Ас ќорыту ж‰йесініњ физиологиясы



бет8/12
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#131744
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ішектегі ас қорытылу. Анатомиялық құрылысы (қайталау).
Ішек ұзындығына қарай ас ішекте 10-12 сағаттай кідіреді. Осы мезгілде:
а) ішектің кілегейлі қабығындағы бездердің сөлі мен ішектегі химус араласқан ұйқы безі сөлінің, өттің бірлескен әрекеті аркасында ішекте ас қорыту процесі аяқталды.
б) ішектің ортаңғы кабаты-бірыңғай салалы ет талшықтарының жиырылып созылуы нәтижесінде ішектегі химус төмен қарай біртіндеп жылжып тоқ ішекке жетеді.
в) ас қорыту барысында пайда болған өнімдер ішектен қанға, лимфаға сіңеді.
Ішектің жоғарыда аталған сөл шығару, қимыл- козғалыс жасау, қоректік заттарды сіңіру қызметтерін тексеру үшін итке Тири-Велла фистуласын қояды. Ащы ішектің ұзындығы 25-30 см кесінді алып, оның екі ұшын операциялық жарадан өткізіп шығарады. Кесінді алынған ішек түтігінің екі ұшын жалғау үшін алдымен лигатура салып тігіп тастайды. Осылайша бекітілген ішектің қабырғасын (ұзындығы 5-8 см) жарып, екі жақтағы жараны бір-бірімен түйістіріп, шетін айналдыра тігеді. Сөйтіп ішек каналын бүтіндеп, ас өтетіндей етеді. Бұл операция энтероанастамоз деп аталады (латынша энтеро-іш, анастомоз-қосу). Ішекке кан мен лимфа тамырлары, жүйке талшықтары шажырқайдың бойымен келеді. Сондықтан операция кезінде жекелеген ішек бөлігінде тарамдалған тамырлар мен жүйкелердің негізгі бүтақтары кесілмейді. Сөйтіп бүтінделген ішек түтігінің және жекеленген ішек бөлігімен жүйкелік, гуморальдық байланыстары бұзылмайды.


Ащы ішек сөлінің құрамы.
Ішек сөлі сарғыштау келеді, өзіне тән иісі болады. Сөл орташа сілтілі. Сөл құрамына 2% құрғақ зат бар. Оның құрамында ферменттер (жалпы саны 20-дан асады), минералды заттар (К; Nа; Са хлоридтері, бикарбонаттары), көп мөлшерде муцин бар. Ішек сөлінде негізінен ас қорыту процесін аяқтататын ферменттер пептидазалар, нуклеаза, липаза, фосфатаза, сахароза, лактаза, мальтаза жэне трипсиногенді активтейтін энтерокинза ферменті болады. Энтерокиназа трипсиногенді трипсинге айналдырып, ақуыздың ыдырауын камтамасыз етеді. Пептидазалар пептидтерді амин қышкылдарына, нуклеаза нуклеин қышқылдарына, мальтаза мальтозаны (дисахарид) екі молекула глюкоза, лактаза лактозаны, глюкоза мен галактозаға ал сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға айналдьтрады. Мақды гидролиздейтін липаза, фосфолипаза ферменттері ішек эпителиінің түтікті жиектеріне тоқтап мембраналық гидролиз процесін қамтамасыз етеді. Ішек бездерінің сөл шътгару қабілеті тамақ ішуге байланысты.Сөл шығару эсіресе, қоректік заттар ішек түтігіне келіп түсісімен үдей бастайды. Химус ішектің кІлегейлі қабығына қысым жасап, тікелей жэне химиялық жолмен әсер етеді. Мүнымен қатар химус ішек қабырғасындағы механорецеттторлар мен хеморецепторлар тітіркендіріп, осы арадағы интрамуральдық ганглийлердің қатысуымен ішек сөл шығару кабілетін рефлекс арқылы да қамтамасыз етеді. Ішекте сөл шығару процесі қандағы химиялык заттардың ықпалымен де күшейеді. Мэселен, ацетилхолин, экстрактивті заттар, кейбір гормондар қан арқылы ішек бездерін тітіркендіреді. Тап осы жолмен ішек бездерінің сөл шығаруын тежейтін заттар да бар (адреналин, норадреналин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет