Асан Балжан Абикенқызы «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар және тілдік пәндер»



бет2/3
Дата20.12.2023
өлшемі27,83 Kb.
#141414
1   2   3
Байланысты:
Асан Балжан мақала 2, Тұран-Астана (1)

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік:
І. Құралдың атын білдіретін зат есімдер тудырушы жұрнақ. Мысалы, оқулық, ауыздық.
ІІ. Абстракты мәнді зат атауларын туғызушы жұрнақ. Мысалы, достық, балалық, кедейлік т.б.
ІІІ. Қазіргі қазақ тілінде, әсіресе орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы енген түбір сөздерден сөзжасамдық жүйеде негізінен сын есім тудырушы жұрнақ болып табылады. Мысалы, аграрлық (аграрлық мәселе), республикалық (республикалық кеңес) т.б.
Қорыта айтқанда қазақ тіл білімінде кенже дамыған сөзжасам саласының өзекті мәселесінің бірі омонимдес жұрнақтардың сөз тудыру процесіндегі орнын айқындау, тұлғалас жұрнақтардың мағыналық түрлерін ажыратып, саралау туынды сөздерді меңгертуде зор үлес қосатыны сөзсіз. Әр талданған қосымша тілдің ішкі сөзжасамдық мүмкіндіктерін арттырып, қалыпты жүйеге келтіруге септігін тигізбек.
Түйіндеме: Бұл мақалада қазақ тілінде есім сөз таптарына жалпы ортақ болып келетін омонимдік жұрнақтар жөнінде қарастырылады. Қазақ тіліндегі қолданылатын омонимдес қосымшалар, олардың зат есім, сын есімнен басқа сөз таптарына байланыстылығы жеке тақырып, зерттеу обьектісі болған емес. Бұл бағытта жүргізілген ғылыми-зерттеу еңбектерінде бұл қосымшалар жалпы сипаттау деңгейінде ғана қаралып келді. Бұл дегеніміз қазіргі қазақ тілінде қолданылатын омонимдік аффикстердің қалыптасу тарихын, қолданылу аясын, мағыналық ерекшеліктерін айқындау, зерттеуді талап ететіндігін көрсетеді.
Түйінді сөздер: қазақ тілі, зат есім, сөз таптары, жұрнақ, сөз құрамы, омоним, жалғау, грамматика, және тіл білімі.
Резюме: В данной статье рассматриваются омонимические суффиксы, общие для существительных в казахском языке. Омонимичные суффиксы, используемые в казахском языке, их связь с классами слов, кроме существительных и прилагательных, не являлись отдельной темой или объектом исследования. В исследованиях, проводимых в этом направлении, эти приложения рассматривались лишь на уровне общего описания. Это означает, что омонимические аффиксы, используемые в современном казахском языке, требуют определения и исследования.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет