Қарттардағы жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, емі Атеросклероз


Дәрмектік емнің басты ережелері



бет12/17
Дата19.09.2023
өлшемі60,34 Kb.
#108543
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Геронт жүрек

Дәрмектік емнің басты ережелері:
• емді бір дәрмектен және минимальді дозадан бастап бай қау;
• қолданған дәрмектің (дозасын ұлғайтқанның өзінде) нәтижесі шамалы болса - басқа топтағы дәрмекке ауыстыру;
• әсері ұзартылған дәрмектерді қолдану (тәулігіне бір рет қабылдағанда әсері 24 сағатқа созылатын). Аталмыш дәрмектер қолдануға аса ыңғайлы, АҚ-ды жұмсақ төмендетеді және нысана ағзаларды жақсы қорғай алады;
• әртүрлі дәрмектерді қосарлап қолданғанда олардың бір-бірімен үйлесімділігін, әсерлерінің тиімділігін мұқият ескеру;
• қауіптілігі төмен және орташа топтағы науқастарды алдымен дәрмексіз ем шараларымен емдеп көру (қауіптілігі төмен топтағыларды 12 ай, орташа қауіптілік топтағыларды 6 ай). Осылардан кейін АҚ мақсаттық деңгейге келмесе - дәрмектерді косу;
• артериялық қысымы жоғары қалыпты деңгейдегі (130-139/85-89 мм с.б.б.) қантты диабетке, бүйрек немесе жүрек шамасыздығына ұшыраған науқастарға дәрмектік гипотензиялы қ ем неғұрлым ерте басталуы тиіс;
• жоғары және аса жоғары кауіптілікті топтағыларға дәрмектік емді бірден жүргізу;
• бір бастаған емді үзбей, өмір бойы жүргізу. Курс тық (үзбелі) ем мүлдем колданылмайды.
Диуретиктер
АҚ-ды төмендету мақсатында ең жарамды болып табылған -тиазидтік диуретиктер. Бұл дәрмектердің бірқатары диуретиктік қасиетпен бірге кальций блокаторларына ұқсас вазодилятациялыққасиетке ие. Тиазидтік диуретиктерді екі топқа айырған: біріншісі —бензотидиазин туындылары (гидрохлортиазид, политиазид т.б.); екіншісі 
- хлорвензамид (индапамид, ксипамид т.б.) және квиназолинон туындылары (метолазон).
Қазіргі кезде артериялық гипертонияның емінде екінші текті тиазидтік диуретиктерге көп мән берілуде, өйткені бұлардың вазодилятациялық әсері диуретиктік әсерінен едәуір басым және электро литгер, несеп қышқылының, холестерин, глюкоза алмасуына кері әсері жоқтың қасында. Екінші текті тиазидтік диуретиктердің арасында кең қолданылатыны - индапамид (арифон). Оның қолдануға ыңғайлы 
ретардты түрі дайындалған - арифон ретард 1,5 мг тәулігіне 1 рет ішілетін немесе индапамид 2,5 мг-нан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет