Қасқабасов С. Таңдамалы


ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗАДАҒЫ ЖАНРЛАР ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет8/60
Дата06.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#55473
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗАДАҒЫ ЖАНРЛАР ЖҮЙЕСІ
Жалпы жанрлар теориясынан фольклорлық проза жанрла­
рының теориясын бөліп алатын болсақ, оның мынадай 
басты­басты (түбегейлі) міндеттерін атап көрсетуге болады. Олар: 
а) про залық фольклорды басқа қара сөздерден, күнделікті жай 
әңгіме мен әдеби көркем прозадан ажыратудың ғылыми не­
гізделген критерийлерін анықтау; ә) прозалық фольклордың 
өлең үлгісіндегі фольклордан айырмасын белгілеу; б) халық 
прозасының өз ішіндегі жанрлық топтар мен бөлшектерді 
айырудың принциптерін айқындау.
Аталған міндеттердің ішінде дау туғызбайтыны – өлең тү­
ріндегі фольклор мен қара сөз үлгісіндегі фольклордың айыр­
машылығы. Бұл мәселені шешуде фольклортану ғылымы 
әдебиет теориясының тәжірибесіне сүйене алады. Сонымен 
бірге, еркінірек, кеңірек, тереңірек бара алады. Себебі дүние 
жүзіндегі көптеген халықтар фольклорының дәстүрінде өлең 
жанрлары әнмен, әуенмен тығыз байланысты болып келеді.
Ғылымға қиынырақ тиетін мәселе – фольклорлық прозаны 
күнделікті жай әңгімеден, жай сөзден ажырату, яғни фольк­
лорлық прозаға не жатады, екі­үш адамның әңгімесі, сұхбаты 
қалай аталады (не болады) – міне, осыны анықтау қиын. Басқа 
сөзбен айтқанда, жай әңгіме де ауызша прозаға жатады, бірақ 


[
39
]
ол фольклор болып есептеле ме, жоқ па – мәселе осында. 
Біздің ойымызша, жай сұхбат­әңгіме циклге түспесе, бірден­
бірге тарап, тұрақтанған сюжет құрамаса, фольклор болып 
саналмайды.
Фольклорлық проза шығармаларын айтылу мақсатына 
(пайда болуына да) қарай үш топқа бөлуге болады. Бірінші 
топты танымдық (познавательный) мақсат көздейтін шығар­
малар құрайды. Мұндай шығармалар тыңдаушы жұртқа 
жаратылыстың, дүниенің, адамды қоршаған нәрселердің және 
неше түрлі жан­жануарлардың пайда болуын, олардың мінезін­
құлқын түсіндіреді (мифтің барлық түрі, кейбір аңыздар). 
Екінші топқа мағлұматтық (информативный) мақсатпен 
айты 
латын шығармалар жатады. Бұл шығармалар көбінесе 
екі­үш адамның сұхбаты, әңгімесі түрінде болып келеді. Мұнда 
көп жағдайда айтушы өз басында болған ғажайып оқиғаларды 
немесе естіген хикаясын әңгімелейді (хикая, меморат­әң­
гіме). Үшінші топтың шығармалары көркемдік­тәрбиелік 
(эстетическо­воспитательный) мақсатпен айтылады. Бұл 
шығармалардың көркемдігі жоғары, сюжеті дамыған болып 
келеді. Бұған классикалық ертегілердің барлық түрі кіреді. 
Бұл сараланған проза жанрларының арасында қатып қалған 
шекара жоқ. Олар өзара тығыз байланысты. Бір­біріне кірігіп 
жатады. Мысалы, қиял­ғажайып жағдаяттар кәдімгі ауызекі 
әңгімеде де кездесіп жатады немесе таңғажайып оқиғалармен 
қатар бір ертегіде болмыстың шындық суреттері де ұшырасады.
Оның үстіне оқиға желісінің дамуына байланысты прозалық 
жанрлар бір түрден екінші түрге ауысып та жатады. Мысалы, 
тіршілікте жиі кездесетін бір ғана оқиға жай әңгіме болуы да 
мүмкін, ал осы оқиға көркемделіп, сюжеттік дамуға түссе, ол 
аңызға немесе ертегіге айналып та кетеді.
Жанрлардың жалпы көркемдік және морфологиялық (құ­
рылымдық) белгілері көркем шығармашылықтың ғасырлар 
бойы жасаған тәжірибесінен туғандықтан айтарлықтай тұ­
рақ ты. Сол себепті фольклорлық проза жанрларының әрқай­
сысының (айталық, ертегінің, аңыздың, хикаят, әпсананың, 
т.б.) компо 
зициялық және сюжеттік құрамын белгілі бір 
мөлшерде анықтауға, білуге болады. Белгілі зерттеуші М. Каган 
дұрыс жаз ған: «Жанрлар арасындағы жіктік шарттылығына, 


[
40
]
олардың өзара оңай кірігіп кету мүмкіндігіне қарамастан өзгер­
мейтін нәрсе – жанрдың объективті түрдегі сапалық белгісі»
32
.
Прозалық жанрларда қаһармандық пен лирикалық элемент­
терді көптеп ұшыратуға болады. Бірақ олар жанрды анықтауда 
критерий бола алмайды. Біз жанрды айқындауда бірнеше 
шартқа сүйенуіміз керек. Айталық, шығармадағы басым тү­
сіп жатқан (доминирующие) элементтер қандай; басты оқи­
ға, қақтығыс қандай, ол қандай көркемдікпен, құрылыспен 
бейнеленген, шығармада баяндалған оқиғаға тыңдаушы жұрт 
пен орындаушы қалай қарайды, сене ме, жоқ па?
Егер баяндалған оқиғаға ел сенсе, оны құрмет тұтса, онда 
ол шығарма ертегі жанрына жатпайды, яғни аңыздық проза 
болып есептеледі; ал, баяндалып отырған оқиғаға тың даушы 
жұрт пен орындаушы сенбесе, одан бір эстетикалық ләззат 
алса, көңілі қанағаттанса, ол шығарма ертегі жанрына кіреді.
Фольклорлық проза шығармалары табиғатқа табынушы­
лық тың салдарынан да пайда болады. Ондай әңгімелер мен 
мифтердің алғашқы мақсаты – адамға қас табиғат күш терімен 
күрес. Сондықтан олардың мазмұны адамның небір мақ­
лұқтармен кездесіп, қақтығысуы, солармен соғысуы болып 
келеді.
Бірте­бірте фольклорлық проза адамның табиғат күштерімен 
қақтығысын тікелей бейнелеуден арылады, ол енді көркем 
жанрға айнала бастайды. Сөйтіп, әу бастағы қарапайым миф, 
әңгіме енді көркем шығарма бола бастайды. «Шығарма құ­
рылысының қарапайымдылықтан күрделілікке ауысуы, іс­
әрекеті төтелеп баяндаудан гөрі диалог, монологтар арқылы 
беруге ұмтылушылықтың бой көрсетуі олардың жаңа деңгейге 
көшуінің де көрсеткіштері болып саналмақ»
33
.
Бүкіл совет фольклортану мен әдебиеттану ғылымдарының 
прозалық жанрларды нақтылы­тарихи тұрғыда зерттеу нә­
ти желері мен жетістіктері енді прозалық жанрларды салыс­
тырмалы­типологиялық тұрғыда қарастыруға мүмкіндік беріп 
отыр. Сонымен бірге, жанрлардың жүйе ретінде даму мен өмір 
сүру, қызмет ету заңдылықтарын ашу мүмкіндігі туып отыр.
Біздің еңбектің бір нысанасы – осы заңдылықтардың басты­
басты жолдарын айқындау, прозалық жанрлардың даралану 
принциптерін анықтап, олардың типологиялық белгілерін ашу.


[
41
]
Ғылымның қай түрі болса да өзінің объектісін зерттеу 
үшін ең алдымен қолда бар нәрсені жүйелеп, саралап алады. 
Яғни, классификация – зерттеудің негізгі және басты шарты. 
Сонымен бірге материалды саралау – ең бірінші қадам емес. 
Саралаудан бұрын материалды жинау керек, онымен түгел 
танысып шығып, топтастырып, оның негізгі­негізгі қа­
сиеттерін білу міндет. Зерттеудің предметін, объектісін анық­
тау үшін, оны белгілі бір топқа, түрге, бөлшекке жатқызу 
лазым. Міне, бұл тұрғыдан келгенде, бүкіл совет фольклортану 
ғылымы алдында үлкен әрі күрделі міндеттер тұр. Солардың 
бірі – фольклор жанрларын саралаудың тиянақты шарттарын 
анықтау. Бұл – қазақ фольклортану ғылымы үшін де аса ма­
ңызды мәселе.
Фольклор жанрларын саралау әр түрлі мақсатта болуы 
мүмкін. Таза практикалық мақсатпен саралау да, ғылыми­
танымдық мақсатпен саралау да бар. Практикалық саралау 
күн 
делікті жұмыс үшін аса маңызды. Ол қатесіз болмауы 
ықтимал, бірақ ғылыми тиянақты саралау пайда болғанша 
оның атқаратын қызметі зор. Мұндай саралауды кітапханалар 
мен баспалар, архивтер мен библиографтар және фольклорды 
жинаушылар мен шығарушылар қажет қылады. Кез келген 
жинақ құрастырушы немесе фольклорлық эскпедиция ма­
териалдарын ретке келтіруші қолындағы нәрсені ең алдымен 
сұрыптайды, топтайды, бір жүйеге келтіруге тырысады. Бұл – 
саралаудың алғашқы түрі, ол – күнделікті жұмыс барысынан 
туған қажеттілік. Сондықтан мұндай саралауға жоғары 
талап қоюға болмайды. Егер практикалық саралау қолдағы 
материалды дұрыс анықтап, білуге жәрдемін тигізсе, онда 
ол саралау өте орынды болғаны және міндетін атқарғаны. 
Міне, осындай саралаудың жақсы үлгісі ретінде біз М. Әуезов 
пен Е. Ысмайыловтың басқаруымен жинақталып, жарыққа 
шыққан үш томдық «Қазақтың ертегілерін» атар едік. Мұнда, 
шынтуайттап келгенде, қазақ халық прозасының негізгі дерлік 
жанрлары қамтылған. Әрине, олар біркелкі атаумен аталмаған 
және бірыңғай ғылыми түрде сараланбаған. Бірақ бай материал 
жақсы жүйеленген. Құрастырушылардың практикалық мақ­
сатында жүйеленген шығармалар жалпы қазақ халық прозасы 


[
42
]
туралы оқырманға керегінше мағлұмат береді. Сөзіміз дәлелді 
болу үшін томдарды сипаттап шығайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет