Тақырыбы: Елімнің мақтанышы-ұлы Жамбыл
(қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы)
Мақсаты: жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, ақын өлеңдерінің мәні мен маңыздылығын ұғындыру.
Тәрбиелік: Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілекке, елін, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын ояту, көркем ойлау, сөйлеу, мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ақын портреті, ақын-жазушылардың Жамбылға берген бағасы, ақын өлеңдерінен үзінділер, стенд:
Өткізілу түрі: Жарнамалық көрініс.
Барысы:1 Ұйымдастыру. Оқушыларды сынып бойынша орындарына тұрғызу.
1 – жаршы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Жамбыл есімі мәңгілік атты онкүндіктің дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!
Естімегендер естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер.
Үлес қосамын деушілер асығыңыздар.
2-жаршы:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
Босқа қарап қалмаңыздар!
Көрген де арманда,
Көрмеген де арманда.
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
1-жаршы: Армысыздар балалар
2-жаршы:Бармысыздар, балалар
1-жаршы:Онкүндіктің дабылын қағайық
2-жаршы:Әлемге жар салайық!
Тазша бала мен Жиренше кіріп келеді.
Тазша: Ассалаумағалейкум!
Жиренше: «Сәлем – сөз анасы» демекші, армысыздар балалар! Тазшабіз осы қай жерде тұрмыз.
Тазша: «Мектеп – ғылым патшасы» емес пе, біз Жамбыл атындағы орта мектепте тұрмыз.
Жиренше: «Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы» демекші, әрине бұл мектеп дегенді ертеңгі болашақ ұрпақтың құттыхана мешіті десек те болады.
Тазша: Жиренше аға, біз осы қазақ тілі онкүндігінің ашылуы үстінен түстік қой деймін.
Жиренше: Шынында солай сияқты. Жаңа бір жаршылардың жар салып, шақырып, хабарлап жүргенін естіп келіп тұрмын.
Тазша: Мен де сол –осы мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің «Жамбыл есімі мәңгілік » атты онкүндіктің ашылғанын құлағым шалып, келіп тұрмын.
Жиренше: Иә, балам бұл онкүндік ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің ортасындағы алтын көпір іспеттес Жыр алыбы Жамбылға арналса керек.
Тазша: Енді түсіндім, Жиренше аға. Осы оқушылар Жамбылдың кім екенін біле ме екен? Енді сол балаларды тыңдап көрсек қайтеді?
Жиренше: Тыңдасақ – тыңдайық.
1 оқушы «Менің өмірім»
2 оқушы «Әкеме»
3 оқушы «Тәйті мен Шыбыл шалға»
4 оқушы «Жаныс ақынға»
Жиренше: Оу, Тазша бала, балаларға көп – көп рахмет! Аталары жайында жақсы біледі екен. Білімді, білікті, өнерлі болыңдар, балалар!
1 – жаршы: Тыңдаңыздар!
Онкүндіктің жоспарланған іс – шарасы бойынша қызықты сайыстар, байқаулар, танымдық ойындар, сыныпаралық жарыстар, көңілді тапқырлар отауы, мәні мен мазмұны терең кештер ұйымдастырылады, келіңіздер, көріңіздер!
2 – жаршы: Онкүндік күні халайық,
Босқа қарап қалмайық.
Жалын болып жанайық,
Шақырамыз бәріңді,
Өнерді аяп қалмайық!
Достарыңызбен бөлісу: |