5 –
ТАРАУ
Ашығу ілімі кеңінен түсіндіріледі
Ашығу адам мен хайуанға ықлым заманнан таныс. Алғашқы адамдардың
емделуінің бірден – бір ғана жолы болды. Бірнеше жүздеген жылдар адам
36
аурса, не жараланса ашықты, себебі өзін өзі сақтау болмысы осыны айтты.
Ашығумен қоса емдік шөптерді қолданды.
Елу жылдан астам уақытта ашығудың ғажайып жасайтынын көрдім. Бұл
сырқатпен ең күресудің көне ғана емес, жанама әсері де жоқ табиғи тазалану
әдісі. Ағза жараланғанда аштық ұстау барша тірі жанға тән қасиет. Өзін - өзі
сақтау болмысы аштықтан да басым, сондықтан да жараланған және аурған
хайуандар тамақтан бас тартады. Осы сәтте, қалыпты жағдайда тамақ қортуға
жұмсалатын өмірлік қуат, аурған орынға шоғырланып, зиянды заттарды
шығарып, ағзаны тазалауға кіріседі. Ашығу болмысының күштілігі сондай,
қазіргі адамдарға да билігін жүргізеді.
Ашығу да әлем сияқты көне
Көне тарихтан білеміз, алғашқы дәуір мен шығыс дінінің жолындағылар
да ашығуды қолдаған. Ашығуды тек ден саулығын түзеу мен жасару үшін
ғана емес, рухани ілім алу үшін де пайдаланған. Ұлы Пифагор өзінің даналық
сүю (философия) ілімін үйренем деген шәкірттерінен, алдымен 40 күн
ашығуын талап еткен. Оның пайымдауынша, тек қана 40 күн ашыққанда
ғана, шәкірттің санасы тазаланып, нұрланып терең білімді және өмір
құпиясын игеру қабілетіне ие бола алады. Қазір де бұрынғыдай, ашығу тәнді
тазалап, денсаулықты түзеп қана қоймайды, сондай – ақ адамның рухани
өміріне де қатты әсер етеді.
Ашығу сананы оятады
Саналы түрде табанды ашыққан маған және менің шәкірттеріме, рухани
жетілудің есігі айқара ашылды. Егер мен бүгін кітап оқысам, оның мазмұны
миымда, кітапты қолыма алып оқып тұрғандай сақталып қалады. Менде,
фотографиялық еске сақтау қабілеті. 3 күн ашықаннан кейін өзіңіз
байқайсыз, санаңыздан перде сыпырылып түскендей болады. Сіз кеңінен
ойлап, дұрыс шешім қабылдай аласыз. Бұрын шешілмейтіндей көрінетін
шырғалаң анық та қарапайым болады. Ашықаннан кейін ештеңеден де
қорықпайсың, бұрынғы мазалап жүрген мәселелерді нұрлы санамен жеңіл
жеңесің.
Мен өзімнің ашығу бағдарламамның нәтижесінде, санамның ішкі
үйлесімінің арқасында, өзімді қамсыз, сабырлы және өзіммен де, әлеммен де
келісімді екенімді сезіндім. Сіз өз тәніңізді және жаныңызды тазалап,
асқақтап барып, данышпан ойлы тұлғаға айланасыз. Есте сақтау қабілетіңіз
ұстараның жүзіндей өткір болады. Сіз, талай жыл бұрын болған оқиғаларды,
адамның есімдерін, жерді бәрін еске түсіресіз. Сіздің өз бетіңізше білім
үйренуге деген қабілетіңіз арта түседі. Білім дегеніміз - өмірге дайындық
емес, өмірдің нақ өзі. Ақылың мен рухыңды жетілдіру, адамдар ғана алдына
қоя алатын – аса ұлы мақсат. Ашығу бізге үш бағытта әсер етеді. Сіз
тәніңізді, ақылыңызды, жаныңызды, рухыңызды тазалайсыз. Нәтижесінде,
аса зор денсаулық пен буырқанған өмір сүргіштіктен ләззат аласыз. Сіздің
миыңыз жаңа білім мен ілімді сіңіріп алатын сорғышқа айланады. Ең
маңыздысы – ішкі келісімшілік пен жаныңның жай табуы сізді өмір рахатына
37
бөлейді. Ашығудың көмегімен, қазіргі заманда табылмайтын, ұлы да, өте
сирек ұшырасатын даналыққа ие боласыз.
Пайғамбарлар да ашыққан
Біз білеміз, діндерді халыққа уағыздаған кезеңде, пайғамбарлар жиі
ашыққан. Мұса, Дәуіт, Иса, Мұхаммед пайғамбарлар 40 тәуліктен ашыққан.
Өмірдің ұлы шындығын уағыздаудың алдында пайғамбарлар 40 күннен ораза
тұтқан. Біз інжілден оқимыз, Иса пайғамбар алдын ала өзінің сақабаларын
жібергенде былай айтқан: «Ауруларды емдеңдер, алапесті тазалаңдар,
өлгендерді тірілтіңдер: не берсең соны аласың». Адамдарға шындықты
жеткізгендерді, қандай қатер күтіп тұрғанын Иса пайғамар білген. Сондықтан
өзінің сақабаларын мынадай сөздермен шығарып салған: «Қараңдар! Мен
сіздерді алдыға, үйірлі қасқырдың ортасына қойды жібергендей жұмсап
отырмын – сондықтан, сіздер жылан сияқты дана, көкаршын сияқты тыныш
болыңдар!».
Сол кездегі сияқты қазір де, ашыққан адамның айналасына қорқыныш
пен үрей туғызатындар табылады. Мен естідім, ашығудың ғылымға жат
екенін дәлелдегендерді. Мен олардан, бұрын ашығып көріп пе едіңдер деп
сұрасам, жауаптары: «Ешқашанда!». Осы надандар күшті сақтау үшін жеу
керек деген аңызды ұстанады, әйтпесе қайтсең де аурасың. Ақиқатқа қалай
жанаспайды! Ашығу кезінде болатын кейбір мазасыздықтың себебі – біз
әдеттің құлымыз. Егер бастапқы 3 күнге шыдасаң, кейіннен қанағатқа
бөленесің. Ашқарақтығың жоғалады, тамақ туралы ойламайсың, мол
мөлшерде қуат құйылады. Әрине, сіз улы заттармен толып тұрсаңыз, ашығу
осыларды ағзадан шығара бастағанда, кейбір жайсыздықтар болуы мүмкін.
Бірақ бұл ұзаққа созылмайды, мазасыздануға себеп жоқ. Бұл ашығудың сізге
жұмыс істеп жатқанын білдіреді. Ашығу, ағзаңызды жиналған улы
қалдықтардан тазалап жатқанын сіз білесіз. Кейбір ыңғайсыз жайттарды
сезгенде өзіңізге айтуыңыз керек: «Бұл уақытша. Барлық ескі улар ағзамнан
шыққан кезде жоғалады». Есесіне, аздаған жайсыздықтың орнына, қандай
ғажайыппен марапатталасыз! Барлық сезім мүшелеріңіз жетіліп, жанарыңыз
жалт – жұлт ететін болады! Ашығудан кейін, сіз тамақты басқаша
қабылдайсыз, жеміс – жидектер керемет дәмді болады, себебі дәм сезіуіңіз
жаңаланады. Сіздің тәніңіз шаршауды білмейді, ұйқыңыз бала күніңіздегідей
болады. Осы артықшылықтарды тек ашыққан адам ғана нақтылы бағалай
алады, себебі өзіне де осы қасиеттер дариды.
Қарынның құлы болмаңыз
Адамдардың көпшілігі өз қарындарының құлы. Олар тәуліктің белгілі бір
уақытында таңғы, түскі, кешкі ас ішулері керек, құрсағы ашсын, ашпасын
тамақты соға береді, оның сорлы тәні нашар тағамдарға лықа толы.
Сондықтан да, денсаулық шырғалаңының көптігіне таң қаларлық түгі жоқ.
Тамақтану жөнінің білгір маманы, профессор Арнольд Эрет айтқан: «Өмір
тамақтану зардабы». Көне пікір қалай дәл айтылған: «Адам пышақ пен
шанышқыны қолданып өзіне көр қазады.» Көпшілік өзінің асқазанына
38
ешуақытта демалыс бермейді. Олар өздерінің ас қорту мен шығару жүйесіне
де ешуақытта демалыс бермейді, артық тамақпен артық жұмысқа шегеді.
Артық жұмыс осы мүшелерді істен шығарады, нәтижесінде бүкіл ағза жапа
шегеді.
Ашықаннан кейін, бұрынғы мөлшердегідей тамақ тілемейсіз. Ашығу
асқазан көлемін кішірейтеді, өзіңізді жақсы сезінесіз, бұрынғыдан аз жесеңіз
де сымбаттана, жасара түсесіз.
Менің дене қозғалысым тыным таппайтын адаммын. Күніне екі мезгіл
жеңіл тамақтансам да, өз ағзама жоғары талап қоямын. Тамақтану арасында
аузыма нәр салмаймын, осыған әдеттенгенмін. Ұзақ жылдар бойы, апта
сайын 24 сағат, жылына төрт қабат 7 – 10 күннен ашығамын. Ашығудан
кейін жанарыңыз жалтылдап, теріңіздің құлпырғанын көресіз. Сіз жаңа өмір
қуатына ие боласыз, себебі қаныңыздағы және ішкі мүшелеріңіздегі ауыр
жүктен құтыласыз.
Өзіңіздің ашығу бағдарламаңызды бүгін жоспарлаңыз
Егер осының бәріне қол жеткізгіңіз келсе, берік те табанды болыңыз,
өзіңізге ашығу бағдарламасын жасап алыңыз да, ауытқымай қатаң сақтаңыз.
Осыны бәріне бірдей айта бермеңіз, себебі тыңдаушы бұл жөнінен түкте
білмейді, надан, сіздің бағдарламаңызды дұрыс бағалауға қабілеті жетпейді.
Мен өзім ашығу бағдарламамды бөтен адамдармен бөліспеймін, олар ашығу
әкелетін ғажайып өзгерістерді сезбейді, хабары жоқ. Неге мен олармен
бөлісуге тиіспін? Олардың пайымдауынша, бірнеше рет мезгілімен тамақ
ішпесе көтерем болып қалады. Сондықтан да, не істегелі жүргеніңді жанұяңа
да айтпа, себебі көптеген пайдасыз ақыл тыңдайсыз. Апталап ашыққан
уақытымда, күнделікті тіршілігім жалғаса береді. Мен лекциялар оқыған
кезде, аш екенімді мүлдем сезбедім. Ашығу әркімнің жеке ісі, бұл сіздің
достарыңыз бен туыстарыңыздікі емес, тек сіздікі ғана. Егер өзіңіздің
дұрыстығына сенімді болсаңыз, сізге керегі де осы. Табиғаттың тазалайтын,
жаңалайтын, жасартатын сынақтан өткен даналығына сеніңіз.
Егер ашығуыңыз табысты болсын десеңіз, санаңыз тәніңізді билеуі
керек
Есіңізде ме, мен сіздерге айтқанмын: ТӘН АҚЫМАҚ. Онда сана мен
жігер жоқ. Осы кітапты оқып шықаннан кейін, ашығу бағдарламасы сіздің
өміріңізге жаңа леп алып келетініне сенімді болсаңыз, онда санаңыз тәніңізді
билеуі керек. Сіздің санаңыз тәннің қалауынан жоғары тұруы керек, себебі
тәніңіз белгілі бір уақытта тамақ ішуге дағдыланған.
Адам ояна салысымен, бірден тамақ ішеді. Асқазанның қалауына сана
бағынады, асқазан билеуші болады. Шартты рефлекс бойынша асқазан
әрқашан да таңғы тамақты күтеді. Мен үшін таңғы тамақтың қажеті жоқ,
себебі ағзам түні бойы демалды, қуат жұмсаған жоқ. Адам неге ұзақ
демалыстан кейін асқазанын таңғы аспен толтырып алуы тиіс? Сондықтан
тағы қайталаймын: «Сіз тамағыңызды тынымсыз дене қимылын жасап барып
ішуіңіз керек. Таңғы астың қажеті жоқ деуімнің себебі, таңғы асты жегенде,
39
түні бойы жиналған қуат бекер рәсуә болады. Таңертең сіздің тәніңіздің,
ақылыңыздың, рухыңыздың қуаты өте жоғары деңгейде болуы керек. Тек
осылар ғана, сіздің шабыттық және тәндік жұмыстар атқаруыңызды іске
асырады.
Мен оқушылар мен студенттерге, таңертең ерте тұрып, аш қарынға
оқудың пайдасын ылғи да түсіндіремін. Студенттердің көпшілігі кешке
тойып алып сабаққа дайындалмақшы болады. Не болады? Оларға сабақты
меңгеру үшін көп күш жұмсауға тура келеді. Тамақ ішкеннен кейін мидың
қабілеті төмендейді. Осы студенттерді түні бойы демалдырып, таңғы
тамақты оянғаннан кейін 2 – 3 сағаттан кейін берсеңіз, олар ғұлама сияқты
көрінеді. Мен осыны мыңдаған студент суретшілерге, сәулетшілерге,
сазгерлерге, жазушыларға айттым.
Енді түсінікті болар, неге таңертең тоя тамақ ішуге қарсы екенім. Ауыр
тамақ қортылу үшін көп қуат шығындайды. Жүйке қуаты басқа мақсаттарға
жұмсалғандықтан, миға жетпей қалады, адамдар осы себепті милау, таяз
ойлы болып қалады. Енді осыны басқа қырынан қарайық. Ұзақ жылдар бойы
адамдар санасына сіңіріліп келген қағида, «таңғы ас ең маңыздысы, ол тәннің
және ойдың ауыр жұмыстар атқаруына қуат береді». Осының бәрі ғылми
негізделмеген, мүлдем кереғар қате пікір. Таңертең тоя тамақ ішкеннен кейін,
сіз тоқтық пен жайбарақаттықты сезесіз, бірақ күш қосылмайды. Осы
тамақтың ас қорту жүйесіне сіңірілуі және ағзаға қуат беруі үшін біршама
уақыт керек. Ас қорту өте күрделі ағым. Таңғы астың әрбір қоспасы өңделіп,
клетка сіңіре алатын, өте кішкентай химиялық бөлшектерге айналуы керек.
Өз тамағыңызды дене қимылына қарай ішіңіз
Өзіңіз байқағандай, тамақтану - әдет пен ғұрып. Мен 50 жылдан астам
уақыт болды таңертең тамақ ішпеймін, таң бозынан тұрамын, егер
голивудтағы үйімде болсам, көлігіме отырып алып таудағы Гриффит –
Паркіне барамын. Маунт – Холивудтың шыңына бірнеше сағатта шығып,
етекке қарай жүгіріп түсемін. Егер Санто – Мониканың жағалауында болсам
жүгіремін. Жыл бойы теңізге шомыламын. Басқа жерлерде велосипедпен не
жаяу қыдырамын. Бірнеше сағат жаттығулардан кейін, журналдарға
мақалалар, оқитын лекциямның жоспарын, кітап жазамын. Сағат 11 – ге
таман аздап қана жемістер жеймін, 12 – ге таман бірінші рет тамақтанамын.
Мен алдымен капуста мен сәбізден дайындалған көк салаттан бастаймын,
осыған памидор, редис, сельдерей, бұршақ және авакадоның жартысын,
сәбізді бүтіндей, көк жеміс – шпинат немесе жапырақты капуста, протейіні
бар т.б. жемістерді, жаңғақтың барлық түрлерін, күнбағыстың, асқабақтың
т.б. дәндерді қосамын.
Менің денем осы табиғи тамақтардан мол қуат алу үшін, ас қорту сөлін
бөліп, тамақтарды қортуға әзір. Мен тамақты, денемді қатты қимылдатып
барып іштім. Табиғи тамақ қандай дәмді, тіліңді үйіреді! Ас қорту сөлі
керемет жұмыс істеп, ішектің тазалануы ішкен тамағыңа сәйкес. Осы
бағдарлама бойынша, аптасына 12 рет тамақтанам (аптасына бір күн
ашығамын), қуатым азаймай, ағзам жеңіл жүреді. Осы бағдарламаның
40
арқасында, мен өз ішегімді қалтқысыз, дәл жұмыс істеуге үйреттім. Үлкен
дәрет түскі және кешкі тамақтанудан кейін бір сағаттың ішінде келеді. Кей
кездері тамақ аралығында, алма немесе бірнеше тілім ананас жеймін. Ыстық
күндері қауын – қарбызбен шөлімді басамын.
Адамдардың көпшілігі созылмылы аурумен тұрақты аурады. Менің
көзқарасымша, осының себебі – мөлшерсіз жеген тамақтан.
Америкада тамақ жеу спорт!
АҚШ тұрғындарының 65 – 70 пайызының салмақтары артық. Америкада
тамақ жеу спортқа айналды. Адамдар үзбей тамақ ішеді – таңғы ас, онан
кейін кофе, сонан соң түскі ас, онан кейін тағы кофе. Олар теледидардың
алдына отырып алып, алдыңғы тамақ қортылмай жатып, тағы тоя
тамақтанады. Олардың ылғи шаршап жүрміз деп қыңқылдайтындарына таң
қалуға болмайды. Тіпті ең саумын деп жүрген адамдардың өздері,
қомағайлана жей берумен өздерінің өмірлік қуаттарын кемітіп, ағзаларынан
артық заттарды шығаруға шамалары жетпей қалады!
Өз ағзаңызды тазалықта ұстаңыз
Ауру мен мезгілсіз қартаюда ешқандай құпия жоқ. Сізді жаман
әдеттеріңіз үшін жазалайды, анығырық айтсақ осылардың көмегімен. Егер сіз
толып тұрған ас қорту жолына тамақ шоғырландыруға әдеттенсеңіз, ол
қортып үлгермейді, тек қана миллиардтаған клеткаларыңызды улайды.
Ағзаңызды тазалықта ұстауға үйренбегендіктен, сіз аурусыз және
мезгілсіз қартайып шөгіп кеткен әлсізсіз. Денсаулық пен ұзақ өір сүрудің
құпиясын мына үш сөзбен айтуға болады. «Өз ағзаңызды тазалаңыз!». Осы
даналық сөздерді ми қыртысына қашап жазып алыңыз. Тағы, тағы
қайталаңыз. Біржола есте қалдыру үшін: «Өз ағзаңызды тазалаңыз!». Ашығу
ағзаны тазалаудың, жасартудың табиғат тағайындаған бірден бір жолы. Сіз
үшін мұны ешкім де істемейді. Бұл сіздің, тек қана ерік жігеріңізді талап
ететін жеке ісіңіз. Есіңізде болсын, өмір дегеніміз бейімделгендердің аман
қалуы, ал ашығу – аман қалудың, өзіңді өзің сақтаудың құралы.
Сіз ашығуға дайынсыз ба?
Егер сіз ешқандай шүбаланбай, ашығудың маған пайдасы бар десеңіз,
онда дайынсыз. Есіңізде болсын, санаңызда – ойыңызда ашығам деген мақсат
ұяласа, онда нәтиже болады. Сіз осылай, әр клеткаңызды – ашығу жақсы
жағдайға әкелетініне өте сенімдімін деп иландырасыз. Осы жағдайда, сіздің
клеткаңыз, бұйырығыңызды қабылдауға дайын болады.
Ашығуды 24 сағат таза сумен бастаңыз. Осы бір тәулік ішінде, таза судан
басқа аузыңызға нәр салмаңыз. Егер осы уақыт ішінде жеміс жеп қойсаңыз,
бұл ашығу емес , жеміс диетасы ғана болады және осы кезеңде жеміс - жидек
шырынын ішіп қойсаңыз, бұл да ашығу емес. Менің айтайын дегенім, ашығу
кезеңінде асқазаныңызда таза судан басқа ештеңе болуға тиіс емес. Сіз түскі
астан, келесі күнгі түскі асқа дейін, немесе кешкі тамақтан ертеңгі кешкі
тамаққа дейін 24 сағат бойы тамақтан тиылуыңыз керек. Егер сіз кофе, шәй,
41
ішімдік, сыра ішуге дағдыланып, осылырды ұрттап қойсаңыз жайсыз
жағдайға тап боласыз, атап айтқанда – басыңыз ауырады.
Есіңізде болсын, ашығу – қоздырғыштарды қолданатын жаман
әдеттеріңізден арылуға көмектеседі, таза сумен 24 сағат ашыққанда, шығару
мүшелері арқылы ағза улы заттардың ескі қалдықтарынан құтыла бастайды.
24 сағаттық ашығу кезінде, адамдар өздерінің күнделікті тіршіліктерін
жалғастыра береді, кейде асқазаны аздап қана мазасызданады. Егер санаңыз
тәніңізді билесе, бәрі ойдағыдай болады. Асқазанды бастағы ми билеу керек,
керісінше емес!
Қандай жағдайда болмасын, өз ойлаған ойыңды іске асыратын қажетті үш
нәрсе бар: ерінбей еңбек етуге әдеттену, денсаулықты күтуге әдеттену,
ғылымды үйренуге әдеттену. Егер осы әдеттер бойыңызда бар болса, онда
сізге, осындай әдеттері бар әйел махаббатын силайды, сіз де, ол да осы
мезеттен бастап, әрқашанда бақытты боласыз.
ЭЛБЕРТ ХАББАРД
6 –
ТАРАУ
Мен неліктен тек таза су (дистиллирован) ғана ішемін
Осы кітапта ашығу жайын баяндағанымда, ылғи қайталаймын: «Тек таза
су ғана ішіңіз, жемііс – жидектердің шырындарының дәмін де татпаңыз».
Таза су: бұл аш –екі – о. Осы формуланың білдіретіні, судың құрамында
сутегінің екі, оттегінің бір бөлігі бар. Егер сіз жауынның немесе қардың суын
ішсеңіз, оның құрамында минералды заттар жоқ, осы су минералдардан 100
пайыз таза. Егер сіз жеміс – жидектердің шырынын ішсеңіз, онда таза сумен
бірге шырында еріген қоректі заттарды – табиғи қант, микроэлементтер мен
витаминдерді қоса ішесіз. Егер сіз таза суды құдықтан, өзеннен т.б. жерден
ішсеңіз, біліп алыңыз, бұлардың құрамында еріген минералды заттар бар.
Кейде осы суларды қатты сулар дейді, себебі құрамында өлі заттар көп. Енді
аздап химиядан түсіндірейін. Табиғатта екі зат бар: тірі (органичесие), өлі
(неорганические). Өлі заттар инертті, бұның мағынасы оларды ағза, тіршілік
иелері сіңіре алмайды.
Біздің ағзамыз тірі немесе бұрын тірі болғандардан шыққан 16
элементтен құралады. Біз алма немесе басқа жемістер мен көкеністерді жесек
–
олар тірі заттар. Олар жинап, теріп алғанша белгілі уақыт өмір сүрді.
Осының еттен, балықтан, сүттен, жұмыртқадан жасалған тағамдарға да
қатысы бар. Біздің өміріміз бен денсаулығымызды қалыпты ұстау үшін, тірі
заттар өмірлік қажеттілік. Егер бізді, адам аяғы баспаған, ешнәрсе өспейтін
аралға апарып тастаса өліп қаламыз, тіпті аяқ астымыздағы топырақта
керекті 16 элемент бар болса да, біздің ағзамыз бұны сіңіре алмайды. Осы
элементтерді топырақтан тек өсімдік қана сіңіре алады. Өлі заттардан бір де
бір адам қорек ала алмайды.
Талай жыл бұрын Қытайда экспедицияда болдым, сол кезде осы елдің
бір бөлігі аштық пен құрғақшылықтан зардап шегіп жатқан. Мен осы
бақытсыз адамдардың, аштығын басу үшін топырақты жегендерін өз
42
көзіммен көрдім. Топырақтағы өлі заттар қанықтырмағандықтан, осы
бишаралар азаптанып өлді.
Жылдар бойы естимін, бәленбай судың құрмында минералдар көп екен
деп. Не жайындағы әңгіме? Өлі заттар біздің ағзамызға ауыртпалық қана
әкеледі, олар қортылып сіңірілмейді, сондықтан да, біздің өтімізде,
бүйрегімізде тас пайда болады, қан тамырларымызға улы қышқыл
қалдықтары шоғырланады.
Мен өскен Вирджиниде, натрий, кальций, темірлермен қаныққан ауыз суы
қатты болды.
Менің көптеген туыстарым мен достарым бүйрек ауруынан өлді. Бұлардың
бәрі ерте қартайды, себебі өлі заттар қан тамырларына қақ болып қатып,
өлулеріне әкеп соқты. Менің бір ағайым Мериленд штатында, Балтиморда
әйгілі Джон Гопкинс атындағы емханада өлді, сол кезде 48 жаста болатын.
Дәрігерлер ашып көргеннен кейін айтты, қан тамырларының қатып қалғаны
соншалық, балшықтан жасалған түтік сияқты, өлі заттардың оның қан
тамырларының қабығына сіңірілуі осындай дәрежеге жетіпті.
Мүмкін сіз естіген шығарсыз: «Буланған таза су - өлі су, оның ішінде
балықтар да тіршілік ете алмайды». Әрине, жаңадан буланған таза суда
балықтар ұзақ өмір сүре алмайды, оларға өзен мен көлдердегі сияқты
өсімдіктер қажет. Енді осыны басқа қырынан қарайық. Сіз Жапоняға үлкен
жолаушылар кемесімен бара жаттыңыз дейік. Кеме апатқа ұшырады делік,
сіз және басқа жолаушылар қайықтың үстінде бірнеше күн, ашық теңізде
қалуға мәжбүр болдыңыздар. Ішетін суыңыз тек қана жауындікі. Сіз
айтпайсыз ғой: «Жауынның суы буланған таза су, ішпеймін, себебі өлі су».
Әрине сіз ішесіз, осымен жер бетіндегі буланған таза су ішетін миллиондаған
адамдардың қатарына қосыласыз. Көпшілік адамдар тек осындай су ғана
ішеді. Бермуд аралдарының топырағы борпылдақ өте бос, кеуек сияқты.
Сондықтан жергілікті тұрғындар үйлерінің төбесін су жиналатын етіп
жасайды да, суды ыдыстарына құйып алады.
Иса пайғамбар кезеңінде, әлемді билеген Капридегі құдіретті Тиберия
императорының сарайының қабырғасына жасалған, жауын суын жинайтын
керемет астау бар. Бүгін де 2000 жыл өтсе де, жергілікті тұрғындар
құрғақшылық болғанда осы ыдысты пайдаланады. Мен осыны өз көзіммен
көрдім. Егер сіз Капри аралына бара қалсаңыз өзіңіз де көресіз.
Осыдан талай жылдар бұрын, мен өзімнің марқұм досым Дуглас
Фербенкспен бірнеше ай Тынық мұхитындағы Полинезия аралдарында
саяхаттадық, сонда тек таза жауын суын ішетін дендері сау, сымбатты
түземдіктерді көрдік. Қоршаған мұхиттың суы ішуге жарамсыз. Аралдар
шұрық, тесік су ұстамайтын ұлу қабыршықтарының топырағының үстіне
орналасқан, түземдіктер сол себепті жауын суын немесе кокс жаңғағының
шырынын ғана ішеді. Біздің кемеде бірнеше дәрігер болды, осы дәрігерлер
аралдың ең кәрі дегендердің жүректерін тексергенде, осы уақытқа дейін, тап
осындай денсаулықтары мықты қарияларды көрген жоқпын деді. Назар
аударыңыз, мен тек кәрі жасы жеткен адамдар туралы айттым. Мен бұрын
соңды осындай әдемі, сұлу еркек - әйелдерді кездестірген емеспін. Олар
43
өздерінің жастарын білмейді, тіпті бұндай түсінік сөз қорларында да жоқ.
Олар жылдар өтсе де көп өзгермейді, туған күндерін атамайды. Шалдарының
өздері, шапшаң ұлттық билерді жастардан кем билемейді.
Бірнеше жыл бұрын мен Мароккадағы Атлас тауына экспедицияға
шықтым, осында шөл ортасында тұратын алапат адамдарды көрдім, олар тек
жауын суын ғана қолданады.
Әлемдегі барлық дәріханаларда, дәрілер тек қайнатылып буланған судың
негізінде жасалады. Қайнатып буланған су ағзадан тірі заттарды шайып
кетеді деген пікір дұрыс емес. Ол өлі су емес. Ол адам ішетін ең таза су.
Қайнатылып буланған су, қазіргі өркениетті дамыған адамның ағзасында
шоғырланған уларды ерітеді, бүйректегі тастарды шаяды. Бұл жұмсақ су.
Осы сумен шашыңызды жуып байқасаңыз, көзіңіз жетеді. Жер бетінде су
айланып тазаланады. Күн суды бұлтқа айландырады, олар жауын түрінде таза
су болады. Табиғаттың ұлы ғажайыптарының бірі.
Осыдан 50 жыл бұрын болжағанмын, теңіздің тұзды суын, таза суға
айландыратын қондырғылар жасау керек болады деп. Менің болжамым іс
жүзіне асқанын көрдім. Кубадағы АҚШ – тың Гуантанамодағы үлкен әскери
тұрағында, қайнатып буланған суды ғана қолданады. Американың әскери
теңіз флотында, мыңдаған адамдары бар кемелерде көп су алып жүретін
орын жоқ, сондықтан олар теңіз суын қайнатып буландырып ішеді.
Калифорния штатындағы Голливудтағы менің үйіме суды 20 литрлік
ыдыспен алып келеді, осы су менің жұмыс орнымда да бар. Бұл суды
Американың кез келген дүкенінен алуға болады, осы суды сәбилер тамағына
және басқа мақсаттарға пайдаланады.
Мыңдаған үйлерде су жұмсартқыштар бар, себебі қатты су балалардың
терісіне, кір жуғанда қолға әсер етеді. Жұмсартқыштан су ішпеңіз. Жыл бойы
қайнатылып буланған суды ішіп байқаңыз, сонан кейін басқа суды ішкіңіз
келмейді. Ашыққан кезде қайнатылып буланған судан басқа ешнәрсе
ішпеңіз.
Денсаулық - әлемдегі ең табиғи қалып. Деніңнің сау болуы табиғи, себебі біз
табиғаттың бір бөлшегіміз. Табиғат бізді жақсы қалыпта ұстауға бар
күшімен тырысады, себебі өзінің істері үшін біз оған қажетпіз.
ЭЛБЕРТ ХАББАРД
Достарыңызбен бөлісу: |