Қарсы мінез қҰЛЫҚ кодексі


Қорлау туралы ішкі нормативтік акт



бет4/7
Дата01.11.2022
өлшемі43,08 Kb.
#46622
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7

Қорлау туралы ішкі нормативтік акт – Білім беру мекемесінің Жарғысына сәйкес, жеке-дара басқару органының өкілеттігі шеңберінде қабылданған, Білім беру процесінің барлық қатысушылары мен білім беру мекемесінің қызметкерлерін осы Кодексті сақтауға міндеттейтін және Кодекс ережелерін бұзғаны үшін білім беру мекемесінің білім алушылары мен қызметкерлерінің жауапкершілігінің тәртіптік шараларын белгілейтін нормативтік құжат.


3 БАП
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНІҢ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
3.1. Білім беру мекемесінде білім алушылармен өзара қарым қатынасқа түсу барысында педагог (тәрбиеші), сондай-ақ білім беру мекемесінің басқа да қызметкерлері төмендегілерге жол бермеуі тиіс:

  • кез келген білім алушыға немесе оның туыстарына қатысты тіл тигізуге;

  • кез келген білім алушыға қатысты физикалық әсер ету шараларына жол беруге;

  • кез келген білім алушыға қатысты діни, ұлттық, нәсілдік, жыныстық, мүліктік немесе басқа негіздер бойынша кемсітушілікке жол беруге;

  • бір білім алушының жасаған әрекеті үшін білім алушылар тобына ұжымдық жауапкершілік шараларын қолдануға;

  • білім алушыларды бір немесе бірнеше білім алушыға қатысты бойкот жариялауға немесе осы Кодексте көрсетілген қорлау ұғымына жататын басқа әрекеттерді жасауға шақыруға;

  • басқа білім алушылардың алдында білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың тұлғааралық қарым-қатынасы мен сезімдерін шамадан тыс сынға алуға және түсініктеме беруге;

  • білім алушыларға лақап аттар тағуға;

  • білім алушылар арасындағы интеллектуалдық, әлеуметтік және өзге де аспектілерге қатысты айырмашылықтарын атап көрсетуге;

  • басқа білім алушылардың көзінше білім алушыға жаза шараларын қолдануға;

  • кейбір білім алушыларға немқұрайдылықпен қарауға;

  • қатаң иерархиялық өзара әрекеттесудің тоталитарлық стилін дәріптеуге;

  • өзіне қатысты қорлауды елемеуге;

  • қорлау жағдайын қалыпты жағдай ретінде мойындау немесе қолдауға;

  • осы Кодекске сәйкес осындай деп танылған оқу процесіне қатысушыларды қорлайтын және төмендететін өзге де іс-әрекеттер жасауға.

3.2. Білім алушылар арасында мектептегі қорлау белгілері анықталған жағдайда, білім беру мекемесінің қызметкерлері қорлауды тоқтату үшін бар мүмкіндікті жасауы керек, соның ішінде қорлауды бастаушымен және қорлауға қатысушылармен әңгімелесу, қорлауды бастаушының және қорлауға қатысушылардың ата аналарымен әңгімелесу, сондай-ақ, қорлауды тоқтатуға бағытталған шаралар қабылдауы үшін, қорлауды бастаушыға және қорлауға қатысушыларға қатысты тәртіптік шаралар қолдануы үшін білім беру мекемесінің директорына шұғыл хабарлауы тиіс.
3.3. Білім беру мекемесінің қызметкері қорлауды бастаушы болып табылатын қорлау белгілері анықталған жағдайда, білім беру мекемесінің басқа қызметкері өзіне белгілі болған жағдай туралы мәлімет беру және білім беру мекемесінің тиісті қызметкеріне қатысты тәртіптік шаралар қолдануы үшін білім беру мекемесінің директорына шұғыл хабарлауға міндетті.
3.4. Білім беру мекемесінің қызметкері осы Кодексте баяндалған мектептегі қорлау түсінігіне жататын әрекеттер туралы білім беру мекемесінің қатысушылары берген хабарды білім беру мекемесінің директорына шұғыл хабарлауға міндетті.
3.5. Білім беру мекемесінің қызметкері өзіне мектептегі қорлау фактісі туралы хабар берген білім алушының құпия сақтау туралы өтініші болған жағдайда, ол білім алушы жайлы құпияны сақтауға міндетті.
4 БАП


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет