Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата19.01.2017
өлшемі1,43 Mb.
#2189
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Географиялық тұтастану. Географиялық тұтастану жоғары­
да қарастырып өткен барлық циклдену түрлерімен байланыста 
болады, өйткені кез келген іс­қимыл белгілі бір жерде, бір 
кеңістікке өтеді. Тіпті кейбір эпикалық туындыларда кейіпкер 
жер шарлап, бірталай елді аралайды, ал батырлар әр жақта 
жатқан бірнеше елді мекенді жаулап алады. Кейіпкердің бүкіл 
өмірі, іс­әрекеті бір жерде өтпейді, ол, кәдімгі болмыстағыдай, 
ел аралап, жер көріп, кейде жорықпен, кейде құдалықпен, кейде 
Жерұйық іздеумен, әйтеуір әр түрлі себептермен кезіп жүреді. 
Және оның сапарлары, қалай болса солай емес, белгілі бір 
ретпен болады. Олай болатыны – фольклорлық шығарма өзінің 
кейіпкеріне лайық (әйел, тұлпар, дос, дұшпан тауып бергені 
сияқты) жерлерді іздестіреді, оларды тауып, қаһармандық 
өмір жолына, іс­әрекетіне сәйкес етіп топтастырады. Мұнда 
мынандай нәрсе байқалады. Кейіпкердің жүрген жерлері көп 
жағдайда шын географиялық атаулар болып келеді, сонымен 
бірге олар ойдан шығарылған болады. Шын жер атаулары 
болатын себебі, біріншіден, жыршылар өз ру­тайпасы тұратын 
өлкені немесе өзі аралаған жерлерді жырға енгізеді, екіншіден, 

[
  190  
]
жыр лар болған оқиғалардың жерлерін тарихқа сәйкес атап, 
дәстүрге айналдырады.
Сонымен, географиялық тұтастану дегеніміз – бір фольк­
лорлық шығармада көптеген жер атауларының бас кейіпкерге 
байланысты көрінуі болып шығады. Біздің байқауымызша, 
фольклордағы географиялық тұтастану екі түрлі болады; бірі 
бірнеше жер атауларының бір кейіпкердің іс­әрекетіне телінуі 
де, екіншісі – бірнеше қаһарманның бір жерде, бір өлкеде іс­
қимыл көрсетуі.
Алғашқы түрі кез келген эпикалық шығармада ұшырасады 
десе де болады. Мысалы, Асан Қайғының Жерұйықты іздегені 
туралы утопиялық әпсаналарды алайық. Мұнда не жайлы 
қоныс іздеп, Асан Қайғы Қазақстанның барлық түкпірін шар­
лайды, тіпті Ресейге, Қытайға, Ауғанстанға, Иранға да барады. 
Рас, әр әпсанада жерлердің аты әр түрлі. Олай болатыны, 
айтушы жалпы сюжеттің қаңқасын сақтай отырып, өзі көрген 
жерлерді немесе өзінің ел жұрты тұрып жатқан аймақтың 
мекендерін атайды. 
Айтылмыш жағдайды эпостан да  көруге  болады.  Мәселен, 
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры. Жырдың әр вариантында 
Қозының, Айбастың, Қарабайдың, Қодардың жүріп өткен 
жерлері жалпы бір түбірде айтылған ортақ атаулармен қатар 
әр түрлі болып келеді. Айталық, Радлов вариантындағы жер 
атаулары: Шыршық, Бассу, Әзіреттау, Шолаққорған, Қаракөл, 
Шу, Бетпақдала,  Көкшетау, Құсмұрын, Аягөз, Сандықтас, 
Темірші, Қазанқап, Жауыржорға, Шұбарайғыр, Моншақтау, 
Жамшысу, Тоқырауын, Мұзтау, Жайсаңкөл.
Міне, аталған топонимдер арқылы жыр кейіпкерлерінің 
оңтүстіктен шығып, Қаратау асып, солтүстікке бет алғаны, 
Бетпақдаладан өтіп, Орталық Қазақстанға барғаны, содан кейін 
Шығыс Қазақстанға сапары көрсетіледі. Яғни, үдере көшкен 
Қарабайдың, оның ізімен жүрген Қодар, Айбас, Қозылардың 
бүкіл қазақ сахарасын шарлаған маршруты қарастылған.
Ал  Шөже вариантында сәл өзгешілік бар.  Оның қаһар­
мандарының барған жерлері: Аягөз, Өлеңті, Ақкөл, Жайылма, 
Сарыарқа, Домбыралы, Моншақты, Алтын сандық, Ақшатау, 
Тоқырауын, Қарқаралы, Қазылық, Баянауыл, Есіл, Нұра, 
Жауыр, Бұғы, Шу, Талас, Қызылжар, Ақжар.

[
 
 191  
]
Жанақ нұсқасында кейіпкерлердің сапары мына жерлермен 
өтеді. Шыңғыс, Қалба, Мыржық, Қүреңіс, Ақкезең, Семей, 
Ертіс, Іле, Құлжа, Шыршық, Сыр, Қоқан, Сарыарқа, Бетпақ, 
Сақалды, Шу, Аягөз, Лепсі, Тарбағатай, Қатынсу, Ақсәуле, 
Жетісу, Қызыл белбеу, Құбажон, Шұбарайғыр, Мейізек, 
Қарқаралы, Шідерті, Түйемойнақ, Жылытау, Сауыр.
Үш вариантта көптеген жер аттары тұрақты кездеседі. 
Міне, бұл – сюжет пен кейіпкерлерге сәйкес топонимдер, яғни 
мұндағы топталу дәстүрге еніп, географиялық тұтастануға 
әкелген.
Сонымен  қатар, бұл нұсқалардағы жер атауларында ал­
шақтық та бар. Ол енді жыршыға байланысты. Мысалы, Шөже 
вариантында  Орталық Қазақстан топонимдері көбірек. Себебі 
ол осы өңірде туып­өскен, осы өлкені көп аралаған, сондықтан 
ол өзі білетін жерлерді де кіргізіп отырған.
Жанақ  та солай. Ол солтүстік­шығыс аймақта туып­өскен. 
Сол себепті оның жырлаған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуында» 
осы  күнгі Қарағандыдан шығысқа қарай,  дәлірек айтсақ, 
Қарқаралыдан әрі жақтағы жерлер аталады.
Демек, эпикалық туындылардағы тұтастану жыршыға да 
байланысты.
Жоғарыда айқанымыздай, географиялық тұтастанудың ен­
дігі бір түрі – бірнеше батырдың нақты бір жерге немесе өлкеге 
телінуі, яғни әр кездің батырлары,  сондай­ақ бір заманның 
ерлері де бір орталыққа жиналып, бір өңірде іс­әрекет істейді. 
Бұл жайт тұтастанудың аталмыш түрін тарихи  тұтастануға, 
әсіресе, оның мемлекеттік, яғни бір орталық пен  бір басшы 
төңірегіне топталған түріне жақындатады. Айтылған ойға 
дәлел етіп, «Қырымның қырық батыры»  эпопеясын және 
Абылай мен оның батырлары туралы жыр­аңыздарды келтіруге 
болады. «Қырымның қырық батырын» алайық:
Ең алдымен айтатын нәрсе: бұл эпос  тұтастанудың барлық 
түрінен өткен, мұнда сюжеттік циклдену де, ғұмырналық 
циклдену де, шежірелік циклдену де, тарихи циклдену де бар.
Соңғы циклдену түрі географиялық тұтастануға үлкен әсер 
еткен, өйткені мемлекеттік кезеңдегі тұтастану, бір жағынан, 
мемлекеттің көп жылғы тарихын  қамтыса, екінші жағынан, 
сол ұзақ тарихты көрсету үшін мемлекет тұрған кеңістікті де 

[
  192  
]
көрсетуді керек еткен. Сөйтіп, «Қырымның  қырық батырын­
да» Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы тұстарындағы 
билеушілердің қаһармандық шежіресі тұтастанудың барлық 
үл гісі арқылы жыр түрінде баяндалған да, үлкен эпопеяға ай­
налған. Ал эпопеяның алтын діңгегі – «Едіге» туралы жыр.
Эпопея  Едігенің ең арғы бабасы Аңшыбай батырдың әң­
гімесінен басталып, оның аталары Парпария мен Құттының 
ерлігін, Едігенің өзінің, содан кейін оның Нұрадын, Мұсахан, 
Орақ, Мамай, Қарасай, Қази деген үрім­бұтағының да 
қаһармандығын мадақтайды. Осы  бірнеше ұрпақтың батыр­
ларын баяндайтын эпопея бірнеше ғасыр­оқиғасын қамтыған. 
Оның ішінде тарихи  адамдар мен ақиқат оқиғалар да,  ойдан 
қосылған жайттар мен кейіпкерлер бар. Бұл мәселені кезінде 
В.М. Жирмунский егжей­тегжейлі зерттегендіктен
50
 біз оған 
тоқталмай, назарымызды осы  эпостағы географиялық тұ­
тастануға ғана аудармақпыз. Осы тұрғыдан  келгенде  талай 
ғасырғы тарихы бар мемлекет ішінде болған оқиғалардың 
(әр заманға жатса да)  Қырымда, оның төңірегінде болуы, бір 
жағынан, эпостың тарихқа қатысын көрсетеді. Яғни аталмыш 
эпопеяда, тіпті бүкіл эпос жанрында, іс­әрекет ететін жерлер, 
топонимдер тарихтан алшақ болмайды. Демек, фольклорлық, 
утопиялық, шарттылығы болса да, кеңістік  пен  уақыт бір­
біріне сәйкес болады  деуге негіз бар.  Бірақ,  рас,  олардың 
қайшылықтары  да  жоқ емес. Кейде уақыт сығымдалып, тез 
өтіп жатқанда, кеңістік, керісінше, өзгермей бір жер болып 
келеді. Енді бірде уақыт жылжымай, бір орнында тұрады да, 
кеңістік өзгеріп отырады. Ал олардың сәйкестігі шектелуден 
көрінеді, яғни эпос  та, уақыт та, кеңістік те тұйықталып кө­
рінуі мүмкін: кейіпкер туып, өлетіні сияқты, үйден шығып, 
қанша жерді шарласа да, үйге қайтып оралады. Бұл, әсіресе, 
прозалық шығармаларға тән. Кейбір эпостарда кейіпкер жолда 
немесе шайқаста қаза болып, уақыт пен кеңістік шорт үзіледі, 
бірақ бұл өте сирек кездеседі.
Осы айтылғандардың бәрі «Қырымның қырық батырында» 
ұшырасады. Ал осындағы жер атаулары қандай, олар реалды 
ма, жоқ па, қаншалықты тарихқа сай, енді осыған келейік. Бұл 
мәселеде де тарихи оқиғалармен үндестік бар екенін байқауға 
болады. Яғни эпопеяда бейнеленетін басты батырлардың 

[
 
 193  
]
негізгі мекені – Жайық пен Қырым аралығы екені шындық. 
XV ғасырдың бірінші жартысында пайда бо лған Ноғай Ордасы 
өзінің XVII ғасырда әлсіреген уақытына шейін Жайықтан 
батысқа қарайғы Қырымға дейінгі аралықты алып жатқаны 
белгілі. Ал ноғайлы елі күшейіп тұрған шағында Кавказға да, 
Ресейге де, Қазақстанға да, Орта Азияға да жорық жасап, бірде 
жеңіп, бірде жеңіліс тауып отырды, ара­арасында олардың 
әрқайсысымен одақ құрып та жүрді. Міне, осы жағдай дәлме­
дәл тарихтағыдай болмаса да, эпо пеяда өзінше көрініс тапқан: 
батырлар өзінің мекенінде тыныш өмір сүріп, жорыққа шет 
жаққа шығады. Жырда олардың атамекені – Қырым да, 
кей батыр өзінше отау тіккен кезде осы Қырым аймағының 
Жайыққа дейінгі жерінен жеке мекен табады, қала салады. 
Мысалы, Аңшыбай, Құттықия, Едіге, Нұрадындар «Қырық 
таңбалы Қырымды» мекендесе, Мұсахан мен Қарасай­Қазилар 
«Хантөрткүл» деген қала салып, сонда тұрады:
Еділ-Жайық бойында, 
Боғданың бергі жағасы,
Хантөрткүлдің басы еді
Мұсаханның салған қаласы
51
,–
деп, эпос жаңа мекеннің пайда болғанын хабарлайды.
Ал енді Аңшыбай батырдан бастап «Қарасай­Қазиға» дейін­
гі жырларда кездесетін жер атаулары мыналар: Қырық таң­
балы Қырым, Ағрабат шаһары, Қызылқұм, Үш Бөкенбай, 
Қарамая шыңы, Кеңарал даласы, Үшқиян, Еділ, Жайық, 
Боғда, Хантөрткүл қаласы, Оқ, Балқан, он екі баулы Ұрым, 
Шам шаһары, Мысыр, көне Үргеніш, Хиуа, Сарыат көлі.
Аталған топонимдер ұлан­байтақ кең алқапты алып жатыр. 
Олардың көпшілігі Ноғай ордасының әр түрлі қатынаста 
болған өлкелерді меңзейді, сол жерлерді мекендеген елдермен 
ноғайлардың бірде тату, бірде араз өмір сүргенінен хабар 
береді. Бірақ эпопеяда ол халықтардың аты үшеу­ақ: ындыс, 
қызылбас, қалмақ. Демек, оқиғалардың географиясын алуан 
түрлі етіп көрсеткенмен эпос барлық батырын бір Қырымға 
топтағаны сияқты оқиғалардың өзін де, ноғайлардың 
жауларын да кейінгі мезгіл тұрғысынан қарап (мүмкін 
көмескіленуінің салдарынан да), өзгертіп жіберген. Сондықтан 
13­279

[
  194  
]
да Қырым батырлары қайда барып, кіммен со ғысса да, оның 
жауы, ең алдымен, қалмақ болып шығады, содан соң ындыс 
пен қызылбас көрінеді. Әрине, бертінгі шанның жаһангерлері 
бұрынғыларды ығыстырып немесе алмастырып жіберген. Тіпті 
Шаппазхан да (шах Аббас), Сәтемір де (Ақсақ Темір), Оспан 
да (Оспан сұлтан), Өгіз де (Оғыз хан) қалмақ болып кеткен. 
Фольклорда мұндай бола береді, өйткені тарихи тұтастанумен 
қатар уақыт пен жыршының әсерінен кісі аттары, олардың 
өмірі мен іс­қимылы, оқиғалар көмескіленіп я болмаса 
шатасып кетуі әбден заңды кейбір жайттар, кісілер ұмытылып 
қалуы да мүмкін. Айталық, «Қырымның қырық батыры» 
жырында Мұсахан Нұрадынның баласы болып бейнеленеді, ал 
тарихта Мұса – Нұрадынның немересі. Ортадағы Оқас түсіп 
қалған. Ол – Мұса мен Жаңбыршының, Асанның (Хасан ) әкесі. 
Сондай­ақ эпоста Орақ пен Мамай – Мұсаханның баласы болса 
тарихта олар – Мұсаның немересі. Олардың әкесі – Алшағыр, 
бұл да эпос циклінен түсіп қалған.
Жалпы, «Қырымның қырық батыры» тарихи тұтастану 
барысында өмірде болған адамдармен қатар жырға шежірелік 
сипат беру мақсатымен өмірде болмаған кісілерді де сюжетке 
енгізген. Эпопеядағы «Едігеге» дейінгі батырлар – тарихта 
белгісіз, тек Құттықия туралы болжамдар бар. 
Сонымен, енді ойымызды қорытайық. Аса көрнекті фольк­
лорист В.Я. Пропп 1957 жылы орыс эпосын зерттеген еңбегін­
де фольклордағы тұтастану мәселесіне қатысты бы лай деп 
жазған еді.
«Фольклористикада «цикл» деген сөз әр түрлі мағынада тү­
сініледі.
1. Цикл деп бір әміршіге қызмет ететін батырлар туралы 
өлең­жырларды айтады. Өлең­жырлардың сюжеті ылғи да 
бір­бірімен байланысты бола бермейді, әр жыр өзінше, бас­
аяғы біртұтас шығарма: соған қарамастан бір қызметке бай­
ланысты болғандықтан жырдағы батырлар бірін­бірі біледі, 
араласып тұрады. Батыс Еуропада мұндай циклдерге король 
Артур жайындағы кельт циклі, король Карл хақындағы Франк 
циклі жатады. Біздің де (яғни орыстың – С.Қ.) кейбір были­
наларымыз Владимир және Киев циклдеріне үйіріледі.

[
 
 195  
]
2. Кейде цикл деп әуелі бөлек­бөлек пайда болған шығар­
малардың бірігіп, топтасуын айтады. Бұл тұрғыда Гомер 
цикліндегі өлеңдерді айтуға болады. Әдетте, мұндай циклдер 
жасанды болып келеді («Гесериада» және басқалары), алайда 
өз бетінше бірігу халық поэзиясында орын алуы мүмкін.
3. Орыс ғылымында цикл деп кейде бір жердің немесе 
бір өлкенің жырларын айтатын. Мысалы, Новгородтың бы­
линаларын Новгород циклінің былиналары деп атайды.
4. «Цикл» деген сөзді бір батыр жөніндегі жырларға байла­
нысты да қолдану бар. Мәселен, осы мағынада Разин цикліндегі 
өлең­жырлар жайлы да айтуға болады»
54
.
В.Я. Пропптың бұл анықтамасы біз айтып отырған тұтас­
танудың сюжеттік пен бір орталыққа топтану түрлеріне сәйкес. 
Ал қалғандары қазақ фольклорындағы циклизация құбылысын 
қамтымайды. Рас, егер құлағынан тартып келтірсек, Пропп 
айтқан циклдің үшінші түрін біздің географиялық тұтастануға 
жақындатуға болады. Алайда, біздегі тұтастану сыртқы жер 
атауы болмаса бір кейіпкер болғандықтан емес қой. Қазақ 
фольклорындағы географиялық тұтастану шығарманың идея­
сы мен ішкі мазмұнына негізделген: елдің сүйікті батырына, 
оның ерлігіне, адамдық қасиетке лайық әйел мен қару­жарақ 
қана емес, тұлпар мен серік қана емес, сондай­ақ мекен, жер, 
қоныс керек. Ал бір батыр туралы жекелеген өлең­жырлар 
бірігіп, цикл құратыны ақиқат. Бірақ онда ғұмырнамалық 
сипат болмауы мүмкін. Ол топталған өлең­жырлардың бас­
аяғын бүтіндеп, қаһарманның туғанынан бастап дүниеден 
өткеніне дейінгі өмірбаяны түгел қамту керек. Бұл – талантты 
жыршының ісі, бұл – өнер туындысы. Сондықтан қазақ эпо­
сындағы ғұмыр намалық тұтастану Пропптың төртінші «цикл» 
түріне сәйкес келмейді. Жалпы, қазақ фольклорындағы 
тұтастану – батырды дә 
ріп 
 
 
теу үшін қолданылатын көркем 
құрал, поэтиканың заң дылығы. Батырды көтермелей сурет­
теу – халық тілегі, ал жыр шы – сол тілекті орындаушы. «Ел 
қиялы сүйген ерін қа шан да көздеген мақсатына жеткізбей 
қойған емес. Қандай қыншылық, бейнет болсын бәрі де ердің 
басына өтпекші»
53
. Сондықтан да эпос алуан түрлі тұтастанудан 
өтеді, сөйтіп, өзінің батырды дәріптеу мақсатына уақыт пен 
кеңістікті де, тарих пен қиялды да қызмет еткізеді. 

[
  196  
]
Сілтемелер мен ескертпелер
1. Фольклордағы штамп образдар мен тұрақты стиль жө­
нінде менің «Қазақтың халық прозасы» атты кітабымда 
кеңірек айтылған болатын. – Алматы, 1984.
2. Горький А.М.  Разрушение личности. // Русская фольк­
лористика. Хрестоматия. – М., 1965. – 239­б.
3. Добролюбов Н.А. О степени участия народности в раз­
витии русской литературы. // Русская фольклористика. Хрес­
томатия. – М., 1965. – 76­б.
4. Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. В 5­ти т. Т. 1. – Алма­Ата, 1961. – 
367­б.
5. Жирмунский В.М., Зарифов X.Т. Узбекский народный 
героический эпос. – М., 1947. – 265­б.
6. Жирмунский В.М. Народный героический эпос. – М.­Л., 
1962. – 37­43­бб.
7. Қараңыз: Сұлтанғали Садырбаев. Вопросы циклизации 
казахско го эпоса. Автореферат кандидатской диссертации. – 
Алма­Ата, 1965.
8. Садырбаев С. Фольклор жэне эстетика. – А., 1976. – 103­
104­бб.
9. Сонда, 104­б.
10. Садырбаев С. «Қазақтың батырлар жырларында тұтас­
танудың екі белгісі анық көрінеді: бірі – өмірбаяндық, екінші­
сі – генеалогиялық», – деп жазады. (Аталған кітап. 106­б.). 
Бұл пікір тек қаһармандық эпосқа ғана қатысты айтылған. Ал 
қазақтың тарихи жанрында бір орталыққа тұтастану, эпос пен 
хикаяда сюжеттік тұтастану, аңызда географиялық тұтастану, 
шешендік сөз бен эпоста тарихи тұтастану бар. Сондықтан біз 
бүкіл қазақ фольклорындағы тұтастануды біртұтас құбылыс 
ретінде әңгімелеп отырмыз. 
11. Аникин В.П. Русский фольклор. – М., 1987. – 18­б.
12. Сонда, 21­б.
13. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. Шығармалары. Т.6. – 
1964. – 72­73­бб.
14. Әуезов Мұхтар. Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962. – 
35­бб. Тағы да қараңыз: 64­65­бб.

[
 
 197  
]
15. Қараңыз: Әуезов М., Ысмайлов Е. Қазақ ертегілері. 
Т.1. – Алматы, 1957. – ХVІІ­ХХ­б; Каскабасов С.А. Ка захс­
кая волшебная сказка. – Алма­Ата, 1972. – 129­132­бб.
Қамбар  батыр. Редакциясын басқарғандар  М.О. Әуезов және 
Н.С. Смирнова. – Алматы, 1959. – 42­б.
16. Жырда солай.
17. Қамбар батыр. 43­44­бб.
18. «Қыз Жібек» жырының сюжеттік тұтастану процесін 
қа лай  өткені  туралы  біз  «Колыбель искусства» (1992) атты 
еңбегімізде айтқан болатынбыз.
19. Жирмунский В.М. Народный героический эпос. – М­Л., 
1962. – 38­б.
20. Ер Едіге. // Сәтбаев Қ.И. Ғылым және мәдениет туралы 
таңдамалы мақалалары. – Алматы, 1989. – 361­362­бб.
21. Қазақ халық әдебиеті. Батырлар жыры. Т. 5. Қы рымның 
қырық батыры. – Алматы, 1989. – 70­71­бб.
22. Ертегідегі жетімдер бейнесі мен фольклорлық эстетика 
туралы қара ңыз: Қасқабасов С.А. Казахская волшебная сказ­
ка. – Алма­Ата, 1972. – 141­147­бб. Мәшһүр Жүсіптің вариан­
тын  қараңыз:  С.  Дәуітовтің  дайындаған нұсқасы. Ер  Едіге  // 
«Қа зақ  батырлары» газеті, 1991 ж. №3.
23. Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. –  Л., 
1974. – 379­б.
24. Бұл мотивтің шығу тегі, мерзімі, өзгеруі жайында қара­
ңыз: Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – Л., 1940; 
Жирмунский В.М. Сказание об Алпамысе и богатырская 
сказка. – М., 1963; Пропп В.Я. Фольклор и действитель­
ность. – М., 1976; Қасқабасов С.А. Ертек пен эпостын сюжеттік 
типологиясы // Қазақ фольклорының типологиясы. – Алматы, 
1981. – 235­266­бб.
25. Қазақ халық әдебиеті. Батырлар жыры. Т. 6. – Алматы, 
1990. – 9­11­бб.
26. Алпамыс батыр. Редакциясын басқарғандар М.О.Әуезов 
және Н.С.Смирнова. – Алматы, 1961. – 20­б.
27. Сонда, 20­21­бб.
28. Сонда, 36­б.
29. Қазақ халық әдебиеті. Батырлар жыры. Т. 6. – Алматы, 
1990. – 112­б.

[
  198  
]
30. Сәтбаев Қ.И. Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы 
мақалалары. – Алматы, 1989. – 356­б.
31. Садырбаев С. Фольклор және эстетика. – А., 1976. – 107­б.
32. Жирмунский В.М. Введение в изучение эпоса «Манас». 
// Киргиз­героический эпос «Манас». – М., 1961. – 168­б. 
33. Маргулан А.О носителях древней поэтической куль­
туры казахского народа. М.О. Ауэзов. Сб. статей к его шес ти­
десятилетию. – Алма­Ата, 1959. – 81­б.
34. Едіге. Батырлар жыры. Т.5. – Алматы, 1989. – 77­б.
35. Тана. Сонда, 289­б.
36. Аңшыбай батыр. Батырлар жыры. Т.5. Қырымның қы­
рық батыры. –Алматы, 1989. – 16­б.
37. Сонда, 20­21­бб.
38. Сонда, 45­б.
39. Парпария. // Сонда, 46­б.
40. Сонда, 47­б.
41. Сонда, 49­б.
42. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991. Екінші 
басылымы. – 67­б.
43. Веселовокий А.Н. Историческая поэтика. – Л., 1940. – 
473­475­бб.
44. Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – С. 492.
45. «Алпамыс батыр» жырының шығу тегі мен даму тарихын 
жан­жақты зерттеген В. Жирмунскийдің мына еңбектерін 
қараңыз: Вопросы генезиса и истории эпического сказания об 
Алпамыше. // Об эпосе Алпамыш. – Ташкент, 1959. – 26­60­бб. 
Сказание об Алпамыше и богатырская сказка. – М., 1960.
46. Алпамыс батыр. Редакциясын басқарғандар М.О. Әуезов 
және Н.С. Смирнова. – Алматы, 1961. – 37­б.
47. Бұл туралы  кеңірек қараңыз: Қасқабасов С. Казахская 
несказочная проза. – Алма­Ата, 1990. – С. 209­232.
48. Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. В 5­ти т. Т. 2. – Алма­Ата, 
1961. – 220.
49. Мұқанов С. Қазақтың XVIII­ XIX ғасырдағы әдебиетінің 
тарихынан очерктер. І бөлім. – Алматы, 1942. – 18­19­бб.
50. Қараңыз: Жирмунский В.М. П.М. Мелиоранский и изу­
чение эпоса «Едиге». // Тюркологический сборник. 1972. – 
М., 1973. – 141­185­бб; Сонікі. Тюркский героический эпос. 

[
 
 199  
]
– Л., 1974. – 349­386­бб. Жалпы, Едіге туралы жыр, сондай­
ақ Ноғайлы цикліндегі жырлар арнайы зерттеуді қажет етеді. 
Бізде бұл іс енді ғана қолға алына бастады. Қараңыз: Бердібаев 
Р. «Едіге батыр» жыры туралы. // «Әлем» альманахы. 1990. – 
253­286­бб.
52. Қазақтың халық әдебиеті. Батырлар жыры. Т.5. – Ал­
маты, 1989.
53. Пропп В.Я. Русский героический эпос. Изд. 2­ое. – М., 
1958. – 62­б. 

[
  200  
]
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ – 
АВТОРЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
Он бесінші ғасырдың ортасында пайда болған Қазақ хандығы 
ұлттық мәдениет пен әдебиеттің өрістеп­өркендеуіне орасан 
ықпал етіп, ерекше жағдай жасады. Алтын Орда заманында 
ертеден бері жалғасып, ары қарай дами түскен жалпытүркілік 
руханияттың мұрагері ретінде қазақ халқы мен мемлекеті 
енді бұрынғы бабалардан қалған мирасты сақтап қана емес, 
оны байытып, жаңғырта дамытуға міндетгі болып, соған күш 
салды. Бұл дәуірдегі мәдениет өзінің түр­сипаты, мазмұны 
мен тақырыбы жағынан алуан түрлі болды. Мұнда ежелгі 
мифологиялық аңыздаулар мен кейінгі заманда пайда болған 
фольк лорлық шығармалар, орта ғасырларда күллі Шығыста 
дәстүрге айналған қолжазба кітаптар мен тарихи­шежірелік 
туындылар, халықтық музыка мен ойындар, сондай­ақ ұлт­
тық қазак әдебиеті мен шешендік өнер – бәрі қатар, араласа, 
сабақтаса ғұмыр кешіп жатты. Әсіресе, ауыз әдебиеті ай­
рықша дамыды. Оның басты себебі, Қазақ хандығындағы 
болмыстың өзі мен мемлекеттік құрылымның өзгешелегі еді, 
яғни көшпелі өмір мен отырықшы тұрмыстың, бақташылық 
пен диқаншылықтың қатар болып, жарасымды дамуы сол 
тұстағы рухани өмірдің алдыңғы сапына өзіндік сипаты мол 
ауыз әдебиетін, дәлірек айтқанда, жыраулар поэзиясын және 
шешендік өнерді шығарды.
Ауыз әдебиеті дегенде, бұл жерде фольклор туралы сөз 
бол мауы керек. Фольклор – атам заманда туып, авторы жоқ, 
бірден­бірге айтылып, ұрпақтан­ұрпаққа жеткен ауызекі 
шығармалар екені белгілі. Ал «ауыз әдебиеті» деген ұғым орта 
ғасырлардағы Қазақстан үшін кәдімгі кәсіби жазба әдебиет 
рөлін атқарған туындыларды білдіреді. Оның фольклордан 
басты айырмашылығы – авторлық болуы, мәтіннің біршама 
тұрақтылығы, шығарма мазмұнының нақтылығы, оның кімге 
арналғанының (адресаттың) белгілі болуы, сондай­ақ шығарма 
стиліндегі даралық сипат пен автордың «мені» көрініс бере­
тіндігі. Мұндай ауыз әдебиетін жасаушылар ол кезде, негізінен, 
жыраулар мен шешендер (билер) болды.

[
 
 201  
]
Жеке отау тігіп, өз мемлекетін құрған қазақ елі үшін XV­
XVI ғасырларда ең басты мәселе – жаңа құрылған «мелекетті 
күшейту мен қорғау болды. Бүкіл қоғамдық ана, елдің аңса­
ры – ұлттық тұңғыш мемлекетті сақтап қалу болды да, күллі 
әлеумет, халық, қоғам ендігі жерде жұмылдырып, бір жеңнең 
қол, бір жағадан бас шығаратын, барлық рулар мен тайпаларды 
бір орталыққа қаратып, ішкі алауыздықты тыятын, яғни елдің 
қамын жеп, ел үшін аянбай еңбек ететін әмірші керек екенін 
жақсы түсінген болатын. Сондықтан ақылды да абыройлы хан 
керек деп ойлады. Халық арасындағы, қоғамдық санадағы бұл 
пікірді, осындай этатикалық идеяны, хандық идеологияны 
барынша сақтап, елді соған үгіттеуге ерекше күш салған 
қайраткерлердің ішінде жыраулар мен шешендер өздерінің 
құдіретті сөзімен де, үлгілі ісімен де ең басты роль атқарды, 
іске орасан еңбек сіңірді.
Жыраулар кім еді? Олар нені көздеді, қандай мақсат тұтты? 
Жыраулар – хан сарайындағы көреген саясаткер, ханның ақыл­
гөйі, мемлекеттің бас идеологы, елдің ақылшысы, қолбасы әрі 
дауылпаз ақын бола білді. Олар Хан Кеңесінің белсенді мүшесі 
болған, мемлекетті басқару ісіне тікелей қатынасып, саяси, 
әскери, қоғамдық мәселелерді шешуге араласып отырған. 
Соғыс кезінде жыраулар әскери Кеңесте жанның жеке өзіне де 
өз ойын ашық айтып, ақыл беріп, болжау жасаған. Қиян­кескі 
ұрысқа түсер алдында жауынгерлерге арнап жыр толғаған, 
олардың намысын қайрап, рухын көтерген. Тіпті қажет 
болған жағдайда өздері де шайқасқа қатысып, ерліктің үлгісін 
көрсеткен, сондықтан жыраулардың біразы қолбасы да болған, 
тайпалар мен руларды да басқарған. Жыраулардың көбінесе 
әрі суырыпсалма ақын, әрі батыр, әрі данагой және сәуегей 
болып келуінің себебі сол тұстағы Қазақ хандығының өмір 
салты мен тұрмыс­тіршілігінің көшпелі­бақташылық болуына 
және ұдайы жаугершілікті басынан кешіруіне байланысты еді.
Жалпы, қазақ жырауларының тегі тарихи, қоғамдық және 
рухани тұрғыдан алғанда сонау Түркі қағанаты заманына 
меңзейді. Әйгілі Иолығтегіннің жазбалары оның Күлтегін, 
Білге қаған мен Тоныкөк уақытында елдің бірлігін көксеп, 
бек пен қоғамның атақ­абыройын ардақтаған жырау екенін 
дәлелдейді. Сол сияқты оғыздар дәуіріндегі Қорқыт ата, одан 

[
  202  
]
бертіндегі Шыңғыс хан тұсындағы Кетбұға (Ұлық жыршы), 
Алтын Орда кезіндегі Сыпыра – бұлардың бәрі XV­XVI ға­
сырларда тарихи аренаға шыққан қазақ жырауларының арғы 
түп­тамыры, бастауы еді. Қазақ жыраулары ежелгі ұстаз­
дарының дәстүрін толық сақтап, әдебиетті өз дәуірлерінің та­
лап­талғамына, болмысына сәйкес тақырып пен мазмұн, түр 
жағынан байыта түсті. Бір кезде бүкіл түркі халықтарында, 
олардың тарихтарында, рухани ғұмырында зор роль атқарған 
жыраулар орта ғасырларда тек Қазақ мемлекетінде ғана өзінің 
әлеуметтік­саяси, мәдени қызметін сақтап, бертінгі жаңа 
дәуірге, яғни XIX ғасырға дейін жеткізді. Бұл – жыраулық өнер 
тәуелсіз көшпелі­бақташылық мемлекетте ғана болатындығын 
дәлелдейтін заңдылық. Өйткені, қазақтан басқа түркі елдері 
XV­XVІ ғасырларда бірі тәуелсіздігінен айырылып, бірі 
көшпелікті қойып, біржола отырықшылыққа ауысып, басқа 
идеология мен мәдениет жасады, ал енді біреулері өз мемлекетін 
құра алмады. Міне, Алтын Орда ыдырағаннан кейін, ордалы 
мемлекет құрған қазақ халқының рухани өмірінде байырғы 
жыраулық дәстүр мен әдебиет қайта жаңғырып, жаңа санада 
көрінді.
Қазақ жыраулары жаңадан құрылған мемлекеттің күшті, 
хан билігінің мықты болуын көздеп, сол кезеңдегі әдебиетті, 
күллі мәдениетті мемлекетке, ханға қызмет еткізді. Олар 
өздерін әміршінің, мемлекеттің қызметшісі деп білді, сол 
себепті хандықтың идеологына айналды. Ханның ақылгөй 
кеңесшісі, бас саясаткері болғандықтан жыраулар тек қана 
үлкен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша толғаған 
да, өз сөздерін тікелей әміршіге арнап айтқан. Олар әдетте 
елді абдыратқан, толғантқан жағдайлар мен төтенше оқиғалар 
кезінде сөйлеген. Сондықтан жырауларды әмірші де, халық та 
аса қадір тұтып, олардан хан да, халық та ел дағдарған немесе 
бүліншілік болған шақта я болмаса елге жау тигенде ақыл­кеңес 
сұраған. Жыраулар мұндай сәттерде жұртшылыққа тоқтау 
айтып, болып жатқан оқиғаға не месе жағдаятқа өз бағасын 
берген, өткенді еске түсіріп, бүгінін сипаттаған, болашақты 
барлаған. Өз заманы мен бұрынғы уақытты са лыстыра толғап, 
дәуір туралы, қоғам жайлы, ел мен әмірші жөнінде нақылды­
пәлсапалық ой түйіндеген.

[
 
 203  
]
Сонымен бірге жыраулар шығармашылығында әміршіге 
билеушілерге қарсы, оппозициялық ой­пікірлер де айтылған
Қажетті жерде жыраулар хан мен сұлтандарға олардың халық­
қа жағымсыз кейбір қылықтары мен байлам­шешімдеріне 
наразы болып, өздерінің келіспейтінін ашық айтып отырған. 
Тіпті кей тұстарда жыраулар өз әміршісін сынға да алатын 
болған. Олай болатын себебі – біріншіден, жыраулардың көбісі 
қай жағынан болса да хан­сұлтандармен терезесі тең ақсүйектер 
тұқымынан шыққандығы; екіншіден, олардың әміршіге, 
мемлекетке деген адалдығы; үшіншіден, жыраулардың ел 
арасындағы орасан биік беделдігі; төртіншіден, көшпелі 
хандық мемлекетіндегі «өзін
  
дік демократияның» болғандығы; 
бесіншіден, қазақ қауы мында «Өнер алды – қызыл тіл» деп 
бағаланып, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген қағида­
шарттың мық тылығы еді.
Жыраулар поэзиясындағы ең басты тақырып Қазақ хан­
дығын құраған ру мен тайпалардың татулығы мен бірлігі 
жене мемлекетті нығайту мен оның жауынгерлік күшін арт­
тыру болды. Ал мұның өзі жыраулар поэзиясында ең мәнді 
де, маңызды етіп қаһармандықты, елінің тәуелсіздігі мен 
мемлекетінің нығаюы үшін жан аямай күрескен батырлар 
мен қайраткерлерді мадақтап, көтермелеп жырлау дәстүрін 
қалыптастырды. Сөйтіп, жыраулар өз шығармаларында 
идеал ды  әміршінің бейнесін жасады, сонымен қатар адамдар 
жоқ 
шылық көрмей, бақытқа кенелген утопиялық қоғамды 
суреттеді. Өздерінің монолог түрінде айтылатын толғаула­
рында жыраулар маңызды мемлекеттік мәселелермен қатар 
за ман мен қоғам, адам мен заман, тұлға мен тобыр, сондай­
ақ иман дылық пен қайырымдылық, өмірдің өткіншілігі мен 
адамның опасыздығы, өлім мен өмірдің қайшылығы сияқты 
моральдық, этикалық, пәлсапалық проблемаларды көтеріп, 
қоғаммен бай ланыстыра жырлап отырды.
Жыраулар поэзиясы үш түрде жасалған: толғау, арнау, 
ма дақтау. Алайда, ең жиі қолданылатыны – толғау. Тол ­
ғау – алуан түрлі тақырыптағы, философиялық ойға, дидак ­
ти 
ка мен моральға, т.б. мәселелерге арналған лирика 
лық 
шығарма. Оның өлеңдік кестесі, ұйқасы, шумағы әрқашан 
біркелкі болып келмейді. Сондықтан онда тұрақты буын мен 

[
  204  
]
бунақ, үйреншікті тирада мен ұйқас сирек кездеседі де, көп 
ретте ырғақ басты роль атқарады. Оның себебі – толғау дүйім 
жұрттың алдында төтенше жағдайда байланысты қолма­
қол шығарылып, сол жерде ауызша айтылатындығы еді 
және айтылған шақта ері елді жалықтырмау, әрі тез әсер ету 
мен жаттап алуға ыңғайлы болу мақсатын көздейтіндігі еді. 
Айтылу ситуациясы мен тақырыбына байланысты шумақ 
бірде көлемді, бірде шағын, үйқасы кейде шұбыртпалы, кейде 
аралас, көп жағдайда анафора түрінде болып келеді. Сондай­
ақ буын саны да біресе 7­8, біресе 11, енді бірде 15, тіпті одан 
да көп болуы, ассонанс пен аллитерацияның жиі қолданы­
луы – толғау үшін табиғи және бұл жағдай оны өлең (қара өлең) 
мен жыр түрлерінен оқшауландырып тұрады. Эмоциялық­
экспрессивтілік мақсатты тұтынғандықтан толғау да психо ло­
гиялық параллелизм, қайта лау, кей уақытта дыбыс қуалау­
шылық пен формулалық та кең пайдаланылады. Жалпы 
поэзияға тән теңеу, шендестіру, әсі релеу, кон траст тәрізді көр­
кемдік әдіс­тәсілдер де толғауға жат емес.
Жыраулардың толғауларында кейіпкерлермен бірге автор­
дың «мені» көрініп отырады. Толғау көп жағдайда бірінші 
жақтан («мен») айтылып, автордың көтеріп отырған мәселеге 
немесе тақырыпқа өз көзқарасын, өз қатынасын тікелей көр­
сетеді. Сол себепті кейбір толғауларда биографиялық сипат 
болады, ал енді бір шығармаларда автор өзін суреттеп, тіпті, 
өз бейнесін (кейде портретін) сомдайды. Солай бола тұрса да, 
жырау өз мүддесін ел тағдырынан жоғары қоймайды, өзін 
қанша көтермелеп айтса да, әміршісінен жоғары апармайды, 
қаншалықты «мен» дегенмен халықтың қамқоры екенін 
ұмытпайды, халық пен өзін біртұтас сезініп, халық атынан 
сөйлейді, сондықтан да оның сөзі өтімді, өзі беделді әрі елге қа­
дірлі.
Дербес мемлекет болып, Қазақ хандығы құрылған кезде­
гі осындай аса беделді де көрнекті жырау болған қайрат­
кер – Асан Сәбитұлы (Ел арасында және дерекнамаларда оны 
Асан Қайғы деп атаған). Асан Сәбитұлы шамамен 1370­1380 
жылдарында  Еділ жағасында дүниеге келген. Оның әкесі 
халықтың құрметіне бөленген, аты көпке әйгілі құсбегі болған. 
Елдің ардақтысы болған Сәбит баласы Асанға өз заманы үшін 

[
 
 205  
]
айтарлықтай білім берген. Өзінің білімділігі мен біліктілігі, 
таланты мен талабының арқасында Асан бірте­бірте көзге 
түсіп, жүртшылыққа танымал болады да, ақыр аяғы хан са­
райынан бір­ақ шығады. Кейбір мәліметтер бойынша, Асан 
Ұлық­Мұхаммед ханның ең жақын, ең сенімді ақылшысына 
айналады, соның құзырында адал қызмет етеді. Тіпті, ордада 
аласапыран төңкеріс болып, Ұлық­Мұхаммед тақтан қуылғанда 
да Асан сүйікті әміршісінің қасында болады, сонымен Ұлық­
Мұхаммед қайтыс болған соң Асан қайтадан өз еліне, Дешті­
Қыпшаққа келеді.
Ол Дешті­Қыпшаққа оралған шақта үлкен тақ үшін талас­
тың үстінен шығып, сол оқиғаларға қатынасады. Әбілқайыр 
хан мен Жәнібек, Керей сұлтандардың саяси айқасы кезінде 
Асан ханның оппозициясын қолдайды, тіпті Жәнібек пен 
Керейдің кейбір іс­әрекеттерін жақтырмаса да, олардың кү­
ресін әділдік деп танып, жеке Қазақ хандығын құрғандарын 
орынды деп біледі. Дүниеден өткенше Асан осы сұлтандардың 
қасында болады. Бұл 1455­1465 жылдар аралығы еді.
Асан Сәбитұлы әдеби мұрасынан бізге көп нәрсе жеткен 
жоқ, ал мирас болып келгендерінің дені – толғаулар. Оларда 
көтерілген проблемалар – өмір, тіршіліктің мәнісі, халық 
тағдыры, қоғам жағдайы, хан мен қарашаның, әмір мен ха­
лықтың арақатынасы. Аз да болса өте мәнді толғаулардың 
ішінен, әсіресе ел арасына кең таралғаны, әрі өзінің әлеумет­
тік мағынасы жағынан ерекшеленіп тұрғаны – жыраудың 
Жәнібек ханға қарата айтқан «Ай, хан, мен айтпасам, біл­
мейсің!» және «Қырында киік жайлаған» деп аталатын толғау­
лары. Аталмыш шығармаларда Асан халықтың мүддесі, елдің 
бірлігі, жұрттың тағдыр­талайы туралы айтып, сол тұрғыдан 
сөйлейді, ханға ата­мекені мен елдің болашағы жайында өз 
ойын қымсынбай ашық, жырауға тән мінезбен толғайды. 
Жәнібектің Қазақ хандығын құрғанын қолдағанмен, Ноғай 
ордасынан мүлде қол үзіп кеткенін жақтырмайды, өйткені 
Асанның ойынша, Но ғай – Қазақ ордасы – бір ел, бір жұрт, 
демек, олар ынтымақта өмір сүруге тиіс. Олай болмаған күнде, 
халық басына бодандық түсу қаупі бар екенін сезеді, соны 
ашық айтады.

[
  206  
]
Мұнан соң қилы-қилы заман болар, 
Заман азып, заң түзіп, жаман болар. 
Қарағайдың басына шортан шығып, 
Балалардың дәурені тәмам болар. 
О күнде қарындастан қайыр кетер, 
Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер. 
Ұлың, қызың орысқа бодан болып, 
Қайран ел, есіл жұртым сонда нетер?
1
Бұл сөз айтылып отырған кез – XV ғасыр. Тарихтан белгілі: 
XIV ғасырдың соңында Алтын Орда ішкі алауыздықтан әл­
сіреп, өзіне бағынышты Русьтен алғашқы соққы ала бастаған 
болатын. XV ғасырда Мәскеу Русі орыс жерлері мен князьдерін 
бір тудың астына топтастырып, күш жинап, үлкен мемлекетке 
айнала бастаған­ды. Ол ыдырап бара жатқан Алтын Ордаға 
азуын көрсетіп те үлгерген еді. Ал үш жүз жыл бойы Азия 
мен жарты Еуропаны билеген Алтын Орда бірнеше хандыққа 
бөлініп, өзара қырқысуға түскен­ді. Соның салдарынан олар 
үлкен күшке айналып келе жатқан Мәскеу Русіне бірінен 
соң бірі оп­оңай олжаға түсіп жатты, Азаудан, Еділден, т.б. 
жерлерден айырылып үлгерді. Міне, соның куәгері болған 
Асан ел тағдырын ойлап күңіренеді, елді басқарған хандардың 
жақындап келе жатқан қауіпті сезбейтініне күйінеді:
Аңдып жүрген көп дұшпан
Елге жау боп келеді... 
Мұны неге білмейсің? .. 
Арасынан қытай, орыстың,
Қорғаныс ап, тыныш жатырсың, 
Өзің, Жәнібек, елден асқан батырсың! 
Ертісті өрлеп орыс жүр, 
Тіл алсаң, іздеп қоныс көр... 
Орыс алар қалаңды, 
Шулатар қатын, балаңды. 
Осыны көрдім түсімде, 
Біл десе де, білмейсің
2
 ...

[
 
 207  
]
Жәнібекке арнап айтқан толғауларында Асан өзі қанша 
жақсы көріп, колдап жүрсе де, әміршісіне қатал сыншы 
ретінде сөйлеп, оның кейбір іс­әрекетін жақтамайтынын ашық 
көрсетеді. Ақиқатына жүгінсек, Асан жырау Жәнібек ханға 
оппозициялық сыңай білдіреді. Ол Ноғайлы дәуіріндегі өмірді 
елге жағымды, халықтың бақытты тұрмыс кешкен заманы етіп 
суреттейді, ол уақыт пен қоғамды өзінің мезгілі мен қауымына 
қарсы қоя бейнелеп, қазақ пен ноғайлардың бірге жасаған 
тұсын «алтын шақ» еді деп, дәріптей жырлайды:
Қырыңда киік жайлаған. 
Суыңда балық ойнаған. 
Оймауыттай тоғай, егіннің 
Ойына келген асын жейтұғын ... 
Еділ менен Жайықтың 
Бірін жазға жайласаң, 
Бірін қыста қыстасаң, 
Ал, қолыңды маларсың 
Алтын менен күміске
3
.
Асан Сәбитұлының жырау ретінде Жәнібек ханға сын көзбен 
қарағандығы ел арасында Асан туралы, оның Жәнібекке 
наразы болғандығы жөнінде, сөйтіп, ел­жұрт үшін «құтты 
қоныс» іздегендігі жайында әлеуметтік­утопиялық аңыздар 
мен әпсаналар тууына үлкен себеп әрі негіз болған. Бұл әп­
саналар Асанның Жерұйықты іздеп, жер жүзін шарлағаны, 
бірақ өзі ойлағандай елге жайлы есіміне мекенді таба алмай, 
өмірден қайғырып, өткені туралы әңгімелеп, Асанға «қайғы» 
сөзінің қосылуын, сөйтіп, ол «Асан Қайғы» аталуының себебін 
өзінше түсіндіреді.
Ал жырау Асанның өмірі де, поэзиясы да сол тұстағы 
Дешті­Қыпшақ даласында өткен әрі жасалған. Оның поэзия­
сы – өз дәуірінің айнасы іспетті, сол кезеңнің тынысын айқын 
сездіреді. Асанның толғауларындағы ең басты ерекшелік 
әміршіні дәріптеудің жоқтыгы, панегирика сипатының бол­
мауды. Асанның бұл ерекшелігі кейінгі жырауларда да басты 
белгіге айналады, алайда ХVІ­ХVІІ ғасырлардағы жыраулар 
поэзиясы панегирикадан құралақан да емес.

[
  208  
]
Асан толғауларында хас поэзияға тән дыбыс үндестігі (ас­
сонанс пен аллитерация), синтаксистік және психологиялық 
параллелизмдер, тұспалдау, шендестіру, анафора, эпи 
фора 
ұйқастары сияқты көркемдеу мен бейнелеу құралдары, әдістері 
аз емес. Мысалы:
Елбең-елбең жүгірген, 
Ебелек атқа семірген. 
Екі сезім қолға алып, 
Ерлер жортып күн көрген 
Еділ деген қиянға, 
Еңкейіп келдің тар жерге
4
...
«Ел» деген ұғымның, «ел» сөзінің қадірін түсіндіру мақса­
тында елдің қандай екенін айту үшін кілең «е» дыбысынан 
басталатын анықтауыш­айқындауыш тармақтар қатар келті­
ріп, шумаққа үлкен экспрессивтілік беріп тұр.
Асан поэзиясы, әсіресе, параллелизмге бай. Екі құбылысты, 
бір­біріне ұқсамайтын екі нәрсені қарама­қарсы қойып немесе 
салыстыра айтады да,  бейнелеп отырған затты, яки  адамды 
немесе өзінің ойын тұспалдап қана емес, сездіріп, айшықтай, 
айқындай баяндайды, суреттейді:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер? 
Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер? –
деген екі жолда бір­біріне мүлде жанаспайтын құлан мен жы­
ланды ұйқастыра, ұқсастыра суреттейді де, нақ айтар ойы – 
жалғыз кісі, бауыры жоқ, туысы жоқ, яғни ең керектісі жоқ – 
бейшара адам қалай күн көреді деген ойды соңында келтіреді. 
Бұл тұспал – тағы да қазақ пен ноғайдың бірлігі қажет деген 
идея екені күмәнсіз.
Тіршілікте күн сайын кездесетін жайттар мен өмір тәжі­
рибесінен туған «мәңгілік» ақиқаттар ауыспалы мағынада 
қолданылған символдар арқылы айтылып, тұспал түрінде 
баяндалады. Мәселен:
Көлде жүрген қоңыр қаз 
Қыр қадірін не білсін? 

[
 
 209  
]
Қырда жүрген дуадақ 
Су қадірін не білсін? 
Ауылдағы жамандар 
Ел қадірін не білсін?
5
... –
деген шумақта көргені жоқ, білгені аз адамдарды мінездеу үшін 
жырау контраст әдісін пайдаланған, қыр мен суды, қаз бен 
дуадақты қарсы қою арқылы оң­солын танымаған, ешкіммен 
араласпаған, ел­жұртпен сыйласпаған адамды сипаттап отыр. 
Мұнда синтаксистік параллелизм де бар.
«Психологиялық, синтаксистік параллелизмдер Шығыс 
поэ зия сының дидактикалық, ғақлиялық дәстүріне, мазмұ ны­
на, жалпы тәлімдік мақсатына, өмірді бейнелеу мен білдіру 
ерекшеліктеріне жақын да үндес. Сол себепті де болу керек, 
Асаннан Абайға дейінгі қазақ поэзиясында параллелизм мен 
дидактиканың қатар өрбіп келгенін дәлелдейтін мысалдар көп.
Құладың құстың құлы еді, 
Тышқан жеп жүнін түледі. 
Аққу құстың төресі, 
Ен жайлап көлді жүреді, 
деген жолдар – Асан толғауларының негізгі көркемдік арқауы. 
Осылайша өмір көріністерін параллельдеу, салыстыру, ұқсату 
арқылы суреттеу, қорытындылар жасау кейінгі тұста жыраулар 
творчествосында ақындық дәстүрге айналып кең орын алды»
6
.
XV ғасырдағы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің 
бірі – Қазтуған Сүйінішұлы. Ол 1420­1430 жылдары осы күнгі 
Астрахан уәлаятында әскери ақсүйектер отбасында дүниеге 
келген. Ірі шонжарлар тұқымынан шыққан Қазтуған сол тұста 
Еділ салалары Ақтұба, Бозанды мекен еткен түркі рулары 
мен тайпаларының әскербасы, билеушісі болған. Алайда, 
сон шама беделді әрі ықпалды болғанымен, ол XV ғасырдың 
екінші жартысында өз елінен Қазақ хандығына алуға мәжбүр 
болады. Оның себебі – сол XV ғасырдағы Дешті­Қыпшақтағы 
таққа таласқан сұлтандардың өзара жанжал­айқасы болу 
керек. Қазтуғанның Қазақ хандығындағы ғұмыры туралы 
әзірше толық дерек жоқ. Дей тұрғанмен, хандықтың күшіне 
14­279

[
  210  
]
кіріп, осы күнгі Батыс және Орталық Қазақстанды қайтадан 
өзіне қаратып, иелік құрған дәуірінде өмір сүргені күмән 
туғызбайды. Бұл XV жүзжылдықтың 80­жылдары еді
7
.
Қазтуғанның да мұрасы бізге аз көлемде жеткен. Солай 
болса да, қолымыздағы толғаулар оның үлкен талант иесі, 
көркем сөзге ұста екенін көрсетеді. Оның поэзиясы өзіндік 
мазмұнмен, өзіндік стильмен ерекшеленеді. Онда классик 
жырауға тән дидактика мен сәуегейлік жоқ оның есесіне мол 
күш­қуат, бұлқыныс бар, жауынгерлік рух пен лирикалық 
көңіл­күй қатар кездеседі. Оның толғауларынан қаһармандық 
пен нәзіктік айқын аңғарылады, ол жорықшы, жауынгер 
болып көрінеді. Сол кездегі қазақ болмысы үшін, көшпелі өмір 
кешкен халыққа жортуыл кешу, жорыққа аттану, ұзақ сапар 
шегу – әдетті іс. «Ер азығы жолда» деген номадтың идеалы 
шаршамайтын, талмайтын, еш нәрседен таймайтын, қайсар 
жігіт, ер азамат. Міне, Қазтуған поэзиясында бұл қасиет 
айрықша көзге түседі:
Белгілі биік көк сеңгір 
Басынан қарға ұшырмас. 
Ер қарауыл қарар деп, 
Алыстан қара шалар деп. 
Балдағы алтын құрыш болат, 
Ашылып шапсам, дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп ... 
...Азамат ердің баласы 
Жабыққанын білдірмес 
Жамандар мазақ қылар деп
8
.
Сонымен бірге Қазтуған шығармаларында өршілдікпен 
қатар нәзіктік, мейірімділік, елге, жерге, ата­анаға деген тәтті 
сезім көрініс береді. Оның әке­шешесі мен атамекені жайында 
айтқан толғауы Қазтуғанды сыршыл ақын ретінде де танытады:
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт.

[
 
 211  
]
Анамыз біздің Бозтуған 
Келіншек болып түскен жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт!
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт
9
 ...
Бізге жеткен толғауларда Қазтуғанның өз «мені» айқын, 
ол туралы айтып қана қоймайды, өзін поэтикалық тұрғыдан 
сипаттайды, тіпті, өзінің портретін жасайды:
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі.
Қара ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті.
Айдаса, қойдың көсемі,
Сөйлесе, қызыл тілдің шешені,
Ұстаса, қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы.
Билер отты би соңы,
Би ұлының кенжесі
10
...
Бұл толғауда автор өзін мінездейді, өзі туралы мәлімет те 
береді. Сырт қарағанда, шартты бейне боп көрінетін «уытты 
билердің соңғы биі», «би ұлының кенжесі» деген сөздер бөлім 
Қазтуғанның әкесі де, өзі де беделді би болғанын аңғартады. 
Ал осы өзін таныстыру, өзін бейнелеу барысында жырау нағыз 
көркем поэзияда қолданылатын өрнектерді пайдаланады. Ол 
бақташылық өмір кешетін елге өте жақсы таныс образдар мен 
символдарды ұтымды қолданып, кей жерлерде метафоралық 
бейнелер жасайды. Өзін елдің серкесі, биі әрі шешені, асауды 
ауыздықтайтын құрығы, орданың тірегі, буыршынның бұта 
азуы, бидайықтың көл шайқаған жалғызы деп сипаттайды. 
Осындағы «серке», «би», «шешен», «құрық», «орда», «буыр­
шын» сөздері қазақ өміріндегі әдеткі сөздер мен ұғымдар 
метафоралық мағынаға ие бо лып, автордың қандай адам екенін 
поэзия тілімен сомдап тұр. Демек, Қазтуған өз толғауларында 
суреттейтін нәрсеге ақынша қарап, оны көркем сөзбен кес­
телеп танитын зергер екенін көрсетеді. Ол жырауға тән төк­

[
  212  
]
пелеп айтуға лайықталған өлең­жырларда ассонанс пен алли­
терацияны өте ұтымды пайдаланады.
Кейбір толғауларға қарағанда, Қазтуғанның өмірі бірыңғай 
жақсы, үнемі ақсүйек деңгейінде болмаған тәрізді. Сол се­
бепті оның бірер шығармасында тәуекелшіл, өр мінезді ердің 
образымен қатар жаны нәзік, сезімтал, адам сезімінің, көңіл­
күйінің бұрылыстарын дөп басатын сезімтал кісінің бейнесі, 
әрі ата­анасы мен ел­жұртын мейлінше жақсы көретін адал 
перзенттің де образы кездеседі. Туған жерінен, Еділ жа­
ғалауынан шалғайға, Қазақ хандығына келген Қазтуған өзінің 
атамекеніне деген сүйіспеншілігін, сағынышын сол жерлерді 
айрықша әсірелеп, әсерлеп суреттеу арқылы береді. Туған 
жерін бақ пен ырыс қонған, құтты қоныс етіп көрсетеді.
Салп-салпыншақ анау үш өзен
Салуалы менің ордам қонған жер. 
Жабағылы жас тайлақ 
Жардай атан болған жер. 
Жатып қалып бір тоқты 
Жайылып мың қой болған жер. 
Жарлысы мен байы тең, 
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең, 
Ботташығы бұзаудай, 
Боз сазаны тоқтыдай, 
Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған... 
Қайран да, менің Еділім ...
Жалпы, мазмұны мен әлеуметтік мағынасы, көркемдік­бей­
нелік қасиеттері жағынан Қазтуған шығармалары – Асанның 
толғаулары секілді қазақ халқының өз алдына отау тігіп, 
жеке мемлекет құра бастаған шағындағы елге құтты қоныс 
іздеу идеялары мен жайлы мекенге орналасу мәселелерінің, 
поэзиялық түрдегі шешімі деуге болады, сол себепті онда өзінің 
ежелгі отанын дәріптеу орын алған.
Ал енді Қазақ хандығы күшейе бастаған кезі мен дербес 
мемлекет ретінде басқа көршілес елдерге танылып, үлкен 

[
 
 213  
]
ордаға айналған тұстағы жыраулар поэзиясы бұрынғыдан да 
гөрі саяси­әлеуметтік мәнге ие болды, онда жалпы мемлекеттік 
проблемалар сөз болуымен қатар, әміршіге, оның іс­әрекетіне 
деген наразылық білінеді, кей тұста тіпті сын да айтылады. Сол 
уақыттағы аса көрнекті жыраулардың бірі – Шалкиіз (Шәлгез) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет