Ас ќорыту ж‰йесініњ физиологиясы



бет11/12
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#131744
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Анатомия 7

Бауыр қызметінің реттелуі.
Бауырдың қызметі ОЖЖ- мен реттеледі. Бауыр мен өт жолында вегетативтік жүйелер тарамдалған (парасимпатикалық жэне симпатикалық). Кезеген жүйке арқылы өт өндіру мен өт шығаруды күшейтетін, гликогеннің жиналуына эсер ететін серпіністер келеді. Симпатикалық жүйе, керісіншеөт шығаруды азайтады. Гуморальды реттеу гормондар арқылы қызметін реттеп отырады. Тек ұйқы безінің гормондары ғана емес, сондай-ақ эпифиз, гипофиз, қалқаыша без, жыныс бездерінің гормондары эсер етеді.


Өт құрамы, оның ас қорытудағы маңызы.
Өт-бауыр жасушаларында - гепатоцитерде түзіліп, 12- елі ішекке күйылып тұратын сұйық зат. Ол аш қарында жалпы өт өзегі арқылы өт қабына, ал тамақ ішкенде сөл тікелей 12-елі ішекке келіп кұйылады. Өт кабында неғүрлым ұзақ сақталса, соғүрлым қойыла түседі, өйткені өт суы өт қабы қабырғасындағы қан тамырларына сіңіп отырады. Ал бауырдан шыққан өт 5 есе сұйық келеді.
Өттің түсі сарғылт- жасыл түсті болады, өттің түсі оның қүрамына кіретін пигменттерге байланысты, билирубин жэне биливердин. Өт құрамына мұнымен қатар холестерин, лецитин, өт қышқылы, май қышқылы, түздар бар. (Nа; К; Са; М түздары). Өттің меншікті салмағы 1,008-1,015 реакциясы орташа сілтілі (рһ 7.3- 8.0). Ас қорытуға өттің зор маңызы бар. Тәулігіне ,0,5-1,5 өт бөлініп шығарылады.


Ас қорытудағы маңызы.

  1. өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липаза ферментінің әрекетін 15-20 рет асырады.

  2. өт қышқылдары майды үсақ бөлшектерге бөледі, (эмульсияға айналдырады) майдың ыдырауына қолайлы жағдай туғызады. Липазаның әсерінен май кьтшқылына жэне глицеринге дейін ыдырайды.

  3. ыдырау барысында пайда болған бүл екі өнім өтсіз сіңбейді. Май қышқылдары, глицерин лимфаға өтуі үшін алдымен мицеллаға айналуы тиіс (май қышқылы, глицерин, өт қышқылы,олардың тұздары бірігіп мицелла құрады.) Мицелла эмульсиянған ең ұсақ май тамшыларынан 100 есе ұсақ. май ішекте лимфа тамырына мицелла күйінде өтеді.

  4. өт ішектің қимылын күшейтеді.

  5. өт қышкылдары 12-елі ішекте бөлініп шығаратын просекретин гормонын секретинге
    айналдырады. Ал секретин ұйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтедІ.

  6. өт оның ішндегі қышқылдары қанға сіңіп, бауырда өт түзілуін, өттің 12-елі ішекке қүйылуын тездетеді.

  1. өттің бактериоцидтік (бактерия өлтіру) қасиеті бар.

  1. өт майда еритін витаминдердің, холестерин мен Са; иондарының қанға сіңуі жеңілдетеді.Тамак ішкен соң 7-10 минут бойы өт аздап 12-елі ішекке құйылып отырады. Мұнан соң бауырдан шыққан өт қабына тоқтамастан 12-елі ішекке құйылған өт мөлшері азайып,өт негізінен өт қабына жиналатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет