Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет45/88
Дата06.01.2022
өлшемі1,43 Mb.
#12395
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88
  тұста байқалатын бір нәрсе – қаһармандық эпос ше­
жірелік тұтастануға түссе де, әкесінің батыр болғанын баласына 
жырламауы. Баба Түкті Шашты  Әзіз – Аңшыбайдың бел 
баласы, бірақ ол батырлық жолына емес, молдалық, тақуалық, 
әулиелік жолына түскен адам. Рас, кейбір нұсқаларда Баба 
Түкті Шашты Әзіз Едігенің әкесі болып көрсетіледі. Онда 
да ол – батыр емес, керісінше, өте бейбітшіл, керемет иесі. 
Бұдан шығатын қорытынды: шежірелік тұтастану бойынша 
өмірдегі сияқты, әкесінің ісін оның баласы ғана емес, немересі 
де, шөбересі де жалғастыруға тиіс, оның кегін қайтаруға 
міндетті. Басқаша айтқанда, батырлық жыр шежірелік си­
пат 
ты болғанмен, әкесінің жолын қумаған баланы арнайы 
мадақтамайды, дәріптемейді. Соның нәтижесінде ол туралы 
эпос жасалмайды.
Ендігі бір көңіл аударарлық нәрсе – шежірелік эпоста 
кө рінетін  әке  мен бала арасындағы қатынастың рөлі. Ол – 


[
  174  
]
халықтың қалайтын жағдайында. Әдетте, әкесі өлмей, жасы 
ұлғайған кезде аренаға шыққан жас батыр міндетті түрде 
атасынан бата алады, соның өсиетін, ақыл­кеңесін тыңдайды. 
Ал үлкен батыр мұндайда өз өреніне ақ батасын беріп, ақыл 
айтады, «ерлік көрсет» дей отырып, байсалдыққа шақырады
«жауға кегіңді жіберме» дей отырып, «кешірімді, кең бола 
біл» дейді. Кейбір жырларда әкесі жас батырға бұрынғы ата­
бабаларының ерлігін баяндап, үлгі етеді, соларға ұқсауға 
міндеттейді, солардың ісін жалғастыруды жүктейді. Мәселен, 
Аңшыбай батыр немересі Парпарияға бата беріп тұрып, былай 
дейді:
Парпария қарағым, 
Қайырлы болсын талабың. 
Ел қорғаны болам деген 
Тілегіңді қабыл аламын. 
Аңысын аңда әр істің, 
Айыра біл асықпай 
Тоғыз жолдың торабын. 
Орнын тауып жұмсай біл 
Бойыңа біткен күш-қайрат, 
Ақыл-ой мен сананың. 
Тайғақ кешу, тар жолда 
Аруағы жар болсын 
Бұрынғы өткен бабаңның.
Дүниенің сыры көп, 
Әккі жаудың қыры көп, 
Жан-жағыңа шолып қарағын. 
Өз бойыңа сай болсын 
Сауыт-сайман, жарағың. 
Тұлпар болсын мінгенің, 
Сұңқар болсын ілгенің, 
Сұлу болсын сүйгенің, 
Асыл болсын кигенің. 
Жауыңды жеңіп, ел алсаң, 
Қатын-балаға тимегін, 
Жазықсыз жанды жылатпа, 
Тарихи тамды құлатпа.


[
 
 175  
]
Қайратыңа мастанып,
Кем адамды кемітпе,
Қағып-соғып құлатпа.
Қартты көрсең қайырылып,
Барың болса беріп кет,
Үй-үйден қайыр сұратпа,
Жауыңды жеңіп, ел алсаң,
Ел сенгенше өзіңе,
Сол жерде жылдап тұрақта.
Таңдап ал, балам, досыңды,
Сайлап ал қонар қосыңды
Әрқашан да ұмытпа,
Есіңе алып жүргейсің
Өсиет деп менің осымды
41
.
Көпті көрген кәрі батырдың бұл өсиеті, ойланып отырсақ, 
халық этикасы, нағыз батыр қандай болуы керек халық 
түсінігі, ер жігіттің бойында осындай қасиет болса екен деген 
халық арманы. 
Жырдың әрі қарайғы жалғасында Парпария осы тілектің 
мүддесінен шығады. Жалпы, мұндай мінез, іс­әрекет барлық 
батырларға тән, өйткені эпоста, тіпті күллі фольклорда өмір­
дегі жайттан гөрі, өмір осылай болса екен деген ой жатады. 
Сол себепті шындық болмыс емес, армандағы болмыс, нағыз 
батыр емес, қиялдағы батыр, яғни реалдықтан гөрі сипат – 
фольклордың басты ерекшелігі.
Міне, халық этикасына сай мінез­құлық, іс­әрекет жырдағы 
елін қорғаған батырдың бәрінде бар. Сондықтан да эпоста 
атасы не әкесі жас батырға көпшілік мораліне сәйкес тілек 
айтады. Мысалы, сондай тілектер қатарында өзі тиіскен 
жауды аямау, әкесі жеңе алмаған дұшпаннан кек кайтару, 
жаудың қарапайым жұртына ылаң салмау, қаһарлы болып, 
адамгершілік қасиеттен айырылып қалмау, жеңіске мастанып 
артта қалған ел­жұртты, ата­ана мен сүйген жарды ұмытпау, 
т.т. Кейбір жырларда аға батыр жас ұланға әккі жаудың 
қамалын қалай алуға болатынын айтып, ақыл­кеңес береді. 
Бірақ эпоста ешқашан да әкесі баласына батырлықтың айла­
тәсілін, қару­жарақты пайдаланудың жолдарын үйретпейді, 


[
  176  
]
яғни батыр әке өз баласын батырлыққа тікелей өзі баулымайды. 
Тегінде, фольклорда, әсіресе, эпос та әке­шеше жеке тәрбиемен 
шұғылданбайды, баласының жүріс­тұрысын күнде қадағалап 
отырмайды. Біздіңше, мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, 
қазақтың бұрынғы қаймағы бұзылмай тұрған рулық қоға­
мында халық этикасы әр адамның іс­қимылын белгілі бір 
қалыпта (регламент) ұстады, яғни баланы әке­шешемен қатар 
бүкіл қауым тәрбиеледі. Екіншіден, фольклор өмірдегі майда­
шүйдені, күнделікті күйбеңді көрсетпейді, себебі оның мақса­
ты – жинақтау (типизация) мен дәріптеу (идеализация). Осы­
дан барып енді үшінші себеп шығады. Фольклорда шын өмір, 
шын адамнан гөрі қиял өмір, идеал адам бейнеленетіндігі. 
Сондықтан батырдың қасиеттері өсе келе, тәрбие арқылы қа­
лыптаспайды, ол іштен біткен қасиет болып саналады. Ба­
тырдың мінез­құлқы даму үстінде көрсетілмейді, ол бір қа­
лыпта туа батыр болып, статикалық түрде бейнеленеді. Міне, 
фольклорды әдебиеттен бөлетін басты белгі осы.
Ал шежіреленген эпоста жас батырдың әкесіне (атасына, 
ағасына) қатысы кандай? Енді осы мәселеге тоқталайық. 
Жырда әке – баласы үшін асқар тау, тәлім, үлгі алатын тау­
сылмас қазына. Ол әкесінің алдынан кесе­көлденең өтпейді, 
бірде­бір шаруасын әке рұқсатынсыз, ата батасын алмай 
бастамайды. Әкесінің батасы – бала үшін үлкен абырой, ісінің 
оңды болатынына кепілдік (гарантия). Ал әкесі болса, баласы 
атасының аруағын сыйлап өтуді, оның бастаған шаруасын 
тәмамдауды, ала алмаған кегін қайтару – өзінің перзенттік 
парызы деп біледі. Әке аруағы – ол үшін құдірет, оған бас иеді, 
табынады, одан көмек сұрап отырады. Батыр әкесіне ұқсау, 
оның атына кір келтірмеу, ерлік ісін жалғастыру – жырдағы 
қаһарманның қасиетті борышы, басты міндеті. Осы себепті 
шежірелік тұтастану Құрандағы эпостың жас батыры өзінің 
күш­қайраты жағы әкесінен (атасынан, ағасынан) басымырақ 
болып келеді. Үлкендер жеңе алмаған жауды жалғыз өзі 
жайратады, үлкендері жете алмаған мақсатқа жетеді, олар ала 
алмаған қамалды алады, олар көксеген тыныштықты орнатады. 
Сөйтіп, халықтың «бала әкеден артып тууы керек» деген 
қағидасын делелдеуге тырысады. Бұдан «келешек жастардікі», 
«ақыл – жастан» деп үмітпен қараған халықтың тарих көшіне 


[
 
 177  
]
сенім артқанын, әр ұрпақ қоғамды алға жылжытып, тарихқа 
өз үлесін қосуға тиісті деген түсінігін көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет