Ас ќорыту ж‰йесініњ физиологиясы


Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі



бет7/12
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#131744
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі.
Астың адам қарнында қорытылу мерзімі 6-8 сағат және оның құрамына байланысты. Қарында әсіресе майлы, ақуызды тағамдар ұзақ жатып қалады, бірак көмірсу тағамдар тезірек жылжып, 12-елі ішекке өтеді. Пилорустың ашылып жабылуына қарай ас қарыннан 12-елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өтеді. Қарындағы химустың реакциясы қышқыл, қышқыл тағамның бір бөлігі, пилорус ашылғанда 12-елі ішекке өтеді, онда реакция сілтілі. 12-елі ішекке түскен қышқыл тағам сілтілі реакцияға ауысқанша пилорус жабық жағдайда болады. Тегістей сілтілі реакцияға ауысқасын, пилорус ашылып, келесі химустың бөлігі 12-елі ішекке өтеді, осылай 3-ші, 4-ші, 5-ші тағы басқа бөліктер өтеді.
Пилорус сфинктері жиырылып жабылса ас қарында тоқтап қалады, тек сфинктер босаған сэтте ғана 12-елі ішекке өтіп кетеді. Пилорустың ашылып жабылуы рефлекс арқылы іске асады. Қарын тарапынан келген рефлекс, керісінше, сфинктерді жиырады. Пилорустың ашылып жабылуына қарындағы жэне 12-елі ішектегі, химустың қышқылдық дәрежесі әсер етеді. Астың қарынынан 12-елі ішекке химус кышқыл күйінде өтсе, көп мөлшерді секретин мен панкреозимин бөлінеді. Бұл гормондар қарын кимылын тежейді, бірақ ұйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, осыған орай ішекте реакция жоғарылып, пилорустың ашылуын тездетеді.


12-елі ішектегі ас қорытылу. Астың 12-елі ішекке келіп түсуімен 3 түрлі сөл құйылады, ұйқы безінің сөлі, өт бауырдан, өзінің ішек сөлі әсер етеді.
Ұйқы безі сөлінің құрамы, қызметі. Сөлі түссіз, сілтілі, тәулігіне сөл бөліп шығу мөлшері 1,5-2 л, ол негізінен түрлі ферменттерден тұрады. Мұнда ферменттердің шамамен 72%-і ақуыз ыдырататын протеозалар, трипсин, химотрипсин, карбооксипентидазалар, эластаза (панкреопентидаза, рибонуклеаза). Трипсиноген активсіз түрінде бөлініп шығады, ішектің энтерокиназа ферментІ аркылы активті трипсинге айналдырылады, өзара активті трипсин химотрипсинді, эластазаны, карбооксипентқдазаны активті түрге ауыстырады. Протеозалардын әсері, күрделі ақуыздарды қарапайым заттарға дейін ыдыратады (аминоқышқылына дейін). Аминолитикалық ферменттерге амилаза мен мальтаза жатады, Полипептидтерді, пептидтерді ыдырататын карбооксипентидаза жэне эластаза ферменттері, рибонуклеин қышқылын нуклеидттер сатысына дейін ыдырататын рибонуклеаза ферменті бар, майды фосфолипаза май қышқылы мен глицерин сатысына дейін ыдыратады. Бірақ ол үшін алдымен майға өт әсер етіп, оны эмульсияға айналдыруы шарт. Майдың эмульсияға айналуы дегеніміз-өттің әсерінен майдың диаметрі 2-3 мкм-дей май тапшыларына бөлінуі, Ет, нан жеп, сүт ішкен кезде бөлінетін сөлдің көлемі, құрамы, бөлінітт шығу мерзімі біркелкі емес, керісінше, тағам түріне қарай өзгеріп отырады.



Қарын асты (ұйқы) безінің ферменттері

Трипсин




Химотрипсин




Нуклеаза

Ақуыздар ыдыратуға арналған ферменттер

Аминопептидаза




Карбоксидаза




Амилаза

Көмірсу ыдырататын ферменттер

Мальтаза


Лактаза

Сүт көмірсуын ыдыратады

Липаза

Майлар ыдырататын фермент





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет