Қасқабасов С. Таңдамалы


Сілтемелер мен ескертпелер



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата19.01.2017
өлшемі1,43 Mb.
#2189
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Сілтемелер мен ескертпелер
1. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. – 208­б.
2. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. – 29­б.
3. Құнанбаев К. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі. 
Кітапта: Мырзахметов М. Абай жүрген ізбенен. – Алматы, 
1985. – 132­б.
4. Бердібаев Р. Абай және ауыз әдебиеті. Кітапта: Абай тағы­
лымы. –Алматы, 1986. – 242­б.
5. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. – 117­б.
6. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. – 30­б.
7. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. – 20­б.
8. Қараңыз: Восточное обозрение, 1895, №6; Дала уалая­
тының газеті, 1895. – № 5; Потанин Т.Н. Казак­киргизские и 
алтайские предания, ле генды и сказки. Пг., 1917; Известия 
общества истории, археологии и этнографии. –Казань, 1905. – 
Т.21, вып. 4.
9. Қараңыз: Дала уәлаятының газеті, 1895, №5, 1900, №11, 
12; Алтынсарыұлы Ы. Өлеңдер жинағы. – Алматы, 1935; Из­
вестия общества истории, археологии и этнографии. Казань, 
1905, т. 21, вып. 4; «Қазақстан мектебі»,  1968, №2; Әдебиет 
және өнер институтының қолжазба қоры, 118­папка.
10. Қараңыз: Дала уәлаятының газеті, 1895, №3; Құнан­
баев А. шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т. 1. – 
Алматы, 1977.; «Қазақстан мектебі», 1968, № 2.
11.  Тургенев  И.С. Восточная легенда. Полное собр. соч. и 
пи сем. В 30­ти томах. Т. 10. – М., Наука, 1982. – С. 138­139.
12. Тургенев  И.С. Восточная легенда. Полное собр. соч. и 
пи сем. В 30­ти томах. Т. 10. – М., Наука, 1982. – С. 485­486.
13. Сказки народов Бирмы. – М., 1976. – С. 263­264.
14. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. – 151­б. 
15. Уәлиханов Ш. Таңдамалылары. – Алматы, 1985. – 154­б.

[
  280  
]
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ҰЛЫ ЖЫРАУЫ
Қазақ поэзиясында жырау, жыршы, ақын деген үш атау 
та 
лант иелерінің үш сипатын, әдебиетіміздің әр дәуіріне 
сәйкес үш түрін, дәлірек айтқанда үш кезеңін көрсетеді. 
Бұ 
 
лар – импровизаторлық өнердің ғана үш өкілі емес, со­
нымен қатар ауыз әдебиетінің өмірді, ел тағдырын, қоғам 
тіршілігін бейнелейтін үш тәсілдің иелері десе де болады. 
Жы рау – қазақ мемлекетінің бас идеологі ретінде толғанса, 
жыршы елдің ерлерін негізгі тақырыпқа айналдырады, 
ал ақын адамның тіршілігі мен сезімін суреттейді. Демек, 
үшеуі – сөз өнеріміздің ауызша түрінен жазбашаға қарай да­
муындағы үш саты. Сол себепті бұл үш өнер бір кісінің бо­
йынан табыла бермейді, ол тек ілуде бір, ұлы таланттар­
да ғана кездеседі. Сондай адамдардың бірі, бірі ғана емес, 
бі ре гейі – Жамбыл. Жәкең өзін әрі жырау, әрі жыршы, әрі 
ақын ретінде сезініп, өлең­жырларында соны ашық айтып оты­
рады.
 Шын жүректен жыр төгіп,
 Сөйлеп бір кетті жырауың, –
десе, енді бірде:
 Нені естісек, соны айту – 
Ежелден ісі жыршының, – 
дейді. Сонымен қатар:
 
 ...Жамбыл ақын сөйлеген
 Сөзді бекер демеңдер, – 
деп тағы қояды.
Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жәкең 
екі ғасырдың куәсі ғана болған жоқ. Оның жүз жылғы өмірі, 
шындап келгенде, екі ғасырға тең еді. Өйткені Жамбыл та­
рихта сирек кездесетін, мүлде қарама­қарсы екі заманды 
көрді, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі тепе­тең, 

[
 
 281  
]
жақсылығы мен жамандығы қатарлас екі дәуірді бастан 
кешті. Ол Қазақ хандығының жойылғанын, елінің отарлыққа 
түскенін, қазақ даласына Ресейдің әкімшіл­отаршыл бас­
қару жүйесін орнатқанын, сонымен қатар көрші жатқан Қо­
қан хандығы мен қырғыз манаптарының қазақ ауылына жа­
саған жаугершілігін көрді. Бұлар ғана емес – Жамбылдың 
көргені. Ол өз жеріне орыс казактары мен шаруаларының 
қо ныстанып, жергілікті мал баққан қазақ жұртының шөлді 
аймаққа қуылғанының куәсі болды. Қазақстанда совет 
өкіметінің орнауы, ақ пен қызылдардың соғысы, атаман­
дар мен комиссарлардың лаңы, конфискалаудың зорлықпен 
жүзеге асқаны, ең ақыры, «халық жауларының» ұсталуы 
мен жазалануы – бәрі­бәрі оның көз алдында өтті. Сол 
себепті Жамбылдың «Кең жатқан байтақ­ұлан шежіремін, 
тарихтың домбырасын қолына алған» деп айтуы тегін емес. 
Осы көргені мен білгенінің бәрін Жәкең өз поэзиясына арқау 
еткен, оны бірде жырау болып, бірде жыршы ретінде, бірде 
ақын болып жырлаған, толғаған, суреттеген.
Жамбылдың майталман ақын болып қалыптасуы тек Же­
тісу ақындық мектебінің ауқымында болған жоқ. Ол өзі­
не дейін ертеде өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен 
қатарлас айтулы ақындар мен жыршылардың мұрасын, 
күл лі халық поззиясын толық меңгерген, игерген, өз шығар­
машылығына өзек еткен.
Ілгеріде Шөже, Балта заманда өткен,
Асекең, Бұқар жырау арманда өткен.
Солардың аруағы маған қонып,
Ел мұңын жырмен толғап, нөсерлеткен, – 
дейді Жәкеңнің өзі Досмағамбетпен айтысқанда. Ал «Замана 
ағымы» толғауында:
Замана деп толғанған,
Ел қайғысын қолға алған
Абылайдың алдында
Сөз сөйлеген болжаудан
Бұқар жырау, о да өтті.

[
  282  
]
Шернияз бен Шортанбай,
Досқожа мен Нысанбай,
Дулат пенен Сүйінбай 
Сөздері жел құйындай,
Өтті еңіреп олар да! – 
 
деп, Жамбыл аты аталған жыраулар мен ақындарды, олардың 
мұрасын жақсы білетінін, сөйтіп өз шығармашылығының 
қайнар көзі – қазақ халқының ежелден келе жатқан фолькло­
ры, әдебиеті мен мәдениеті екенін білдіреді.
Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де мә де­
ниетін бойына сіңірген. Қырғыз жомоқшылары мен манас­
шылары арасында оның достары көп болған, олармен бірге 
қырғыз жұртын көп аралаған, айылдарда өлең айтып, жыр 
толғаған, күй тартқан, айтысқа түскен. Атақты Тоқ 
тоғұл, 
Мұраталы, Әлімқұл сияқты өнер саңлақтарының Жам­
был 
 
ға деген ықылас­ілтипаты, сондай­ақ Жәкеңнің қыр­
ғыз 
 
 
дың Шәбден тәрізді сыйлы басшыларына көрсеткен 
құр 
меті көпшілікке аян. Ал, Жамбылдың «Манасты», «Ер 
Төстікті» манасшылардан кем жырламағаны тағы да белгілі.  
Демек, Жамбылдың даңғыл жырау, талмас айтыскер, май­
талман ақын болып өсуіне казақ пен қырғыз халықтары­
ның мәдени мұрасы негіз болған. Осы тұрғыдан келгенде, біз 
Жамбылды халық поэзиясы мен импровизаторлық өнердің 
университетінен өткен деуімізге болатын тәрізді. Әрине, бұл 
жерде Жамбылдың өз бойына біткен ұлы дарынды айтпасқа 
болмайды. Ата­анасынан дарыған өнер, өз  табиғатындағы 
талант, халық поэзиясы мен ауыз әдебиетінің дәстүрі – міне, 
осының бәрі қосыла келіп, ұлы жыршыны дүниеге әкелді, оны 
ауыл ақынынан қазақ еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жы­
рау етті.
Он бес жасынан өлең айта бастаған Жамбылдың XX 
ғасыр 
ға дейінгі шығармаларының бас нысанасы – сол кез­
дегі қазақ ауылының күнделікті тіршілігі, жеке адам­
дар 
дың мінез­құлқы, болыс пен байлардың іс­әрекеті... 
Ол шығармалардың дені – арнау мен мысқыл өлеңдер, айты­
стар. Бүл түста Жамбыл шыншыл да сыншыл ақын түрінде 
көрінеді. Оның өзіндік себептері бар еді. Жамбылдың үлкен 

[
 
 283  
]
ақындық өмірі XIX ғасырдың 70 жылдарынан басталған бо­
латын. Бұл қазақ қауымы үшін ауыр кезең еді. 1860 жылда­
ры Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алған Ресей 
енді қазақ елін басқарудың жаңа амалын тапқан­ды. Енді 
1867­68 жылғы жаңа мизам негізінде Қазақстан үлкен 6 
облысқа, облыстарын уездерге, уездер волостарға бөлініп, қа­
зақ сахарасына ішкі Ресейдің басқару жүйесі отаршылдық 
сипатта көшірілді. Соның нәтижесінде қазақ еліне орыс мем­
лекетінің бюрократтық аппараты тудырған көптеген келеңсіз 
құбылыстар мен іс­әрекеттер жайылды. Осының бәрі ең ал­
дымен халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс сал­
тын бұзды, елдің ішіне іріткі салды, адамдардың санасы мен 
мінез­құлқын өзгертті. Сөйтіп, бұрын естіп­көрмеген ұлық­
қа жағымпаздық, болыстыққа талас, ағайынға жала жабу, 
адамның үстінен шағым айту, кісіні алдау, өтірік айту сияқты 
жағымсыз қылықтар пайда болды. Ал, қазақ жерін болыс­
болысқа бөліп, елді жерге таластыру мен малдан айырудың 
салдарынан ел арасында барымта етек алды, барымталықты 
малданған арамтамақтар, тағы басқа жалқаулар пайда болды. 
Жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, рухы 
жадап, ел күйзеліске ұшырады. Бір жағынан – отаршылдық 
саясат, екінші жағынан – қоқан мен қырғыздың жаулығы, 
үшінші жағынан – орыс шенеуніктеріне арқа сүйеген 
бай­болыстардың іс­әрекеті елді аздырып­тоздыра бастады. 
Осын   дай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты ай­
тып, ел басшылары мен игі жақсыларының жағымсыз қы­
лықтарын сынайды. Сол кезде өмір сүрген Дулат, Сүйінбай, 
Мұрат, Шортанбай сияқты көптеген ақындар да өз заманының 
болмысын суреттеп, оның жаралы проблемаларын ашық ай­
тып, ащы дауыспен жырлады. Тек олар ғана емес, сонымен 
қатар жазба әдебиетінің өкілдері де дәуір сипаты мен адамын 
бейнелеп, реалистік шығармалар тудырды. Сондықтан сол 
бір кезді әңгіме еткен ауыз әдебиетінің де, жазба әдебиетінің 
де тақырыптық әрі идеялық ұқсастығы, жақындығы бар, 
олардың мысқылдап, әжуалағаны да бірыңғай. Мысалы, Шал­
табай болыстың мінез­құлқын Жамбыл былайша жырлай ды:

[
  284  
]
Салқын келіп тоң-теріс,
Сыртқа сыздап қарайсың.
Сенен басқа жоқ болыс, –
Деп өзіңді санайсың...
«Шарға» түсер шағыңда
Қара тер боп шабылдың.
Елге сөзің жеткенше:
«Жамағат!» – деп жалындың.
Қол биікке жеткен соң,
Салғырттыққа салындың...
Бұл жолдар Абайдың «Күлембайға» берген мінездемесін 
еске түсірмей ме:
Болыс болдым, мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сүйтсе дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап,
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...
Болыстыққа таласқан адамның сайлауға дейін қандай әре­
кет істегенін, ал сайланып алғаннан кейін өзгеріп кеткенін 
Абай да, Жамбыл да ашық айтып, болыс болған адамның 
екіжүзді мінезі мен қылығын мінейді, оның екісөзділігін 
сынайды. Болыстың, жалпы сол шақтағы ел жақсыларының 
тіршілігі мен мінез­құлқынының мұндай болуы – әрине, 
отар 
лыққа түскендіктің салдары еді. Олар қаладан келген 
шенеуніктердің алдында құрдай жорғалап, ал ауылдастарына 
кісімсіп, бәлсініп жүруді өзіне күнкөрістің тәсілі етіп алған. 
Мұны Жамбыл былай деп әңгімелейді:
Үйсін, Найман саңлағы,
Өстепкеге жиылдың...

[
 
 285  
]
Елде жүрген егейлер 
Қалада құр үйілдің.
Ұлық көрсең ұйлығып,
Желді күнгі қамыстай,
Жапырылып иілдің...
Ал Абай мынандай сурет береді:
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың
Шенді шекпен жапқанға...
Міне, олар елдің «игі жақсы» – деп жүргендерінің сиқы осы. 
Олар – орыс шенеунігіне жағынып, ұлықтан қорқып жүрген 
әлсіз, бейшара жандар. Ояз алдындағы олардың аянышты 
халі Абайды да, Жамбылды да мұңайтады, ызаландырады. 
Ақындар болыстардың мұндай мүшкілдігіне «бек қорланады», 
«күйінеді», «намыстанады». 
Осы шыншылдық, әрі сыншылдық қасиетін Жамбыл 
ақын 
 
дармен айтысқан шақта да сақтап, турашылдығымен 
кө 
рі 
неді. Жамбылды нағыз ақын ретінде елге танытқан, 
оның есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына 
тарат қан нәрсе – оның сол тұстағы дүлдүл ақындармен айтыс­
тары. Ақындармен айтыс Жамбылдың импровизаторлық өне­
рін шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық 
өресін өсірді және оның тақырып аясын кеңейтті. Үлкен 
айтысқа түскенге шейін ауыл ақыны ретінде ғана көрініп, 
көбінесе той­томалақтарда өлең айтып, немесе нақты бір 
оқиғаға қатысты, яки болмаса белгілі бір адамға арнап өлең 
шығарып жүрген Жамбыл енді ақындықтың жаңа сүрлеуіне 
түседі, сөйтіп сапалық өсудің жолына бет бұрады. Оның ай­
тыстарында қыз бен жігіттін қайым айтысы да, түре айтыс 
та, сүре айтыс та кездеседі. Осының қай­қайсысында бол­
са да Жамбыл өзінің нағыз көркем де кестелі сөздің шебері 
екенін көрсетеді. Ол қарсылас ақынға өз ойын айшықты 
да ұшқыр, ұтымды да өрнекті сөздермен жеткізеді. Сол заман­
ның айтыстарына тән барлық әдісті Жамбыл да пайдала­

[
  286  
]
нады: қарсыласын ащы мысқылдау, оны өлеңмен тұқырту, 
тіпті жеке басына да сөз келтіру, оның мақтаған адамдарын 
жамандау, руын даттау... Қажетті жерінде Жамбыл өз руын да 
мақтап айтады, оны қарсыласының руына қарсы қояды:
Шапырашты – мен едім,
Қалың Дулат – сен едің.
Аз да болсам әуелі
Ширегіме келмедің.
Бір қадалған жерімнен
Қан алмай кетер демегін.
Есқожа деген елімнен
Кім өтті екен ерлікпен?
Кім жүрген менің шенімнен?
Асыл, гауһар кеткен жоқ
Әсте менің жерімнен, –  
дейді Жамбыл.
 Дулаттың атынан сөйлеп, әсіресе Қасқарау руының байла­
рын мадақтаған Сарбас ақынға: Жамбыл Шапырашты руын 
мақтаған тұста өзін бүкіл румен тең қойып, өзінің «мені» 
Шапырашты жұрты екенін айтады, өзін «Шапыраштының 
бір ұлымын» дей тұрып, бүкіл қауымның өкілі етіп көрсетеді, 
яғни «мен – Шапырашты, Шапырашты – мен» деген мағынада 
сөйлейді.
Сонымен қатар Жамбылдың даралық «мені» тағы бар. Ол 
атақты ақындармен түре айтысқа түскенде өзінің жеке қа­
сиеттерін ерекше сезінеді, өзінің рулық көпшіліктен бөлек тұл­
ға екенін айрықша түсінеді және осының бәрін сырлы сөзбен, 
айшықты теңеулер мен метафоралар арқылы жеткізеді:
Мылтықта түтеп тұрған мен – бір пистон,
Асықсаң ажалыңа, келші бермен! – 
деп Құлмамбетке айтса, Досмағамбетпен айтысқанда өзін бы­
лай суреттейді:
Құйындап көкке ұшқан мен – бір пырақ,
Арамыз екеуміздің тым-ақ жырақ.

[
 
 287  
]
Немесе:
Сен – күйкентай, мен – тұйғын,
Жүр жайыңа бұдан да!
Тағы да:
Мен – қорғасын сақамын,
Сен – ұтылған кенейсің,
Мен – бір соққан дауылпаз...
...Ашып қара көзіңді, 
Сөз иесі мен деймін...
 Айтыстағы Жамбылдың дарал ық «мені» мен рулық «мені» 
кейін, совет кезінде жыраулық сипат қабылдайды (Ол жайын­
да әңгіме кейінірек)...
Басқа ақындарға қарағанда Жамбыл айтысты өзгеше ба­
ғалаған, оны тек қана күнкөрістің құралы деп есептемеген, 
сондықтан ол рулық қауымнан гөрі жеке байларды жоғары 
көріп, оларды мақтап, соларға жалбақтаған ақындарға бар 
ашуын төккен, олардың мадақтаған байларына ел ардақтаған 
адамдарды, әсіресе батырларды қарсы қойған. Осының арқа­
сында Жамбыл айтысқа мүлде жаңа сипат берді, тың та­
қы 
рып енгізді, соны леп әкелді, айтыстың рухын, мән­ 
маз мұнын байытты. Сөйтіп, ол жеке бір байды мақтау былай 
тұр сын, руды мадақтаудан айнып, елдікті, ерлікті, елін, жерін 
қорғағандарды дәріптеді.
...Кемітесің кедей деп,
Басқа сөзді таппайсың,
Жетісіп тұрған немедей...
...Малыңда емес ел бағы, – 
Қорғаған жаудан халықты
Ерлікпенен даңқты.
Елімнің күшті аруағы,
Елімде болды батырлар 
Қарасай атты ұранды.

[
  288  
]
Бұл  –  Жәкеңнің Досмағамбет ақынға айтқаны. Ал, Құл­
мамбетке былай дейді:
Ешнәрсе қанша айтқанмен ете алмайсың,
Бұлтарып мен тұрғанда кете алмайсың...
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт!
 Жамбылды айтысқа мүндай идея мен рух енгізуге әкелген – 
сол дәуірдің болмысы мен Жамбылдың жыршылық өнері. Осы 
бір шақ туралы Жәкең «Менің өмірім» деген толғау­естелігінде 
былай дейді:
 «Ел жүдеген үстіне жүдей берді, ел менен жыр сұрағанда, 
кепкен ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды 
жырла дейтін болды. Мен де жұрттың тілегіне сәйкес «Өтеген 
батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы ба­
тыр», «Алатай­Жапарқұлдың» жырларын айтатын болдым. 
Ел есіткенде ыңыранып жылайтын, ауру көргендей болатын. 
Осындай елді жарыққа шығаратын батырлар да туар­ау әлі 
десетін».
Отарлықта езілген халықтың, жадап­жүдеген елдің қам 
көңілін Жәкең жыршы болып та көтеріп жүрген. Осылай 
ел тілеуі мен қалауы бойынша ел намысын жыртқан, елді 
қор 
ғаған батырлар жайында жырлаған Жамбыл оларды 
өзі нің айтыстарында да мадақтап отырады. Қарасай, Саурық, 
Сұраншы сияқты туған жерін қорғауда ерлік көрсетіп, аңызға 
айналып, жұрттың мақтанышы болған батырлардың жыр­
да әңгімеленбейтін кейбір қасиеттерін Жәкең айтыстарын­
да айтып, олардың қаһармандық бейнесін бедерлей түседі. 
Мәселен, Сарбаспен айтысқанда Жамбыл Сұраншыны былай 
сипаттайды:
Сұраншыдай батырдың
Жан жүрмеген шенінен.
Алмастан соққан ақ қылыш
Еш кетпеген белінен.

[
 
 289  
]
Ашуланған кісіге
Қабағы жаман түксиген.
Досы қатты сүйсінген.
Дұшпаны жаман күйінген.
Сұраншыны көргенде
Аузын ешкім ашпаған,
Аяғын қадам баспаған.
Қарсы келген кісіні
Сүйретіп жерге тастаған.
Сабырлықпен іс қылып
Көлденең жатқан мылтықтан
Жан сауғалап қашпаған.
Бұл – кәдімгі эпикалық батырдың мінездемесі, бірақ одан 
айырмашылығы да бар. Оның ашуланған сәтіндегі түрі ба­
тырлық эпостан басқаша, сондай­ақ мұнда Сұраншының 
мінезі әдеттегі жырдан өзгешелеу сипатталады, оның досқа 
деген ықыласы, ілтипаты қаншалықты жылы, жайдары бол­
са, дұшпанға деген қатынасы соншалықты қатал. «Сұраншы 
батыр» дастанында:
Мейірімді туған Сұраншы
Елін сүйген жасынан,
Жетім менен жесірді
Атына артып көшірген,
Ерегіскен жауларын
Су құйғандай өшірген, – 
деп сипатталады.
 Жалпы, Жамбыл батырлар туралы жырлағанда жай жыр­
шы болып қана көрінбейді. Оның ақын екені мұнда да айқын 
көрініп тұрады. Жәкең жырлаған «Өтеген батыр», «Сұраншы 
батыр», «Көрұғлы» дастандарында ежелгі эпостық дәстүр­
дің көп белгілерімен бірге біраз өзгешеліктер бар. Әсіресе, 
ондай айырмашылық қаһармандардың күйінген сәттерін бе­
руде, сондай­ақ эпоста мүлде жоқ табиғат суреттерін бейне­
леуде және ескі батырлар жырына тән кейбір байырғы мо­
тивтерді түрлендіруде көрініс береді. Бұл тұрғыдан келгенде, 
19­279

[
  290  
]
Жамбылдың жыршылық өнері арнайы қарастыруды талап 
етеді. Өйткені Жәкең – асқан шебер жыршы, ол кісі жыр­
ды айтудың өзін шығармашылық деп түсінеді, яғни, Жәкең 
белгілі эпосты жырлаған шақта да импровизация жасап 
отырады. Бұған Жәкең жырлаған «Өтеген батырдың» екі 
нұсқасын салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Бір сю­
жетке құрылған екі шығарма болып шыққан. Демек, Жам­
был сияқты классик жыршылар эпосты құр жаттап алып 
айтпайды, олар сюжетті, оқиғалар мен адамдарды жадын­
да сақтайды да, жырлау барысында өз еркінше импровиза­
ция жасайды, ал импровизация процесі – шығармашылық 
процесс, оның өзіндік заңдылығы, әдіс­тәсілдері бар. Жәкең 
осының бәрін толық меңгерген әрі игерген, сөйтіп, ол 
импровизаторлық өнердің биік шыңына жеткен.
Кемеліне келген импровизаторлық өнер мен бойына туа 
біткен ғажайып дарын, өзі жинақтаған зор өмірлік әрі ақын­
дық тәжірибе Жамбылды XX ғасырда ұлы жырау биігіне 
көтерді. Ежелгі данышпан жырауларша Жамбыл бұл тұста 
мемлекеттік мәні бар мәселелерді көтеріп, қоғам өмірі мен ел 
мүддесін жырлайды, замана жайлы толғайды. Сол ғасырдың 
20 жылдарынан бастап, Жәкең өзінің бұрынғы тіршілігі 
мен совет кезіндегі өмірі жөнінде, халықтың басынан өткен 
небір қиын­қыстау кезеңдер жайында көптеген толғау ай­
тып, өлең шығарады. Қарт жырау көбінесе ертедегі болмыс­
ты суреттеп, көне тарихқа көз жүгіртіп, сол уақыттағы да­
ланы сипаттайды. Өз дәуірінің асқарынан дана абызша за­
мана ағымын шолады, мезгіл мен өмір туралы ойланады, 
соларға мінездеме береді. Қазақ халқының сонау Шыңғыс 
хан тұсынан бастап таланғанын айтады. Ресейге отар болып, 
езілген шағын бейнелейді, оны «сұм заман», «сұр заман» деп 
атап, «бұлдыр күн, қырғыр күн» деп сипаттайды. Ресей импе­
риясына, орыс патшасына бодан болған елдің хал­жағдайын 
Жәкең өте дәл, әрі нақтылап, детальдап әңгімелейді.
Жамбылдың өткен дәуір мен кейінгі заман туралы тол­
ғаулары – нағыз жыраулық поэзияның озық үлгілері. Олар­
дың ауқымы кең, ойы бай, тілі шұрайлы. 1930­1940 жыл­
дар аралығындағы Жамбыл толғаулары көп жағдайда 
конт 
 
растқа құрылған, сондықтан оларда, негізінен, бір­бі­

[
 
 291  
]
ріне қарсы қойылған екі оппозициялық бейне басым болып 
келеді. Бірі – «сұр заман», «сұм заман», сары сахара, қу дала, 
өлі немесе өліге жақын дүние. Осыған сәйкес ол заманның 
адамдары да көбінесе залымдар, момынды зар жылатқан 
әкімдер, кедейді қан қақсатып, қинаған болыстар, қазақты 
жаншыған зорлықшыл орыс патшасы, қоқан датқасы бо­
лып суреттеледі. «Бірі күліп, мыңы жылап жүрген» бұл 
қоғамдағы ең бейшара адам – кедей. Жарлылардың қатарында 
ақынның өзі де бар, бірақ ол өзін қорғансыз сезінбейді. Жам­
был жаратушының өзіне дарытқан өнеріне, өлеңіне, жы­
рына сенеді, уытты сөзіне арқа сүйейді, сол арқылы айбат 
шегеді, айбар көрсетеді. «Сөзім – жалын, домбырам – най­
за»,  –  дейді Жәкең. Сол себепті де ол тіпті совет өкіметінің 
белсенділерінен қаймықпай, беттеріне 1921 жылы былай деп 
айтып салады:
Жаным барда кеудемде,
Сендерден кем болмаймын.
Дүрілдетіп жер-жерде
Өлең-жырды толғаймын.
Домбыраға қол соғып,
Иығымды қомдаймын.
Тек кездесіп қалмаңдар
Ыңғайына сондайдың.
 Бұрынғы заман мен кейінгі дәуірді қарсы қоя айтқанда 
Жәкең өз дәуірін «нұр заман», «алтын заман» деп атап, колхоз 
бен өндіріс еңбеккерлерін бақытты адамдар етіп бейнелейді.
 Советтік Қазақстанды шалқи жырлап, «Асан қайғы, Жи­
ренше арман еткен өлгенше Жерұйық атты жер – осы» дейді 
Жамбыл, өйткені өмірде болып жатқан өзгерістерді, елдің 
жарқын болашаққа сенгенін, соған жетеміз деп ұмтыла еңбек 
еткенін, соның арқасында қазақтың түгелдей отырықшы­
лыққа көшкенін, ауылдарда мектептер, клубтар, кітапханалар 
салынғанын, өндіріс мекемелерінің өскенін көзімен көрді. Со­
нымен бірге Жамбылдың өз тұрмысы да өзгеріп, өзінің рухы 
да көтеріліп, ақындық шабыты қайта түлеген еді. Мәселен, 
«Тағы бітті жаңа күш» атты өлеңінде ақын осыны ашық айта­

[
  292  
]
ды. Ол поэзияда ежелден келе жатқан табиғатқа, тауға, құсқа, 
аңға қарата сөйлеу әдісін пайдаланып, өзінің сөзін Майтөбеге 
арнай отырып, бұрынғы патшалық Ресейдің отарына түскен 
замандағы Майтөбенің, әрі өзінің хал­жағдайын әсерлей, бояу­
ын айшықтай суреттейді, таумен мұңдасады, содан соң де­
реу совет тұсындағы Майтөбені, оның бауырындағы берекелі 
тіршілікті, өзінің өзгерген өмірін масаттана жырлайды.
 Сөз орайы келгенде айта кету керек, қазір Жамбылды өмір­
ді біржақты суреттеді, совет өкіметінің жақсы жағын ғана 
жырлап, оның кемшіліктерін айтпады деп кінәлау – әділдік 
болмас еді. Оған бірнеше себеп бар. Ең алдымен айтатын 
нәрсе – Жамбыл болмысты біржақты суреттеген жоқ, бұған 
оның совет өкіметіне дейінгі және совет өкіметінің алғашқы 
жылдарындағы шығармалары дәлел. Екінші – большевиктік 
партия бар билікті қолына алған соң бүкіл мәдениетті, 
әдебиет пен өнерді өзінің ресми идеологиясының құралына, 
тіпті оның бір бөлшегіне айналдырды, сөйтіп көркем өнер 
мен әдебиетті түгелімен партияға, оның көсемдеріне, мемле­
кетке бағынышты етті, оларға қызмет еткізді. Мұндай сая­
сатты партия мен өкімет әдебиет пен өнер қайраткерлеріне 
арнап алуан түрлі шығармашылық одақтар құру арқылы 
жүзеге асырды. Ол одақтар, түптеп келгенде, мемлекет 
пен партияның бір құрамына айналып, олардың ресми 
идео 
логиясын барынша дәріптеп, жүзеге асырып бақты. 
Пар 
тияның әрбір съезі мен пленумдарының шешімдерін 
ел санасына сіңіру үшін одақтардың мүшелері партияның 
шгат тағы функционер­қызметкері сияқты ел ішіне шығып, 
наси 
хаттап жүрді, жазушылар мен ақындар тіпті өздерін 
«партияның солдатымыз» деп атап, партияға, мемлекет­
ке, ресми идеологияға қызмет етуді өздеріне үлкен сенім, 
зор құрмет деп білді. Мұндай жағдай, сөз жоқ, большевиктік 
партияның әдебиет пен өнерден тек тапшылдықты та­
лап етуі мен көркем өнер қайраткерлерін, зиялы қауымды 
қа таң идеологиялық қыспаққа алуының салдары еді. Оның 
үстіне партия мен мемлекеттің ресми идеологиясының бас кө­
мекшісі­ақпарат құралдарының большевиктік үгіт­насихат 
жүмысы да өз нысанасына дөп тиіп жатты.

[
 
 293  
]
Бір ғана таптық­партиялық идеология мен бір ғана марк­
стік­лениндік методология орныққан қоғамда жеке адам­
ның өзіндік көзқарасы, дүниетанымы болмады, плюра­
лизм деген түсінік өмірден гайып болды. Міне, осының бәрі 
бірі ге келіп, әдебиет пен өнер адамдарын, зиялыларды өтірік­
шыны аралас етіп, партияны, совет өкіметін, көсемдерді 
жап 
пай мадақтауға мәжбүр етті. Солардың ішінде Жам­
был да болды. Өзі хат танымайтын әрі жасы 90­нан асқан 
қарт ақын, бір жағынан, өмірде болып жатқан өзгерістерді 
көріп, ескі мен жаңаны салыстырып, дүниенің өзгеретініне 
үміттенген, екінші жағынан, большевиктік үгіт­насихатқа 
да сенген; үшінші жағынан, ресми орындар мен жазушылар 
одағының ақынды, оның дарыны мен даңқын пайдалану үшін 
оның жеке басына, үй­ішіне жасаған қамқорлықты өкімет 
пен партияның өнерге, әдебиетке деген қамқоры, ілтипаты 
деп қабылдаған, соған иланған. Сөйтіп, Жәкең, сол кездегі 
миллиондаған қарапайым адамдар тәрізді, совет өкіметі мен 
большевиктер партиясына сенген, олардың үгіт­насихатына 
нанған, идеологиясы мен саясатын толық мақұлдаған. Өте 
күшті әрі пәрменді жүргізілген идеологиялық жұмыстың 
нәтижесінде адамдар өзін мемлекеттік істі басқаруға тікелей 
қатысым бар, сондықтан мен жеке басымнан гөрі қоғам 
мүддесін жоғары қойып, мемлекетке, партияға адал еңбек 
етуім керек деп есептеген. Осындай иллюзияға сенген қай­
раткерлердің бірі – Жамбыл.
Халыққа қызмет ету, елдің қамын ойлау, Отанды қорғау, 
қажет болса жанын пида ету –  идеалдың ісі, ежелден келе 
жатқан арман. Осы идея Жамбылдың XIX ғасырдағы ай­
тыстары мен дастандарында мадақталған болатын, оған 
Ұлы Отан соғысы кезінде күллі шығармашылығын арнай­
ды. Ақынның тек соғыс уақытындағы шығармалары ғана 
емес, совет тұсындағы поэзиясы, негізінен, ер ел үшін өмір 
сүруі  керек, адам қоғамға қызмет етуге тиіс, яғни қоғам мен 
мемлекет мүддесі жеке бастың мақсатынан жоғары болуы 
қажет деген идеяға саяды. Бұл заңды еді. Себебі бар билікті 
қолына алған большевиктер партиясының басты принципі 
осы болды да, идеологияны, оның бір саласына айналған 
әдебиет пен өнерді, қоғамдық ғылымды соған қызмет еткізді,  

[
  294  
]
сол арқылы адам санасына әсер етіп, бұқара халықты осы 
тұрғыда ойлауға бейімдеді. Жеке адам – түк те емес, қоғам мен 
мемлекет – ең басты нәрсе деп ұғынған көпшілік ресми ұрандар 
мен идеологиялық қызыл сөзге толық сенді. 
 Түптеп келгенде, адам мемлекетке қызмет ету керек де­
ген идея – большевиктердің жаңалығы емес еді. Тарихқа 
үңілсек, мемлекет алғаш пайда болып, қалыптаса бастаған 
шақта ең басты принцип, басты идея – этатикалық, яғни 
елге күшті мемлекет, күшті әмірші керек деген идея ұсы­
нылып, мемлекеттік бір ғана ресми идеология жасала­
ды да, күллі мәдениет, әдебиет, өнер соған жұмыс істейді, 
сөйтіп елдің патшасын, оның айналасын мадақтап, жұртқа 
дәріптеп, қоғамдық ой­санаға сіңірумен шұғылданады. Қазіргі 
мем   ле кеттердің бәрі алғаш қалыптаса бастағанда солай болған 
жә  не мұндай жағдай мемлекеттердің, қауымның жаңа тарихи 
бұ ры  лыстары кезінде қайталанып тұрған. Алысқа бармай­ақ, 
Ресей мен Қазақстан тарихын шолсақ, бұған көз жеткіземіз.
Арғы дәуірін айтпай­ақ, Ресейдің бергі ХVІ­ХVІІІ ға­
сырлардағы жағдайын алсақ, яғни Ресей мемлекеті үлкен 
империяға айнала бастаған шақта әдебиет пен өнер патшаны 
дәріптеп, империяға қызмет етті. Тредиаковский, Сумароков, 
Ломоносов, Державиндердің патшаларға бағышталған мақ­
тау жырлары, одалары таза идеологиялық мақсатта, орыс 
мемлекеті мүддесін қорғау үшін жазьшған­ды. Тек ұлы Пуш­
кин ғана әдебиетті «патшаның құлдығынан» құтқарып, 
«мемлекеттің қолшоқпары» болудан азат етті.
Ресейде Октябрь революциясы жеңіп, империя жаңа бет­
бұрысқа көшіп, ССРО атты мемлекет құрған тұста больше­
виктер әдебиетке қайтадан «мемлекет құрығын» салды. Ол 
Маяковскийден басталып, кең етек алды. Қазіргі шақта, 
совет өкіметін жойып, орыс мемлекеті тагы да тарихи бұ­
рылысқа шыққанда «Россия – күшті мемлекет» болуы ке­
рек деген идея қайтадан қоғамдық ой­санаға орнығып жа­
тыр. Соған сәйкес ақпарат құралдары «қатал тәртіп» керек 
деп, ескі «күшті басшы қажет» деген ұғымды да жаңашалап 
тірілтпек. Енді кезек әдебиет пен өнердікі және мұның алғашқы 
нышандары керініс беріп те жатыр.
 Ал, Қазақстан тарихында қалай? Бізде де солай болған. 
Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған Қазақ хандығы 

[
 
 295  
]
қалыптаса бастаған кезде «күшті хан, күшті хандық» ке­
рек деген идеяны айтушылар жыраулар болды (бірақ соны­
мен қатар олар әміршіге оппозициялық ойды да алғаш айту­
шылар болды). Хандықтың басты идеологі ретінде жырау­
лар өз толғауларын, негізінен, мемлекеттік мәселеге арнап, 
әдебиетті хандыққа, оның идеологиясына қызмет жасатты. 
Қазақ хандығының жойылуымен байланысты жыраулар та­
рихи аренадан көшті, сөйтіп әдебиет мемлекеттік функциядан 
арылды. Ресейге қарағаннан бергі уақытта қазақ әдебиетінде 
үлкен, жалпы мемлекеттік мәселе көтерілген емес. Тек боль­
шевиктер құрған ССРО тұсында бүкіл империядағыдай 
бізде де әдебиет пен өнер қайтадан мемлекеттік идеологияға 
жұмыс істеді. Совет Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіз, дербес 
мемлекет атанып, тарихи бетбұрыс жасап отырған кезде «елге 
күшті мемлекет, күшті басшы керек» деген идея ел арасын­
да, ақпарат құралдарында айтылып жүр. Кейбір жазушылар 
ежелгі дәстүрді жаңғыртып, мақтау сөздер мен өлеңдер жа­
зуда. Мұның бәрі – мемлекеттің қалыптасуы мен өсуі кезінде 
болатын жайттар, одан аттап кету мүмкін емес. Осы күнгі 
өркениетті елдің көбісі осылай дамыған. Біз де құқықтық мем­
лекетке бару жолында осыдан өтетініміз хақ.
Жамбылды, оның шығармашьшығын жаңаша талдап, 
жаңа тұрғыда бағалау үшін осы айтылғандарды түгел ескер­
меске болмайды. XX ғасырдағы қазақ поэзиясында жалпы 
мемлекеттік мәні бар мәселелерге «әлеуметтік талап» («со­
циальный заказ») түрінде болса да жедел әрі зор жыраулық 
қуатпен алғаш толғаған және сол арқылы өзін де, қазақ 
жұртын да барша жаһанға жария еткен – Жамбыл. Ол 
байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің 
дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнға байытып жеткізді. 
Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Үмбетей, Бұқар сияқты Жам­
был да жалпы мемлекеттік мәселелер жайында толғауларын 
қалың жұртшылық алдында, мемлекет басшысына, партия 
көсемдерін өзіне қарата жырлады. Кремльде өтетін ССРО 
Жоғарғы Совет сессиясында қазақтан Жамбылдан басқа бір­
де­бір ақын жырлаған емес. Жамбылдың Кавказда, Грузия 
жазушылары одағының пленумында, Мәскеуде ССРО жазу­
шылары мен өнер, мемлекет қайраткерлері алдында, сондай­

[
  296  
]
ақ Қазақстандағы көптеген салтанатты жиындарда өлең­
жырлармен толғағаны да әр ақынның тағдырына жазыл­
маған. Отан соғысы жылдарында Украинаны, Мәскеуді, 
Кавказды, Воронежді, Ленинградты қорғаушыларға ар­
нап, олардың рухын көтере, ерлікке шақыра жыр төгу 
де жыраулар үлгісі. Мұның бәрі жыраулықтың сыртқы, көз­
ге ұратын белгілері, ал оның ішкі, рухани ерекшеліктері 
Жә 
кеңнің поэзиясында тағы да айқын көрінеді. Жамбыл, 
ежелгі жырауларша, замана туралы толғап, дәуірге сипат­ 
тама береді, өтіп жатқан оқиға­құбылыстарға өз бағасын 
береді. Сонымен қатар Жәкең толғауларында жырауға тән 
на 
қылдық, афоризмдік сипат бар, ойшылдықтың абыздық 
нұсқалары кездеседі, сөз өнерінің, жұрт алдында айтылған 
толғаудың ерекше құдіретіне деген құрмет те байқалады... 
Мәселен, мына бір шумақтарға көңіл бөлейік:
Жердің шелін сел жуар,
Елдің кегін ер жуар.
Дауыл тұрса бұлт қуар,
Жердегі жауды жұрт қуар...
Немесе:
Жаудан күту жақсылық –
Зарыққанның салдары.
Байдан күту жақсылық – 
Тарыққаның салдары.
Ел қадірін ер баққан
Елдер білер деген сөз.
Зер қадірін зер соққан
Зергер білер деген сөз.
Я болмаса:
Елі жақсы адамнан,
Ері жақсы адамнан.
Туар ма бала жігерсіз?

[
 
 297  
]
Мұндай жыраулық үлгіде айтылған нақыл сөздер Жам­
был поэзиясында айтарлықтай көп. Олар ақынның әр түрлі 
шығармаларында құмдағы шашырап жатқан алтын түйірлер 
тәрізді жылтырап көрінеді, көре­тере білген кісіге – зор 
қазына, тағылымы мол рухани байлық. Өзінің құрылымы 
мен ойлылығы жағынан бұл шумақтар кәдімгі Асан Қайғы­
ның, Бұқардың толғауларына ұқсас. Мұнда ғасырлар бойы 
жинақталған өмірлік тәжірибені қорытып, соның негізінде 
айтылған ойлар ескірмейтін қанатты сөзге, мақалға айна­
лып кеткен. Жамбылдың осы тектес толғауларының басты 
тақырыбы – адам, қоғам, өмір, заман, ал мазмұны – солардың 
сипаты, сипаттау тәсілдері – әр алуан теңеу, метафора, анти­
теза, шендестіру, мінездеу. Мұндай нақылға айналып кеткен 
толғауларда Жәкең өмірден түйгені мен тоқығаны көп дана 
ретінде көрініп, мәні­мағынасы биік те терең мәселелерді 
қамтиды. Атап айтар болсақ, мынадай: кемел тұлға мен то­
быр («Таман қарға жиылса, бір сұңқарға жетпейді»), адамның 
бас бостандығы («Дүниенің кеңдігі – жүргеніңді басың 
бос»), имандылық пен қайырымдылық («Қылған қайыр бол­
маса, Не әкетесің өмірден»), адамның тұрақсыздығы («Жан 
қысылса, белгілі, Таба алмайсың жақын дос»), өмірдің 
өткіншілігі («Ой­хой, дүние серуен, Адам – бір көшкен ке­
руен»), заманның қатыгездігі («Қайтіп жаның ашымас, Не­
ткен заман қатыбас?»), т.т. Жәкеңнің бұл тұжырымдары, бір 
жағынан, ежелгі жыраулар сөзін еске түсірсе, екінші жағынан, 
өзінің замандасы, құрдасы ұлы Абайдың кейбір ойларымен 
үндес. Мұны біз екі ақынның заман мен адам туралы айтқан 
мына бір сөздерінен байқауымызға да болады. Жамбыл былай 
дейді:
Заман, заман дегенде
Заманға қожа – адам ғой!
Наразы болсаң заманға,
Бар кінәні соған қой!
Абай жазады:
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?

[
  298  
]
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
Қазақ әдебиетінің екі үлкен саласы – авторлық ауыз 
әде биеті мен жазба әдебиетінің ұлы екі өкілі бір ойды екі 
тәсіл 
мен, екі үлгіде айтып отыр. Жамбыл – байырғы абыз­
жырауларша да, Абай – ойшыл философтарша. Екеуінің 
де айтып отырғаны – адам заман ағымына жүре бермеуге тиіс, 
өзінің жағымсыз іс­әрекетін заманға жаппауы керек, әр ха­
рекетіне өзі жауап бере білуге міндетті. Ондай болмаған жағ­
дайда адам өзін адам ретінде сезіне алмайды, оны заман 
илеп тастайды. Нашар адам уақытқа бейімделіп, бүгін істеген 
келеңсіз қылығын ертең мезгіл солай болды деп, заманға кінә 
тағып жүреді. Ал, нағыз адам, кемел тұлға заманға күйлемейді, 
оның қожасы болады, оны өзі билейді. Адам осындай болу ке­
рек деген ойды айтады ақындар. Сөйтіп, олар адам және за­
ман, тұлға және тобыр деген мәселеге өз тұрғыларынан келіп, 
екеуі де адам өз тағдырының иесі, өз ісіне өзі жауапты деген 
тұжырым жасайды. Рас, тұлға, кемел адам туралы олардың 
түсінік пайымы ұқсас болғанымен бірдей емес. Абай толым­
ды адам деп, ол туралы өзінің жүйелі концепциясын жасаса, 
Жамбыл нағыз адам деп ел үшін еңіреген халықтық идеалды 
есептейді және оны жырауларша сипаттайды:
Асқақтаған адамда тоба болмас,
Ел қорғаған адамда мола болмас.
Елден туып, ер болсаң, елге қара,
Шірік қурай ауылға қора болмас!
 Жамбыл шығармашылығында оның өнер туралы, ақын­
дық  шабыт жайында, поэзияның мақсат­міндеті жөнінде 
айтқан толғау­өлеңдері – жеке бір сала. Ол жырларында Жәкең 
өлең қандай болуы керек, ақын нені толғауға тиіс, қалай 
жырлауға міндетті екенін өрнектеп, сәнін келтіре, бейнелі 
түрде баяндайды. Бірде жырауларша төкпелеп толғанса, енді 
бірде ақындарша айшықтап айтады. Өнер туралы бірде арнайы 
өлең шығарса, бірде жыр­дастандарында толғайды. Соның 
бәріңде сөз қадірін білетін жұрт пен ақындық туды жоғары 

[
 
 299  
]
ұстаған, таланты мен шабытын халықты жырлауға арнаған 
дүлдүл сөз зергерлерінің бір­біріне байланысты екенін ескертіп 
отырады:
Ақын деген – бір бұлақ,
Көмілер көзін ашпаса.
Көзін ашар көпшілік
Сүйсіне тыңдап, қоштаса.
Алтын сөз де ас болмас
Елеусіз жерге тастаса.
 Поэзияның құдіретін талай рет өз көзімен көрген Жамбыл 
былай дейді:
Жырыңды, досың болса, күлдіріп айт,
Жау болса, жау тигендей бүлдіріп айт!
Жыр деген – біреуге оқ, біреуге бал,
Дәл тиген оқ берендей жұлдырып айт!
 Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жәкең 
айтысқанда да, арнау жырларында да, дастандарында да 
осы тұрғыдан айныған емес, сол себепті де ол ел ықыласына 
бөленді, жаңа заманда жаңаша түрленді. Жамбыл поэзиясы 
өміршеңдігінің де, ақын есімінің ел жадынан өшпейтіндігінің 
де сыры осында. Жамбыл – көп ғасырдан бері жасап, дамып 
келе жатқан қазақ ауыз әдебиетінің ең биік шоқтығы. Оны XX 
ғасырдың жырауы деп айтуымыздың да себебі осы, ол бізге 
осысымен қымбат.

[
  300  
]

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет