[
25
]
сюжетке байланысты емес екендігін дәлелдейді.
Жанрдың
мұндай болу себебін оның әдісінен іздеу қажет.
Әр жанрдың ерекшелігі неден көрінеді? Ол үшін бірнеше
факторды анықтап алу шарт: біріншіден, жанр қай заманды,
қай дәуір мен қоғамды көрсетеді, екіншіден,
қандай әдіспен,
тәсілмен, құралдармен бейнелейді; үшіншіден, бейнелеп
отырған нәрсесіне қалай қарайды, оны қалай балайды; төр
тіншіден, осы өзінің бағасын,
қатысын қалай, қандай түрде
шығарады, көрсетеді; бесіншіден, ол жанр қандай мақсатта
қыз мет етеді, яғни жанрдың функциясы қандай?
Шығарманың белгілі бір жанр аясында болуы – жай ғана
нәрсе емес. Жанрдың ерекшелігі шығарманың бүкіл көркемдік
болмысын айқындайды. Бір сюжет әр түрлі жан рда әр түрлі
шығарма береді. Ол шығармалардың көркемдік сипаты, эмо
циялық күшқуаты
жанрдың қасиеттеріне бай
ланысты.
Көр кем творчестводағы бұл құбылысты кезінде академик
В.В. Виноградов дәлелді түрде ашып берген бола тын
21
. Жалпы,
әдебиетте де, фольклорда да, өнерде де бір сюжет бірнеше жанр
да шығарма болып жазылатыны – заңдылық. Осыған орай ойға
оралатын тағы бір нәрсе – сюжет бұрын пайда бола ма, жоқ,
әлде жанр бұрын туа ма деген мәселе.
Біздіңше, ең алдымен сюжет деген не,
соны анықтап алу
керек. Сюжет жайында әдебиеттану мен фольклор туралы
ғылымда айтылған пікір әр түрлі. Біз соның бәрін тәптіштей
айтып жатпай, осы күнгі анықтаманы және соған негіз болған
ойды айтып өтсек те жетерлік.
Әдебиеттану ғылымында сюжет бірде кең мағынада, бір
де нақты мәнде түсіндіріледі
22
. Кейбір еңбектерде сю жет шы
ғар
мадағы характерді ашудың әдісі,
тәсілі деп қаралса,
ендігі бір зерттеулерде сюжет шығармадағы тіл, харак
тер,
қимыл қосындысы ретінде пайымдалады. Ал үшінші бір топ
еңбектерде сюжет – баяндаудың бір түрі деп түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: