Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата19.01.2017
өлшемі1,43 Mb.
#2189
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

РУХ-ИЕЛІК МИФОЛОГИЯ
Жалпы сипаты.  Алғашқы қауым кезіндегі рух­иелік ми­
фологияда  әлемнің тұтас түрде пайда болуы туралы баян­
далмайды және дүние о баста Хаос болған деп те айтылмайды. 
Оның басты себебі – алғашқы қауым адамдары күллі әлем ту­
ралы білуге, ол жайында тұтас мәлімет алуға әлі талаптанбаған. 
Ол дәуірде адамдар бірінші кезекке тамақ тауып жеуді алға 
қойған, сондықтан олардың әлем қайдан, қалай пайда болды, 
аспан деген не, ол қалайша құламай тұр, жерді кім жаратты 
деген сауалдар қойып, оларды шешумен шұғылдануға шамасы 
болған жоқ. Ол кездегі адамдар үшін маңайдағы дүниенің бәрі, 
аспан да, жер де, су да, тау да, жұлдыз да атам заманнан келе 
жатқан, өздері қалай өмір сүрсе олар да солай тірлік ететін бо­
лып көрінген. Архаикалық мифтерде адам мен аң­құстың бірге 
«өмір сүріп, олардың әлі бөлінбей, бір­біріне оп­оңай айналып 
кете алатындығы жөнінде айтылатындығы сондықтан. Ал 
әлемнің пайда болуы туралы сөз еткен мифтерде тек жекелеген 
объектілер туралы ғана әңгімеленеді. Мәселен, Австралияның 
ежелгі тұрғындары Хаостан реттелген Космостың пайда болуы 
туралы  мифтерді білмейді. Олар дүниенің бәрін өздерінің 
бұрынғы бабалары жасаған деп есептеген. Е. Мелетинский бұл 
туралы  былай деп жазады: «Олардың мифтерінің ерекшелігі – 
дүниенің  пайда болуы туралы түсініктердің бүкіл әлемінің 

[
 
 15  
]
емес, оның бөлшектерінің қалай пайда болғанын баяндау арқы­
лы білетіндігі...»
12
.
Алғашқы қауым адамдары ең алдымен өз маңайын шолып, 
төңірегіндегі, өзі көріп жүрген заттарды ғана танып білгісі 
келген (Бұл оның күнделікті тіршілігіне қажет еді). Міне, осы 
тұста олар өзінің өмір тәжірибесін пайдаланумен қатар алуан 
түрлі наным­сенімге, қиялға жүгінген, сөйтіп, өздері сенетін 
мифтер шығарған (Ал әлемді тұтас бір дүние деп білуге ұмтылу 
және сол тура лы миф тудыру тек алғашқы мемлекеттер тұсында 
орын алған).
Көне тарих пен  ежелгі қоғам өмірін, алғашқы қауым 
мәдениетін зерттеген ғалымдар ол замандарда ғұмыр кешкен 
адамдардың аспанда патша, яғни, құдай бар  деп түсінбегенін 
ғылыми тұрғыда дәлелдеп шыққаны мамандарға аян. Расында 
да,  алғашқы қауым кезінде жердің өзінде әлі патша болған 
жоқ, сонда сол уақыттың адамдары аспанда патша бар, елдің 
өмірін басқарып, қадағалап отыратын құдай бар деп қалай 
айта алсын?! Өз тіршілігінде жоқ нәрсені ол кезде бар деп 
ойламайтын, себебі алғашқы қауым адамдары көп уақытқа 
дейін өздерін табиғаттан бөлмейтін де, өз өмір салтын табиғатқа, 
кейінірек аспанға көшірген.
XX ғасырға дейін алғашқы рулық қауым түрінде өмір 
сүрген Африкадағы, Австралиядағы, Океаниядағы, Қиыр 
Солтүстік  Азия мен Америкадағы тайпалардың мифтеріндегі 
құдай рөлінде көрінетін кейіпкерлер,  шын мәніндегі, біздің 
түсінігіміздегі құдай емес. Олар –  рух­иелер немесе тәңір­
иелер, әлі құдай деңгейіне жетпегендер. Құдай туралы түсінік 
мемлекет пайда болған тұста ғана пайда болды, онда да ежелгі 
құлиеленуші мемлекетте –  көпқұдайлық, ал орта ғасырдағы 
феодалдық мемлекетте бірқұдайлық болып қалыптасқан.
Ал жаңағы алғашқы қауым мифіндегі рух­иелерге келсек, 
олар – тұлғаланған, яғни персонға айналған табиғаттың күш­
тері, басқаша айтқанда, табиғаттың әр құбылысын иемденген 
кейіпкерлер. Олар, мәселен, тау иесі, жел иесі, күн иесі, су 
иесі, тас иесі, шөл иесі, көл иесі, т.б. болып дербестелген. 
Мысал үшін мына мифке көңіл бөлейік: «Батака деревнясының 
тұрғындары Баракуа тауының шыңында өсетін сиқырлы шөп­
ке барады екен. Онда баспалдақ бар екен, ал шыңның басында 

[
  16  
]
терең жарық бар екен... Сол жарықтың ішінде шыңның рух­
иесі тұрады екен... Егер оны көріп қалсаң, жақсы болмайды, 
жақын бір адамың қайтыс болады. Шыңның дәл төбесінде неше 
түрлі сиқырлы шөп өседі екен. Кейде сол жерде өсетін жұпар 
иісті ақ гүлді табуға болады... Ол гүл сағат сайын ашыла ды 
екен де, бұрынғысы солып қалады екен. Егер ол гүлді тапсаң, 
оның көмегімен ойлағаныңның бәрін жүзеге асырасың. Гүлді 
алақаныңа үгітіп, қолыңды керек кісіге қарата көтеріп, оның 
атын атасаң болды, өзі жетіп келеді, қай жерден болса да. Осы 
гүлді іздеп шыңға баратын болсаң, өзіңмен бір ақ әтеш немесе 
бір атым үгітілген темекі ала жүр, шыңның рух­иесіне сыйға 
тарту керек...»
13
Тау иесі туралы бұл түсінік, сөз жоқ, ежелден келе жатыр. 
Таудың, шыңның рух­иесі бар деген сенімге иландыру мақ­
сатында әрі қарай бір әйелдің жеңілтек күйеуін тәртіпке салу 
үшін сиқырлы гүлге барғаны, оны тауып алғаны, сөйтіп, 
күйеуі нің жетіп келгені туралы айтылады.
Мұндай рух­иелер бейнесі, олар туралы түсінік қазақ 
мифологиясында да сақталған. Мәселен, «Көл иесі – Қамбар­
ау, Шөл иесі – Қамбар­ау!» немесе «Су иесі – Сүлеймен, Ал­
ладан тілек тілеймін» деген эпоста жиі кездесетін поэ зия лық 
тіркес тер – қазақ елінің ежелден сақтап келе жатқан мифтік 
ұғымдары. Осы тектес әр алуан рух­иелерді ертегілерден де, 
хикаялардан да кездестіреміз. Мысалы, әйгілі «Ер Төстік» 
ертегісіндегі Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты мифтік 
кейіпкер 
лер – сол баяғы дәуірдегі рух­иелер. Олардың әр­
қайсысы – әр нәрсенің иесі: Желаяқ – желдің иесі, Таусо­
ғар – тауға қожа, Көлтауысар – көлдің иесі. Әрқайсысы – тек 
өз құбылысының қожайыны, басқа әлемге билік жүргізе 
алмайды, бөтен қожаның жеріне бармайды. Мұны ертегінің 
өзі де баян етеді. Жер астына түскен Төстікке жәрдем етіп 
болғаннан кейінгі олардың жағдайы мынандай:
«Сөйтіп, Ер Төстік жылап Бапа ханға қайтады. Қайтып 
келе жатқанда, жолдан ерген алты жолдастарының бәрі де 
өздерінің жерлерінен әрі жүрмейді (астын сызған біз – С.Қ.).
 
«Бұдан әрі баруға біздерге жол жоқ!» – деп, олар Ер Төстікпен 
қоштасып, қала береді»
14
.

[
 
 17  
]
Әрине, қазақ фольклорындағы бұл бейнелер – баяғы рух­
иелердің мифологиялық сипатын сақтаған ежелгі кейіпкерлер 
емес. Олар көп өзгеріске ұшыраған. Дей тұрғанмен, мұнда 
көне мифтік ұғымдардың ізі бар екені күмәнсіз. Дәл осындай 
жайтты төрт түліктің иелері тура лы мифтерден де байқаймыз.
Ал көне мифологиядағы рух­иелер алғашқы қауым мифінде 
дүниені жаратушы әрі күллі әлемнің иесі болып көрсетіледі. 
Мұндай кейіпкерлердің қалдығы кейінгі заманда қалыптасқан 
жанрларда да, мысалы, ертегіде, эпоста көрініс береді. Яки 
болмаса олар басқа сипаттағы кейіпкерлер болып бейнеленеді. 
Мысалы, бұл рух­иелер құлиеленуші мемлекеттің жүйеленген, 
циклденген жаңа мифологиясында табиғаттың әр құбылысын 
билейтін құдайлар болып өзгереді. Сөйтіп, көпқұдайлықты 
қалыптастырады. Ал феодалдық мемлекет тұсында бұл рух­
иелер бұрынғы күштен айырылады. Бұлар енді бұрынғы 
құдай қасиетінен ада болады, өйткені бірқұдайлық ресми 
дін байырғы көпқұдайлықты жоққа шығарады. Сөйтіп, енді 
ежелгі рух­иелер алуан түрлі құбыжыққа айналады. Соның 
айғағы – қазақтағы албасты, жезтырнақ, үббе, т.б. осы сияқты 
кейіпкерлер. Бірақ осыған қарамастан, оларда ежелгі рух­
иелік қасиет сақталған. Айталық, Үббе – өзен иесі, Сөрел – 
орман иесі, Жезтырнақ – қамысты дала иесі, т.т.
Бұл аталған рух­иелер ежелгі ата­бабаларымыздың алғаш
­
қы рулық өміріндегі мифтерінде әлемді жаратқан күштер 
болғаны сөзсіз (өкінішке қарай, ол мифтер бізге жетпеген). 
Біз бұл жағдайды тарихи­типологиялық әдіс бойынша қал­
пына келтіруімізге болады, яғни, қазақ мифологиясының кө­
не заманғы сипатын тарихи­стадиялық жағынан ұқсас мифо­
логияны қарастыру арқылы аңдауымызға мүмкіндік бар еке­
нін көріп отырмыз.
Сонымен, алғашқы қауымдағы рух­иелік мифологияның 
басты сипаты мен ерекшелігі төмендегідей болып келеді.
Ең көне мифтерде жанды­жансыз табиғаттың бірлігі, адам 
мен табиғаттың бірлігі, адам мен табиғаттың теңдігі туралы 
түсініктер айқын көрініс береді. Осы ұғымдардың нәтижесінде 
адам өзін қоршаған табиғаттан, жан­жануарлардан бөлмейді. 
Соның салдарынан мифтерде адам аңға, құсқа, тау­тасқа 
оп­оңай айнала алады. Бұл – алғашқы қауым адамының 
2­279

[
  18  
]
жер бетіндегі, яғни өзінің маңайындағы заттарды «тануға» 
ұмтыл ғанының белгісі. Сонымен қатар, бұл мифтер алғашқы 
қауым адамына тән мифологиялық сананың бірінші сатысын 
көрсетеді.
Мифологиялық сананың екінші сатысы – адам өзінің өлі 
табиғаттан, жан­жануарлардан бөлек екенін сезінген жағдай. 
Бұл тұстағы мифтерде адамның басқа нәрсеге айналуы өз 
еркімен емес, біреудің күштеуімен, немесе бір жағдайға 
байланысты мәжбүрліктен болады. Бұл кезде адамдар жер 
бетіндегі заттар мен жан­жануарларды «танып» болып, енді 
аспан шырақтарына назар аударады, сөйтіп Күн, Ай, Жұл­
дыздар қалай пайда болды деген сауалдарға жауап іздейді. 
Оған жауап ретінде мифтер шығарады да, енді бұрынғы әдісті 
қолданып, маңайындағы дүние қалай жаралса, аспанда да 
солай деп түйіндейді. Өз өмірін аспанға көшіреді, әрі ежелгі 
мифтерді пайдаланады, оны өзгертеді. Соның нәтижесінде 
аспан шырақтары да адамның айналуынан пайда болған деген 
мифтер туады. Бірақ мұндағы айналу бұрынғыдан басқаша: 
адам әр түрлі себептен аспанға ұшып, жұлдыздарға айналады, 
көп жағдайда жазадан қашып немесе қорқып көкке ұшады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, рух­иелік мифологияны 
мына ретпен қарастырғанды жөн көрдік. – Бірінші кезекте 
жер бетіндегі объектілер мен жануарлардың пайда болуын 
баян дайтын мифтер сөз болады. Мұнда алдымен адамдар мен 
аң­құстардың бірге өмір сүруін көрсететін, содан соң олардың 
бөлектенуін, яғни, маңайдағы тау­тастың, өзен­көлдің, жан­
жануардың, әрі адам дардың пайда болуын баяндайтын мифтер 
талданады.
Екінші кезекте аспан әлемінің, жекелеген жұлдыздардың 
қалай пайда болғаны туралы мифтерге тоқталамыз. Ай мен 
Күн, Үркер, Жетіқарақшы, Шолпан, т.б. шырақтар жайлы 
әңгімелейтін және Темірқазық пен Топан су жөніндегі мифтер 
де қаралады.
Адам мен аңның, табиғаттың бірлігі. Алғашқы қауымның 
көне мифологиясында адам мен аңдардың әлі бөлектенбей, 
бірге өмір сүргені жайында айтылады да, содан кейін олардың 
қалайша бөлініп кеткені, қандай қасиеттерге ие болғаны ту­
ралы баяндалады. Қазақ халқының өзгеріске ұшырап жеткен 

[
 
 19  
]
көне бір мифінде былай делінеді: «Ең әуелі төрт адам мен төрт 
жануар жасалыпты: түйе, жылқы, сиыр және қой. Бүлардың 
бәрі де шөппен қоректенетін болыпты. Бірақ адамдар шөпті 
тамырымен жұлып алып, қойын­қонышына тығып, өздеріне 
қор жинай бастапты. Мұны көрген жануарлар Құдайға шағым 
жасапты: «Мына түрімен адамдар шөпті тып­типыл етеді», – 
депті. Сонда Құдай олардан былай деп сұрапты: «Жарайды, 
мен адамға шөппен қоректенуге тыйым салайын, ал сендер 
өздеріңді союға, жеуге, сатуға келісесіңдер ме? Жануарлар 
келісім беріпті»
15
.
Жоғарыда айтқандай, бұл миф ежелгі классикалық сипа­
тын өзгерткен. Мұнда алғашқы қауым мифологиясындағы жа­
сампаз қаһарманның орнына құдай бейнесі енген. Әрине, бұл – 
бертінгі дәуірдегі бірқұдайлық діннің әсері. Соған қарамастан, 
бұл тексте көне мифке тән адам мен жануарлардың о бастағы 
бірлігі туралы түсінік сақталып қалған.
Енді Африка тұрғындарының мифіне назар аударайық.
«О баста жануарлардың барлығы да адамға тән қасиеттерге 
ие еді және сөйлей білетін. Сол заманда Хоккхиган есімді бір 
шатақ адам өмір сүріпті. Ол көзіне түскен аңмен ұрыса бе­
ріпті де, оларға зияндық істеуге тырысып бағыпты. Содан бір 
күні жоғалып кетіпті. Бірақ жоғалардың алдында ол өз зы­
мияндығын жүзеге асырып үлгеріпті: содан бері хайуандар 
адам 
дардың үйлерінен шығыпты да, осы күнгі қалпына 
келіпті»
16
.
Келтірілген текстің мазмұны алғашқы қауым кезіндегі 
көне түсініктің ізін сақтап қалған. Мұнда, біріншіден, аң мен 
жануар бір деп ұғынылса, екіншіден, олардың кейбір салты өз 
бетімен, яғни ешкімнің басқаруынсыз реттелген.
Ал мұндай түсінік алғашқы қауым адамының дүниедегі 
тіршілік, маңайындағы нәрселер, жан­жануар, адам, бәрі­бәрі 
өз­өзінен пайда болған, оларды ешкім жасамаған және ешкім 
басқармайды деген үғымға негізделген.
Тағы бір мысал келтірейік:
«Ерте заманда бүкіл ірі қара мал, қой, ешкілер орманда 
мекендепті. Бір күні Торорут: «Барлық жануар джунглидегі 
бәлен жерге белгіленген күні келсін», – деп, хабар жіберіпті. 
Өзі сол жерде үлкен етіп от жағыпты. Жануарлар отты көріп, 

[
  20  
]
қайтадан ормандарына қашыпты. Оттан қорықпай тек ірі қара 
мал мен қой, ешкі қалыпты. Олардың қашпағанына риза болған 
Торорут: «Бұдан былай бұлар адамдармен бірге тұрсын, ал 
адамдар олардың етін жеп, сүтін ішсін», – деп жариялапты»
17
.
Бұл мифте адам мен үй жануарларының арақатынасын 
реттеуші жасампаз қаһарман бар. Ол отты бірінші жаққан, үй 
жануарларын адамдарға бағындырып берген кейіпкер ретінде 
бейнеленеді. 
Австралия тұрғындарының мифтерінде құстар да, жән­
діктер де адамдар сияқты ру­тайпа болып өмір сүреді, олар 
да бір­бірімен өшігіп, жауласады, үйленеді, балалы болады, 
т.т. Бір қызығы – құс пен аң үйлене береді, сол сияқты аспан 
шырақтары мен жер тұрғындары да қосыла алады... Ал аңдар 
отау құрып, үй болып, адам тәрізді тіршілік етеді. Олар алғаш 
от жағуды үйренеді. Міне, сондай мифтің біреуі: «Ол күндері, 
Бутулга тырна ағашқа өрмелегіш кенгуру Гунарға үйленген 
күндері, олардың елінде от дегенді білмейтін. Тамақты ши­
кідей, әйтпесе күнге кептіріп жейтін.
Бір күні Бутулга бір ағашты екінші ағашқа үйкеп отыр еді, 
ұшқын мен түтін пайда болды.
– Мынаны қара, – деді ол Гунарға, – мен мына бір ағашты 
екінші бір ағашқа үйкеп едім, мынадай болды. Қандай жақсы 
болар еді, егер біз от жағып, тамақты пісіріп жесек, күнге кеп­
кенін тоспай­ақ.
Гунар түтінді көрді де:
– Біз от жаға алсақ, ғаламат күн болар еді. Қолыңдағы ағаш­
ты жар да, қуысына кабығы мен шөп сал, ұшқын от боп жануы 
үшін, – деді.
Бутулга әйелінің айтқанын істеді. Ұзақ үйкегеннен кейін 
қуыстың ішінен жалын көрінді. Гунар айтқандай­ақ, ұшқын 
шөпке тиіп, қабық тұтанып, түтін шықты. Сөйтіп, олар от жағу 
өнерін ашты...»
18
.
Адам мен аңның әлі бөлінбеген кезі бұл мифте өте айқын 
кө рінеді. Аңдар от жағуды үйренумен бірге тамақты пісіріп 
жеуге ұмтылады. Демек, алғашқы қауым адамының түсінігі 
бойынша, аңдар да кісілер сияқты «мәдени» өмірге құштар. 
Олар да өзара әңгімелесіп, ақылдасып отырады, тіпті армандай 
да алады. Мұндай көне ұғым көптеген халықтардың мифінде, 

[
 
 21  
]
наным­сенімінде кездеседі. Сондықтан да  кейбір елдерде құс­
тардың әні, аңдардың әңгімесі, өлеңі болады, тек оларды 
тыңдай, түсіне білу керек деген ұғым бар және оған негіздеген 
неше түрлі фольклорлық шығармалар ән түрінде, өлең түрінде 
немесе  аңыз, жыр түрінде айтылады. Осыған орай мына жағ­
дайды да айту керек.
Сібір мен Қиыр Солтүстік халықтары миф пен ертегіні түнде 
ғана айтатын болған, әсіресе қыста, аңға барған уақытта. Ай­
тушылар мен аңшылардың сенімі бойынша, андар да  ертек 
пен  мифті жақсы көреді, адам сияқты естіп, тыңдайды, тіпті 
сақтықты да ұмытып кетеді екен. Олар да жақсы аяқталатын 
ертекті ұнататын көрінеді. Сондықтан аңды алдаудың ең бір 
ұтымды әдісі – қызғылықты әрі «бақытты» ертегіні нанымды 
етіп айту деп ұғынылған.
Мифке, көне ертегіге мұндай магиялық­сиқырлы күш телу – 
алғашқы қауым адамдарының бәріне тән. Бұл туралы арнайы 
этнографиялық еңбектерде көп айтылған. Ал аңдар да адам 
сияқты «эстетикалық ләззат» алуға әуес деген ежелгі түсінік, 
сөз жоқ, мифологиялық сананың жемісі екенін арнайы айту 
лазым. Көне мифтерде тіпті аң­құстар адамнан да ақылды 
болып бейнеленеді. Мысалы, Африканың мампруси елі өз
 
мифінде былай дейді:
«Баяғы замандарда, жер бетінде адамдар жоқ кезде, аңдар 
үйде тұрады екен. Адамдар кейін пайда болыпты, бірақ олар 
үйді қалай салуды білмей, орман ішінде ін жасап, ағаш басына 
түнеп, күн кешіпті»
19
.
Бұл мифте адамдар аспанның, жұлдыздардың пайда болуы 
туралы ештеңе айтпайды. Ол жайында басқа мифтерде де ай­
тыл майды. Ең әрі кеткенде жердің әлі қатпаған кезі деп айтады 
да, жердің өзі қалай пайда болғаны жөнінде ойланбайды да, сөз 
де қозғамайды. Міне, тағы бір мифте былай делінеді:
«Бұл баяғыда­баяғыда, жер әлі қатпай тұрған заманда 
болған. Сондықтан жер бетіндегі тірі нәрсенің бәрі өте ақырын 
әрі абайлап жүреді екен, өйткені жердің бір жерін бұзып 
ала мыз, сонан соң белгісіз бір жаққа құлдырап кетеміз деп 
қорыққан»
20
.
Текстен байқайтынымыз – жер, әйтеуір, бұрын пай да болған 
деген түсінік. Ал ол қайдан пайда болған, оны біреу жаратты 

[
  22  
]
ма – мұндай сауалдар мампруси тайпасында еуропалықтар 
келіп отарлап, христиан дінін енгізгенге дейін болмаған жә­
не оған олар жауап та іздемеген. Сол себепті олардың миф­
терінде әлемнің жаратылуы жайында емес, маңайындағы 
жан­жануарлардың сырт пішініндегі ерекше белгілер, мінез­
құлқындағы айрықша қасиеттер туралы, не себепті олай 
екендігі жөнінде айтылады. Яғни, этиологиялық мифтер мен 
алғашқы ертегі тектес әңгімелер пайда болған.
Аңдардың пайда болуы. Этиологиялық сипаттағы мифтердің 
пайда болуы – мифологиялық сананың екінші сатысында 
жүзеге асқан процесс. Бұл тұста адамдар күнде көріп жүрген 
аң­құстардың өздерінен өзгеше жан иелері екендігін біліп, 
олардың сырт түріне, қимылына, ерекшелігіне көңіл бөлетін 
болған, сөйтіп, өзін қоршаған жан­жануарды жақсырақ, 
жақынырақ «білуге» тырысқан. Бұл істе оларға баяғы мифтік 
ұғымдар мен ескі наным­сенімдер жәрдемші болады. Енді 
адамдар хайуандар мен үй жануарларының пайда болуы мен 
айырым белгілері жайында әңгімелейді.
Бір ғажабы – көне этиологиялық мифтерде аң мен құс кө­
бінесе адамның азғындауынан, дәлірек айтсақ, әр түрлі себеп­
пен хайуанға, жануарға айналуынан пайда болады. Айналудың 
се бебі әр алуан, ең бастысы – адамның кінәлі немесе күнәлі бо­
луы. «Күнәлі» болуы, әлбетте, кейінгі бірқұдайлық діни сана­
ның ықпалы.
Бірер мифті мысалға келтірейік. Қазақ арасында бұрын мы­
нан дай әңгімелер айтылған екен:
«Бір байдың екі қызы, екі ұлы болыпты; ол заманда жер 
бетінде басқа адамдар болмапты. Әкесі бір жаққа кеткенде, 
үл кен қыз сіңлісіне: «Бауырларымыздан басқа еркек кіндік 
жоқ, солармен көңіл қосайық», – депті. «Қой, Құдай естіп 
қояды, күнә болады», – деп жауап беріпті сіңлісі. «Құдайдың 
құлағы жоқ», – депті үлкені. Сонан соң ол үлкен бауырын 
өзіне шақырады, ал анау бармайды. Қыз: «Өлтірем», – дейді, 
бірақ жігіт қорықпайды. Ашуланған қыз бауырының екі көзін 
ойып алып, өзін жерге көміп тастайды. Содан бері көртышқан 
соқыр және жердің астында тұрады. Әкесі үйге келіп, болған 
жағдайды білген соң, қызын қарғап, теріс батасын беріпті. 

[
 
 23  
]
Құдай ол қызды мәлінге айналдырып жіберіпті. Екі аң да 
адамға ұқсайды, әсіресе көртышқанның алдыңғы екі аяғы 
адамның қолдары сияқты...»
21

Тағы бір әңгіме. 
«Ертеде екі керемет мерген болыпты. Бірі – Дуай соқыр, 
екіншісі – Дондығұл мерген. Олар аңды көп қыра бергеннен 
кейін Құдай біреуін суырға, екіншісін құндызға айналдырып 
жіберіпті. Құндыздың көзі тым қысық екен, сол
  себепті ол 
мерген Дуай соқыр атаныпты»
22

Осы тектес келесі мифте былай делінеді: 
«Баяғы заманда Жайық және Тоқтағұл деген елден асқан екі 
мерген болыпты... Жайықтан бірде бір аң, бірде­бір құс құтыла 
алмайтын болыпты. Содан бүкіл аңдар мен
 құстар жиылып ап, 
Құдайға барып жалыныпты: «Жайық біздің бәрімізді құртып 
жіберетін болды», – деп. Құдай оны жерге көміп тастапты да: 
«Жер бетінде өмір сүре алмадың, енді жер астында ғұмыр кеш, 
түбір­тамырлармен қоректен», – депті...»
23
Міне, мысалға келтірілген қазақ мифтерінде адамдардың 
әр түрлі аңға айналуы – олардың ел алдында, Құдай алдында 
кінәлі болуының салдары. Алғашқы мысалда жер бетінде 
апалы­сіңлілі, ағалы­інілі төрт­ақ кісі өмір сүрген, олардан 
басқа адам болмаған деп, мифтік уақытқа меңзейді. Сонымен 
бірге бұл мифте алғашқы қауымға тән қан араласатын 
үйлену салтының ізі, сондай­ақ сол салтқа қарсылық бар, бұл 
қарсылық кіші қыздың сөзі арқылы көрсетіледі. Ол әпкесінің 
ұсынысын қабыл алмай, бірге туған адамдардың үйленуін күнә 
деп түсіндіреді, (ал бұл – кейінгі бірқұдайлық діннің ұғымы), 
сондықтан үлкен қыздың әке қарғысына ұшырауы, құдайдың 
жазасына тап болып, аңға айналып кетуі заңды деп табылады. 
Үлкен қыздың бірнеше күнәсі тағы бар: а) туған бауырымен 
көңіл қосайық деп ниет қылуы; ә) бауыры мен інісін көңіл 
қосуға үгіттеп, күнәға итеруі; б) Құдайға тіл тигізуі; в) көнбеген 
бауырына қастық істеуі.
Осыншама кінәсі бар қыз Құдай алдында күнәһар болады, 
демек, оның жер бетінде адам болып жүруге хақысы жок. Сол 
себепті әкесінің қарғысына, Құдайдың қаһарына ұшырайды, 
мәлінге айналдырылады.

[
  24  
]
Екінші және үшінші текстерде де адамдар кінәсі үшін суыр­
ға, құндызға айналып кетеді. Мұнда да оларды аңға айнал дыр­
ған – Құдай.
Қазақ мифінде кінәсі бар немесе күнәға батқан адамдарды 
жазалаушы – Құдай. Сөз жоқ, бұл – бірқұдайлық ислам дінінің 
әсері.
Ал архаикалық мифтерде кінәлі адамдарды жазалау 
шы 
ретінде рух­иелер немесе жасампаз қаһармандар, я болмаса, 
басқа бір күш (құбылыс) көрінеді. Мысалы, африкалықтардың 
мифологиясында баяғы заманда қорқау касқырлар адам бол­
ған екен делінеді. Адамдар бір қыз үшін Хайнэні (Айды  – 
С.Қ.)  өлтіреді. Бүған ашуланған Ишоко (Күн   С.Қ.)  адам­
дарды қорқау қасқырға айналдырып жібереді, ал олардың 
жақтастарын адам кейпінен шығарып, біреулерін шиебөріге, 
енді біреулерін мәлінге айналдырып жібереді.
24
Бұл мифте адамдарды кінәсі үшін аңға айналдыратын 
күш – Күн. Ол – жасампаз қаһарман дүниені жаратушы әрі 
билеуші болып бейнеленеді. Бұл кейіпкер – кейінгі замандар 
мифологиясында Күннің өзі емес, оның иесі, содан соң құдайы 
болып өзгереді. Мұны жоғарыда талдаған қазақ мифтерінен, 
сондай­ақ еуропалықтар отарлап, христиан дініне енген Афри­
кадағы, Мадагаскардағы кейбір тайпалардың мифінен де кө­
руге болады. Мәселен, мампруси жұртының мынандай мифі 
бар.
«Жер әлі қатайып үлгермеген болатын, белгілі бір формаға 
да келген жоқ­ты. Оны мықты болсын деп Құдай жіппен тікпек 
болады. Барлық аңдарға көздерін жұмғызады, өйткені олар, 
оның қалай тіккенін көріп қойса, ашуланған кезде тігісін сөгіп 
жібереді деп қорқады. Аңның бәрі көзін алақанымен басып 
тұрғанда, Кунбунгу саусағының арасынан бір көзімен қарап 
тұрады. Мұны байқаған Құдай жаңағы Кунбунгу тышқан тұр­
ған жерді екіге жарып жібереді. Содан бері Кунбунгу жердің 
астында тұрады»
25
.
Сонымен, аң мен құстардың пайда болуы, рух­иелік мифо­
логияның айтуы бойынша, адамдардың әр түрлі себептермен 
біреуге зияндық істеп, кінәлі немесе күнәлі болғандығы үшін 
жаза тартып, адам кейпінен айырылып хайуанға айналған­
дығының салдары болып көрінеді. Жа залаушы – ежелгі мифте 

[
 
 25  
]
дүниені жаратушы жасампаз қаһарман я болмаса, әр түрлі 
құбылыстың, заттың, т.б. нәрсенің рух­иесі. Кейінгі замандарда 
көне миф өзгеріске түсіп, оның кейіпкерлері де басқаша болып 
өзгереді. Оның үстіне мифтердің көпшілігі бертінгі уақытта 
жазылып алынғандықтан, оларда мезгілдің әсері бар екенін 
ескермеске болмайды. Рух­ие мен жасампаз қаһармандардың 
орнына құдайдың пайда болуының себебі осында.
Тау-тастың, басқа объектілердің пайда болуы. Рух­иелік 
мифологиядағы аңдардың пайда болуы, негізінен, адамдардың 
азғындап, күнәлі немесе кінәлі болғанымен байланысты болса, 
тау­тастардың, тағы баска объектілердің жаратылуы адамды 
жазалаумен ғана емес, басқа да жағдайлармен байланысты 
болып келеді. Олардың ішінде таудың немесе басқа объектінің 
ешбір қарғаусыз, ешбір жазасыз пайда болатыны бар, ал бұл – бір 
нәрсенің екіншіге оп­оңай әрі өз­өзінен айнала алады деген 
мифологиялық сананың бірінші сатысына тән түсінік екені 
белгілі. Мысалы, қазақтағы Бөрітастаған тауы туралы мифті 
алуға болады. «Бұрынғы заманда бір үлкен ұрғашы алып 
Тарбағатай тауында ешкі бағып жүріпті. Бұл ұрғашының 
зорлығы сонша екен – қашан Тарбағатайда отырғанда, мұның 
аяғы кіші Тарбағатайда жатады екен. Күндердің бір күнінде 
бұл алып ұрғашы ешкілерін бағып, жіп иіріп отырғанда, 
мұның ешкілеріне қасқыр шауыпты. Бұл ұршығын қасқырға 
лақтырғанда, ұршығы барып Сары даланың ортасына түсіп, 
сол арада тау болып қалыпты»
26
.
Міне, мұнда таудың пайда болуы ешбір қарғыссыз, жазасыз 
жүзеге асады. Иесі лақтырып жіберген ұршық өз­өзінен тауға 
айналып кетіп отыр. Таудың бұлай пайда болуы туралы миф 
көп жұртта бар. Мәселен, Африка бушмендерінде мынандай 
миф айтылады екен.
«Ерте заманда Гиау атты агама­кесіртке бір ежелгі халық 
ішіндегі адам болған екен. Бірде ол сапарға шығыпты. Жолдағы 
таулардан секіріп өтпек болғанда, таулар оны ұстап алыпты да, 
екіге бөліп тастапты. Сөйтіп, оның кеуде жағы домалап барып, 
кілт тоқтапты да, Гхуру деген тауға айналыпты, ал, бөксе жағы 
Гцегцваи деген тауға айналыпты»
27
.
Бұл мифте алғашқы қауымның мифологиялық санасына 
тән адам мен аңның, адам мен табиғаттың біртұтастығы 

[
  26  
]
туралы түсінік айқын көрінеді. Қазақтардың сары ала қаз 
неме се көкек бұрын адам болыпты деген мифінің ең бір көне 
варианты екені күмәнсіз. Адам мен хайуанның бір­біріне 
оп­оңай айналып кететіні – анимистік көзқарас тұрғысынан 
өте заңды нәрсе, өйткені мифтік сананың бірінші сатысында 
адам мен табиғат теңдігі заңы бойынша адам да, табиғат та бір 
нәрсе, бір құбылыс деп ұғылған. Сондықтан да алғашқы қауым 
мифтерінде оларды бөлу жоқ. Мысалы, африкалық бушмендер 
мифтерінің кейде «Ерте уақытта ағаштар да, жануарлар да 
адам болған»
28
 деп басталуы біздің ойымыздың дұрыстығын 
дәлелдейді.
Ал енді жоғарыда келтірілген кесірткенің адам кезіндегі 
дене сінен екі таудың жаралуы алғашқы қауым кезіндегі миф­
тер кейін құлиеленуші мемлекет тұсындағы мифологияда 
өзінің дамыған жалғасын тапқан. Көне Египет, Шумер, Вави­
лон, т.б. елдердің мифологиясындағы әлем бөлшектерінің әр 
түрлі құдайлардың денесінен пай да болуы – осының айғағы.
Тау­тастың адамнан пайда болғаны туралы қазақ мифология­
сында да айтылады. Мәселен, атақты «Келіншектау», «Қырық 
қыз», «Жеке батыр»  деп аталатын тау­тастардың пайда болу 
тарихы осылай әңгімеленеді. Рас,  олардың  пайда болу себебі 
әр түрлі. «Қырық қыз» тауы адамдарға төнген қауіптен пай­
да болса, «Жеке батыр» адамның қатты шаршап, ұйықтап 
кетуінен пайда болады. Ал «Келіншектау» – әке қарғысынан 
тауға айналған адам, яғни, мұнда рух­иелік мифологияға тән 
кінәлі адамды жазалау әдісі көрініс береді.
Адамдардың пайда болуы. Осы уақытқа дейін біз жер 
бетіндегі объектілер мен жан­жануарлардың пайда болуы тура­
лы мифтерді сөз қылдық. Енді адамдар қалай жаралғаны жайлы 
мифтерді қарастырамыз. Алғашқы қауымның архаикалық 
мифтерінде адамның пайда болу жолы (әдісі) әр алуан: адам­
дар өз­өзінен пайда болған, олар ағаштан (бамбуктан), т.б. зат­
тардан немесе аңнан адамға айналған, яки болмаса, оларды 
жасампаз қаһармандар әр нәрседен жасаған. Мына бір көне 
мифке көңіл бөлейік:
«Бушмендердің бабалары жердегі тесіктен шыққан. Тесік 
бүкіл елді басқан алып ағаштың тамырларының арасында екен. 
Адамдардың артынан іле­шала жануарлар да шығыпты: екіден, 

[
 
 27  
]
үштен, төрттен, кейбірі – топ­тобымен. Бәрі жанталасып, бірін­
бірі итеріп, жаншып аласұрыпты. Бірте­бірте топтар көбейіп, 
енді аңдар ағаштың тамырларынан ғана емес, бұтақтарынан 
да шыға бастапты. Күн батқан кезде хайуандардың шығуы 
тоқтапты. Жер бетіне шыққан аңның бәрі алып ағаштың асты­
на, маңайына орналасыпты. Аңдар адамша сөйлейді екен...»
29
.
Текстен байқалатын нәрсе – алғашқы адамдардың өз­өзінен 
пайда болғаны. Оларды ешкім жасамаған Жердің астында олар 
аңдармен бірге өмір сүрген, яғни аңдар мен адамдардың өмір 
салты, тілі бірдей, олардың карым­қатынасы да адам қауы­
мындағыдай...
Екінші мысалға тоқталайық:
«Бір замандарда Сангаста демалар (керемет нәрселер, ілкі 
жандар   С.Қ.)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет