КОДЕКСТІҢ МАҚСАТЫ Осы Кодекс мектептегі қорлаудың (буллингтің) алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мектептегі қорлаудың (буллингтің) белгілерін анықтаған кезде өзара әрекеттесу тәртібін анықтау мақсатында қабылданды және бекітілді.
Осы Кодексте білім беру ұйымдарының, олардың басшыларының, қызметкерлерінің, білім алушылардың, олардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің арасындағы (білім беру ұйымдарындағы, сонымен қатар, Интернет желісіндегі қарым-қатынасты қоса алғанда, одан да тыс жерлердегі) өзара қарым қатынасындағы мінез-құлық ережелерін, құқықтары мен міндеттерін бекітеді.
2 БАП
НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 2.1.Мектептегі қорлау(буллинг) – білім беру процесінің қатысушылары болып табылатын адамдар тобының бір немесе бірнеше адамға қатысты жүйелі түрдегі психологиялық немесе физикалық агрессивті мінез-құлқы.
Мектептегі қорлау(буллинг) болып, атап айтқанда мыналар танылады:
бойкот (адамдар тобының қорлау құрбаны болған адаммен сөйлесуден, олардың сұрақтарына жауап беруден, оларды ескеруден, өзге де жолмен өзара іс-қимыл жасаудан бас тартуы);
адамдар тобының немесе адамдар тобымен алдын ала сөз байланысқан бір адамның қорлау құрбаны болған адамның мүлкін осы мүліктің материалдық құндылығына қарамастан қасақана бүлдіруі, ұрлауы;
қорлау құрбаны болған адамның физикалық немесе интеллектуалдық ерекшеліктері мен кемшіліктерін көпшіліктің арасында талқылау;
қорлау құрбаны болған адам туралы жағымсыз (оның беделін, абыройын төмендететін) ақпарат (мәлімет) тарату;
кибербуллинг (жаһандық Интернет желісін пайдалану арқылы қорлау);
қорлау құрбанына қатысты адамдар тобының кез келген өзге нысандағы жүйелі түрдегі зорлық-зомбылық әрекеттері.