Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға


Академик  Рахым  Алмабекұлы  мен  ашығу  ілімін  ұстанушы  Әсет



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата03.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#5918
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Академик  Рахым  Алмабекұлы  мен  ашығу  ілімін  ұстанушы  Әсет 
Ризаұлының үшінші сұхбат толғауы. Тақырыбы: Ата-тегім. Менің бала 
күнгі жағдайым. Бала күнгі аурушаңдықты қалай жеңдім, Семейге барып 
оқу оқуым. Спорттың маған тигізген пайдасы. 
 
Жақсылық көрсем өзімнен, 
Жамандық көрсем өзімнен. 
Тағдыр қылды деулерді 
Шығарамын сөзімнен. Сұлтанмахмұт Торайғыров  
 
  
Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, мен осы әңгіме барысымда өзімнің ата-
тегімді,  ағайын-бауырларымды  ғалым-генетик  ретінде  өзіңізге,  талдап 
сараптама жасау үшін баяндай кеткенімнің артықтығы болмас?  
 
Жауап:  –  Оған  еш  қандай  да  қарсылығым  жоқ,  қайта  сенің  шыққан 
тегің  мен  туыстарыңды  танып-білуім  әбдән  дұрыс,  себебі  50  тәулік  тамақ 
ішпеген адамның ата-тегінде де бір ерекшелік болуға тиіс қой. Айта кетудің 
еш айыбы жоқ, қайта оқырмандар да білсін, осы кітап авторының біреуінің 
шыққан тегі мен туыстарын. Бұл ғылым үшін де қажет болуы мүмкін.  
 
 
 
 
Алты ақша 
 
 
 
 
Қарабас 
 
 
Атамыз сол күндегі хан Қарабас, 
 
 
Қараған қол астына қалың Алаш. 
 
 
Ажал жетіп, дүниеден өзі кетіп, 
 
 
Ерназар, Қожакелді қалыпты жас. 
 
 
Атамыз одан арғы аты Тума, 
 
 
Білмесең ата жөнін ата қума. 
 
 
Қамбардың ханға берген қасқасындай, 
 
 
Жарқырап көзге түскен қалың дуда. 
 
 
Тумадан арғы атамыз Шүрентай-ды, 
 
 
Жарықтық, білгіш екен елге жайлы. 
 
 
Аруақты, шарапатты адам екен, 
 
 
Шүкеңе шек келтірген кісі оңбайды! 
Аманжан Жақыпов, «Қаракерей Тума тарихы. Алматы: «Үш Қиян», 2004 ж. 
 
– 
Біздің ата-тегіміз осы Қожакелді батырдан тарайды. Өзіміз әкеміз Риза 
мен анамыз Рәштән тарайтын ағайынды бесеуміз: үш ұл, екі қыз. Үлкеніміз 
Асқар  Алматының  «Киров»    зауытында  шебер,  ал  жеңгеміз  Әсембала 
қалалық  санитарлық-эпидиомология  сараптама  орталығында  дәрігер- 
бактериолог,  ұлдары  Әділ  Алматыда  энергетикалық  институттың  студенті, 
қарындасым  Сәуле  кәсіпкер,  қызы  Әсел  де  кәсіпкер,  Қамбар  бауырым  мен 
келінім Үміткүл Алматының медициналық институтын бітірген провизорлар 
(дәрі-дәрмек  жасайтын  мамандар),  ал  кіші  қарындасымыз  Тілеужан  да 
медицина  саласында  істеген,  ұлы  Жомарт  Семейдің  технологиялық 
институттың студенті, қызы Гүлмира.  

 
224 
Менің  жұбайым  Рахпар  негізгі  мамандығы  неміс  тілінің  мұғалімі, 
Алматының  шет  тілдер  институтын  бітірген,  үлкен  қызымыз  Айнұр 
тұрмыста  Алматы  қаласында  тұрады,  кіші  қызымыз  Айнамкөз  тұрмыста, 
Германияда Франкфурт-Майн қаласының жанындағы Кёнгштайнде  тұрады.  
Марқұм  әкеміз  Риза  мен  анамыз  Рәш  бәрімізді  оқытты,  осыған  тәуба 
дейміз.  
– 
Риза ағаны да жақсы білемін, өзіңмен бірге Науалыда тұқым сынайтын 
алқабын  ашуды  бастағанда,  қолынан  талай  дәм  де  татқанмын.  Әкелерің 
жақсы адам еді, осыны ұмытпасаңдар болғаны. 
– 
Әсет,  сол  кездерде  әкең  марқұм  орталық  қырманда  меңгеруші  болды 
емес пе? 
– 
Рахым аға, сіздің еске сақтау қабілетіңізге таң қалмасқа болмайды екен, 
иә, солай әкем колхозда 30 жылдан астам уақыт қырман меңгерушісі болған, 
барлық астық және тұқымдарға сол кісі жауап беретін. 
– 
Иә Әсет бауырым, әкең Риза марқұм оқымаса да санасы жоғары, көкірегі 
ашық,  ақылы  нұрлы  адам  болатын.  Өз  жұмысын  агроном-маманнан  артық 
білмесе кем білмейтін. Әке жолын қуған өзің екенсің ғой.  

 
Солай Рақым аға, балаларының ішінде әкеміздің «ақ таяғын» саналы 
түрде ұстап, сол кісінің жолын қуған мен болдым. Себебі ес білгелі 
әкемнің қасында, қырманның ішінде бидайды көріп өстім емес пе. 
 
Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнахар болу – Алла алдында 
күнахар болу. 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
– 
Ал  енді  өте  алғыр,  мамандығы  провизор  сол  кездегі  балаң  жігіт, 
бауырың Қамбар бар емес пе, ол қазір қайда? 
– 
Қамбар  мен  келінім  Үміткүл  ұзақ  жылдар  бойы  Ұржар  аудандық 
аптекасында  жұмыс  істеді,  Қамбар  соның  меңгерушісі.  Заман  өзгергенде 
алғашқылардың  бірі  болып,  өз  мамандықтары  бойынша  жеке  кәсіпкерлікке 
бірден ауысып кетті.  
Қазір осы Алматы қаласында. Қайрат, Айдос, Гүлзира атты балалары мен 
3  немерелері  бар.  Гүлзира  шет  тілдер  институтының  студенті.  Қайрат  пен 
Айдос жеке отау тігіп, Алматы қаласында шет ел серіктігінде жұмыста. 
 
 
 
 
 
Ғабдүшкір  
Жәментік балалары Бұхара-шарфтен арнайы көшіріп әкелген. Заты әулие, 
ғұлама ғалым. Өз заманының зиялы, білімді қауымы «Ғабдүшкірден оқыған» 
деген  адамды  ең  жоғары  діни  ілім  иесі  деп  мойындаған.  Ғабдүшкірден 
оқыған  Шайық  молла,  Қазы  молла  (Рахманқұл),  Әйкежан  молла,  Хамитхан 
қари, Бекбай молла, Ғабдыкеш молла, Мұқаш молла, Мұхаметкәрім (Қызыл 
молла),  Ұлықпан  молла,  Абылхан  Нұрахмет,  Жолбарысұлы  Мұқашбек  т.б. 
жалпы жиыны 40 адам есімдері орыс жерінде Семей, Жетісу өңірінде, Қытай 
елінде  Тарбағатай  аймағы,  Үрімжі  өлкесіне  белгілі  болған.  Бұлар:  араб, 
парсы, түрік тілдеріне жүйрік, пері түсіру, қара суды теріс ағызу, қызынған, 
есінен адасқан адамдарды жазу, жыланның, қасқырдың, ұрының жолын кесу, 
бойтұмар дұғаларына да аса жетік, дуалы, шарапатты жандар болған. 

 
225 
Ғабдүшкір  зираты  Қарағаштағы  мешіт  маңында.  Мақаншы-Науалы  тас 
жолының бойында Ғабдүшкір бейітіне бағдар сілтейтін белі бар. 
 
 
 
 
 
Дерек 
Шешем,  Домбал  қызы  Фатима:  «Он  бір  жасымда  Ғабдүшкірдің  үйінде 
тұрып оқыдым. Ақ пен қызылдар кезек атысып жатқан кезде қызылдар келе 
жатыр  деп  ер  адамдар  тауға  қашып  кеткен.  Ғабдшүкір  атам  бала-шаға, 
әйелдер  арасында  қалған.  Ол  кісі  мешітте  намаз  оқып  отырғанда  үш  атты 
әскер  келді.  Ғабдүшкірді  алдыны  салып  айдап  бара  жатты  да,  біреуі 
қылышпен шауып жіберді. «Аһ, Алла!» деп барып құлады Ғабдшүкір. Осыны 
көрдім» деп айтып отырушы еді марқұм. 
Шешем  тума  руының  қызы,  аға-інілерінен  ұрпақ  қалмаған.  Төркіні 
туманың қай атасынан екенін білмей, қазір өкінеміз. Нұрқия  
Аманжан Жақыпов, «Қаракерей Тума тарихы. Алматы: «Үш Қиян», 2004 ж. 
Менің  әкем  Ризаның  әкесі  Мұқашбекті  1937  жылы  үйіне  Құлымбетов 
Ұзақбай  Желдірбайұлы,  сол  кезде  Каз.  ЦИК-тің  төрағасы  келіп  қонғаннан 
кейін,  «халық  жауы»  деп  бір  түнде  19.12.1937  жылы    алып  кеткен. 
Құлымбетов Ұзақбай Желдірбайұлын да 25.02.1938 жылы атқан. 
 
Атамыз  Жолбарысұлы  Мұқашбек  қасиетті  Ғабдүшкір  молдадан  оқыған, 
«Қарамолда» деген атпен елге танылған. Науалы мен Елтайдың арасындағы 
тоғанды  Мұқашбек  түйе  сойып,  асар  салып  қаздырған.  Бұл  тоған  кезінде 
«Мұқашбек тоғаны» деген жер атауына айналған. Қазіргі Науалы ауылының 
орталығындағы  Қусақ  өзенінен  су  алатын  тоғанды  да  Мұқашбек  атамыз 
қаздырған,  ел  әлі  күнге  дейін  осы  тоғаннан  су  алады.  Атамыз  Мұқашбек 
«
жеке шаруа» бола жүрсе де тоғанбасы қызметін қоса атқарған, өзімен бірге 
туған  Күлежан  деген  қарындасы  болған.  Ташкенге  тұрақты  түрде  барып 
сауда  жасап  тұрған  және  өзінің  жеке  меншігінде  қос  ат  сүйрейтін  16  ат 
шалғысы, тарағы т.б. болған. 
 
(Ескерту:  Кейіннен  өзім  ізденіп  атылған  жері  мен  сүйегі  Алматының 
жанындағы Жаңалық ауылындағы бауырластар зиратында екенін анықтадым. 
1937 г. Тройкой УЕКВД Алма-Атинской обл. По ст. 58 и 58-2 УК РСФСР к 
ВМН. 20.02. 38г. Приговор приведен в исполнение ). 
Қазір  бір  атаның  балалары  –  атамыз  Жолбарысов  Мұқашбекке,  ағасы 
Райымбеков  Оразғалиға,    «Сонар»  фирмасын  ұйымдастырушылардың  бірі 
Рахметов Ғабиден Оразқажыұлына Науалыда көше аттары берілген.  
Әжеміз  Қазыкей  Қалқұлқызы  сүйегі  Болатшы,  (туған  сіңілісі  Бизауре 
Қалқұлқызынан әнші Кәрім Сүлейменұлы туады. Әнші Кәрімнің әкесі Матай, 
Маман,  Тұрысбектің  жазған  Қазақтың  үш  жүзінің  шежіресінен  1903  жылы, 
сентябрь  айында  Орта  жүз  Найман  шежіресін  қисса  түрінде  таратқан 
Қаракерей,  Семіз  Найман,  Қырықмылтық  би  Сүлеймен  Бекбердіұлы) 
Мұқашбек  атамыз  ұсталғаннан  кейін,  құсадан  1939  жылы  қайтыс  болған. 
Әкем  Риза  өзімен  бірге  туған  Рәш,  Райхан  деген  екі  қарындасымен 
Науалыдағы балалар үйіне 1939 жылы өткізілген (Ескерту: Рәш пен Райхан 
содан бері жоғалып хабарсыз кетті).  

 
226 
Әкеміз  Риза  сол  кезді  былай  деп  айтатын:  «Мектепте  оқып  жүргенде 
шашымның  жартысын  ғана  тақырлап  алып,  «халық  жауының»  баласы  деп 
ерекшелеп  қоятын.  Жақсы  оқысаң  сен  жаудың  баласы,  әдейі  жаулығыңды 
білдіріп жақсы оқып жүрсің, ал жаман оқысаң сен әдейі жаман оқыдың деп 
тиісе  беретін».  Осындай  қорлыққа  шыдамаған  ол  4  класты  бітіргеннен  соң 
балалар  үйінен  қашып  кетеді,  13  жасында  колхоздың  бөлімшесінде  есепші 
болады.  Сонымен  1944  жылы  18-ге  толғанда  әскерге  алынып,  Берлинде 
соғысқа қатысып, жеңісті «Бранденбург қақпасында» қарсы алады. Әскерден 
1950  жылы  ғана  босайды,  Германияда,  Польшада  басқыншылық  әскердің 
қатарында  болады.  Келе  сала  біздің  анамыз  Рәшқа  үйленіп  Аксаковка 
ауылында  гидротехник,  сонан  соң  зейнеткерлікке  шыққанша  Науалыда 
қырман меңгерушісі болды. 
 
Анамыз  Рәш  байыпты,  салмақты,  кітап  оқудан  бас  алмайтын  кемеңгер 
сабаз адам болса, әкеміз Риза сөзге шешен, қалжыңбас, шалт қиымылдайтын, 
ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында жоқтан бар жасайтын, жан-жақты 
дамыған, өзін-өзі жетілдіре білген, рухани даму дарыны ерекше жоғары, жоқ 
адамдарға көмектескісі келіп тұратын және осыны іс жүзіне де асыра білген 
адам  болатын.  Тұқым  шарушылығын  андай-мұндай  аграномыңнан  жетік 
білетін. Тұрмысымыз жаман болған жоқ. 
Сұрақ:  –  Әсет  Ризаұлы,  бала  күніңде  қалай  өстің,  денсаулығың  қалай 
болды? 
Жауап:  –  Рахым  Алмабекұлы,  мына  сұраққа  толық  жауап  бере  кетуге 
тырысайын. 
– 
Бала күнімнен өте аурушаң болып өстім, бірақ кітап оқуды керемет 
жақсы көрдім. Бала күннен дос болған, он жылдықты бірге бітірген Нұрғазин 
Сәрсембай, Орақбаев Бейсен үшеуміз бүкіл кітапханадағы кітаптарды іздеп, 
жарысып  оқитынбыз,  қазір  екеуі  де  марқұм  болып  кетті.  Бейсеннің  бала 
күнінен  жүрегі  ауыратын,  ал  Сәрсембай  кейіннен  салауатты  өмір  салтын 
ұстанбай,  соның  салдарынан  50-ден  асқанда,  Бейсен  50-ге  жетпей  жүрегі 
тоқтап  қалып,  екеуі  де  фәни  өмірмен  қоштасты,  бірақ  арттарында  жақсы 
азамат болған ұлдары мен қыздары қалды. 
Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді епті болмақ, өз ақыл 
ойыңды, өз еркіңді осылай шыңдау қажет. 
 
 
М.Горький 
 
– 
Өстіп сүйретіліп жүріп 7-ші класқа да жеттім, бірақ денсаулық дұрыс 
емес, бұрыс. Өзіммен құрдас балалармен күрессем жеңіліп, жүгірсем өкпем 
өшіп,  қалып  қаламын.  Бір  күні  «Қазақ  әдебиеті»  оқулығынан  Тұрар  деген 
баланың  қыста  суық  суға  шомылып,  белдеу  темірге  тартылып  шымыр, 
мықты  бала,  күшті  бала  болғанын  оқыдым,  осы  кітап  маған  әсер  еткені 
соншалық,  жан  дүнием  төңкеріліп  кеткендей  болды.  Үйде  анама  айттым: 
«Менің  де  кітаптатағы  Тұрар  деген  бала  сияқты  мықты  болғым  келеді,  ол 
үшін қысы жазы суық су құйыну керек екен», – деп шама-шарқым келгенше 
түсіндіргендей  болдым.  Осыны  айтудағы  себебім:  «өзің  тіптен  ауырып 
қаласың»,  –  деп  суық  суға  құйынуға  рұқсат  бермей  қоя  ма  деген  балалық 
ойым.  Бірақ  анамыз  кемеңгер,  өте  ақылды,  ажарлы  адам  болатын.  Соғыс 

 
227 
жылдары  колхозда  бас  бухалтер  болып  қызмет  істеген.  «Ой  балам,  сенің 
денсаулығымды  жақсартам,  жақсы  болам  деген  талпынысыңа  кім  бөгет 
болады,  дұрыс  деп  шешім  қабылдасаң  болды,  өзің  біл»  –  деді.  Сол  жаздан 
бастап күнделікті суық суға құйынуды әдет қылып қалыптастыра бастадым. 
Күзде де, қыста да қандай аяз болмасын, таңертең ерте буым бұрқырап суға 
құйынып  жатамын.  Таңертең  жаттығу  жасай  бастадым,  байқаймын 
денсаулығым  жақсарып,  жүгіргенде  балалардан  оза  бастадым.    Бұрын 
шілбиіп, екі иығым салбырап бүкірейіп жүретінмін, кеудем түзеле бастады, 
бірақ әлі әлсізбін. 
 
Ол кезде мектепте жүгіру мен шаңғы тебуден басқа спорт секциялары 
жоқ, денешынықтыру сабағын Смайлов Анатолий ағай берді. Ол кісінің бір 
қасиеті  балаларды  спортқа  жақсы  баули,  тарта  білетін.  Өзі  классикалық 
күрестен  спорт  шеберіне  кандидат,  жаңадан  Алматының  дене  шынықтыру 
институтын бітіріп келген. Дене бітімі келісті-ақ, денесі мәрмәр тастан қашап 
жасағандай, бейне сурет дерсің. Балаларды күреске үйретейін десе спортзал 
жоқ,  оқушылардың  өзі  екі  кезекпен  әзер  сиып  оқиды.  Анатолий  ағай,  ең 
алғаш  рет  доп  ойындарын  баскетболды  үйретті,  сондай-ақ  жазда  жеңіл 
атлетика, велосипед спорты мен доп ойындары, ал қыста шаңғы спортының 
секцияларын  ашты,  үйіне  қай  уақытта  баратынын  білмейміз,  күні-түні 
мектепте не стадионда. Осы кісінің де әсері болды ғой деймін, ауылдың бар 
баласында  спортқа  деген  ерекше  құштарлық  басталды.  Бұрын 
денешынықтыру  сабағында  жайылған  қой  сияқты  бет-бетімізбен  лағып 
жүруші едік, спортқа деген көзқарасымыз мүлдем өзгеріп кетті. 
Дене  шынықтыру  мен  спорт  ағзаның  жалпы  іс  қабілеттілігін 
көтереді,  адамның  шат  көңілді  болуына  жәрдемдеседі,  ал  бұл  ұзақ  жыл 
өмір сүрудің міндетті шарттарының бірі. 
 
 
 
 
О.Б.Лепешинская 
Бір күні жасқаншақтап барып: «Толя ағай мені шаңғыға жазыңызшы» – 
дедім.  Менің  сөлбірейген  түріме  бір  қарап:  «бала  толып  кетті»,  –  деді. 
Артынан  қыңқылдап  мен  қалмаймын,  екінші  күні  тағы  келдім,  күні  бойы 
артынан  салпақтап  қалмаймын:  «балалармен  бірге  жүгіргім  келеді,  шаңғы 
беріңізші» – деп. «Әй осы сөлбірейген немеден не шығушы еді», – деді ме, 
әлде жүрегі қайтсын деді ме: «ертең шаңғы, ботинка беремін, жаттығуға кел» 
– 
деді.  Жүрегім  жарылардай  қуанып  үйге  жеттім:  «маған  шаңғы  беретін 
болды,  енді  балалармен  жарысатын  боламын!».  Ол  кезде  қыста  спорттың 
басқа түрі жоқ болғандықтан, шаңғыға бойы сырықтай, мықты таңдаулы ғана 
балаларды іріктеп алатын. 
Жаттығудан басқа да уақытта шаңғы аяғымнан түспейтін болды, жүгіре 
беремін, жүгіре беремін. Өстіп жүгіре-жүгіре екінші тыныс (второе дыхание) 
ашылу арқылы шаршамай жүгіру  әдісін меңгеріп алдым.  (Бұл тыныс 5-10  
км  жүгіргеннен  кейін  барып  ашылады.)  Екінші  тыныс  ашылуға  ерекше 
шыдамдылық қажет. Мен айтып отырған әдісті алысқа жүгіретін желаяқтар 
мен  шаңғышылардың  бәрі  біледі,  бәрі  де  осы  тыныс  алу  әдісін  қолданады. 
Көрші ұсақ балалар мен шаңғы емес самолет мініп жүргендей көреді, олар да 
шу-шу етіп, омбы қарда белшесінен батып мәре-сәре.  

 
228 
Біртіндеп  жаттықтырушым  маған  қатты  көңіл  бөле  бастады,  бұрынғы 
мақтаулы  шаңғышыларға  шаңымды  да  көрсетпейтін    болдым.  Ең  ғажабы 
қанша  жүгірсем  де  шаршамайтын  бола  бастадым.  Денем  қатып,  еңкіштігім 
жоғалып кетті. Күнде таңертең 6-да тұрып алып мектепке барғанша құлперен 
болып  жаттығу  жасаймын,  резеңке  созамын,  темір  көтеремін.  Денем  толды 
ма деп күнде айнаға қараймын, өзіме өзім разы емеспін, бейне бір тері қаптап 
қойған қаңқа сияқтымын, бұлшық еттер жоқ. Лом темірден белдеме (турник) 
жасап  алдым,  әлі  жөнді  тартыла  алмаймын.  Бірақ  бір  ерекшелігім  алған 
бетімнен қайтпайтынмын және өте шыдамдымын. Енді маған не жетіспейді? 
Жетіспейтіні екі қосақ бокс қолғабы мен футбол ойнайтын аяқ киім (буцы) 
деп  шештім  де,  марқұм  Рәш  анама  ойымды  айттым,  әкеме  айтайын  десем 
жасқанамын. 
Ол кезде бокс қолғабы т.б. спорттық бұйымдардың жоқ кезі. Сол кезде 
Қызылорда қаласында мұғалімдік оқуда бөле апайымыз, қазір белгілі ақын, 
шежіреші,  Қаракерей,  Семіз  Найман,  Қырықмылтық  би  Сүлейменнің 
немересі  Нұрания  Сүлейменова  оқитын.  Соған  анам  хат  жазды:  «келеріңде 
Әсеттің  сұраған  нәрселерін  алып  келші»,  –  деп.  Ол  апайымыз  алып  келді. 
Қоймай жүріп спорттық велосипед саттырып алдық, оның қызығын көретін 
үлкен ағайым Асқар. Сөйтіп бокспен де, футболмен де шұғылдана бастадым. 
Ауылдың  жоғарғы  жақта  тұратын  бар  баласы  біздің  үйде  есік  алдындағы 
қорада  қан-қан  болып  бокстасып  жатамыз.  Орысша  жазылған  бір  бокс 
туралы  кітап  тауып  алдық,  мағынасын  түсінбейміз,  бірақта  суреттерде 
көрсетілген  әдістерді  жанымызды  салып  үйренеміз,  бірімізді-біріміз 
төбелестің  әдістеріне  үйретеміз.  Трактордың  дөңгелегінен  штанга  жасап 
алдық, көтеретініміз гиріміз тағы да трактордың шынжыр табандары. Сырғи-
сырғи  10  класқа  да  жеттік,  сабақ  оқымаймыз,  мұғалімнің  түсіндіргендері 
баста  қалса  мыңқылдап  айтқан  боламыз,  көбінесе  желке  қасып  тұрған 
мылқаумыз. Мұғалімдер ұрсады: «бастарыңды доп кеулеп алған», – деп, біз 
балық сияқты үндемей құтыламыз.  
Сол  жылы  жаттықтырушым  Толя  ағай  менімен  жеке  шұғылдана 
бастады,  енді  50  км  қашықтықтан  тіпті  ентікпей  келетін  болдым.  Өзі 
велосипедке  отырып  алады  да  менің  артымнан  ілесіп  отырады.  Баратын 
жеріміз Мақаншы ауылының бер жағындағы Жәйтөбе бауыры, бір жағының 
қашықтығы  мөлшермен  25...30  шақырым.  Денем  толып,  бұлшық  еттерім 
бұлтыйып,  кеудем  шалқақ,  арқам  түп-түзу  әдемі  бозбалаға  айналып  шыға 
келдім.  Тамаққа  деген  тәбетім  керемет,  үйдегілер  бәрі  бір  табақ  асқан  етті 
жеп  тауыса  алмаса,  мен  жалғыз  өзім  сондай  табақ  етті  сыпырып-сиырып 
айнадай қылып қоятын болдым. Сол үшін маған анам марқұм бір табақ етті 
бөлек алып сақтайтын болды.  
Қозғалыс дегенің өмір, ал қимылдың азайғаны – өмір өрлеуінің құлдырауы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
В.В.Гориневский  
 
Ауылдық,  аудандық  жарыстарда  жүгіруден,  шаңғы  жарысынан 
жүлдесіз қайтпайтын болдым. Кейін Семейде 1 жылдық кәсіптік техникалық 

 
229 
оқуда  оқығанымда  да  облыс  бойынша  жүгіруден  1-ші  орындарды  алып 
жүрдім. Өмірімде осы спорттың көп пайдасы тиді. 
Енді  өз  басымнан  өткен  бір  оқиғаны  айта  кетейін:  «Жаңа  айтып 
өткендей  мектепті  онша  жақсы  бітірмей  бүкіл  класс  болып  улап-шулап 
Семейге  мұғалімдік  оқудың  тарих  бөлімшесіне  түсуге  оқуға  келдік. 
Бәріміздің де қала көргеніміз бірінші. Бәрі қызық, бәрі  жат, не деген үлкен 
қала  деп  бір-бірімізге  тамсанып  қоямыз.  Автобусқа  да  отыруды  білмейміз. 
Ауылдағы секілді қол көтерсек тоқтайтын шығар деп оншақты бала, ұлымыз 
бар қызымыз бар жабыла көшені басымызға көтере айқайлап қол көтереміз, 
бірақ  тоқтамайды,  біз  аң-таң.  Кей  кезде  көшенің  қиылысына,  қызылды-
жасылды  шамның  қасына  келіп  артқы  шамын  қызартып  жағып  тоқтай 
қалады,  тапырлап  тұра  қуамыз,  жете  бергенде  жүріп  кетеді.  Себебін 
түсінбейміз.  Бір-бірімізбен  жатып  кеп  керілдесеміз,  біреуі  айтады,  мүмкін 
ауылдан  келгендерді  отырғызбайтын  шығар  деп,  оның  бұл  дәлеліне  іштей 
келісеміз.  Болмағаннан  кейін  жаяу  тартамыз.  Басқа  біреуден  сұрайық  десек 
ұяламыз.  2-3  күн  бақыладық,  бізді  неге  алмайды,  бір  себебі  бар  шығар. 
Сөйтсек әлгің белгілі бір аялдамада ғана тоқтап, ол аялдаманың белгілі аты 
болады екен. Қалаға үйрене бастауымыздың әліппесі осылай болды, біз үшін 
қаланың тылсым дүниесі пердесін аша бастады. 
 
Жақсыдан жаман туса жыннан пайда болғаны, 
Жаманнан жақсы туса нұрдан пайда болғаны.  Қазақ мақал-мәтелдері 
Оқуға түсе алмадық. Балалардың көбі үйлерін сағынып ауыл қайдасың 
деп  сызып  берді.  Маған  қайтайық  дейді.  Мен  оларға  айтамын:  «осында 
қалайық,  тегін  оқудың  біреуіне  түсіп  ең  құрымағанда  орысшаға  тілімізді 
сындырайық, ақыры мектепте оқыған жоқпыз, болмағанда осы жердегі кіші 
оқудан  бастап  бірдеңе  үйренейік,  ауылда  көшеде  ит  қуғаннан  басқа  не 
істейміз?». Олар көнбейді қорқады, орыстың балалары бізді сабайды деп. Ол 
кезде бір жылдық кәсіптік оқу орнында негізінен жетім балалар мен Ресейдің 
Сібір жақ қалаларынан келген орыс балалары оқиды, көпшілігі бұзық. 
 
Сонымен  ет  комбинатына  жұмысшлар  дайындайтын  ГПТУ  –  28-ге 
құжаттарымды  өткіздім.  Бар  жоғы  оншақты  ғана  қазақ  баласымыз,  оның 
жартысы  8  класс  бітірген  жас  балалар.  Іштеріндегі  ересектері  Қарсыбаев 
Оралтай  деген  Мақаншыдағы  Бахты  ауылының  баласы.  Екеуміз  өте  жақсы 
дос  болдық.  Кейіннен  1970  жылы,  Оралтай  әскерде  жүріп  Оренбург 
қаласындағы  Гагарин  атындағы  жоғары  әскери  жойғыш  (истребитель) 
ұшқыштар  дайындайтын  училищеге  түсіп,  бертін  келе  Ресейде  сынақшы 
ұшқыш  болып,  соғыс  ұшақтарын  сынақтан  өткізіп  жүргенде  ерлікпен  қаза 
тапты. 
Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық 
басқа игілікке ие бола тұрса да, дос жарансыз өмірді қаламақ емес.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аристотель 
Спорттан  жақсымын,  жүгіргенде,  футбол  ойнағанда  жан  баласына 
жеткізбеймін. Орыстың балалары әлі тиісе алмай жүр, сылтау жоқ. Олардың 
заңы  бір  адам  сол  жерді  билеп  төстеуі  керек,  қазақтың  ішінде  бас  көтерері 

 
230 
Оралтай  екеуміз  ғана.  Бірге  оқитын  Хрепков  Виктор,  Спиваков  Николай, 
Кузнецов  Юрий  т.б.  орыстың  балаларымен  Оралтай  екеуміз  пәтерде 
жатамыз,  бірақ  өте  тату  болдық.  Бір  күні  спорт  залда  бір  мерекелік  кеш 
болды. Бізбен оқитын бойы 2 метрдей. еңгезердей Бақты комендатурасының 
офицерінің  баласы  Меркулов    деген  жігіт  келіп:  «Әсет  бокстасасың  ба?»  – 
деп  бокс  қолқабтарын  алдыма  тастады.  Бұрын  естігенмін,  бокстан  1-ші 
разряды  бар  деп,  себебі  олар  өскен  шекара  аумағында  спортқа  бар  жағдай 
жасалған, ол сол жерде солдаттармен бірге жаттыққан. «Бұл не пәле?» – деп 
мен де есалаң бола қалдым. «О, қазақ осыны да білмейді», – деп қарқ-қарқ 
күлді,  оның  күлкісін  залда  тұрған  жанкүйерлері  қостап  ала  жөнелді.  Маған 
жетім  балалар  үйінен  келген  қазақ  қыздары  ғана,  мүсіркей  қарауда,  әлгі 
жанымдағы  қазақ  балаларым  зым-зия  жоқ,  бір  жанжалдың  боларын  сезіп 
тайып  тұрған  секілді.  «Ережесі  қалай,  мынауыңды  қалай  киемін»,    –  деп 
сұрадым,  күлкі  үдей  түсуде.  Қыз  балалары  бар,  ұлдары  бар  бәрі  қаумалап 
қоршап  анталап  тұр.  Тек  қана  маған  жанашыр  болып  тұрған  Оралтай  мен 
бірге жататын орыстың балалары, олар: «Әсет мына арбиған неменің әкесін 
танытып  жібер!»,  –  деп  мені  қолпаштауда.  Себебі  менің  сырымды  олар 
біледі, маған сеніп тұр. Шайқас басталып кетті, қолы тым ұзын екен, ішіне 
кіріп ұрмасам, басқа амал жоқ. Байқаусызда бір ауыр соққы жіберіп алдым, 
жұдырығы  ауыр  екен.  Анау  өзіне  тіпті  сенімді  болып  алды,  мені  тура 
соққымен ұрып жығамын дегенде, лып етіп еңкейе қалып ішіне кіріп кетіп, 
тура  иектің  астынан,  ең  ауыр  соққылардың  біреуі  төменнен  жоғары,  оң 
қолыммен  бар  салмағымды  салып,  тартып  жібердім  (  хук),  әлгі  батырым 
кескен  теректей  сылқ  етіп  отыра  кетті.  Миы  айланып  мәңгіріп  қалды. 
Біраздан  кейін:  «жалғастырамыз  ба?»,  –  деп  сұрап  едім,  әзер  дегенде 
сыбырлап: «сен жеңдің, мен жеңілдім», – деп мойындады.  
Адам  өзін  тайсалмайтын  табанды,  қажырлы  етіп  тәрбиелегісі  келсе, 
қиыншылықтан қорқпай, онымен ұдайы күресіп жеңіп отыруы керек.  
Б.М.Теплов 
Сонымен  бір  жылдық  оқуымыз  да  бітті,  кәсіптік-техникалық 
училищеде  сабақты  өте  жақсы  оқытады  екен,  талай  нәрсе  біліп  шықтым. 
Мектепте он жылда алмаған білімді мына жерде бір-ақ жылда алдым. Себебі 
мұғалімдердің  де  деңгейлері,  ауылдағы  мұғалімдермен  салыстыруға  да 
келмейді,  өте  жоғары  болды.  30  баланың  ішінде  4-ақ  бала  өте  жақсыға 
бітірдік,  Солардың  ішінде  –  Оралтай  екеуміз  де  «өте  жақсымен»  бітіріп, 
«мұздатқыш  қондырғысының  машинисі»  деген  мамандық  алып  үш  бала, 
біреуі  Виктор  Хрепков  Ресейдің  Алтай  өлкесінің  баласы,  Теміртау 
қаласының сүт зауытына жолдамамен жол тарттық. Алдында 6 ай өндірістік 
тәжірибеде үшеуміз Көкшетау қаласының ет комбинатында бірге болғанбыз, 
жақсы  достасып  кеттік.  Теміртау  қаласына  бізді  жібергенде  Виктор: 
«Оралтай екеуің қайда барсаңдар мен сонда барамын», – деп Ресейге қайтпай 
қойды. 
Үшеуміз  Украинада  «Бандеровшы»  болып  25  жылға  Теміртауға  жер 
аударылған,  еңгезердей  украин  ақсақалының  үйінде  пәтерде  тұрып  жаттық. 

 
231 
Даусы зор, керемет әдемі болатын, кешке есік алдынағы сәкіге отырып алып, 
украиндардың неше түрлі мұңға толы өлеңдерін айтудан жалықпайтын. 
1969  жылдың  Желтоқсан  айында  үшеумізді  де  әскер  қатарына 
шақырды.  Бардық.  Медициналық  сараптамадан  өтіп,  тыр  жалаңаш 
комиссияның  алдына  келдік.  Төрағасы  жас  қазақ  жігіті  екен.  Бір  уақытта 
Оралтай екеумізден қазақшалап: «Жігіттер қайдансыңдар, маған неге бұрын 
кездеспегенсіңдер?»  –  деп  сұрады.  Жөнімізді  айттық,  ол  кезде  Теміртауда 
қазақ  баласы  жоқтың  қасы.  Бір  уақытта  жанында  отырған  комиссия 
мүшелеріне  орысшалап:  «Қараңдаршы,  біздің  қазақ  балалары  қандай  әдемі, 
дене бітімдерін айтсаңшы» – деп Оралтай екеумізді жер көкке сиғызбай ала 
жөнелді.  Шынында  да  біз  жанымыздағы  орыс  баллаларынан  оқ  бойы  озық 
көрініп  тұрғанбыз.  Сол  кезде  олардың  көбі  шаштары  иықтарына  түскен 
бәңгішілер,  маскүнемдер  болатын,  түрлері  қиқы  жиқы,  бүрісіп  кеткен.  Бір 
уақытта бізге қарап қайта қазақша: «Ал жігіттер, екеуің де жаман жігіттерге 
ұқсамайтын  сияқтысыңдар,  қайда  жүрсеңдер  де  жолдарың  болсын,  менің 
сендерге берген ағалық  ақ тілегім осы»,– деп қоштасты. Оралтайды әскерге 
алып  кетті,  бірақ  бір  жылдан  кейін  әскерде  жүріп  Оренбургтегі  жоғары 
әскери  ұшқыштар  дайындайтын  училищеге  түсті,  мені  көктемге  қалдырды. 
Бірақ  мен  де  іле  шала,  құжаттарымды  зауытқа  тастап  Алматыға  алты  ай 
дайындық  курсын  оқып,  Ауыл  шаруашылық  институттың  агрономия 
бөлімшесіне «өте жақсы» деген бағалармен түсіп кеттім. 
 
Талай жылдар өткен соң, бір күні Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың  өмірінен  теледидардан  деректі  фильм  көрсетті.  Сол  кездегі 
Нұрекеңнің жас Теміртауда болған шағындағы кадрлардан баяғы Теміртауда 
әскерге барар кездегі, Оралтай екеумізге ақ жол тілеген қазақ жігіті комиссия 
төрағасын  таныдым.  Өзім  ойлаймын:  «Мүмкін  өмірдің  адасу  соқпағына 
түспей,  адал  қызмет  етіп  жүргенім  де,  жас  күнімізде  досым  Оралтай 
екуміздің де бірден оқуға түсіп кетуіміз, жас Нұрекеңнің со кезде айтқан ақ 
ниетінің шапағаты да шығар». 
Жас күнімдегі досым Оралтайдың мен үшін орны ерекше еді, әлі күнге 
дейін  аққұба  ашаң  жүзі,  жымиып  қана  күлетін  күлкісі,  талдырмаш  сұңғақ 
бойы мен келбетті өңі көз алдымнан кетпейді.  
Дұрыс  жолға  қойылған  дене  шынықтыру  ойындары  оқу-білім  алуға  бөгет 
емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе.  Ғабит Мүсірепов 
Мұның бәрін жазып отырғаным, қазіргі жастарға үлгі болсын деп және 
адам шындап кіріссе алмайтын қамалы болмайды. Бұл адам ғұмырында неше 
түрлі жақсы да жаман адамдармен араласады, жүре келе жора жолдастар да, 
жағдайыңа  байланысты,  жарға  соққан  толқындай,  біресе  көбейіп,  біресе 
азаяды.  
 
Қазақстанда  ашығумен  емдеу  орталығының  негізін  салушы  Шалқар 
Әбішұлы мен ашығу ілімін ұстанушы Әсет Ризаұлының үшінші сұхбат  
толғауы.  Тақырыбы:      Марқұм  Нұртаза  Абылханов  ақсақалдың  естелігі 
бойынша  айтылған  1932-33  жылдарда  елімізде  болған  ашаршылық. 
«Қарақалпақ  Мамай  бидің  әңгімесі  мен  Қожакелді  мен  Шыңқожа 

 
232 
батырлардың әңгімесі». Адам кәріліктен өле ме? Біздің ата бабаларымыз 
қалай  бір  ғасыр  жасаған?  Найман  бабамызды  неге  90  жасында  қайта 
үйлендірген?  Поль  Брэгг  қалай  95  жасқа  келді?  Бұрынғы  қазақтар  неге 
балаларының атын Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай 
деп қойған? 
 
 
Қанағат – табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы.   
  
Абуль Фаради 
 
Шалқар Әбішұлы, енді мен сізге баяғыда Науалыда бас агроном болып 
жүрген кезімде салауатты өмір салтын ұстанатын Нұртаза Абылханов деген 
зиялы ақсақалдың өз аузынан естіген әңгімемді айтып берейін  
Марқұм  Нұртаза  ақсақалдың  естелігінен:  «Елімізде  болған  1932-33 
жылғы  алапат  ашаршылықта  1,5  млн  қандастарымыз  ашаршылықтан 
қырылған  уақытта  болған,  сонда  адамдардың    кейбіреулері  аштықтан  емес, 
бас сап қомағайланып жегендіктен, тамақ бірден аш өзекке түсіп кетіп, қолма 
қол отырған жерлерінде өліп кеткен. Ол кезде бала болсам да, сол жылдары 
қиыр  шығыстан  ауып  келген  кореецтер  таң  қалып  жағаларын  да  ұстағанын 
көрдім:  «осыншама  мол  тамақтың  ішінде  жүріп,  мына  қазақтардың 
шыбынша  қырылғандары  қалай?»,  –  деп.  Мен    сол  заманның  куәгерлерінің 
бірі  болдым,  сол  кезде  қиыр  шығыстан  ауып  келген    корей  ұлтының  қалай 
аман қалғандарынын да көрдім. Ал ауып келген корейлер мен үркіп қашып 
бара жатқан қазақтар бір жағдайда болған. Сол кезде бір орыс, не бір басқа 
ұлт өкілдері қырылды ма, жоқ! Олардың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып 
жүрді.  Біздің  жақта  сол  кезде  орыспен  қоныстас  егін  салған  және  көл,  су 
жағалап  балық  аулауды  кәсіп  еткен  қазақтар  дін  аман  қалған.  Ол  кезде 
Алакөлдің  балығы  бүкіл  қазақты  тамақтандыруға  жететін,  әлі  де  жетеді. 
Біздің ішкері жақтағы мал баққан қазақ ет және мал өнімдерінен басқа тамақ 
барын  білмеген  және  жер  ананың  қадір  қасиетін  түсінбеген.  Осыны 
данышпан  Абай  атамыз  былай  деп  суреттеген,  Әсет  ұлым,  осыны  сенің 
мамандығың агроном болғаннан кейін ғана айтып отырмын», – деп Нұртаза 
ақсақал Абайдың бір шумақ өлеңімен сөзін түйіндеп еді:   
  
Түбінде баянды еңбек егін салған, 
            
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
            
Би болған, болыс болған өнер емес 
           
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.   
 
 
Менің  бұның  бәрін  тәпіштеп  жазып  отырғаным,  бала  күнімізде 
ауылдағы Кусақ өзенін жағалай ойнап жүргенімізде ары кетсе жарты метрдей 
тереңдікте,  бетін  ғана  жаба  салған  адам  сүйектерін  жиі  тауып  алатынбыз. 
Себебі, біздің Науалы ауылы, Тарбағатай бауырында, Қытайға өтетін үлкен 
керуен жолының бойына орналасқан. Ал Қытайдың Шәуешек қаласы біздің 
ауылдан  120  км.  Ашаршылық  жылдары  босқан  халық  осы  жол  бойында  ақ 
жоңқа боп аштан қырылған, осыны  сол жылдарды көзімен көрген Нұртаза 
ақсақал да талай  айтты. Бірақ ол кезде жас болғаннан ба, бұндай әңгімелерге 

 
233 
онша  көп  мән  бермейтінмін.  Қазір  есейгеннен  кейін  ойлап  қарасам, 
қасиетіңнен айналайын Нұртаза ақсақал маған және ұлы мен келіні Жұматай 
мен Дина, немерелері Әділет пен Зереге осының бәрін тәпіштеп әдейі айтады 
екен  ғой.  Өзіммен  бірге  осы  көргендерімді  алып  кетпейін  деп.  Нұртаза 
ақсақал  екеуміз  сол  кісінің  үйінде  сағаттар  бойы  әңгімелесетінбіз.  Осы 
естіген  көптеген  қазақи  әңгімелерім,  өзімнің  де  өмірге  деген  кейбір 
көзқарастарымды  өзгертіп,  дұрыс  азамат  болып  қалыптасуыма  көп  әсер 
еткенін  білемін,  Нұртаза  ақсақал  халық  ауыз  әдебиетінен  ұстазым  еді. 
Нұртаза ақсақалдың тағы бір қасиеті, айтқан ұлағаттарын сөзбен емес іспен 
дәлелдей  білетін,  әңгімелерін  болған  оқиғаларға  ғана  негіздеп  отырып 
айтатын.  Жасы келсе де кейбір жұмыстарды адам айтпаса да өзі іздеп жүріп 
атқаратын.  Ауылдың  басқа  ақсақалдары  сияқты  сандалбай  жүріс  пен  бос 
әңгімені сұқаны сүймейтін. 
– 
Шалқар  Әбішұлы,  жасыңыз  60-тан  асты,  бірақ  іс-қимылыңыз  30 
жастағы  жігіттікі  сияқты.  Сізден  сұрайын  дегенім  осы  адам  кәріліктен  өле 
ме? 
– 
Әсет  бауырым,  адам  кәріліктен  өлмейді,  неге  десеңіз  кәрілікке  тән 
ауру  болмайды.  Көптеген  аурулар  жас,  кәрі  деп  таңдап  жатпайды.  Осы 
аурулардың басым бөлігі ағзада улы заттардың мөлшерден тыс шоғырланып 
жиналуынан  болады.  Ашығумен  және  табиғи  тамақтанумен  өз  ағзаңызды 
таза ұстаңыз.  
Сұрақ:  –  Шалқар  аға,  енді  сіздің  көзқарасыңызды  одан  әрі  шегелеп 
тастауыңыз  үшін,  ата  бабаларымыздың  өткен  тарихына  көз  жүгіртіп,  көңіл 
аударып,  олардың  ұзақ  жасау  құпиясының  түп  қазығына  терең  бойласақ 
қалай қарайсыз? 
Жауап: – Мынауың тағы бір тамаша асыл дүние болғалы тұр екен, қане 
айтып жіберші. 
Найманның жалғыз ұлы Туаш атты, 
 
 
 
Жасында Туаш мырза дүние сапты. 
 
 
 
Найман шалдың тоқсаннан асқан кезі, 
 
 
 
Шешеміз, жесір келін – Әлпіш қапты. 
 
 
 
 
Ішінен Әлпіш сұлу ойын түзді, 
 
 
 
 
Атама әперсем деп бір жас қызды. 
 
 
 
 
Үйсіннің биіменен ақылдасып, 
 
 
 
 
Бір қызды алып берді сұлу жүзді. 
 
 
 
Тоқтының сүтін бөлек іркіт қылып, 
 
 
 
Неше күн атасына құрт ішкізді. 
 
 
 
Атамның бел қуаты келе ме деп, 
 
 
 
Күн – түні арқасына қыз құшқызды. 
 
 
 
 
Сол кезде балиғатқа бабам жарап, 
 
 
 
 
Өзі өліп, Қызенейден ұл туғызды. 
 
 
 
 
Өкірештен өрбіді осынша ұрпақ, 
 
 
 
 
Нәсілді ғып жаратқан ұрқымызды! 
Аманжан Жақыпов, «Қаракерей Тума тарихы. Алматы: «Үш Қиян», 2004 ж. 
 

 
234 
 
Нұртаза ақсақал сол кездің өзінде сексенге сеңгіріне таяп қалған ауылға 
қадірлі,  өте  беделді  адам  еді.  Ол  кісінің  тұла  бойы  тұнып  тұрған  қазақтың 
шежіресі  мен  тарихының  қоймасы  болатын.  Әңгімені  баяу  бірқалыпты 
жағымды  үнімен  айтқан  кезде,  тыңдаған  адам  қанша  тыңдаса  да  ынтыға 
түсетін. Шебер әңгімеші, таусылмас шежіре болатын. Өмір бойы салауатты 
өмір салтын ұстанды. Өзі бие байлап қымыз сауды. Бертінге дейін малдарына 
шөпті  өзі  дайындап  шауып,  бөкелеп,  арбасымен  тасып  алатын.  Қимылы 
ширақ,  ойы  жүйрік,  сөзге  шешен,  қуақы,  мақал-мәтелдеп  сөйлейтін  орта 
бойлы тығыршықтай, шоқша сақалды, аққұба өңді, бойында бір қырым артық 
еті жоқ шырайлы, адам баласының келбеттісі еді.   
Нұртаза  ақсақал  бертін  келе  90-ға  таяп  қалған  жасында  Науалыда 
баласы  Жұматайдың  қолында  көз  жұмды.  Міне  осы  бір  ғажайып  ақсақал 
салауатты өмір сүрудің арқасында жеке шаруа болып қана қойған жоқ, ұзақ 
та бақытты, салауатты ғұмыр сүре білді. Бұл ақсақалдың тағы бір ерекшелігі: 
Қылышынан  қан  тамып  тұрған  кеңес  үкіметін  мойындамай,  өзінің  бас 
бостандығы  мен  ар-ұждан  бостандығын  сақтай  білді,  ешкімге  жалынбай, 
кіріптар  болмай  жақсы  тұрмыс  құра  білді  және  осы  қасиеттерін  ұлы 
Жұматайға да дарытып, өмір бойы нарықтық экономика заңымен ғана ғұмыр 
кешті. 
Марқұм  Нұртаза  Абылханов  ақсақалдың  айтуы  бойынша  жазылған 
«Мамай би мен Қарадос шешеннің оқиғасы: «Өткен он тоғызыншы ғасырда 
қара  сөзге  жүйрік  Қарадос  деген  шешен  өтіпті.  Жасы  жиырмаға  толғанда 
Қарақалпақ еліне елшілікке аттаныпты. Екі елдің арасында барымта болып, 
ізі  ушығып  үлкен  жаугершілікке  айналғалы  тұрған  кезі  болса  керек. 
Қарақалпақтың  бетке  ұстар  биі  Мамай  адуын  мінезді,  әрі  сөзден,  жолдан 
ешкімге дес бермеген азулы адам екен. Өз еліне тізесін  батырып тұқыртып 
алған соң, көрші қазаққа да ауыз сала бастағанға ұқсайды. 
Қарадос серіктерімен үйге сәлем беріп кіріп келгенде, төрде шынтақтап 
жатқан  Мамай  би  кісі  келді  деп  селт  етпепті.  Амандықтың  белгісін  болар-
болмас қимылдаған ерні ғана білдіріпті. Жасы жетпістен асса да сұсты, суық 
жүзі  әлі  сол  қалпында  екен.  Қарны  жер  сызып,  алдыңғы  дастарқанның  бір 
шетін  басып  жатыр.  Бір  уылжыған  жас  келіншек  қасында,  тағы  бір  сондай 
келіншек  шай  құйып  беріп  отыр.  Үйде  өзге  жан  жоқ.  Үй    иесінен  қимыл-
қозғалыс,  иә  былай  былай  шық  дегендей  белгі  болмапты.  Тіл  кескендей 
тыныштық  орнапты.  Тұра  беруді  ыңғайсыз  көрген  Қарадос  сөзді  былай 
бастаған екен:  
– 
Би, мына екі келіншек те өзіңіздің әйеліңіз бе? – деп сұрапты. 
– 
А,  қазақ,  көпсініп  тұрғаның  осы  екеуі  болса,  біреуін  ал  да  жөніңе 
тайып тұр, – депті Мамай би. 
– 
Сізбен  бұлардың  жас  мөлшерінде  біраз  алшақтық  болған  соң  сұрап 
едім, – дейді Қарадос. 
Сонда Мамай: 
– 
Елуде  егеулі  найза  өңгерген  ермін,  алпысымда  араннан  тоқтамай 
өтемін, жетпісімде аспанға атылған жыланмын, сексенімде тайдай секіремін, 

 
235 
тоқсанымда  топтан  торай  шалдырмаймын,  жүзге  келгенде  мына  екеуінің 
көңілін қалдырмаймын, – дейді. 
– 
Жоқ, би, олай емес. Елу ерте көшкен ел емес пе, алпыс қайта қонған 
жер  емес  пе,  жетпісте  отыз  омыртқаң  бүгілмей  ме,  сексенің  серіктікке  себі 
жоқ,  тоқсан  жоқ  сан  ғой,  жүзге  келген  оңбай ма,  өлігіңе  қара  қарға  қонбай 
ма? – дейді Қарадос. 
Сол  кезде  Мамай  би  екі  қолымен  жер  тіреп,  кеудесін  көтере 
қаһарланып: 
– 
Тарпиын ба, қарпиын ба, – деп ақырады. 
– 
Тарпып,  қарпитын  түйе  емессің  ғой,  би.  Қарпып  көрші,  ішек-
қарныңды ұлтабарыңмен қоса артыңа жіберетін бүркітпін, – деп Мамайдың 
суық жүзінен көз айырмай қырандай қадалады. 
Меселі қайтып, босаңсыған Мамай би: 
– 
Қазақтың  Ұлы  жүзінің  шешесі  қойдың  бөтекесіне,  Орта  жүздің 
шешесі балға, Кіші жүздің шешесі қасқырдың бауырына жерік болды деп еді, 
батырлығыңа бардың-ау, – дейді. 
Сонда Қарадос: 
– 
Әжем жүз бен жүзді жүзіқара айырады деуші еді. Көңілің қарау, бетің 
қара екен, би. Құдай сенің сөзіңді майда қылса, менің сөзімді найза қылды, 
түйрейін бе осы? – деп, тап бергенде: 
– 
Қойдым,  қойдым.  Қазақтан  шыққан  Қарадос  сен  екенсің  ғой,  –  деп 
кілем төсеп, төрге отырғызып сыйлапты. 
Сөйтіп, Қарадос шешен екі елді татуластырып, бітімге келген екен. 
– 
Міне  көрдің  бе  Әсет,  осы  дала  халқының  өткен  ғасырлардағы 
әңгімелеріне  көз  жіберіп,  көңіл  қойсақ  сол  кездегі  тұрмыс  жай,  екі  ел 
арасындағы  елшіліктің  астарынан  сол  кездегі  ел  адамдарының 
денсаулықтары  туралы  да  көп  нәрсені  көңілге  түйуге  болады.  Табиғатпен 
жымдасып,  біте  қайнап  өскен  дала  перзенттерінің  денсаулықтарының  өте 
мықты болғанына көзіміз еріксіз жетеді.  
Енді  өзімнің  ата  бабаларымның  шежіресін  қозғап,  руымыздың  ұраны 
неліктен  «Шыңқожа»  деп  аталатынына  тоқтала  кетсем  деймін,  пікіріңіз 
қалай? 
– 
Әсет  бауырым,  біздің  халық  «Жеті  атасын  білмеген  жетесіз»  дейді. 
Біздің  кең  байтақ  еліміз  бен  шалқар  көлдеріміз,  жер  асты  үсті  толған 
байлығымыз  сол  ата  бабамыздың  бізге  қалдырған  мұрасы.  Аруақтарыңнан 
айналайын бабаларым, оларды қастерлеп қадірлемегенде, кімді пір тұтамыз?! 
Осылардың  жақсы  қасиеттерін  сақтау  үшін  әр  қазақ  баласына  жеті  атасын 
білу шарт, себебі ол ұрпақ жалғастырушы, оның адамшылығын сол арқылы-
ақ білуге болады. Мынауың бір тұнып тұрған әңгімеге ұласайын деп тұрған 
сияқты.  Мұндай  әңгіме  әрі  шежірені  мен  күнде  ести  бермеймін,  бұл 
халқымыздың тарихы емес пе? Осындай әңгімелерді тыңдау мен үшін үлкен 
сыбаға, айта ғой. 
Марқұм Нұртаза Абылханов ақсақалдың «Қожакелді батырдың бауыры  
Шыңқожа батырды елге алып келу әңгімесі. Тума руына Шыңқожа батырдың 

 
236 
атының ұранға қалай айланғаны туралы хикая». Нұртаза ақсақалдың  үшінші 
естелігі: 
– 
Әсет балам, баяғы қалмақ жоңғар шапқыншылығы заманында сенің 
Қожакелді  бабаң  батыр  болыпты.  Бір  күні  жас  өспірім  бауыры  Ерназар  бір 
тойда біреумен ерегесіп бір ұрғанда ана жігіт өліп кетіпті. Ағайындары: «енді 
қайттік, ағасы Қожакелді батырға не айтамыз?», – деп қиналыпты, сонда да: 
«сіздің  бауырыңыз  тойда  ерегесіп  біреуді  өлтіріп  тастады»,–  дейді.  Сонда 
Қожакелді  батыр: «е,  менің  бауырым кісі  өлтіретін  шамаға  жетіпті  ғой!»,  – 
деп қуанғанынан ат шаптырып, ұлан асыр той жасапты. 
Жаугершілік  заманда  қол  бастайтын,  ел  қорғайтын  жасты  ел  ішінен 
ерте  тауып,  сынап  тәрбиелеп,  оған  қарт  батырлар  ту  ұстатып,  сауыт-
сайманын тапсыратын, көптің алдында бата беретін салт болыпты. 
Сол кезде Қожакелді, Ерназар батырлар, рудың ұлы қариялар мен игі 
жақсыларын жинап алып: «Біз қартайдық. Туманың туын кім ұстайды. Кімге 
тапсырамыз?»  дейді.  Жиын  топтың  ішінен  бір  жігіт  Қожакелді  батырдың 
алдына  келіп:  «Уа,  батыр  аға,  өзіңізбен  бірге  Төлендіқараның  үйінде 
түстенгенімізде,  Жаманкөзден  қалған  Шыңқожа  деген  бір  жанып  тұрған 
баланы көріп едік қой! Атымызды байлап, есік ашып, қолға су құйып, орамал 
ұсынып жүрген сол баланың бітімі бөлек, адамның қарай бергісі келетіндей 
бала еді. Сіздің туыңызды ұстауға сол лайық!», – дейді. 
Қожакелді  батыр  қасына  нөкерлерін  ертіп,  Жаманкөздің  ауылына 
Төлендінің  үйіне  түседі.  Аттанар  алдында:  «Осы  үйде  бір  бала  бар  еді,  ол 
кайда?»  дейді  Қожакелді  батыр.  Төленді  төмен  қарап  күмілжиді.  Сонда 
Төлендінің әйелі; «Ағалар, бұл бауырларыңыз жүзі күйіп, сіздерден қорқып 
үндей алмай тұр» дейді де, болған жайдың бәрін, баян етіпті. 
Төлендіқара  ұрлық  жылқыдан  үлесіне  тиген  бір  ту  биені  қара  күзде 
жығып алады. Жылқы етінің иісін түстік жерден сезетіндер болады ол күнде. 
Елге  білдірмей,  ұрлық  жылқыны  иісін  сездірмей  жеу  керек.  Жер  тошалаға 
жасырып  отырған  биенің  бір  кесек  майын  Шыңқожа  істікке  шаншып,  отқа 
ұстап, пісіріп жемек болады. Шыжыған майдың иісі мұрнына келген Төленді 
үйден  атып  шығып:  «жетім  ит»  –  деп  Шыңқожаның  қолындағы  май 
шанышқан  істікті  жұлып  ап,  баланың  бетіне  басады.  Ыстық  майға  өңін  де 
бұзбаған, көзін де жұмбаған бала сол түні жоғалып кетеді. 
 
Шыңқожа  бала  сол  кеткеннен  мол  кетіп  Ташкент  асып  кетеді.  Өстіп 
алты  жыл  өтеді,  Шыңқожа  өнерлі,  өрімдей  жігіт  болған  кезінде  өзбек 
ханының әскер жасағында  сарбаз болады, ірілі ұсақты соғыстарда ерлігімен 
және  соғысты  басқару,  әскерлерді  соғыста  ұйымдастыра  білу  қабілетімен 
ерекше  көзге  түсіп,  біртіндеп  он  басы,  жүз  басы,  мың  басы  содан  өзбек 
хандығының  жасағының  түмен  басы    қызметіне  тағайындалып,  батырлық, 
қолбасшылық атағы алыс-жақын көрші елдерге жайылады.  
Шыңқожаның хабарын біле алмай жүргенде, оның батырлық атағы мен 
даңқ-дақпырты Қазақстанның қиыр шетінде, елдің шетінде, жаудың өтіндегі 
Тарбағатай  өңіріне  де  жетеді.  Қарт  Қожакелді  батыр  бауыры  Шыңқожаны 
іздеп Ташкент қайдасың деп тартып береді. 

 
237 
Өзбек  ханына  келіп:  «Бауырымды  қайтарып  бер,  өзіммен  бірге  ала 
кетемін», – дейді. Хан бермейін десе, нақ бауыры екенін біліп тұр, берейін 
десе бұндай батырды, әскербасын қайдан табады. Хан беруге қимай: «Мың 
сарбазды  бірдей  киіндіріп,  екі  сапқа  бөліп  қарама  қарсы  тізіп  қоямын, 
солардың  ішінен  бауырыңды  дөп  танып  алсаң  ғана  қайтарамын,  танымасаң 
саған жоқ, келген ізіңмен кері қайтасың» деген шарт қояды. Қожакелді батыр 
бұл шартты қабыл алады. Сонан кейін Қожакелді батыр самсап тұрған қалың 
сарбаздың  ортасынан  атымен  құйындата  шауып,  екі  жағына  кезек-кезек 
теңселіп:  «Бауырым  Шыңқожа!  Шыңқожа!»  –  деп  ұран  тастайды.  Сол 
мезетте ұранды естіп қаны қызып, туған жерін аңсап, сағыныштан сарғайып 
жүрген  Шыңқожа  батыр  да:  «ағекем,  ағакем,  бармын,  бармын!»  –  деп 
Қожакелді  батырға  қарсы  шабады.  Екі  ағайынды  батырлар  өстіп  табысқан 
соң,  өзбек  ханының  амалы  құрып  Шыңқожа  батырды  ағасы  Қожакелді 
батырға қосып береді. 
Науалы – екі өзеннің ортасында,   
 
 
Жазылған Жер шарының қартасында. 
Қыры – мал, ойы егін, суы балық
Алланың жаратушы арқасында. 
Құсақтан құлдай соқса бір қоңыр жел, 
Ішіңнен тарқайтындай қайғы мен шер. 
Желбіреп көк желегі, тал- терегі 
Жаратқан Құдай артық не деген жер. 
Басына Науалының Ақжар таяу 
Ауылдан су жағалай шықсаң жаяу. 
Көңілің көтерілер, денең сергіп, 
Самал жел Көкөзектен соқса баяу. 
Қарғалы, Көлденең мен сулы Құсақ, 
Маңырап қой өреді, жылқы жусап. 
Қызығын осы жердің көретұғын 
Анадан бала болып қайта тусақ! 
Бас жағы шет Қарасу – Малақ екен, 
Көк орай, көк майсалы жер-ақ екен. 
Құсақ пен Қарасудың екі арасын 
Баласы Құдас атаң қылған мекен. 
Қанша өзен бұл өлкені жарып аққан, 
Бабамыз жер тұрағын қайдан тапқан? 
Бұл жерді Қожакелді мекен қылып, 
Ұрпағы ат арқандап, малын баққан. 
 
 
 
Дейді екен Қарасуы Аймаңдайдың, 
 
 
 
Аты бар бәрінің де мекен-сайдың. 
 
 
 
Науалы – тоғыз Тума ту тіккен жер, 
 
 
 
Әрқашан, іздеп келген ұрпағыңа – 
Айқара, сағынышпен  құшақ жайдың! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Данабек Байсалханов 
 

 
238 
Содан бері бүкіл Тума баласының соғыстағы ұраны «Шыңқожа» болып 
қалды,  әлі  де  осы  ұран.  Қырық  жыл  созылған  қанды  шайқаста  Шыңқожа 
батыр  Туманың  қолын  бастап  қазақ  жасағының  бас  қолбасшысы  Қабанбай 
батырдың қосынында болды. 
Қатты  бір  шайқаста  аз  адаммен  қоршауда  қалған  Шыңқожа  батыр 
құтылмасын  біліп,  өзінің  бас  бармағын  қылышпен  шауып  алып,  атының  ер 
тоқымының  жапсарына  қыстырып  атты  айдап  жібереді,  ат  үріккен  бойы 
батырдың туған жеріне келіп басын тірейді. Сол кезде  аттағы күректей бас 
бармақ Шыңқожа батырдікі екенін танып, серіктері осы бас бармақты Аякөз 
ауданы,    қазіргі  Шыңқожада  ауылындағы  биік  төбенің  басына  арулап 
жерлеген.»  
Енді осы әңгіме шежірелерді айтқан Нұртаза Абылханов ақсақал сүйегі 
Тума,  Құдастан:  Күнтуар  одан  Жәменке,  онан  Тамаш,  онан:  Шыныбай, 
Ордабай.  Шыныбайдан:  Абылхан,  Абылхайыр.  Абылханнан:  Нұрқұсан, 
Нұрахмет, Ұлықпан, Шаяхмет, Нұртаза тарайды. Туған жері Науалы ауылы.  
Марқұм  Нұртаза  ақсақалдың    Жұматайы  да  әкесі  сияқты  терең 
ойлайтын,  сөзді  түйдек-түйдегімен  лақтыратын,  ақ  көңіл,  адамгершілігі  өте 
мол,  қайратты қара шашы, қараторы өңіне, сымбатты да, қайратты  бітіміне 
ерекше жарасып тұрады.  
Жұматай  ерекше  бала  болып,  16  жасында  мектепті  өз  құрбыларынан 
ерте  бітіріп  Алматының  ауыл  шаруашылық  институтына  түсіп,    бітіріп 
келгеннен кейін өмір соқпақтары екеумізді бір арнаға әкеп тоғыстырды. Мен 
бас  агроном,  ол  МТМ  меңгерушісі.  Ағалы-інілідей  болып  кеттік.  Ұзақ 
жылдар  өтсе  де  қарым-қатынасымыз  үзілген  жоқ.    Қосағы  Дина  екеуі  екі 
баланың абзал әкесі мен аяулы анасы.  
Жұматайдың нағашы атасы  Хамза  ақсақал оқыған, өз заманында озық 
ойлы,  дәулетті,  текті  ұрпақтарынан  шыққан,  қыдыр  қонған  қасиетті  адам 
болған.  
2000  жылдың  29-30  қыркүйегінде  Тоғыз  Тума  ұрпақтары  бас  қосып, 
Шыңқожа батыр бабамыздың туғанына 295 жыл толу құрметіне Мақаншыда 
ұлы дүбір той жасап, Шыңқожа ауылындағы зиратына ескерткіш тұрғызды. 
 
 
 
 
 
 
* * * 
Қаракерей Қабанбай, 
 
 
 
 
Қанжығалы Бөгенбай, 
 
 
 
 
Жәнібек, Бостан, Баймұрат, 
 
 
 
 
Шынқожа, Бұхар, Боранбай. 
 
 
 
 
Бес жүз батыр, сан мың қол, 
 
 
 
 
Қынадай қырып қалмақты. 
 
 
 
 
Қақпасына Жоңғардың, 
 
 
 
 
Қойша қуып қамапты. 
 
 
 
 
 
* * * 
 
 
 
 
Үш күн, үш түн дегенде, 
 
 
 
 
Дамылдапты батырлар. 
 
 
 
 
Нәр татпаған, күн жауын, 

 
239 
 
 
 
 
Жарқылдап жай шатырлар. 
 
 
 
 
Үш күн құйып шелектеп, 
 
 
 
 
Толастамай тұр екен. 
 
 
 
 
Көзге түртсе көргісіз, 
 
 
 
 
Тас қараңғы түн екен. 
 
 
 
 
Ыстық ішер отын жоқ,  
Ашығыпты Қабекең. 
Бір төбенің басында 
Шарбақ бейіт бар екен. 
Ата-баба салтында, 
Аттау қиын аруақты, 
Шынқожаны жұмсапты,  
Әкелуге шарбақты. 
Көтеріп басын, күңіренген 
Көріпті бір «аруақты». 
Сындарапты Шынқожа, 
Шатырлатып шарбақты. 
«Тек ары жат ыңыранбай. 
Аштан өлгелі жатыр, 
Сен түгіл, тірі Қабанбай». 
«Шынқожалап» батырлар, 
Сонда ұран салыпты. 
Төбесіне қалың қол 
Хан көтеріп алыпты. 
Дүрілдесіп батырлар, 
Лаулатып от жағыпты. 
Жейдесіне Қожаның 
Алтын түйме тағыпты. 
Жатқызып әлгі зиратқа, 
Аруақ қып батыр Барақты. 
Шынқожаны Қабекең 
Соңғы рет солай сынапты. 
 
* * * 
Жеңіліпті жау қалмақ, 
Батырларға бас ұрып. 
Найза ұшымен тастапты, 
Алтай тауын асырып. 
Орал, Көкше, Тянь-Шань
Қаратау мен Алатау, 
Тарбағатай, өр Алтай, 
Тазарыпты дала, тау. 
 
* * * 
Батырлардың талайы, 
Жорықта өлген жапанда. 
Жау қолынан мерт бопты, 

 
240 
Ер Шынқожа атаң да. 
Жүрген екен батырлар, 
Жылап, жоқтап, дүр ерін. 
«Таппай тарамайсыңдар, 
Шынқожаның сүйегін» 
Деп іздетіп Қабекең, 
Даланы, сай-саланы. 
Айлап қарап ақыры, 
Бір бармағын табады. 
О күнде де сүйектен, 
Кім екенін тауыпты. 
Биік төбе басына, 
Со бармақты қойыпты. 
Ат шаптырып, ас беріп, 
Мыңдап қара сойыпты. 
Содан соң қол тарапты. 
Қабекең беріп батасын, 
«Шынқожа деп атапты 
Арқаның осынау жотасын». 
Ұлы Мұхтар Әуезовтің тапсыруымен, профессор Қайым Мұхаметқанов 
талдау жасаған «Қаракерей Қабанбай батыр» дастанында хал үстінде жатқан 
Қабанбайға көңілін сұрай келіп тоқсандағы Бұхар жырау: 
 
 
 
  
 
 
«Арғыннан айттым жүз кісі  
  
Найманнан айттым жүз кісі, 
Үйсіннен айттым жүз кісі 
Қара мойын лағың жараса!» дейді. 
 
 
Батырдың беті бері қарамасын білген соң: 
 
 
 
 
 
«... Мен кісі танысам
 
 
 
 
Адам болар кебі жоқ, 
 
 
 
 
Шағалақ пен Шыңқожа, 
 
 
 
 
Дәулетбайға барыңдар, 
 
 
 
 
Барып хабар салыңдар!»  
деп,  Шағалаққа  Қубасты,  Шыңқожаға  Бөрте  атты  мінгізіп,  Дәулетбайға 
шапқызады. 
Аманжан  Жақыпов,  «Қаракерей  Тума  тарихы.  Алматы:  «Үш  Қиян»,  2004 
жыл. 
– 
Шалқар  Әбішұлы,  осы  жоғарыда  айтылған  әңгімелерден  қандай 
қорытынды шығарар едіңіз? 
– 
Әсет Ризаұлы, біз осы Қабанбай, Шыңқожа батыр бабаларымыздың 
тарихи  деректерінен  байқайтынымыз,  сол  кезеңде  өмір  сүрген 
бабаларымыздың  денсаулығының  өте  күшті  болуы  және  батырлар  70-80 
жасқа  дейін  ат  үстінде  найзасын  тастамай  ел  қорғағандығы,  ал  Бұхар 
жыраудың  90-нан  асқан  шағында  өлең-жыр  шығарып  халықты 

 
241 
басқыншыларға  қарсы  жұмылдырып,  рухани  дем  беруі  таңқаларлық  нәрсе 
емес  пе,  осының  өзі  бабаларымыздың  салауатты  өмір  салтын  ұстап, 
қартайған  шақтарында  да  іс-қимыл  әрекеттерін  тоқтатпауының  арқасында 
Жаратушының берген 100...120 жыл ғұмырын толықтай сүргендерінің айғағы 
емес пе?  
– 
Әсет,  қарашы  қандай  керемет!  Поль  Брэггтің  95  жасқа,  Нұртаза 
Абылханов  ақсақалдың  90-ға  таяуы,  Данабек  атаның  95  жаста  әлі  тың 
болуының,  оның  шешесі  Захария  әжеміздің  107-ге  ал,  осы  әжеміздің  туған 
бауыры Саңқайбай атаның 104-ке келуі, Найман бабамыздың тоқсан жасында 
ұрпақ  әкелуі,  Бұхар  бабамыздың  90-нан  асқан  шағында  да  қырғын  соғыста 
халыққа  жігер  беріп,  намыстарын  қайрауы,  Қабанбай  мен  Шыңқожа 
батырлардың  қартайғанша  қолдарынан  найза  тастамауы,  ал  Мамай  бидің 
жетпісінде  ел  басқарып,  елуде  найза  өңгергенін,  алпыста  арынды  болғаны, 
жетпісінде  аспанға  атылған  жылан  екенін,  сексенінде  тайдай  секіретінін, 
тоқсанында топтан торай шалдырмайтынын, жүзінде екі келіншегінің көңілін 
қалдырмайтынын  айтуының  өзінде  үлкен  мән  бар.  Себебі  денсаулығының 
арқасында  осылай  болатынына  сенімді  болған  және  осылай  болған  да,  өзін 
өзі осыған иландырып алған. Жүз жасқа дейін тамаша табиғи денсаулықпен 
жүру, өмір сүру, ұрпақ әкелу олар үшін қалыпты жағдай болған.  
Аталарымыздың Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай 
деп  балаларына  ат  қоюдың  өзі  осының  бір  дәлелі  емес  пе?  Жаугершілікте, 
соғыста  немесе  басқа  қырсықтан  өліп  кетпесе  Жаратушының,  табиғаттың 
адамға  берген  100-120  жыл  ғұмырын  толықтай  сүрген,  ауру-сырқау,  улану 
дегендер жоққа тән болған. Ең бастысы табиғат заңдарын бұзбаған, осының 
жетегімен өмір сүре білген. 
Ал  қазіргі  замандағы  біздің  замандастарымыз  60-қа  жетер  жетпестен 
өздерін  қартайдық  деп  иландырып  алып,  өмірден  түңіліп,  денсаулықтарын 
түзетумен  шұғылданудың  орнына,  баяғы  «әніне  салып»  бей  берекет 
өмірлерін жардан омақаса құлағанша жалғастыра беруде. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет