Ашекеева Ќ



бет28/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

2. Саяси жүйенің кұрылымы.
Қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі бұл Саяси тәртіп деп саяси билік, қогамды басқарудың әдіс тәсілдер жиынтыгын, азаматтирдың қуқықтарымен еркіндіктерініқ демократиялык, дәрежесін айтады.
Казіргі саяси тәртіптерді демократиялык және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топка бөледі.
Демократиялық тәртіпке халыкты биліктің кайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге кұкык берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктін түрі, коғамның мемлекеттік-саяси кұрылысы жатады. Антидемократиялык, тәртіп тоталитарлык және авторитарлық болып бөлінеді.
Саясаттануда саяси жүйені жіктеуде әртүрлі өлшемдер қолданылады. Саяси жүйелердің типологиясын жасауда қоғамда жүзеге асырылатын саяси биліктің мәні негізгі өлшем болып алынады. Сонымен бірге саяси жүйелерді жіктеуде қоғамның экономикалық даму дәрежесі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылу мүмкіндіктері,көлемі, әдістері және плюрализм, азаматтық қоғамның болуы, саяси мәдениет дәрежесі т.б. факторларды есепке алу маңызды болып табылады.
ХХ ғасыр басында неміс ғалымы М.Вебер саяси жүйені жіктеу өлшемі
туралы марксистік концепцияға қарсы әлеуметтік-мәдени детерминатын
(негіздеуді, анықтауды) ұсынды. Саяси жүйені марксистік тұрғыдан талдаудың
мәні саяси жүйенің дамуы мен қызмет етуінде таптық факторды абсолюттендіруі болды. Жүйелер ең алдымен олар қай таптың саяси мүдделерін
білдіреді және әлеуметтік-экономикалық құрылымдарының сипатына, формацияларының типіне байланысты жіктелді. Осы өлшемдерге байланысты
саяси жүйелерді құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік деп
бөлді. М.Вебер саяси жүйені жіктеуде оның қызметінің формасы мен әдісін
негізге алды. Оның ойынша билік жүргізудің негізгі әдісі дәуірдің әлеуметтік
сипатымен, азаматтық қоғамның даму дәрежесімен, бұқараның талаптарымен,
билікті негіздеудің әдістерімен, элиталардың қабілеттіліктерімен анықталады.
Вебердің бұл зерттеулері саяси жүйелер типологиясын жасаудың қазіргі заманғы дамуына үлкен ықпал етті. Француз әлеуметтанушысы Ж.Блондельдің
саяси жүйелерді басқарудың мазмұны мен формаларына байланысты мынандай
типтерге бөлді:
1 либералдық;
2 радикал-авторитарлық немесе коммунативтік (әлеуметтік) игіліктердің
теңдігі және оған ие болудың либералдық әдістерін елемеумен сипатталады;
3 дәстүрлі (материалдық және әлеуметтік игіліктерді біркелкі бөлу, олигархияның басқаруы, басқаруда консервативтік әдістер қолдану тән); 4 популистік (басқаруда авторитарлық әдістер мен құралдарға ұмтылу); 5 авторитарлы-консервативті («қатал» құралдар арқылы қалыптасқан теңсіздікті сақтау). Г.Алмондтың саяси жүйені жіктеу принципі қазіргі саяси ғылым мен саяси тәжірбиенің талабына толығырақ жауап беретіндігін айтуға болады. Ол басты назарды қоғамды ұйымдастыру және басқару формасы мен оның (қоғамның) басты мұраты (идеалы) әрі ондағы құндылықтардың қаншалықты сәйкестіндіріліп, үйлестірілуіне аударды. Алмонд саяси жүйелерді мынандай төрт түрге бөлді:
ағылшын-американдық;
құрылықтық-европалық;
индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған;
тоталитарлық.
Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрінің негізінде жатқан ортақ мақсат
– ол адам бостандығы, халықтың тұрмыс-жағдайын жақсарту және мемлекет
қауіпсіздігін сақтау идеясы. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат- мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі
қолдайды, саяси мәдениет бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипататалады.
Билік тармақталған, ол толығымен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұрақты және
тиімді қызмет атқарады. Бұл саяси жүйе түріне ортақ нәрсе – ол биліктің бөлінуі, саяси плюрализм, шебер ұйымдастыру және бюрократия, жоғары тұрақтылық. Мұндай елдерге Алмонд АҚШ-ты, Англияны, Канаданы, Австрияны жатқызды. Құрылықтық (континенталдық)-европалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Оларда ескі жүйенің де, жаңаның да элементтері араласып келіп отырады. Бұл елдердің саяси жүйесінде әр түрлі идеологияны ұстанатын партиялар көп және олар билікті жүргізуде ескі дәстүрлерді де сақтап отырады. Алайда ескі мәдениеттің де, жаңаның да либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйенген ортақ негізі бар. Сондықтан олар келісім тауып жатады. Мұндай елдерге Францияны, Германияны, Италияны, Швецияны, Данияны т.б. жатқызуға болады. Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Онда батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғырланған. Құрылықтық-европалық саяси жүйемен салыстырғанда онда ортақ негіз жоқ. Заң шығарушы, атқарушы, сот биліктері жете тармақталмаған. Бұл елдерде авторитарлық тәртіп, күшке сүйену бой алған. БұғанАзия, Африка және Латын Америкасының кӛптеген елдерінің саяси жүйесін жатқызуға болады.
Тоталитарлық саяси жүйе түріне Алмондтың типологиясы бойынша
фашистік Италия, фашистік Германия, бұрынғы социалистік жүйеге жататын
елдерді жатқызуға болады. Мұндай саяси жүйенің басты ерекшелігі – тәуелсіз
орталықтандырылған билік және орталықтың билігіне қоғамның бүкіл саласы
бағындырылады. Одан әрі, саяси жүйенің ортамен ӛзара әрекетінің сипатына байланысты саяси жүйелерді ашық және жабық деп бөлуге болады. (Толық жабық жүйелер болмайды). Сонымен бірге саяси жүйелерді жалпы алғанда саяси дамуына байланысты дәстүрлі және жаңарған (модернизацияланған) деп жіктеу кеңінен таралған. Дәстүрлі жүйенің негізіне әлсіз дамыған азаматтық қоғам, саяси рольдердің әлсіз бӛлінуі, билікті негіздеудің харизматикалық әдісі алынған. Модернизацияланған жүйелерде керісінше, дамыған азаматтық қоғам, билікті негіздеудің рационалды әдістері қалыптасқан. Саясаттануда саяси билікті жүзеге асырудың әдісіне, тәсіліне, құрылыстарына, қоғамдағы саяси бостандықтың дәрежесіне, жеке адамның құқықтық жағдайына талдау негізінде саяси жүйелерді жіктеу ерекше танымал. 2-сұрақты қорыта айтқанда, осы өлшемдерге байланысты тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық саяси жүйелер деп жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет