Артерапияяның негізгі міндеттері мен ұстанымдарын сипаттау


Қазіргі кезде қолданылатын топтық арт-терапияның формалары төмендегідей



бет2/7
Дата20.05.2022
өлшемі48,17 Kb.
#35177
1   2   3   4   5   6   7
Қазіргі кезде қолданылатын топтық арт-терапияның формалары төмендегідей
-студиялық ашық топ 
-өзгермелі (аналитикалық) топ 
-тақырыптық топ. Бұл топтың атауы, яғни “ашық” сөзі, белгілі бір құрамы жоқ деген мағынаны білдіреді. Топтың жұмысына қай уақытта болмасын келушілер қосыла алады. Онымен қоса, мұндай топтың қатысушылары кез келген уақытта оған келуін тоқтата алады. 
Бұл топтың “студиялық”деп аталуының себебі, оған қатысушылардың көркем жұмысы, шығармашылық студияның жұмысын еске түсіреді. Студиялық топты «құрастырылмаған»деп те атайды [6]. 
Студиялық ашық топтарда сабақ әдейі жабдықталған, белгілі-бір орын саны бар, шығармашылық жұмысқа индивидуалды құралдар жиыны бар, кабинет-студияларда жүргізіледі. Кабинет-студияларда демалу орындары арнайы креслолармен, шайға, кофеге арналған орындықтармен жабдықталған. Мұндай жағдайлар студияға келушілер, жұмыс кезінде болатын үзілісте, бір-біріне кедергі келтірмей, қарым-қатынас жасау үшін жасалған.
Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар сол жұмысты жүргізушіге, яғни психотерапевтке де оңайға соқпайды. Топтың мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қорытынды шығаруда қиынға соғады. Арт-терапияда жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар.
Сонымен қатар, кейбір арт-терапиялық (күн мен түн) жаттығулар топ арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік алшақтауды реттейді және жеке адамның топпен қарымқатынасын реттейді, басқа да көптеген көмек береді. Топ мүшелерінің бірігіп жақсы тақырып таңдауы маңызды сәттердің бірі болып табылады. Таңдап алынған тақырып егер, топ мүшелерінің біреуіне ұнамаған жағдайда қайта талдауды қажет етеді. Талданып қайта түсініп, топ мүшелері келіссе, ол тақырып сол күйінше, ұнамаса басқа тақырыпты алу керек. Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалар мен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арттерапияның қолдану аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психо-аналитикалық негізінен жаймен алыстауда. 
Арт-терапия әдісі Қазақстанда қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі мекемелерде жиі қолданылып жүр. Мектепке дейінгі мекемеде қолдану арқылы, ондағы психологтар, балалардың жеке басындағы, ойлауы, мен ісәрекетіндегі немесе отбасындағы қиындықтар мен артта қалушылықтарды анықтап, шара қолданады. Бұл мекемелерде балаларға сурет салдыру арқылы оларға қандай әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек қажеттігін анықтай аламыз. 
Қорыта келе, арт-терапия әдісі арқылы мектеп жасына дейінгі мекемедегі балалардың ақыл-ойындағы, мінез-құлқындағы, қабылдауы мен ойлауындағы ауытқулар және адамдармен қарым-қатынасқа түсудегі қиындықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Олардың эмоциялық және психикалық көңіл-күйін бақылап, қажет болған жағдайда шара қолдануға ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет