Ашекеева Ќ


- тақырып (1 сағат). Саяси элита және саяси көшбасшылық



бет20/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

5- тақырып (1 сағат). Саяси элита және саяси көшбасшылық
Лекцияның мақсаты:



  1. Саяси элита үғымы.

  2. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырымдама, психологиялық тұжырымдамалар, интерактивтік амал.

  3. Қазіргі Қазакстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.



Негізгі ұғымдар:
Саяси лидер, саяси элита, тұлға, ұлтжандылық, ұлттық мінез.


Лекцияның мазмұны:
Кіріспе. Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар хақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз меңіреуліктің орнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік – саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын іздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл күндері айрықша зәрулікке айналып отыр.Біздіңше, ең алдымен қазақстандық саяси элитаның қалыптасуы бастауларына үңілу орынды болып табылар еді. Саяси элитаның табиғатын байыптай қарастыру үшін олардың халықтың саяси өміріндегі рөлі, ұлттың “Бұл өмірдің мәні неде?”, “Біз кімбіз?”, “Қайда бара жатырмыз?” деген сауалдарға жауап іздестіруі мен мәнділігі үрдістерін қалыптастырудағы орны басты өлшемдер бола алады. Ұлтты топтастыру өзін-өзі сол замандағы саяси мұраттар талабына сәйкестендіру рөлін XX ғасыр басындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясы мінсіз орындады: өтіп жатқан саяси процестердің мән-маңызын бұқараға түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру олардың басты міндеттеріне айналды.Бұқаралық саяси ұйым арқылы халықтың саяси мүдделерін білдіруге болатындығын жіті сезініп, “Алаш” қозғалысының ұйытқы тобын құрды, оның құрамына Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов, Қыдырбаев, Тұрмұхаметов, Жизанов енді.Қалыптасқан саяси жағдайлар ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық интеллигенциясының өз идеяларын рәсімдеуге ұмтылысының өзі соны саяси ұйымның пайда болуына қажетті алғышарттар жасады. Бүкіл ресейлік саяси өмірге Бөкейхановтың, Шоқаевтың, Қаратаевтың, Досмұхамедовтердің, Төгісовтың, Байтұрсыновтың белсене араласуы жаңа дәуірдің саяси элитасын қалыптастыруға негіз қалады. Бірінші және екінші мемлекеттік Думаға Қазақстаннан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Бақыткерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев және т.б. белгілі тұлғалар депутат болды.“Алаш” қозғалысының бағдарламасын құрамында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Е.Омаров, Е.Тұрмұхаметов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов бар ұйытқы топ жазып, “Қазақ” газетінің 1917 жылғы 21 қарашасындағы 251-нөмірінде жариялады. Нақ осы ұйытқы топтың санатынан қозғалыстың орталық комитеті сайланып, төменгі буындағы органдары құрылды. Егер “Алаш” қозғалысының пайда болуы патша өкметінің отаршылдық саясатына қарсы күресті ұйымдастыру қажеттігіне әрі сахарадағы әлеуметтік қарым-қатынастарды өзгерту талабына байланысты дейтін болсақ, онда бұл, шын мәнінде, Қазақстанның ұлттық, патриоттық көңіл-күйдегі саяси элитасының алғашқы адымы ретінде бағалануға тиіс. Қалыптасқан мұрат пен мүдденің өзі сол кезеңнің элитасы аңсар тұтқан және қозғалыс бағдарламасында бекітілген саяси құндылықтардан айқын көрінеді. Онда тең құқылық (“дініне, шығу тегіне және жынысына қарамастан,адамдар тең құқылы...”); жеке басқа тиіспеушілік (“мемлекет шенеуліктері кімді болса да заңсыз жолмен тұтқындай алмайды...”); тұрғын үйге тиіспеушілік (“мемлекеттік қызметшілер қожайынның рұқсатынсыз кімнің болса да үйіне кіре алмайды... ”)кінәсіздік презумпциясы (“соттың талқылауынсыз және шешімінсіз бас бостандықтан айыруға болмайды...”) сөз, ождан бостандығы(“жиналыстар өткізу,бірлестіктер құру,сөз сойлеу, газеттер шығару, кітаптар басу бостандығы”) тәрізді демократиялық құндылықтар көрініс тапқан. Көріп отырғанымыздай, XX ғасыр басында қазақтың саяси элитасының басшылыққа алған мұраттары демократиялығымен, ұлттық-саяси мәселелерді жоғары ізгілік еремен түйсіне білгендігімен ерекшеленеді. Ал, ұлттық мүдделерге заңдық-құқықтық пішім бітіріп, бұқараны күрестің ұйымдық, партиялық пішімі деңгейіне дейін көтеру, халықтың саяси тұрғыдан оқытып-үйрету істері сол дәуірдің талаптарына жауап бере алатын саяси элитаның болғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар, бүгінгі күнде лидерлік, көшбасшылық мәселесі де барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде. Мәселен, психология лидердің тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жүйенің негізінде қарастырады. Әлеуметтік психология лидерлікті әлеуметтік және психологиялық факторлардың өзара қызметтік процесі ретінде зерттейді. Ал саясаттану саяси лидерлікті билік феномені ретінде қарастыра келе, оның табиғатын, қызмет ету механизмдерін, қоғамға ықпалын зерттейді. Сонымен бірге, тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі. Ғалымдардың пікірлерінше, өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұларды ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұқ-сұбқат құруға келгенде қанағатшыл болу керек.Жалпы лидерлік саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал жалпы мемлекет лидерлігін зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық-қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет