Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата03.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#5918
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

14 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Тістеніп алып күліңіз 
      
«Менің ашыққым келеді, себебі ғажап өзгерістер болатынына сенемін, 
бірақта  алғашқы  үш  күнде  адамды  қинайтын  азабына  шыдай 
алмағандықтан  ашыға  алмаймын».  Осыны  ашығудың  кереметі  жайында 
лекция  оқығанымда  талай  рет  естідім.  Бұндай  адамдарға  берер  кеңесім: 
«Тістеніп  алыңыз  да  күліңіз».  «Мен  ашығып  көрейін  деп  едім,  әлсіреп 
өзімді  нашар  сезінгенім  соншалық,  қайта  тамақ  ішіп  қойдым».  Осындай 
пікірлерді жиі естимін. Мен осы кітапта, ашығу жеңіл өтеді деп бір де, бір 
рет айтқан жоқпын. 
      
Тамақ біздің өміріміздің маңызды бөлігіне айналғаны соншалық, егер 
адамға  тамақ  бермей  қойып  ашықтырса,  тәндік  және  жүйкелік 
ауыртпашылыққа  ұшырайды.  Ашығудың  кең  өріс  алмауының  басты 
себебі осында. Адамдар әдеттерінің құлы. 
     
Мен анда санда Гавай аралдарындағы Рокфеллердің жаңа қонақ үйіне 
қону  мүмкіншілігіне  ие  боламын.  Бұл  американдық  жақсы  қонақ  үйі, 
жамбас ақысына тамағы қоса кіреді. Таңғы тамақ 7.30 – да, кешкі ас 19.00 
– 
де.  Осы  сағаттарда  асхананың    қасынан  қай  уақытта  өтпейін, 
қарындарын  тойдыру  үшін,  есіктің  ашылуын  күтіп  тұрған  адамдарды 
көремін. 
 
Болашақта  дәрігерлер  дәрі  бермейді,  бірақ  науқасты  жарамды    ас 
мәзірімен қызықтырады.   
 
 
 
 
 
 
ТОМАС ЭДИСОН  
 

 
61 
      
Адамдар  осы  сағаттарда  аш  па  еді?  Неліктен  бұлай  болуы  тиіс? 
Осында  тұратындардың  көпшілігі  жағалауда  жатып  құмар  ойнап,  кітап 
өқып, құмға аунағаннан басқа түк те істеген жоқ. Олар сандалғаннан басқа 
тамақ  ішетіндей  жұмыс  жасаған  жоқ,  бірақ  олар  тура  осы  сағатта  тамақ 
ішу керек екендеріне сенімді. Осындай жағдай, мен үйіме Калифорнияға 
кемемен  қайтып  келе  жатқанда  болған.  Онда  да  асхананың  есігінің 
ашылуын тағатсыздана күткен тобыр тұратын. 
 
 
 
 
Жеу үшін өмір сүрмеңіз, өмір сүру үшін жеңіз 
         
Тамақ!  Тамақ!  Тамақ!  Адамзат  үшін  алғыс  та,  қарғыс  та  болуы 
мүмкін.  Артық  жеген  тамақ  адам  ағзасына  көптеген  зиян  келтіреді.  Бір 
күні ас қорту жүйесінің артық жұмыс істеуден бас тартатын күні туады. 
Бұның  салдары  өте  қатерлі  болуы  мүмкін.  Ас  қорту  жүйесінің  ауруы  – 
қазіргі заман адамының қасіреті. Ішектің бекітілуі осы аурулардың тізімін 
бастайды.  Адам,  ішегінің  ішінде  жиналған  улы  қалдықтарды  тазалауға 
тырысып,  тонналаған  ұнтақ  дәрілер  т.б.  сатып  алуда.  Өркениетті  осы 
заманның  адамы,  қарнын  қабақтай  қылып  толтырып  алғандықтан,  ас 
қортылмайды  және  уақтылы  шығарылмайды.  Бұл  ескі  автокөліктің 
жылдамдығын арттырам деумен тең. Ішектің бітелуі көптеген аурулардың 
басты  себепкері  екені  дау  тудырмасы  анық.  Осыған  бір  дәлел,  кішкене 
тәжірибе  жасап  көріңіз.  Түскі  тамаққа  жейтініңізді  түгел  дайындаңыз, 
бірақ жемеңіз, ыдысқа салып 38 градус жылылықтағы суға салып қойыңыз 
(ішектің  ішіндегі  жылулыққа  сәйкес).  Жылудың  тұрақты  болуын 
қадағалаңыз. Енді 8 сағат өткеннен кейін не болатынын байқаңыз. Бірінші 
байқайтыныңыз  ауыр,  жаман  иіс.  Сонан  кейін  тамақ  божып,  газ  бөле 
бастайды.  Газ  қысымы  адамға  талай  келеңсіздік  әкеледі.  Диафрагманны 
қысып,  жүректің  қысылуын  т.б.  жайсыздықтар  жасайды.  Ағзада  осы 
божып  жатқан  быламықтан  улар  үзбей  бөлініп,  басты  және  басқа 
мүшелерді ауртады. Жәй бактерологияның анықтағанындай, бактерияның 
көбеюіне тік ішекте қортылмай қалған тамақтан жақсы орта жоқ. Сөйтіп, 
біз  өз  ағзамызда  ,  өзімізге  қасірет  әкелетін,  сан  жетпес  жауды  өсіріп 
өрбітіп отырмыз. 
      
Егер суық тиіп жиі аурсаңыз, осы аурудың қоздырғыштарын өсіретін, 
тіршілік  ететін  ортасына  айланған  -  ішектің  бітелуі.  Зиянды  тамақтарды 
көп жегенде пайда болатын улардан денеңіздегі ең маңызды мүше – бауыр 
зардап  шегеді.  Бауырдың  ағза  үшін  маңыздылығын,  әркім  білуге  тиіс. 
Бауыр  көптеген  қызметтер  атқаратын  химиялық  лаборатория.  Ол  тек  өт 
сөлін ғана бөлмейді, сондай – ақ ағзаның негізгі тазалағышы. Бауыр мен 
ішек,  ас  қорту  ағымындағы  әріптестер.  Егер  әріптесінің  біреуі  пәлеге 
ұшыраса, екіншісі көмекке келеді. Осы жиі қайталанса, ағза талқандалады. 
Бауыр  мен  ішек  жолдарының  қызметі  бұзылса,  адам  ауыр  халге 
ұшырайды.  Міне  неліктен,  ішек  бітелгенде  бауыр  аурып,  басқа 
мүшелердің де сау болмайтыны сондықтан. 
     
Ағзаңызды  тазалау  үшін  ашығуға  кіргеніңізде,  тамақтан  тартылу 
қолайсыз  болатыны  айтпаса  да  түсінікті.  Сіз  ашыққан  кезде,  ағзаның 

 
62 
өмірлік  күші  шоғырланған  зиянды  қалдықтарды  аластатып,  зат  алмасу 
ағымына  қосады,  соңынан  залалсыздандырады.  Осы  улы  заттар  шыққан 
кезде,  сіз  өзіңіздің  жеңілдеп,  бұрынғыдан  жақсарып  қалғаныңызды 
сезесіз. Ашығу барысында жағдай күнделікті өзгеріп тұрады. Ағза өзінен 
көп  мөлшерде  уларды  қуып  жатқан  уақытта  өзіңізді  жайсыз  сезінесіз.  3 
тәуліктік ашығуға қарағанда, 7 тәулік ашығудан кейін өзіңізді тіпті жақсы 
сезінетініңізді  біліп  алыңыз.  Себебі,  қанша  бейнет  әкелген  улардан 
арылдыңыз.  10  тәуліктік  ашығудың  соңғы  күндері  өзіңізді  бастапқыдан 
жақсы сезінесіз. Ағза тазарған сайын соншалықты өмірлік күш қосылады. 
Сондықтан да, ашығудың басында ағзаның тазалану барысында болатын 
барлық  жайсыздықтарды  тістеніп  алып,  күліп  қарсы  алыңыз,  осыған 
шыдаңыз.  Қалай  тазаланасыз,  солай  өзіңізді  күштірек  сезінетініңізді 
білесіз. 
 
Табиғатты кіналамаңыз, ол өз ісін біледі, өзіңізді кіналаңыз! (Жоғалған 
жұмақ) 
МИЛЬТОН 
 
15 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Дұрыс ашығу маңқаға қарсы 
        
Менің  пікірімше,  адам  денсаулығының  көптеген  келеңсіздіктерінің 
түп  тамыры,  шығару  жүйесіне  толып  алған  қалдықтарда.  Көптеген 
жағдайда  ішектің  бітелуіне  себепкер  маңқа.  Сіз  өзіңіз  маңқадан  тазасыз 
ба?  Осы  туралы  ойланыңыз.  Маңқа  танау  кеңсірігінде  жинала  ма? 
Мұрныңыз қалай? Қол шытыңызды неше қабат шығарасыз? Тамағыңызды 
неше қабат шайқайсыз? Күніне неше рет қақырынып сіңбіресіз? 
      
Қалыпты  тамақ  ішетін  қандай  адамның  болмасын,  шығару  жүйесі 
маңқаға  толы.  Бұл  улы  қоймалжың,  туғаннан  бастап  қортылмаған  және 
шығарылмаған  табиғи  емес  тамақ  қалдықтары.  Бұл  тек  қана  тамақты, 
танауды,  өкпені  ғана  емес  өңештен  тік  ішекке  дейін  созылған  шығару 
жүйесін  де  тығындап  тастайды.  Адамдар  кеңсірігіне  толып  алған 
маңқадан зардап шегеді, құлақта сұйық және құлық түрде болады. Өте көп 
мөлшерде өкпеде кездеседі. 
     
Өкпенің  қабынуы  (пневмония)  өте  қатерлі  аурулардың  бірі.  Қанды 
қанықтыратын оттегі, маңқа толы өкпеге бара алмағанда, ауру үдей түседі. 
Қалыпты тамақ ешуақытта толық қортылмайды, ал жиналып шоғырланған 
қалдықтар ешуақытта толық шығарылмайды. Осы жағдайда біздің шығару 
жүйеміз  біртіндеп,  амалсыз  ластана  береді.  Көптеген  аурудың  себебі 
осында жатыр. Қалдықтар ағзада қалып, көбейіп жинақтала береді. 
 
Жеу үшін өмір сүрмеу керек, өмір сүру үшін жеу керек. Тамақ көп болған 
сайын, ауру да көбейеді.   
 
 
 
 
 
БЕНДЖАМИН ФРАНКЛИН 
 
 
 
 
 

 
63 
Біздің өркениетті дамыған тамағымыз маңқа тудырады 
      
Қазіргі  тамақ  құрамы  –  маңқа  тудыратын  тамақ.  Қазіргі  тамақтың 
басым  бөлігі  қуырылып  пісіріледі,  ал  қуырылған  тамақ  түгелдей  маңқа 
тудырады. Сүттен дайындалған тамақтар да маңқа тудырады. Жер бетінде 
үлкейгеннен кейін бір де бір хайуан сүтпен қоректенбейді. Қазіргі  мәзір 
май, майдың өнімдері маргарин, гидрогенді және тоң майлардан тұрады, 
ал  осыларды  адам  ағзасы  сіңіре  алмайды.  Саудаға  түсетін  барлық 
жартылай  дайындалған  тағамдардың  90  пайызы  гидрогенделген  майдан 
жасалған. Біздің қалыпты температурамыз Цельсия бойынша 36,6 градус. 
Осы майларды сіңіріп қорту үшін 150 градус ыстық қажет. Біздің дамыған 
тамағымызда көп мөлшерде өңделген синтетикалық сыр қолданылады, ал 
табиғи түрі тұзбен қанықтырылған (тұздың зияны жөнінде айтқанбыз). 
     
Біз жұмыртқаны көп жейміз, ал оның құрамында қанықтырылған май 
холестерин  өте  көп.  Құрамында  көрінетін  және  көрінбейтін  майы  бар, 
қуырылған  етті  де  көп  жейміз.  Қазіргі  өркениетті  тамағымыз  –  маңқа 
тудыратын тамақ екені бәрімізге белгілі. 
 
Адамдар өлмейді, олар өздерін өздері өлтіреді. СЕНЕКА, РИМ 
ФИЛОСОФЫ 
 
 
 
 
Ашығу кезеңінде кіші дәретіңізден маңқа табасыз 
          
Кіші  дәретті  зерттеу,  қанда  шоғырланған  маңқаның  мөлшерін 
анықтайды. 3 тәулік ашығып, күніне 2 – 3 литр су ішіп көріңіз. Таңғы кіші 
дәретіңізді  құтықшаға  құйып,  салқын  жерге  тұну  үшін  қойып  қойыңыз. 
Бірнеше күннен кейін, осының ішінен кілегей бұлтын көресіз. Неғұрлым 
көп  тұрған  сайын,  бұлт  соғұрлым  қоюлана  түседі.  Менің  көзқарасым 
бойынша аптасына 24 сағат ашығу мол мөлшерде қоймалжың кілегейден 
арылуға  көмектеседі.  Осы  маңқаның  біразы,  ұзақ  жылдар  бойы  біздің 
қанымызда айланып жүреді. Қыста адам ауыр тамақ ішкенде, ағза маңқаға 
толып,  өзін  тазалауға  мәжбүр  болады.  Артығы  тұмау  түрінде  сыртқа 
шығарылады.  Біздің  ағзамызда  бұдан  басқа  да,  не  болып  жатқанын  кім 
біледі. Ағза өзін өзі тазалайтын механизм. Шамасы жеткенінше улар мен 
маңқаны өзі тазалайды. Бірақ адамдар қиыншылықты қалай қабылдайды? 
Олар  денесінің  қызуы  көтерілгенін  сезеді.  Қызудың  көтерілуі  – 
табиғаттың өзіне тән ерекшелік. Өлгендерде қызу болмайды, тек өмірлік 
қуаты барларда ғана, осы қызу табиғаттың пеші сияқты жұмыс істейді.  
       
Бақытсыз  надан  адам  айтады,  суық  тиді,  аяғымнан  сыз  өтті  немесе 
уақытында  жылы  киім  кимедім  деп.  Бірақ  бұл  ғылми  тұжырым  емес. 
Қыста  суық  тию  –  адамның  ағзасындағы  шоғырланған  артық  улы 
маңқадан тазалауға деген табиғаттың, талпынысы. Ішкі тазалау механизмі 
міне осылай. Мен тағы, тағы қайталап дәлелдеп айтамын, суық тию деген 
болмайтын  нәрсе.  Өткен  ғасырдың  бастауында  мен  денсаулық 
қозғалысының негізін қалаушы, әрі әкесі доктор Бернард Макфэдденмен 
бірігіп  жұмыс  істедім.  Ол  «ақ  аюлар»  деп  аталатын  адамдардың  тобын 
құрды. Сенбі, демалыс және мейрам күндері, аязда Нью – Йорктағы Кони 

 
64 
– 
Айлендтің жағалауында дене шынықтырумен шұғылдандық. Сонан соң 
Атлант  мұхитының  мұздай  суына  сүңгідік,  осылардың  бір  де  біреуіне 
суық  тисейші!  Ешуақытта!  Кони  –Айленд  жағалауында  тонға  оранып 
қыдырып жүрген адамдар, мұздай суға шомылып, сүңгіп жүрген біздерге, 
көздері  бақырайып  қараумен  болды.  «Ақ  аюлар»  емес,  керісінше  осы 
көрермендер  тұмаудан  зардап  шегіп  жүрді.  Біз  таза  ауадағы  маңқасыз 
диетаға,  дене  шынықтыруға,  мұхиттың  мұздай  суына  сендік.  Мен  бүгін 
жыл  бойы  шомылатын  Нью  –  Йорктегі  Кони  –  Айлендтің  «Ақ  аюлар» 
және  «Айсберг»  клубтарына  мүшемін.  Сондай  –  ақ  Бостондағы  қыста 
жүзу клубының да мүшесімін. Ең суық күні де мұздай суық суға шомылса 
да  ангина,  суық  тию,  тұмаумен  еш  уақытта  аурмайтындықтарын  осы 
топтың  адамдары  дәлелдеп  берді.  Мен  қыс  айларында,  қыс  айларында, 
тынық мұхит суының температурасы Цельсия бойынша 10 градус болатын 
Калифорнияда  тұрамын.  Егер  мен  осы  кезде  лекция  оқып  дүние  жүзін 
аралап жүрмесем, мені Санта – Моникадағы үйімде, суық суда шомылып 
жүргенімді көресіз. 
     
Маңқа  тудырмайтын  табиғи  тамақпен  тамақтанатын,  менің  талай 
достарым,  қыс  айларында  шомылуға  қатысады.  Ашығу  ағзадан  маңқаны 
тамаша  тазалайтынын  сеземін.  Әрине,  мен  маңқа  тудырмайтын 
тамақтарды  қолдануға  тырысамын,  бірақта  апта  сайынғы  24  сағаттық 
ашығу, менде жиналған маңқаларды тазалауға жәрдемдеседі. 
      
Өзіңізге  кішкентай  тәжірибе  жасап  көріңіз.  Бірнеше  ай  бойы  маңқа 
тудыратын  тамақтарды  ішпеңіз,  аптасына  бір  қабат  ашығыңыз,  егер 
мүмкін  болса  7  тәулік  ашығыңыз.  Кіші  дәретіңізді  мұқият  тексере  келе, 
қаныңызда  қанша  маңқа  жиналғанын  көресіз.  Ашығудан  кейін  өз 
тамағыңыздың  құрамын  шикі  көкөніске,  жемістерге,  крахмалы  жоқ 
бұқтырылған жеміске алмастырыңыз. Маңқасы жоқ тамақ дегеніміз осы. 
Жаңғақ пен дәндер маңқа тудырмайды, сондықтан да жоғарыда айтылған 
тағамның  құрамына  күнбағыстың  дәнін,  тұздалмаған  арахистің  майын, 
жаңғақтың  түр  түрін  қолдануға  болады.  Ет  пен  балықты  аптасына  3 
қабаттан артық жемеңіз. Ұннан жасалған тағамдарды, нанды көп жемеңіз. 
Ашығу  мен  маңқасыз  тамақтың  әкелетін  жақсылығы  туралы  сізді 
сендірмей  -  ақ  қояйын.  Өзіңіздің  кіші  дәретіңізді    зерттеңіз.  Қол 
орамалыңызды  күніне  қанша  рет  қолданатыныңызға  назар  аударыңыз.  7 
тәуліктік ашығу маңқаның ғажап тазалағышы. Мен өзім, Қазанның аяғы, 
Қарашаның  басында  7  –  10  тәуліктік  ашығуды  ережеге  айландырдым, 
қыстың қарсаңында ағзамда жиналған маңқадан арыламын. Мен маңқасыз 
мәзірмен  өмір  сүруге  тырысамын,  бірақта  лекциялармен  саяхаттағанда 
өзім  тамақтанатын  шикі  көкеніс  пен  жемістер  табылмай  қалады, 
сондықтан осы күнәмді ашығумен жуамын. 
 
 
 
 
 

 
65 
Ашығудың көмегімен темекі тартудан, арақ, шәй, кофе ішуден 
құтылу 
       
Көпшілік  өркениетті  адамдар  химиялық  уланудың  бір  түріне 
бейімделген. Темекі, арақ, шәй, кофе - өзіндік бәңгілер (наркотиктер). Осы 
заттардың  бәрінің  құрамында  өте  қауіпті  улар  бар.  Ғалымдар  байсалды 
түрде  адамның  темекіге  деген  құмарлығын  зерттеді,  сіз  әр  қораптың 
сыртынан «темекі тарту, сіздің өміріңізге қауіпті» деген ескертуді оқисыз. 
Бүкіл  дүние  жүзінде  темекінің  адам  тәніне  ететін  әсерін  зерттеу 
жалғасуда. Маған қайталауға рұқсат етіңіз: «ТӘН АҚЫМАҚ». Тән бәрін 
де қабылдайды. Көміртек қосындыларын, темекінің никотинінін, арақты, 
шәйдің  және  кофенің  құрамындағы  смоланы.  Ағзада  осы  улар  мен 
бәңгілерді  залалсыздандыратын  механизм  жоқ.  Қауіп  туралы  қаншама 
ескертілсе де, өз ағзасын талқандауға адам еш нәрсе аямайтындай болып 
көрінеді.  Жоғарыда  аталған  бәңгілер,  алғашында  көмектесіп 
жеңілдететіндей  көрінеді,  соңынан  орталық  жүйке  жүйесін  бұза 
бастайтынын да білу қажет. Ашығу зиянды әдеттерден құтылудың жолы. 
Осы әдеттердің ашығу арқылы кеткенін өз басым өмірімде талай көрдім. 
        
Осыдан бірнеше жыл бұрын, темекіні сұмдық көп тартатын бір әйел 
маған  келді.  Күніне  кем  дегенде  4  қорап  темекі  шегіп,  5  жұтым  арақ 
(виски) және көп мөлшерде кофе, шәй ішеді екен. Өзінің жүйке жүйесінің 
тозып  біткенін  айтты.  Қалам  ұстаса  қолы  дірілдейді,  тәбеті  жоқ,  терісі 
салбырап, ұйқысы қашып, көзі алақ – жұлақ етеді. Жаман болғаны сонша, 
өзін өзі өлтіру ойы меңдеп алған. Физиотерапия көмектеседі деп дәрігер 
маған  жіберіпті.  Ол  бәріне  де  дайын  еді.  Себебі  шыңыраудың  жиегінде 
тұрды. 
         
Мен  оны  ашықтырдым,  бірақ  өзінің  сүйікті  уларын  ішуге  тиым 
салған жоқпын. Ол темекісін шегіп, аздап арағын ішуді жалғастыра берді, 
бірақ  ашығудың  3  –  ші  күні  оның  ағзасы  көтеріліске  шықты,  өзі  жиі 
ішетін улардан жиіркене бастады. Әрбір темекі тұтатқан сайын, арақ, кофе 
ішкен сайын жүрегі айнып, қатты қысылып қалшылдап селкілдей бастады. 
Оның ашығуы 10 тәулікке созылды. Бұл ұзақ жылдар бойы өзінің ағзасын 
улармен уламаған алғашқы күндері болды. Мен оның ашығуын 10 – шы 
күні тоқтаттым, оның оныншы күнгі кіші дәреті шіріп кеткен қоймалжың 
сұйық  болды.  Сіз  білесіз,  бұл  улардың  қалдығы.  Мен  оны  маңқасыз 
мәзірге он күн отырғыздым, сонан соң қайта 10 тәулікке ашықты. Екінші 
ашығуында күнделікті кіші дәретінде зор мөлшерде улар байқалды. Менің 
бақылауымда он айдай болды. 
      
Мен  оны  емдеудің  алдында  және  емдеуден  кейін  суретке  түсіріп 
алғанмын,  екеуі  бір  адам  деп  ешкім  ойламас  еді.  Оның  терісінің 
құлпырғаны  соншалық,  бұлшық  еттері  бұлтылдап,  қолдары  әдеміленіп 
майысып  тұратын  болды.  Қор  болып  жаншылған  жан  иесінен,  бақытты, 
уайымсыз адамға айналды. Оның темекіге, араққа, шәй, кофе ішуге деген 
әдеттері  жойылды,  қазір  Голливудте  жетекші  сценаристердің  бірі.  Оның 
табысы  өсті,  сүйкімді  болғаны  соншалық,  өзіне  жас,  сұлу,  қабілетті  жар 
тауып алды. 

 
66 
      
Мен  темекіге,  араққа  т.б.  тәуелді  болып,  жар  басынан  құлауға  шақ 
қалған талай адамдарды мысалға келтіре аламын. Осы адамдар ашығудың 
көмегіне жүгінді, ал ашығу ғажайып жасады. Темекі, арақ, шәй, кофе ішу 
әдетінен құтылғысы келсе, өзінің мәселелерін қарапайым ашығу жолымен 
шеше алады. Тән тазаланған уақытта  уды қабылдамайды. Таза, дені сау, 
мамыражай  дене  уларды  әрқашанда  ысырып  тастайды.  Ашығу  –  улы 
заттардың қандайына болмасын тойтарыс беретін, ағзаны тазалаудың ұлы 
әдісі. 
 
Қазіргі  өркениетті  даму  жағдайында  өмір  сүре  отырып,  сіз  мынаны 
білуге  тиіссіз.  Тамақ  өнімдерін  тазалау  және  дайындау  барысында 
тамақтың  өмірлік  маңызы  бар  бөлшектері  жартылай  не  толықтай 
жойылады.  
        
 
 
АҚШ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТІРЛІГІ 
 
Егер  сіздің  тамағыңызда,  өңдеуден  өткеннен  соң,  өмірлік  маңызы  бар 
бөлшектер  бар  болмаса  немесе  азғана  бар  болып,  қалғаны  өлі  тамақ 
болса, онда қарныңыз тамаққа толы болса да, аштан өлу мүмкіншілігіңіз 
бар. 
 
16 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Ашығу артық салмақты азайтады 
       
Беделді мәлімет бастауларынан белгілі, біздің еліміздегі еркектердің, 
әйелдердің  және  балалардың  65  –  70  пайызы  артық  салмақтан  зардап 
шегіуде.  Байсалды  дәрігерлердің  білуінше,  артық  салмақты  адамдар  – 
ауру  адамдар.  Олар  жазылмайтын,  созылмалы  түрде  ауратын  аурумен 
ауруға бейім тұрады. Семіз адам өзін жақсы сезіне алмайды. Біріншіден, 
оған ылғи ауыр салмақ көтеріп жүруге тура келеді. Енді салмағы қалыпты 
адамға  күн  ұзаққа  10  килограмм  көтертіп  қойыңызшы,  ол  әлсіреп, 
шаршап,  шаруасы  бітеді.  Семіз  адам,  өзінде  қанша  артық  салмақ  бар, 
сонша салмақты көтеріп жүруге мәжбүр.  
      
Толық  адамдарға  дене  тынымсыздығы  тән  емес.  Олардың  көпшілігі, 
сәті келсе болды, бірінші кездескен орындыққа отыра қалып, керекті істі 
істеуге өздерін өздері әрең күштеп істейді. Семіз адамдардың артық майы 
демалу  мүшелерінің  жұмысын  аурлатқан  себебі,  тыныс  алулары  ауыр 
болады. 
 
 
 
 
Артық салмақ ауыр жүк 
     
Ағзаның  әрбір  артық  салмағының  1  сантиметр  кубына,  сенсеңіз  де, 
сенбесеңіз  де,  тамақтандыру  және  жақсы  қалыпта  ұстап  тұру  үшін  1 
километр  капилляр  түтікшелер  қажет.  Сондықтан,  артық  салмақ,    жүрек 
пен  тыныс  алу  мүшелеріне  ауыр  жүк.  Тамырдың  соғуы  мен  қан 
қысымының  көтерілуі  қауіпті  шепке  дейін  көтеріліп,  зардапқа 
ұрындырады.  Сақтандыру  компаниясының  есептері  бойынша,  толық 
адамдардың өмірлері қысқа болады. Қазіргі уақытта семіз адамдар көбейіп 

 
67 
бара  жатыр.  Біріншіден,  біздің  елде  тамақ  мүлдем  дұрыс  емес.  Орташа 
американдық  тамақты  өте  көп  жейді.  Біздің  асханалар  тамақ  арасында 
тамақ  іш  деп  шақырады.  Радио  мен  теледидар  қораптағы  жексұрын 
тамақты  же  деп  жар  салады.  Адамдар  мол  мөлшерде  сүт,  балмұздақ, 
ыстық  сосиска,  еттің  қуырылған  неше  түрін,  француздардың  қуырылған 
майлы картофелін үзбей жейді. 
     
Біз  машина  әлемінде  өмір  сүреміз.  Тамаққа  тыңқия  тойып  алып, 
ағзамызды 
ешқашанда 
жаттығулармен, 
дене 
қимылдарымен 
жеңілдетпейміз. Автокөлік жаяу жүргізбей тастады. Біз отыратын ұлтпыз. 
Біздің  балаларымыз  сағаттар  бойы  сарылып  мектепте  отырады.  Адамдар 
өздерінің  көптеген  уақыттарын  кинотетрларда,  концерт  залдарында, 
стадиондағы  жарыстарды  көруге  шығындайды.  Осы  отырып  өмір 
сүруіміз, толық адамдардың қаптауына әкеп соқты. 
 
 
 
 
Американдықтардың денсаулығын жоятын тағамдар 
        
Толық  адамдар  осындай  тағамдарды  қолданады.  Бұлар  белоктармен 
қанықтырылған,  ұшқыштарға  арналған  көміртектері  төмен  жұмыртқа, 
памидор немесе котлет және ананастан дайындалған тамақтар. Журналдан 
соң  журнал,  газеттен  соң  газет,  бәрі  де  ағзаны  бұзатын  мәзірлер  туралы 
айтады.  Күніне  800  килокалориямен  қамтамасыз  ететін  сұйық  диета  да 
бар. Сары май мен сүт мәзірі және бар. Өте мол мөлшерде тамақтың бір – 
ақ түрінен  тұратын мәзір, бірақта менің көзқарасымша, адамның қалыпты 
салмағын ұстап тұру үшін, ғылми негізделген ашығуды ғана ұстау керек. 2 
– 
3  тәулік  ашықаннан  кейін  тәбетіңіз  жоғалып,  3  –ші  күннен  бастап 
тамаққа  зауқыңыз  соқпайды.  Егер  адамдар  калориясы  төмен  арнайы 
мәзірге отырса, қарны қатты ашып, азап шегеді. 
 
Маған немен тамақтанатыныңды айт, мен сенің кім екеніңді айтып 
беремін. 
 
 
 
 
Ашығу арқылы таусылмайтын қуатқа ие боламыз 
       
Көпшілік  өркениетті  адамдар  химиялық  уланудың  бір  түріне 
бейімделген. Темекі, арақ, шәй, кофе - өзіндік бәңгілер (наркотиктер). Осы 
заттардың  бәрінің  құрамында  өте  қауіпті  улар  бар.  Ғалымдар  байсалды 
түрде  адамның  темекіге  деген  құмарлығын  зерттеді,  сіз  әр  қораптың 
сыртынан «темекі тарту, сіздің өміріңізге қауіпті» деген ескертуді оқисыз. 
Бүкіл  дүние  жүзінде  темекінің  адам  тәніне  ететін  әсерін  зерттеу 
жалғасуда. Маған қайталауға рұқсат етіңіз: «ТӘН АҚЫМАҚ». Тән бәрін 
де қабылдайды. Көміртек қосындыларын, темекінің никотинінін, арақты, 
шәйдің  және  кофенің  құрамындағы  смоланы.  Ағзада  осы  улар  мен 
бәңгілерді  залалсыздандыратын  механизм  жоқ.  Қауіп  туралы  қаншама 
ескертілсе де, өз ағзасын талқандауға адам еш нәрсе аямайтындай болып 
көрінеді.  Жоғарыда  аталған  бәңгілер,  алғашында  көмектесіп 
жеңілдететіндей  көрінеді,  соңынан  орталық  жүйке  жүйесін  бұза 

 
68 
бастайтынын да білу қажет. Ашығу зиянды әдеттерден құтылудың жолы. 
Осы әдеттердің ашығу арқылы кеткенін өз басым өмірімде талай көрдім. 
        
Егер  сізді  салмағыңыз  мазаласа,  осы  кітапта  жазылған  ашығу 
бағдарламасын басшылыққа алыңыз. Сіз 24 сағаттық ашығудан бастаңыз. 
Мен  толық  адамдарға,  ашығуды  аптасына  24  сағаттан  үш  қайтара 
ұстаудың бағдарламасын жиі беремін. Егер адам артық тамақ жеп қойса, 
онда  осы  аптасына  3  қайтара  ұстаған  ашығу  салмақты  жоғалтуға  сеп 
болады. Салмақ азайту үшін ұстаған аштықтың нәтижесі керемет болады. 
Ағза өзінің жастық шағын тез қайтарып алады. 
      
Менде  Голливудтың  атақты  киножұлдыздарын  ашығумен  емдеудің 
талай жылғы тәжрибесі бар. Кинокамера неге екенін білмеймін, адамды өз 
қалпынан  толық  етіп  көрсетеді.  Жұлдыз  тал  шыбықтай  бұралып  тұруы 
керек қой. Белдің жіңішкелігі кей кезде актердің тағдырын шешеді. 
     
Осыдан бірнеше жыл бұрын, бір актрисаның толғаны соншалық, оның 
талантына  қарамай  ,  киноға  түсіруден  бас  тартыпты.  Ол  тәтті  мен 
балмұздақты  көп  жеді.  Келісім  шарттың  бұзылуынан  жүйкесі  жұқарып 
психиаторға  барыпты,  ал  ол  оны  маған  жіберіпті.  Мен  оған  бұрынғыдай 
талдырмаш  қыпша  бел  болу  үшін  және  салмағын  түсіруге  уақыт  керек 
дедім. Өзінің шын аты болмаса да, мен оны Бетти деп атайын,. Беттиде 35 
килограмм артық салмақ болды. Алғашында жақсы мәзірге отырғыздым. 
Таңертең жемістер, түсте шикі салат пен пісірілген көкөністер, нан, күріш, 
картофелді  жегізбедім.  Кешкі  тамаққа  памидор,  кішкене  асқан  балық 
немесе  қатты  қайнатылған  жұмыртқа.  Барлық  тәтті  тағамдардан  бас 
тартты. Алғашқы екі аптада 24 сағаттан ашықты. Үшінші аптада 3 тәулік 
ашықтырдым.  Бесінші  аптада  7  тәулік  толығымен  ашықты.  Осы  алма 
кезек  ашығу  мен  тамақтану  ғажайып  жасады.  Көз  жанары  жалтылдап, 
терісі  құлпырып  жасарып  кетті.  Ол  қазір  менің  мәзіріммен  өмір  сүреді, 
аптасына 36 сағат, жылына 4 қабат 7 тәуліктен ашығады. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет