Проза — әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман).
Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Драматургия — қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы.
Драматургия шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі Грекияда діни дәстүрлерден (Дионис құдайға табынудан) басталған. Олардың сюжетінің негізін құдайлар мен мифтік кейіпкерлер құрады. Ежелгі гректер драматургиясы құдайлардың әділеттілігі мен әлемдік тәртіп туралы ой толғады (Эсхил), адамның құқығы мен оны қайғы-қасіретке душар ететін жағдайларға қарсы наразылықты бейнелеп көрсетті (Софокл, Еврипид), адамдардың кемшіліктері мен кемістіктеріне, олардың бір-бірімен қарым-қатынастарына күліп, діни табынушылықтарына күмәнмен қарады (Аристофан, б.з.б. 445 — 385). Осылайша драматургияның комедия және трагедия жанрлары туды.
Лирикалық өлеңдерде ақ өлеңнің ұйқасқан және ұйқаспаған жолдары араласып келеді. Силабикалық жүйеге жататын қазақ өлеңінің ұйқас қорының молдығына, бунақ, буын, тармақ, шумақтардың өзара үйлесуге аса икемділігіне байланысты Ақ өлең төл поэзиямызға еркін ене алмады.
Ежелгі қазақ поэзиясында ұйқассыз өлең аз болғандықтан, ол шын мәнінде өлең деп танылмаған. Бірақ шешендік сөздердің кейбір үлгілері ақ өлең түрінде айтылған. Жазба әдебиетте ол драма жанрында дамыды. Өйткені кейіпкердің аузына орамды сөз, дауыс екпініне жігерлері ырғақ, бай интонация беруге қолайлы.
Ақ өлең жолдарын оқудың өзіндік ерекшелігі Әр сөздің мағынасына қарай дауысты төмендетіп және жоғарылатып үйренуге, үнді құбылтуға төмендегі өлең сөзді алып көрелік:
"Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер!?
Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер,
Жалаң аяқ балапан, қаздар қайтіп күн көрер!?"
Енді, алғашқы қатары мен үшінші қатарын жоғары оқып, екінші және төртінші қатарын төменгі дауыспен немесе бірінші және төртінші қатарын төмендетіп, екінші және үшінші қатарын жоғарылатып оқып машықтану керек. Содан кейін әр сөздің мағынасына қарай үнін табуға тырысып көрелік. Бірақ, мәтіннің мазмұнын терең сезініп, астарын түсінуді және тыныс алуды да қадағалаған жөн.
Ақ өлең драматургия жанырында да жиі қолданылған оның тамаша үлгілері: У.Шекспир («Король Лир», «Гамлет», «Клеопатра»), А.С. Пушкин («Борис Годунов») т.б. шығармаларында бар. Қазақ драматургаясында М.Әуезов («Айман-Шолпан», «Бекет»), Ғ.Мүсірепов («Ақан сері -Ақтокты»),Ә.Тәжібаев («Көтерілген күмбез», «Жомарттың кілемі») Ә.Кекілбаев («Абылай хан»), т.б. қаламгерлер А. ө. үлгісін сәтті қолданды.
Соның ішінде мен сахна тілі пәнінен У.Шекспирдің «Клеопатра» пьесасының үзіндісін алып оқыған болатынмын. Ол Ақ өлең түрінде болған. Актер адам қандай образ болсада, қандай кейіпкер, қандай спектакль, пьесаны алсада рольге жан-тәніен кіріп сол кейіпкерді сомдап шығады. Мен осы рольді сомдаған кезде түрлі жаттығу, кедергі жаттығулармен айтып шықтым. Мысалы сол рольде мынандай сөздер кездеседі.
Ал енді мені падиша қалпыма киіндіріңдер. Барлық асылымды әкеліңдер. Соңғы рет бір киіндіріңдер. Содан кейін бір жола боссыңдар. Мен Антонийге барам. Өмірмен есепті осылай айырам. Бұл жерде интонацияны жоғарлатып жоғары тонда бұйрық беріп сөйлеу керек, себебі Клеопатра Мысыр патшайымы. Бірінші екінші үшінші сөйлемді айқайлап емес тек жоғары тонмен айтып бұйрық беріп айтамыз. Ал төртінші бесінші сөйлемді жай тонмен күрсініспен айтамыз. Ал алтыншы сөйлемде қайтадан ашуға булығып ашуланған тонмен айтамыз. Осылай секілді айтылып жатырған мәтінді түсініп, астарын түсініп рольге кіріп айтқан дұрыс.
Әдебиеттану – поэзиядағы ырғақ, ұйқас, буын, бунақтарды зерттеп, бізге теориялық тұрғыдан анықтама беретін ғылым. Бірақ кей тұста осындай «талаптарға» бағынбайтын сәттердің болатыны шындық. Бұл, әсіресе, шалқар шабыттың әсерінен туындайтын дүние. Арынды өзен секілді аяқ-астынан «көтерілген» шабыттың ақыл-ойға әсері, өлең тууындағы өзіндік үлесі – қалыпты жағдайдың өзгеруіне, біртекті, біртұтас парасаттың жан-жаққа ыдырауына себеп болады. Санадағы ой ыдыраса, еркін көсілудің, еркін жазудың есігі айқара ашылатындай. Осы кезде ешқандай ырғақ пен ұйқастың қажеті болмай қалуы мүмкін. Бұл – заңды қорытынды емес, десек те поэзияның жан-жақты әдісін ұғыну – ақынның поэтикалық қуатын арттырып, көркемдік-эстетикалық дүниетанымын байытады. Ұйқас – өлеңнің соңындағы сөздердің үйлесуі, үндесуі. Қазақ әдебиеттану ғылымында: қара өлең, кезекті, аралас, егіз, шұбыртпалы, шалыс, ерікті ұйқастар қарастырылып келеді. Шыны керек, бұл ұйқастардың түрі де уақыт өте келе жаңарып, дамып, жетіліп отырған. Асылында, әр елдің өзіне тән ұйқастары да бар. Мәселен, Еуропалық ақындар ақ өлең (ерікті) ұйқасына көбірек ден қойса, орыс шайырлары кезекті, ал қазақ қаламгерлері қара өлең ұйқастарын «меншіктеп» алғандай. Бұл – бір қарағанда ұлттың дүниетанымымен һәм салт-санасымен байланысты құбылыс. Бірақ ақ өлең (ағылшын тілінде blank – «ұйқасты өшіру, жоғалту») қазақ әдебиетіне, қазақ қаламгерлеріне де таңсық емес. Керісінше, қазақ поэзиясы әу баста ақ өлеңмен дараланған еді.
Ақ өлең – драма жанрында айрықша орынға ие. Өмірдің күңгірт әрі күнгей тұстарын бейнелеуде ақ өлеңмен жазылған шығармалар санаға мейілінше жеңіл қабылданады. Бұл тәсіл пьессаға интонациялық реңк беріп, кейіпкерлердің еркін диалог жасауына мүмкіндік тудырады. Ақ өлеңнің драматургияда дамуына Уильям Шекспир («Гамлет»), Мұхтар Әуезов («Айман-Шолпан»), Әбділда Тәжібаев («Жомарттың кілемі»), Ғабит Мүсірепов («Ақан сері-Ақтоқты»), Александр Пушкин («Борис Годунов») ықпал етті. Пьессалардың көбісі трагедиялық туындылар қатарына жатады. Бір әулеттің оқиғасы арқылы бүкіл ұлттың, одан асып адамзаттың трагедиясы бейнеленіп, сахнадағы қайғы мен қуаныш, азап пен ләззат көрермендерді түпсіз ойға жетеледі. Осылайша, ақ өлең иірімдері санаға сілкініс жасап қоймай, көрермендерді белгілі бір мөлшерде тәрбиелей білді.
Түгелдей алып қарасақ поэзия дегеніміз жалғыз өлең ғана ма? Кейбір ойларды қара өлең түгілі, ақ өлеңнің өзі ашып бере алмайды. Сонда қайтпек керек? Мысалы ХIХ ғасырдың аяғына таман «ақ адамдар» Калифорниядағы қасапханалардың бірінің маңынан әлдебір аш үндіске кезігеді. Кім екенін сұрағанда, үндіс «киши» (адам) деп жауап (біздің «кісі» деген сөзбен салыстырыңыз) беріпті. Мені өлтірме, қоқыс ақтарып жатқан аң екен деп атып тастама, мен адаммын деп тұр ғой. Мұны қалай поэзия демейсіз? Қасірет емес пе? Вознесенский айтқандай, поэзия деген – есіктің жақтауына қысылып қалған сәуленің шыңғырғанын есту.
Бірде Пабло Пикассоның шым-шытырық суреттеріне қарап тұрып бір досы:
– Сен кешір, ештеңе түсінбедім. Мұндай дүние жоқ қой, – депті. Пабло оған:
– Сен қытайша білесің бе, түсінесің бе? – депті. Досы: – Жоқ, – дейді.
– Міне, көрдің бе! Сен білмегенмен ондай тіл бар ғой, – депті Пикассо.
Қорытынды Ақ өлең қазаққа мүлде жат жазу емес. Оның түп тамырын сонау Күлтегін жазуларынан жолықтыруға болады. Одан беріде хандық дәуір әдебиетінің ірі өкілдерінің поэзиясы көбіне осы ақ өлең ауылынан ту желкілдетеді. Ақ өлең түптеп келсек біздің жадымыздағы жазу.
Алайда бұл бағытқа қалам алғандар қатары көп дей алмаймыз. Жазушы Мұхтар Әуезов: «Менің тілімде Абай тілінің мәдениеті бар» депті. Оны естіп бізге жеткізіп отырған Мұхтар Мағауин: «Менің тілімде Абай тілінің және Мұхтар Әуезов тілінің мәдениеті бар», дейді. Сол сияқты қазақ өлеңінің шоқтығын биіктеткен шоғыр – Алаш арыстарынан бастап бүкіл ақын-жазушыларымыз Абай қалыптаған өлең үлгісін ұстанды.
Ақ өлеңнің тереңіне бойлап, тылсымына үңіле беретіндер болашақта да көп болмайды. Оның әуелгі себебін айттық, екіншіден біздегі қара өлең үлгісі қазақ халқының бүкіл ән мәтіндерінде жатыр. Ауыздан-ауызға жатталып кетуі оңай, ырғақты, ұйқасты өлең формасын қазақ зердесі тез тоқиды. Бабалар сөзінің 100 томдығында да қара өлең үлгісі қанатын кең жаяды. Бүкіл айтыстар, термелер, тарихи дастандарымыз т.б. бәрі осы қара өлеңмен қатталған. Сондай-ақ қара өлең біздің бүкіл салт-санамызда, таным-түсінігімізбен әбден біте қайнасып кеткен форма. Бесік жырынан жоқтауға дейін – қара өлең.
Түгелдей алып қарасақ поэзия дегеніміз жалғыз өлең ғана ма? Кейбір ойларды қара өлең түгілі, ақ өлеңнің өзі ашып бере алмайды. Сонда қайтпек керек? Мысалы ХIХ ғасырдың аяғына таман «ақ адамдар» Калифорниядағы қасапханалардың бірінің маңынан әлдебір аш үндіске кезігеді. Кім екенін сұрағанда, үндіс «киши» (адам) деп жауап (біздің «кісі» деген сөзбен салыстырыңыз) беріпті. Мені өлтірме, қоқыс ақтарып жатқан аң екен деп атып тастама, мен адаммын деп тұр ғой. Мұны қалай поэзия демейсіз? Қасірет емес пе?
Қараның қара екенін ақ ажыратады.