  баяндауышының  жетегіндегітұрлаусыз  мүше  тəріздес  болып  тұрады. 
Мақсат  бағыныңқының  басыңқы  компонентпен  мағыналық  қатынасы  жағынан 
сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшесіне,  əсіресе  мақсат  пысықтаушына,  ұқсастығына  қарай 
кейбір əдебиеттерде сабақтастың бұл түрі мақсат пысықтауыш бағыныңкылы сабақтас 
сөйлем деп те аталады.   
Біреу-міреу  секем  алып  жүрмесін  деп,  біз  екі-үштен  бөлініп  кеттік.  Күзетші 
сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік. Оқытушы беделді болу үшін, 
ең  алдымен,  ол  марксизм-ленизм  ғылымын  терең  меңгеру  керек.  Мысалдың  бірінші 
сөйлеміңдегі  біреу-міреу  секем  алып  жүрмесін  деп  деген  бағыныңқы  компонент  не 
мақсатпен? не үшін? деген сұрауларға жауап болып, басыңқы компоненттегі екі-үштен 
бөлініп  кетудің  мақсатын  білдіріп  тұр.  Мысалдың  кейінгі  сөйлемдері  де  сондай.  Не 
үшін жыраның ішімен кеттік? Күзетші сезіп қалмау үшін т.б.  
Мақсат  бағыныңқылы  сабақтаста  бағыныңқы  компонент  басыңқы  компонентпен 
өзінің мынадай баяндауыш формалары арқылы құрмаласады.  
1. Бағыныңқы компонент үшін шылаулы тұйық етістікке аяқталады.  
Қыстың ызғары өтпеу үшін, қоңыз інді терең қазды. 
 2.  Бағыныңқы  компонентде  көмекшісіне  тіркесіп  келген  етістік  түрлеріне 
аяқталады.  Деп  көмекшісіне  тіркесіп  айтылған  етістік  бұйрық  райдың 1,3-жағында 
тұруы да, есімше формада тұруы да мүмкін:  
Аяғымның сырқыраған басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырды.  
3.  Бағыныңқы  компонентбол  көмекшісіне  тіркесіп  келген-мақ,  мек,-пақ,-пек,-
бақ,-бек  жұрнақты  етістікке  аяқталады:  Абайлар  Ойқұдықтағы  ауылға  жете  қонбақ 
болып, аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнеледі.  
   8)  Мезгілдес  сабақтас  сөйлем.  Бағыныңқы  компоненті  басыңқы  компонентке 
тек  баяндауыш  тұлғасының  тиянақсыздығы  арқылы  ғана  тəуелді  болғаны  болмаса, 
мағыналық  жағынан  өз  дербестігін  сақтап,  басыңқы  сөйлемнің  ешбір  мүшесіне 
меңгерілмей,  онымен  жарыса  болған  мезгілдес  əрекеттерді,  жай-күйлерді  білдіретін 
құрмалас сөйлем мезгілдес садбақтас сөйлем деп аталады. Мысалы:  
Жəукенің көз жанары толып, иегі еріксіз кемсеңдей бастады.   
Компоненттері 
мезгілдестік 
қатынаста 
тұратын 
сабақтас 
сөйлемдерді 
мағыналарына  ешқандай  нұқсан  келтірместенмезгілдес  салалас  сөйлем  түрінде  айта 
беруге болады. Мысалы: Көзінің үстіңгі еті өсіп, аяғы қанталап кеткен. Тек бойы ғана 

 
 
ол  кездегіден  біраз  биіктеп,  түбірі  ғана  біраз  жауындаған  сияқты  деген  сабақтас 
сөйлемдердің  Көзінің  үстіңгі  еті  өскен  де,  ағы  қанталап  кеткен.  Тек  бойы  ғана  ол 
кездегіден  біраз  биіктеген  де,  түбірі  ғана  біраз  жуандаған  деген  мезгілдес  салаластың 
ешқандай өзгешелігі жоқ. Сондықтан кейінгі топтағы құрмалас сөйлемдердің мезгілдес 
салалас  сөйлем  деп  аталғаны  сияқты,  алдыңғы  топтағы  құрмалас  сөйлемдердің 
мезгілдес  сабақтас  сөйлем  деп  аталғаны  орынды.  Қарсылықты,  себепті  деген 
атаулардың  салаласта  да,  сабақтаста  да  болғаны  сияқты  мезгілдес  деген  атаудың  да 
салалас  сөйлем  мен  сабақтас  сөйлемде  бірдей  болуында  ешқандай  ерсілік  жоқ.  Ерсі 
болмауы былай тұрсын, тіпті қажетті. Өйткені белгілі бір мағыналық қатынастағы екі 
бөлек  ойды  жай  сөйлемдерді  салыстыра  құрмаластыру  арқылы  да,  сабақтастыра 
құрмаластыру  арқылы  да  беруге  болатынын  тіліміздің  фактілерінен  айқын  көреміз. 
Міне,  сондықтан  да  салалас  құрмалас  пен  сабақтас  құрмалас  сөйлемдерді  өз  ішінен 
мағыналық  топтарға  жіктегенде,  оларды  мүмкіндігінше  бірыңғай  атаумен  атауға 
бейімдеген дұрыс. Компоненттері мезгілдестік қатынаста тұратын сабақтас сөйлемдер, 
келтірген  мысалдардағыдай,  тек  көсемше  етітік  арқылы  ған  жасалмайды,  сонымен 
бірге,  етістіктің  шартты  райы  арқылы  жасалатын  кейбір  сабақтас  сөйлемдер  де 
мезгілдес сабақтасқа жатады.  
Мезгілдес  сабақтас  сөйлемнің  өзіндік  негізгі  белгісі  сол-мұның  құрамындағы 
компоненттер  бір-бірімен  себептестік,  қарсылықты,  шартты,  амалдық,  мақсаттық, 
салыстырмалы  қатынастардың  бірде-бірінде  айтылмайды.  Екіншіден,  бағыныңқы 
кампонент  баяндауышының  тиянақсыз  формада  айтылуы  арқылы  ғана  тиянақты 
компонентке  тəуелді  болғаны  болмаса,  мағыналық  жағынан  оған  тəуелсіз,  онымен 
салаласа,  жарыса  айтылады,  оның  ешбір  мүшесіне  меңгерілмейді,  оған  байланыстыра 
қойылатын белгілі бір сұрауға жауап болып, тұрлаусыз мүше тəріздес болып тұрмайды. 
Үшіншіден,  мегілдес  сабақтастардың  басым  көпшілігі  бір  мезгіл  ішінде  бір-біріне 
тəуелсіз  іс-əрекет,  жай-күйлерді  баяндайды.  Төртіншіден,  мезгілдес  сабақтас 
сөйлемдерге  тиянақсыз  компоненттерінің  баяндауышы  етістіктің  көсемше  түрі  мен 
шартты рай формалы түрлерінен болған сабақтастардың жоғарыда айтылған белгілерге 
сай  келетіндері  ғана  жатады.  Атауындағы  болар-болмас  ұқсастығы  ғана  болмаса, 
мезгілдес  сабақтас  сөйлем  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас    сөйлемнен  мейлінше  басқа. 
Мезгіл  бағыныңқылы  сабақтаста  тиянақсыз  компонент  тиянақты  компоненттің  бір 
мүшесіне меңгеріліп, қалыпты мезгіл пысықтауышы сияқты мезгілдік мəнді бір сұрауға 
жауап болып, өзі жетегінде тұрған сөздің, яғни басыңқы сөйлемдегі іс-əрекеттің болған 
я  болатын  мезгілін  білдіріп,  мезгіл  пысықтауышы  функциясында  тұрады.  Сондықтан 
мезгілдес  сабақтас  сөйлем  мен  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемді  бір-бірімен 
шатастыруға болмайды. Бұл екеуі сабақтас құрмалас сөйлемнің əрқайсысының өзіндік 
ерекшеліктері бар екі бөлек түрі болып есептеледі.  
                               Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.Сабақтас 
құрмалас 
сөйлемнің 
құрмаластың 
басқа 
түрлерінен 
айырмашылықтары қандай? 
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің əрбір түріне сипаттама берің. 
3.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  құрамындағы  жай  сөйлемдердің  құрмалас 
тəсілдері қандай? 
 
                                       Пайдаланылған əдебиеттер:  
     1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997. 
    2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы.  1996.   
    3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы.    1997. 
   4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы.  1992.  
   5. Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы. 2006 

 
 
 
 
                 АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ. 
                                  ЖОСПАРЫ: 
 
1.  Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. 
2.  Аралас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің құрамы. 
 
 Құрмалас сөйлем құрамына енген жай сөйлемдер, жоғарыда айтылғандардай, өз 
ара  əрдайым  не  бірыңғай  салаласа,  не  болмаса  бірыңғай  сабақтаса  байланысып 
отырмайды.  Көп  жағдайда  құрмаласудың  осы  екі  тəсілінің  (салаласу  мен  сабақтасу 
тəсілдері) бір сөйлем ішінде қатармен келе беретін болады. Мысалы: 1.Қарағандының 
қары  биыл  бұрқан-тарқан  қауырт  еріп  еді,  сай-салалар  суға  толып,  қырдың  тентек 
өзендері  сақылдап  тасығалы  кемерлеп  тұр. 2.Түн  бойы  жазғандарын  хатшыға 
көшіртіп  алып,  Ушаков  қайта  оқып  шығып  еді,  толып  жатқан  қайшылықтар  көп 
екен. 3.Бүгін  жұмысқа  кім  шықпай  қалса,  соны  көнбегенге  санаймын  да,  бүгіннен 
бастап  есебін  беріп  босатып  жіберем. 4.Көзін  сəулеге  үйреткен  Асқар  терезеден 
қараса,  аспан  айнадай  ашық  екен  де,  нұры  толқи  жарқыраған  күн  түске  тармасып 
қалған екен.5.Шарды түбінде елбасылар салып болған соң, санайтын ұлықтардың өзі 
болмайды, оны осы мынау столда отырған екі тілмаштың бірі санайды.  
Мысалдағы  құрмалас  сөйлемдердің  барлығы  да  аралас  құрмалас  сөйлемге 
жатады.  Өйткені  ондағы  əрбір  құрмалас  сөйлем  құрамындағы    жай  сөйлемдер  бір-
бірімен  салаласып  та,  сабақтасып  та  байланысып  келегн.  Мысалдағы  үш  жай 
сөйлемнен құралған алдыңғы құрмаластың бірінші жай сөйлемі екінші жай сөйлеммен 
сабақтаса  байланысқан.  Ал  мысалдың  екінші  сөйлемінде  бірінші  жай  сөйлем  екінші 
жай  сөйлемге  сабақтаса  байланысса,  екіншісі  үшінші  жай  сөйлемге  салаласа 
байланысқан.  Мысалдың  кейінгі  сөйлемдерінде  де  осылар  тəріздес  құрмаласудың  екі 
тəсілі бірден араластырыла қолданылып отырған.  
Осылар  тəріздес,  құрамына  енген  жай  сөйлемдері  бір-бірімен  салаласып  та, 
сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем аралас құрмалас деп аталады.    
Аралас  құрмалас  сөйлем  құрамында  үш  немесе  одан  да  көп  жай  сөйлем  бола 
береді.  Жоғарыда  келтірілген  мысалдағы  құрмалас  сөйлемдер  құрамында  үш  жай 
сөйлемнен бар. Ал енді төмендегі құрмалас сөйлемдердің біріншісі төрт жай сөйлемнен 
құралса,  соңғысы  алты  жай  сөйлемнен  құралған.  1.  Алғашқы  айларда  шоқ-шоқ 
қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда, қазақ жұмыскерлері оны 
«сары  ауыз»  деп  атап  еді,  қазір  сары  балшықың  бетін  түгел  көмір  ұнтағы  жауып 
кетті  де,  ол  «қара  жыра»  атанды. 2. Лиза  ойнап  есік  алдына  шығып  кетсе,  əке-
шешесінің  дауыстары  дыбырлап,  сөздері  үздіксіз  шығады  да,  Лиза  үйге  қайтса,  сөз 
ортасынан үзіліп, аяқталмай тоқталғаны аңдалады. 
 Аралас  құрмалас  сойлем  үш  жай  сөйлемнен  құралғанда  ондағы  салаласа 
байланысу да, сабақтаса байланысу да бір-бірден ғана болады. Ал егер ол төрт немесе 
одан  да  көп  жай  сөйлемнен  құралған  болса,  онда  салаласа  байланысатын  жай 
сөйлемдер  де  сабақтаса  байланысатын  жай  сойлемдер  де  бірнешеуден  болуы  мүмкін. 
Мысалы,  осының  алдынада  ғана  келтірілген,  төрт  жай  сөйлемнен  құралған  аралас 
құрмалас  сөйлемнің  тек  Алғашқы  айларда  шоқ-шоқ  қарағанға  тіреле  төгілген  сары 
балшық ыржиып жатқанда деген бірінші жай сөйлемі ғана сабақтаса байланысқан да,  
қазақ жұмыскерлері оны «сары ауыз» деп атап еді, қазір сары балшықың бетін түгел 
көмір ұнтағы жауып кетті де, ол «қара жыра» атанды деген кейінгі үш жай сөйлем 
өз ара салаласа байланысқан. Сол мысалдың алты жай сөйлемнен құралған соңғысында 
Лиза  ойнап  есік  алдына  шығып  кетсе  деген  бірінші  жай  сөйлемі    əке-шешесінің 

 
 
дауыстары дыбырлап деген екінші  жай сөйлемге сабақтаса байланысса, бұл екіншінің 
өзі сөздері үздіксіз шығады да деген үшінші жай сөйлемге сабақтаса байланысады, ал 
бұл  үшінші  жай  сөйлем  Лиза  үйге  қайтса  деген  төртінші  жай  сөйлемге  салаласа 
байланысса,  төртіншінің  өзі  сөз  ортасынан  үзіліп  деген  бесінші  сөйлемге  сабақтаса 
байланысқан,  сол  сияқты  бесінші  жай  сөйлем  алтыншы  жай  сөйлеммен  (аяқталмай 
тоқталғаны  аңдалады)  де    сабақтаса  байланысқан.  Сөйтіп  мұнда  төрт  жай  сөйлем 
сабақтаса байланысса, бір жай сөйлем салаласа байланысқан. 
Талданған  мысалдарға  қарағанда,  төрт  немесе  одан  да  көп  жай  сөйлемдерден 
құралған  құралған  аралас  құрмалас  сөйлемдерде  компоненттердің  бір-бірімен  
байланысу  жолдары  біркелкі  болмайды:  бірде  салаласа  байланысқан  жай  сөйлемдер 
көп болып келе береді. 
Аралас  құрмалас  құрамындағы  жай  сөйлемдер  де  бір-бірімен  қалыпты  салалас 
құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы жай сөйлемді құрмаластыру тəсілдері аркылы 
байланысады.  
Салалас  құрмалас  сөйлемдегі  сияқты,  аралас  құрмаластағы  салаласа 
байланысатын  жай  сөйлемдер  де  бір-бірімен  жалғаулықтар  арқылы  да,  жалғаулықсыз 
да  байланыса  береді.  Мысалы:  1.  Жабай  шығып  кетпегенде,  Игілік  жігіттерді  сөзге 
айналдырып  бөгей  тұрмақ  еді,  бірақ  оның  реті  болмай  қалды. 2. Кеше  іңірде  Жабай 
жылқының  бір  шетін  қайырып  жүр  еді,  Игілік  аулына  құйғытып  шыға  келген 
жолбасар  жігіттер  мұны  ортаға  алып,  оған  қасқырдың  қозыға  жапқан  жаласын 
жапты.  Жабай  атынан  ауытқып  құлай  берді  де,  сол  аяғы  үзеңгіге  ілігіп  қалып,  ол 
біраз сүйретіліп барып жерге сылқ етті.  
Мысалдың  бірінші  сөйлемінде  екінші  компонент  соңғы  үшінші  компонентпен 
бірақ  қарсылық  жалғаулығы  аркылы  құрмаласса,  үшінші  сөйлемнің  бірінші 
компонентті  өзінен  кейінгі  жай  сөйлеммен  де  жалғаулығы  арқылы  құрмаласқан.  Ал 
мысалдың екінші сөйлеміндегі бірінші компонент екінші компонентпен жалғаулықсыз, 
іргелесе байланысқан.  
Дəл  осы  сияқты,  аралас  құрмалас  сөйлем  құрамындағы  жай  сөйлемдердің 
сабақтаса  байланысу  тəсілінде  де  жалпы  сабақтас  құрмаластағы  жай  сөйлемнің 
құрмаласу тəсілінен ешқандай өзгешелігі болмайды. Мұндағы сабақтаса байланысатын 
жай  сөйлемдер  де  өзі  жетегінде  тұратын  компоненттерге  етітіктің  есімше,  көсемше, 
шартты  рай  тағы  басқа  формалары  арқылы  құрмаласады.  Жоғарыда  келтірілген 
мысалдардағы  сабақтаса  байланысқан  жай  сөйлемдер  дəл    осы  айтылған  формалар 
арқылы құрмаласқан.  
Сөйтіп, бұл айтылғандардан байқалатын нəрсе-аралас құрмалас сойлем дегеніміз 
жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан бөлекше тұратын, үшінші бір 
тəсілі  емес,  сол  негізгі  екі  тəсілдің-салаласу  мен  сабақтасу  тəсілінің-бір  құрмаластың 
ішіне топтасқан түрі болып табылады.  
Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздің 
болуы да мүмкін.  Мысалы: «Пушкин дегеніміз төтенше көрініс жəне ол орыс рухының 
бірден-бір  көрінісі  болуы  да  мүмкін»,-деп,  Гоголь  Пушкиннің  орыс  əдебиеті 
тарихындағы ролін өте жоғары жəне соншалық əділ бағалады деген сөйлем де аралас 
құрмалас сөйлемге жатады. Мұндағы төл сөз құрамындағы Пушкин дегеніміз төтенше 
көрініс деген бірінші жай сөйлем төл сөздің екінші жай сөйлемімен жəне жалғаулығы 
арқылы  салаласа құрмаласса, төл сөздің ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да 
мүмкін деген екінші жай сөйлемі деп көмекші етістігі арқылы автор сөзі болып тұрған 
жай сөйлеммен сабақтаса байланысып тұр т.б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет