Кальцийдің жасуша ішіне енуін көптеген дәрмектер тежейді:
жергілікті анестетиктер, β-адреноблокаторлар, барбитураттар, неомицин т.б. Кальций антагонистеріне кальцийдің баяу иондық каналдар бойымен енуін шектейтін және жасуша ішінде оның таратылуын бұзатын дәрмектер ғана жатқызылады.
Бұл дәрмектер аталған каналдардың ашылу жиілігін азайтады және ашылу уақытын қысқартады, осы арқылы жасуша ішіне енетін кальцийдің мөлшерін шектейді. Сонымен бірге, кальцийдің жасуша ішінде жылжуын, жасушаішілік деполардан шығуын да тежейді.
Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары
Дәрмек
Әсерінің
ұзақтығы
(сағ.)
Тәуліктік
дозалары
(мг)
Тәулігіне қолдану
саны
Бөлінуінің
негізгі жолы
Каптоприл
(капотен)
4-6
50-100
2-3
бүйрек
Эналаприл
(ренитек, энап)
12-24
10-20
1-2
бүйрек
Лилиноприл
(принивал)
<24
10-40
1
бүйрек
Рамиприл
(тритаце)
<24
1,25-10
1-2
бүйрек 40%
+
Квинаприл (аккупро)
24
10-40
1-2
бауыр
Цилазаприл
(ингибейс)
11-12
1
1
бүйрек
Беназеприл
(лотензин)
<24
20-40
1
бүйрек
Периндоприл
(престариум)
24
2-4
1
бүйрек
Моэксиприл
<24
7,5-15
1-2
бүйрек 50%
+
Спираприл
<24
40-50
1
бүйрек 85%
Фозиноприл
(моноприл)
12-24
10-40
1-2
бүйрек 50%
+ бауыр
Транделаприл
24
1-2-4
1
бүйрек 33%
+ бауыр
Альфа-адреноблокаторлар
Альфа-1-адренорецепторлар тек тамырларда емес, қуықасты безінде, уретрада, қуықтың мойнында орналасқан. Сондықтан, альфа-адреноблокаторлар простатаның тегіс салалы бұлшықетін босаңсытып,
зәрдің бөлінуіне жеңілдік әкеледі. Осыған орай, бұл дәрмек простатаныңкатерсіз аденомасымен бірге артериялық гипертониясы бар науқастардың емінде қолайлы.
Альфа-адреноблокаторлар инсулинге сезімталдықты арттырады және қанда тығыздығы жоғары липопротеиндердің мөлшерін көбейту арқылы антиатерогенді әсер етеді. Осы әсерлері қантты диабетпен сырқаттанған науқастарға жағымды болуы мүмкін. Альфа-адреноблокаторлар АҚ-ды едәуір төмендетеді, бірақ жанама теріс әсерлерінің көптігінен науқастардың өмір сапасының көрсеткіштері онша жақсармайды.
Альфа-2-адренорецепторлар агонистері (стимуляторлары) сопақша ми вазомоторлық орталығы нейрондарының пресинапстық мембраналарында альфа-2-адренорецепторлар және имидазоддық рецепторлар орналасады. Бұлар стимуляцияланғанда АҚ төмендейді, ЖСС азаяды.
Альфа-2-агонистері - клониин, гуанобенз, гуанфацин; ІІ-имвдозол рецепторларының агонистері - моксонидин және рилмедин. Атап өткен рецепторлардың өзге ағзаларда да болуынан, бұлар көптеген жанама әсерлерінен артериялық гипертонияның емінде кең қолданылады.
Қосарланған антигипертензиялық ем Көп жағдайда диастолалық қысымды 80 мм с.б.б. артық төмендету үшін
бір дәрмектің қуаты жеткіліксіз. Осы жағдайларда және 2-3-ші дәрежелі
артериялық гипертонияда дәрмектерді аз дозада бірге қолданады.
Артериялық гипертония емінде дәрмектерді қосарлау жобасы
24>24>24>24>24>