Мектептегі қорлау әрекеттерін анықтау және алдын алу шараларын қабылдайды;
оқу процесіне қатысушыларды мектептегі қорлау белгілері, оның қауіптілігі, оны анықтау және алдын алу әдістері туралы ақпараттандырады;
бейіндік коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен мектептегі қорлау әрекеттерімен күресуге ықпал ететін дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар ұйымдастырады;
мектептегі қорлау әрекеттерімен күрес тәжірибесін жалпыландыру мақсатында мемлекеттік органдармен, басқа білім беру мекемелерімен, білім алушылардың заңды өкілдерімен өзара әрекеттеседі.
Білім беру мекемесінің әкімшілігі мектептегі қорлау фактілері туралы кез келген шағымды тіркеуге, мектептегі қорлау әрекеттерін анықтау және алдын алу үшін барлық шараларды, соның ішінде төмендегі шараларды қабылдауға міндетті:
Қорлау әрекеттерін бастаушылар мен оған қатысушыларға қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану.
Білім беру мекемесінің директоры осы Кодекске сәйкес қорлау туралы ішкі нормативтік акт қабылдауға міндеттенеді.
6 БАП БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Білім беру мекемесінің аумағында заңды өкілдерге тыйым салынады:
Өздері заңды өкілдері болып табылмайтын білім алушылармен ол білім алушылардың заңды өкілдері не педагогтерінсіз қарым қатынас жасауға;
Осы Кодексте баяндалған мектептегі қорлау әрекеттеріне жататын оқу процесінің қатысушыларына қатысты қорлайтын сөздерге жол беру, сондай ақ өзге де әрекеттер жасау.
Заңды өкілдер білім беру мекемесінің әкімшілігіне жүгініп, өздеріне белгілі болған мектептегі қорлау фактілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдауын талап етуге және өздерінің берген шағымдарын қарау кезінде қатысуға құқылы.