Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата03.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#5918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
 
 
Өзіңді өлімге неге ерте қиясың? 
      
Нақ  біліңіз,  қанның  улануы  (аутоинтоксиация)  –  біздің  ең  қоқынышты 
жауымыз.  Барлық  аурулардың  себебі  қанның  улануы.  Жүректің,  бауырдың, 
бүйректің, буындар мен қан тамырларының ауруының, мезгілсіз қартаюдың, 
басқа  себептермен  салыстырғанда  бірден  –  бір  себепкері.  Қанды  таза  ұстау 
жарты  жұмыс.  Сіз  асқазаныңызға  алдыңғысын  қортып  үлгере  алмай 
жатқанда, қосымша тықпаштағанның үстіне нығарлай беріп, қосымша жұмыс 
тауып бересіз. 
    
Сізді  белгілі  бір  уақытта  тамақ  жеуге  үйретті.  Қарныңыз  аш  па,  тоқ  па 
түсте  тағы  тоя  тамақ  ішуге  тиістісіз.  Осылай  масқара  әдіспен  тамақтану, 
барлық  соңғы  кезде  ашылған  ғылми  тұжырымдарға  қарама  қайшы.  Мен 
жақында бірнеше апта бойы теңізбен саяхаттадым. Жолаушыларға таңертең 
ерте  каюталарына  таңғы  астарын  әкеп  береді,  бірер  сағаттан  кейін  ыстық 
тоқаш, сүрленген сиыр еті, жұмыртқа, қуырылған картошка, асылған ет, түр 
түрімен тәттілер және қалауыңша кофе ішкізіп, таңғы сағат 11 – де палубада 
қосымша тағам, ал түскі мол асты күндізгі бірде беріп, түстен кейін сағат 4 – 
те  печенье  мен  шәй,  кешкі  7  –  де  үлкен  кешкі  ас,  түнгі  11  –  де  буфетте 
тамақтану.  Сенсеңіз  де,  сенбесеңіз  де  бірнеше  аптаның  ішінде  теңізге  9 
адамды  жерледік.  Қанулану!  Өз  -  өзінен  улану!  Сіз  артық  тамақ  жеген 
уақытта,  ішегіңізде  божу  мен  шіру  ағымы  жүріп,  тепе  –  теңдік  бұзылып, 
ішегіңізде микробтардың өсіп өрбуіне жағдай туғызасыз. 
 
 
 
 
Қазіргі өмір салтымыз - өзіңді өзің біртіндеп өлтіру  
      
Бесіктен беліңіз шықпай жатып, қамсыз қалыпта, жыл артынан жылдарың 
жылыстап  өте  береді.  Рахаттанып,  білместіктен  өзіңді  май  шам  сияқты,  екі 

 
29 
жағыңнан  бірдей  жаға  бересің.  Кей  кезде  ортасынан  да  жағуға  тырысасың. 
Біз уақытымыздан ерте өлеміз, себебі дұрыс ойлауымыз жетіспейді.  
    
Шүбәланбаймын,  қалыпты  туған  адам,  денсаулық  ілімімен  сәйкес  өмір 
сүрсе,  қиналмай  –  ақ  120  жыл  өмір  сүре  алатынына!  Неге  жоқ!  Кәріліктің 
ауруы болмайды. Сізді өлтіретін нәрсе ғана бар. Бұл белгілі бір ауру. Бірақта, 
бала күніңнен дұрыс тамақтансаң, аптасына бір, жылына он күннен бірнеше 
қабат ашықсаң, өлімге ұшырататын аурумен аурмауға мүмкіншілігіңіз бар. 
     
Біздің  заманымызда  балаларды  мүлдем  дұрыс  тамақтандырмайды. 
Біріншіден,  көптеген  аналар  сәбилеріне  ең  керекті  –  ана  сүтін  бермейді, 
емшек  емізбейді.  Сәбилер  тамақты  бөтелкеден,  қораптан,  өлі  қант  пен  ақ 
ұннан  және  өмірге  аса  қауіпті  тұзбен  қоса  алады.  Сәбидің  ағзасы  туа 
салысымен бұзыла бастайды - мезгілсіз апатқа апаратын. 
 
 
Он  адамның  тоғызы  -  өзін  өзі  өлтірушілер.  БЕНДЖАМИН 
ФРАНКЛИН 
      
Денсаулық  туралы  анық  білгіңіз  келсе,  жан  жағыңызға  назар 
аударыңызшы.  25  миллион  американдықтар  шығыс  пен  батыс 
жағалауларында  шашырай  орналасқан  емханаларда  жатыр.  300 000 
дәрігерлер  (медбике  т.б.  қоспағанда)  осы  өмірден  күдер  үзген  ауруларды 
емдеуге жанталасуда. 
    
Көптеген балалардың тістері шіріп бұзылғанын анықтадым. Біз жазылудан 
күдер үзіп, аурған ұлтпыз! Салауатты, өміршең елде тұрамыз деп айтып, бізді 
алдайды.  Бірақта  дәлелдер  мен  сандар  өтірік  айтпайды.  Тіпті  артық  тамақ 
ішпесең  де,  жегенің  жұқпайды.  Сіздің  тамағыңыз  сілтіліктің  орнына 
қышқылдық  ағым  (реакция)  береді.  Тіпті  физиологиядан  аз  ғана  тамақ  пен 
ашығу туралы хабарың болса, сізді құтқарар еді. Надандық – ең қатерлі жау. 
Микроб  өндірісінің  жүретін  фабрикасы  болуды  тоқтатпай,  сізде  қалыпты 
өмір болмайды. 
 
 
 
 
Қалың маймен майланған табадан 
       
Мен  оңтүстік  Вирджиниде  тәрбиелендім.  Тамақтануым  сұмдық 
болды.Тамақтың  90  пайызы  табада  қуырылып  дайындалды.  Қуырылған  ет, 
картошка,  шошқа,  сиыр,  сүрі  ет  т.б.  Жегенім  қою  кілегей,  крем,  тәттілер, 
түрлі  самсалар,  қайнатылған  тәтті  жемістер.  Өткенімді  еске  алсам,  жылдар 
бойы  қан  уланудан  зардап  шегіп  жүргенімді  білмеппін.  Әр  түрлі 
қоздырғыштардан  басқа,    көптеген  улы  заттарды  жеппін.  Сол  кездегі 
денсаулығым, ата бабаларымнан берілген денсаулықтың маңына да бармады. 
       
Мен 8 сағат ұйықтаудың орнына 10 сағат ұйықтадым, бұл қан уланудың 
нәтижесі  еді.  Көп  ұйықтағанның  өзінде  де,  өзімді  сергек  сезінбедім, 
керісінше жүнжіп, мәңгіріп. аузымда жаман кермек дәм болды.  
       
Өмірлік  қуатты  жандандыратын  өзіміз  ұйықтайтын  бөлмемізге  назар 
аударайық.  Осы  бөлмені  таң  шапағының  нұрына  бөленетіндей  толық 
тыныштық пен әсемдікке айландырайық. Арайлап атқан күнді қарсы алайық. 
Ерте  тұруды  әдетке  айландырыңыз,  көп  шаруаңызды  бітіресіз.  Өзіңізді 
қысасаңыз әдеттеніп аласыз. Ерте тұрып, сіз жұмыс күнін ұзартасыз, түстен 
кейін біраз көз шырымын алып алуыңызға да уақытыңыз болады. 

 
30 
     
Неге  адамдардың  көпшілігі  темекі,  ішімдік,  кофе,  шәй,  пепси  –  кола 
сияқты  қоздырғыш  заттарын  қолданатыны  маған  толық  түсінікті.  Олар 
қандарының  улану  нәтижесінен  болған  келеңсіздіктерді  жоюға  тырысады. 
Менің улар әкелетін сұмдықтарды тізіп жаза беруіме болады. Менің қаным, 
өмірімнің  бастауында  –  ақ    улануға  ұшырады.  Ешкім  де  таза  ағын  суды 
әдейілеп уламайды, бірақта біз өміріміздің ең бір асыл бөлшегі – қанымызды 
тұрақты түрде улаймыз. 
 
Қышқылдықты (ацидоз) қалай жеңу керек 
         
Маған осы жылдары, біздің қанымызда сілтілік ағым болу керек екенін 
дәлелдеу  үшін,  көп  еңбектенуге  тура  келді.  Біздің  көпшілігімізде  қанымыз 
қышқылдық әрекетті береді. 
     
Бас ауруынан бастап, асқазанның қортпауы, безеу шығу мен кәдімгі тұмау 
қышқылданудың  салдары,  ал  осының  өзі  қанның  улануының  кесірінен 
болады. Қан өте ласталғанда, мүмкіндігі болса өзімізді бас салғалы отырған, 
ауру  әкелетін  микробтардан  біз  қайтіп  қорғана  аламыз?  Біз  микробтардың 
әлпештеп  өсулеріне  жағдай  жасаймыз,  олар  біздің  ішімізде  өз  үйіндегідей 
сезініп, біздің есебімізден, өзімізді талқандауға, бұзуға жол береміз. Кезіндегі 
мен  сияқты  білмей,  сіз  сұрарсыз:  «  Осы  қышқылдықты  қалай 
бейтараптандыруға,  қанды  қалай  тазалауға  болады?»  -  деп.  Жауап  мынау: 
«Қаныңды  сілтілік  қоспалармен  қанықтыру  арқылы  ғана».  Қанның  улануы 
белгі  бере  бастасымен  –  ақ    3  –  4  күн  ашық,  сонан  кейін  сілтілік  әрекет 
беретін тамаққа көш және қышқылдық әрекет беретін тамақтардан бас тарт. 
«Қандай  тамақтар  сілтілік  әрекет  береді?»  -  деп  сұрарсыз.  Ең  бастысы 
жаңадан үзіп алынған жеміс – жидектер, көкөністер, шөп қосылған салаттар. 
Сіздің  тамағыңыздың  60  пайызы  шикі  және  дайындалған  көкеністер  болу 
керек. Қандай болмасын тамақтың алдында шикі көкөністен жасалған салат 
пен жаңа үзіп алынған жемістер жеңіз. Осы сілтілік өнімдердің сіздің ағзаңыз 
үшін  маңызы  өте  зор.  Кейбіреулер  айтады,  жеміс  –  жидектерді 
жақтырмаймыз  деп.  Бұлай  болуы,  сіздің  қаныңыздың  әрекеті  әзірше 
қышқылдық, сіз сілтілік әрекет беретін тамақтарды жеген кезде, олар қанды 
улардан  тазалай  бастайды,  сіз  өсімдік  тамағына  бейімделе  бастайсыз,  олар 
ұнағанның  үстіне  ұнай  түседі.  Тек  әлсіреген  және  уланған  ағза  ғана 
жемістерден, көкеністерден дайындалған тағамдарды қабылдамайды. 
 
Артық тамақпен өзіңізге зиян келтірмеңіз. Артық тамақтансаң жасыңызға 
жетпей өлесіз. 
 
 
 
 
Көкеністер мен жеміс – жидектер табиғи тазалағыштар 
        
Егер  сізге  кейбір  жемістер  мен  көкеністер  ұнамаса  біліңіз,  бұлар 
пайдалы, ағзаны тазалайтын тағамдар. Бастапқыда, улардан тазаланғанша аз 
– 
аздап жеңіз. Аптасына 24 сағат ашығуыңыз, улардан арылуға көмектеседі. 
Егерде 3 – 7 күн ашығуға жігеріңіз жетсе, онда ағзаңыз зиянды қалдықтардан 
мүлдем арылады. 

 
31 
       
Қандай тағамдар қышқылдық әрекет береді? Негізінен қант, кофе, шәй, 
көмір  сутегінен  және  ұннан,  еттен,  балықтан  дайындалған  тағамдар  мен 
қоздырғыш ішімдіктер. Әрине, осы тағамдардаың жартысын пайдаланбаудың 
өзі сізді шошытады, егер сіз өмір жасыңызды ұзартқыңыз келсе, көнуге тура 
келеді.  Ақыр  соңында,  алғашында  шошынғанның  өзінен,  есіңе  алсаң 
шошитын  боласың.  Бастапқыда  жаңа  мақсат  орындалмайтындай  көрінеді, 
себебі  өзіңіз  көз  алдыңызға  солай  елестетесіз,  ойлайсыз.  Осы  мақсаттың  іс 
жүзіне  асуын  ойлап,  алдымен  санаңызға  сіңіріңіз,  қалғаны  оңай. 
Жемістерден,  көкеністерден,  жаңғақтан,  көк  салаттардан,  дәндерден 
құралатын  тағам  мәзірін  сақтаудың  еш  қиындығы  жоқ.  Нәрлі  жемістерді, 
түрлі  –  түрлі  салаттарды  қанша  мөлшерде  болса  да  дайындауға  болатынын 
ешкім  де  жоққа  шығара  алмайды.  Барлық  дәндер  мен  жаңғақтар  дәмді  әрі 
құнарлы.  Аздап  қуырылған  грек  жаңғағы,  күнбағыстың  дәні,  арахис  т.б. 
тәбетті  және  пайдалы.  Егер  сіздің  қаныңызда  зиянды  қалдықтар  мен  улар 
басым болса, тамағыңыздың негізгі бөлігі жоғарыда аталған тағам түрлерінен 
құралу  керек.  Егер  сіз  ет  жесеңіз,  аптасына  2  –  3  рет  қана  жеңіз.  Өзіңізді 
жаман  сезіне  бастағанда  бірден  сілтілік  мәзірге  көшіңіз.  Бұның  белгілері  – 
бас  ауруы,  ауыздағы  кермек  дәм,  әлсіреу,  енжарлық,  топастану  т.б.  Әрине 
бұл  белгілер  онша  қорқынышты  емес,  бірақ  осының  арты  ауыр  жағдайға 
апаруы мүмкін екенінің хабаршысы. Бауырыңыз ауыра бастаса, бірден ет пен 
майлы  тамақтан,  қант  пен  көмір  сутектерінен  бас  тартыңыз.  Басқаша 
айтқанда,  оларды  табиғи  жемістер  түрінде  қолданыңыз.  Қажетті  белокты 
жаңғақ пен дәннен жеткілікті мөлшерде ала аласыз. 
      
Сіздің  қаныңыздың  уланғанын  білу  қиын  емес.  Егер  өзіңіздің  өмірлік 
күшіңіздің шегіне жете бастағанын сезсеңіз, қалпыңызға келе алмасаңыз 36 
сағаттан бастап 3 – 4 күн ашығыңыз. Таза судан басқа ештеңе ішпеңіз. Мен 
тазаланған су ішемін (осыған кейінірек кеңінен тоқталамын). 
      
Сіздің өте тамақ ішкіңіз келеді. Бірақ бұл нақ аштық емес, ағзаның белгілі 
бір  уақытта  тамақ  қабылдауға  үйренген  әдеті.  Есіңізге  тағы  салайын:  ТӘН 
АҚЫМАҚ,  онда  нәпсіқұмарлық  көп,  бірақта  сіз  қожайын  болып  қалуға 
тиіссіз, сіздің санаңыз тәніңіздің әміршісі болуға тиіс. Ашығу бірбеткейлікті, 
ерік күшті қажет етеді, бұл тән мен сананың айқасы. 
      
Мен өзімнің алғашқы төрт тәулік ашығуымды жақсы білемін. Сол кезде 
маған  басшылық  жасаған  Швейцарияда,  Лозаннадағы  атақты  дәрігер  А. 
Роллье  еді.  Ол  кезде  мен  көксау  (туберкулез)  едім,  ауырып  санаториде 
жылдан  астам  жатқанмын.  Дәрігер  Роллье  мені  ауыр  сын  күтіп  тұр  деп 
ескертті  –  шындығы  солай  болды.  Менің  қайырымды  дәрігерім,  күнделікті 
кіші  дәретімді  жинауға  бұйрық  етті.  Мен  күнделікті  кіші  дәретімді  жинап, 
шишаға  сақтадым  да,  бақылауға  алдым.  Дәретім  салқындап  тұнған  сайын, 
ағзамнан көптеген басқа заттардың бөлініп шыққанын көрдім. 
      
Есіңізде  болсын:  аурған  адам  дәрігердің,  не  ашығу  жайында  мол 
тәжрибесі  бар  адамның  бақылауынсыз  ашығуға  болмайды.  Ашығуымды 
қалай  аяқтадым,  мені  бірден  көкеністер  мен  мен  қайнатылған  жемістерден 
дайындалған  сілтілік  тамаққа  отырғызды.  Ашығудан  екі  аптадан  кейін,  өз 
басым  бұрын  соңды  болып  көрмеген  жеңілдікті,  тамаша  көңіл  күйді 

 
32 
басымнан  кешірдім.  Сол  уақыттан  бері  менің  денсаулығым  мен  өмір 
сүргіштігім  күрт  жақсара  түсті.  Дәрігер  Ролльенің  бақылауымен,  тағы 
бірнеше рет ашықтым. Ол менің 24 сағаттық, сонан кейінгі тоғыз айда 7 – 14 
және 21 тәуліктік ашығуыма басшылық жасады. Ашығу аралығында сілтілік 
мәзір ұстадым. 
 
 
 
 
Асқазаныңызда сілтілік әрекет қалыптастырыңыз 
         
Қан  уланудан  сақтануыңыз  керек.  Талай  рет  айтқан  шығарсыз: 
«Шаршап, әлсіреп, түрім бозарып тұр. Бұлай болады, өмір осылай!». Қатты 
қателесесіз.  Сіз,  бірқалыпты  көтеріңкі  көңіл  күйді  тұрақты  сақтай  аласыз. 
Сіз,  ағзаңызды  жақсы  күтім  болса,  ешуақытта  бұзылмайтын  тамаша 
механизм деп есептеуіңізге болады.  
        
Қан  уланудың  алғашқы  белгілерін  қалт  жібермей  қадағалап  отырыңыз, 
тілдегі ақ таңдақ, ашушаңдық, қанның бетке шапшуы – осы белгілерге көңіл 
аудармай  жүрмеңіз.  Бұл  бүгін  білінбесе  де,  ертең  айқын  білінетін  қауіптің 
хабаршысы.  Қанның  улануы  қорқынышты,  ол  шоғырлана  береді.  Өзіңді 
құтқару  үшін  ертең  емес,  бүгін  қимылда.  Өмір  деген  -  өзіңді  өзің  қорғау. 
Қарсыласыңыз басында басым болғанмен де, ұзақ арпалыста сіз жеңесіз. Сіз 
өзіңізден мықты жаумен шайқасасыз. Түбінде сіз жеңілесіз, бірақ соғыстың 
созылу ұзақтығы, тікелей өзіңізге байланысты. 
      
Қанның  улануы,  ол  ұрындыратын  кесапат,  осы  ортада  өсетін 
микроорганизмдер  жайлы  бәрін  білу  қажет.  Егер  қан  үнемі  улана  берсе,  ол 
қан  қысымының  деңгейінің  ұдайы  жоғарлауына,  осының  нәтижесі  қан 
тамырларының  қабырғасына  қақ  тұруына  әкеп  ұрындырады  (атеросклероз). 
Шынжыр  былай  тұйықталады:  қышқылдық  тағам  (диета)  –  қан  улану 
(аутоинтоксикация)  –  қан  қысымының  деңгейінің  жоғарлауы  –  қан 
тамырларының қатуы (артерия) – мезгілсіз ажал. Сондықтан да, сіздің ішкен 
тамағыңызға  қарап  әпенде  деп  санаса  да,  назар  аудармаңыз.  Осы  әпенделік 
сізді зираттан құтқарады. Өздерін қалыптымыз деп санайтын адамдар күлсе 
күле  берсін,  сіз  соңынан  күлесіз.  Қауіптің  бірінші  белгісі  білінісімен  –  ақ, 
картошкадан памидорға, май мен ірімшіктен – жемістерге көшіңіз. Егер қан 
әрекетін  бейтарапты  қалыпта  ұстай  алмасаңыз,  сілтілік  бола  берсін. 
Қышқылдануына  жол  бермеңіз.  Қауіптің  қорқыныштысы  сол,  бірден 
білінбейді. Өздерінің қандарының созылмалы түрде уланғанын және осының 
салдары  әртүрлі  келеңсіздіктерге,  аурулаға,  ең  соңында  мезгілсіз  өлімге 
апаратынын көпшілік білмейді. 
 
 
4 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Улы қышқылдардың қиыршықтары 
        
Көшеде қалтарысқа тұрып алыңыз да, жүргіншілердің жүрісіне қараңыз. 
Аяғы, тізесі, жамбасы, омыртқасы, басы бәрі қатып қалған сияқты. Жүргенде 
буындары  еркін  бүгілмейді.  Аяғына  қараңыз.  Адамдар  аяғын  әзер  көтеріп, 
жалп  еткізіп  тастай  салатын  сияқты.  Тізелері  бүгілмей,  омыртқа  мен  басы 
қатып, барлық денесі нәзік қимылынан айырылып қалған сияқты. 

 
33 
 
 
 
 
Буындар майланудың орнына цементтелген 
       
Адамның  әрбір  буынын  табиғат  иілгіштіктің  мол  қорымен  қамтамасыз 
еткен,  осыны  іске  асыратын  сұйықты  синовиалный  деп  атайды.  Он  жасар 
балаға қараңызшы, буындары қалай жеңіл иіледі. Неге? Сіз бұлай деп жауап 
бересіз:  «Мына  балаға  бар  болғаны  10  жас,  маған  66  жас.  Менде  он  жасар 
баланың  қимылындай  қимыл  жоқ  қой».  «Неге  болмасқа?»  -  деп  мен 
сұрармын. 
      
Синовал  сұйығының  мөлшеріне  өмір  сүрген  жылдар  әсер  етпейді. 
Буындарды  қатыратын  бірақ  себеп  бар,  ол  улы  қышқылдардың 
қиыршықтары.  Адамның  жасы  өздігінен  улы  емес.  Сіз  -  40,  50,  60,  70  жыл 
өмір  сүрсеңіз  де,  синовал  сұйығының  мөлшері  азаймайды,  уақытқа  тәуелді 
емес. 
 
Біздің ағзамызда улы қышқылдар қиыршығы қалай пайда болады 
      
Ағзамызда күнделікті тіршілікте пайда болатын уларды шығаратын басты 
төрт шығару жүйесі бар. Табиғатқа сәйкес, біз тамақ жейміз, сұйық ішеміз, 
ауамен дем аламыз. Адамдардың басым бөлігі тамақты әдет бойынша қарны 
ашпаса  да  өте  көп,  қомағайланып  жейді.  Оларға  белгілі  сағатта  тамақ  ішу 
керек деп миына сіңіріп қойған. Өзімнің мол емдеу тәжірибеммен білуімше, 
осы адамдар үзбей ішкен тамақтарын сіңіріп қорта алмайды. Олар таңертең 
сылқия  тоя  жегенге  әдеттенген,  қарны  аш  па,  тоқ  па  шаруа  жоқ:  ыстық 
тоқаш,  жұмыртқа,  ет  түр  –  түрімен,  мармелад,  шошқа  шұжығы,  торттар, 
қуырылған картошка, вафли, кофе, шәй, шокаладтарға. 
     
Осы  ауыр  тамақтарды  қортуға,  сіңіруге,  шығаруға  ағзаның  өмірлік  күші 
жетіспейді.  Бұндай  жағдайда  улы  заттар  ағзада  шөгеді.  Олар  қозғалатын 
буындарға  жиналып  шоғырланады.  Бұл  біртіндеп  жүретін  ағым,  буындар 
мазасыздық  әкелмей  сезілмейді.  Ұзақ  жылдар  бойы  дұрыс  тамақтанбаудан, 
кальцимен  қанықтырылған  қышқылдардың  қиыршықтары  буындарға 
шоғырланып, синовиал сұйығын алмастырады, осы мезетте буындар ауырып, 
қозғалысы  кеми  береді.  Бірінші  шабуыл  -  аяқ.  Табанда  26  қозғалатын 
сүйекшелер  бар,  ағзадағы  ең  көп  жылжымалы  сүйектер  осында.  Буындар 
біртіндеп  иілгіштігін,  майсқақтығын  жоғалтады.  Буындар  қатып,  қозғалу 
азаяды. Улы қышқылдар қиыршығы табаннан жоғары көтеріліп, аурудан тізе 
запа шегеді. Онан кейін жамбастағы жылжымалы сүйектерге көтеріледі. 
 
 
 
 
Бел ауруы – адамзат қасіреті 
       
Арқасы аурмайтын адам аз. Байқасаңыз, орта жастағы адамдар шалқайып 
түрекелген кезде, бет әлпеті ауырсынғаннан өзгеріп кетеді. Күнделікті естуге 
болады:  «Ой,  белім!».  Улы  қышқылдардың  қиыршықтары  белге  келіп 
тұрақтап  тұрып  қалмайды,  онан  әрі  иық,  шынтақ,  мойын,  тіпті  білек  пен 
саусақ  буындарын  да  жаулайды.  Кейбір  адамдардың  уланғаны  соншалық, 
өзінің жұдырығын да түйе алмайды. Бәрінің айтатыны: «Буындарым ауратын 
себебі,  мен  қартайып  барамын».  Бұған  сенбеңіз.  Басты  себеп  –  улы 
қышқылдардың  қиыршығы.  Американдықтар  буын  ауруын  жеңілдету  үшін 

 
34 
миллиардтаған  дәрі  құтықшаларын  қолданады.  Мыңдаған  адамдар  ыстық 
минералды  сулардан,  ванналардан  т.б.  әдістерден  пана  іздейді.  Мен  өзім 
буыннан  зардап  шекпеймін.  Менің  ұсынысымды  буынды  емдейтін  кезекті 
дәрі  ретінде  қабылдануын  қаламаймын.  Бірақ,  осы  шырғалаңнан  шығатын 
жол бар екеніне мен сенімдімін. 
 
 
 
 
Тазалану үшін ашығу 
          
Сіз,  24  не  36  сағат  немесе  3  –  10  тәулік  ашыққан  уақытыңызда, 
ағзаңызда  денсаулық  күші  жұмыс  істей  бастайды.  Мен  тағы  қайталаймын, 
осы күштер сіздің ағзаңызды жаңалайды. Осы қуат әрқашан да сізбенен. Сіз 
таза  сумен  толық  ашыққан  уақытыңызда  –  шайнауға,  жұтуға,  қортуға, 
сіңіруге, шығаруға жұмсалған өмірлік күшіңіз, енді ағзаны тазалауға кіріседі. 
Сондықтан  да,  ашығу  –  терең  ішкі  тазалау,  өмір  күшін  қалпына  келтіретін 
физиологиялық демалыс. 
      
Сіз  60  келген  адамсыз  деп  есептейік,  құрсағыңыз  ашпаса  да  күніне  үш 
мерзім  тамақтану  әдетке  айланып  кеткен,  нәтижесінде  улы  қышқыл 
қиыршықтары буындарыңызға сіңе береді.Табиғатқа, сіздің ағзаңыздағы ішкі 
күштер  -  ашығу  арқылы,  жылдар  бойы  жиналған  осы  қиыршықтарды 
талқандауға мүмкіншілік береді. 
 
Өзін өмірге қайта қайтарған мүгедек 
       
Эванс  мырзаның  маған  осыдан  он  жылдай  бұрын  келгені  әлі  есімде. 
Кабинетіме  қатты  ақсаңдап  кірді.  Калифорниядағы  белгілі  дәрігер 
физиотерапиямен  емделуді  тағайындапты.  Мен  де  физиотерапевпін, 
Калифорния штатының дәрігерлік комиссиясының рұқсаты бар. 
      
Бұл 
адамның 
тарихы 
да, 
Құрама 
Штаттарда 
тұратын 
миллиондағандардікіне  ұқсас.  Өзінің  ғажайып  ағзасын  қалай  күтуді 
ешуақытта  үйретпеген,  есесіне  күніне  үш  мезгіл  не  болса  соны  ішіп  жеуді 
қалт  жібермеген,  өзі  осыған  өкінеді.  Мен  осы  кітапта  бірнеше  рет 
қайталадым:  ТӘН  АҚЫМАҚ.  Сіз  ояу  жүрген  кезіңізде,  қай  уақытта 
болмасын,  асқазаныңызды  не  болса  сонымен  толтырып  алуыңызға  болады. 
Сіз  ұйқыдан  тұрғаннан  кейін,  қуырылған  ет,  жұмыртқа,  картошкаға    ыңқия 
тойып,  осының  бәрін  бес  кесе  кофемен  ары  итересіз,  есіңізде  болсын, 
бұраудың да сұрауы бар. 
     
Ең алдымен, сіз жейтін наныңызды маңдай теріңізбен табуыңыз керек, бұл 
дегеніміз,  ішкен  тамағыңыз  сіздің  қимыл  –  қозғалысыңызға  сәйкес  болуы 
керек.  Бірақта  Эванс  мырза,  орта  жасқа  келгенше  тамақты  бұрын  жас 
күнінде,  фермада  ауыр  жұмыс  істеп  жүрген  кезде  қалай  ішті,  қазір  де 
солай.Оның  буындары  біртіндеп  улы  қиыршықтарға  толып,  жүйкесі 
жұқарып,  ауруы  жанын  жегідей  жеді.  Ол  осы  бейнеттен  құтылатын  жеңіл 
жол іздеді, бірақ мен ашығын айттым, жылдар бойы дұрыс тамақтанбаудың 
және  зиянды  әрекеттердің  нәтижесі  қазіргі  ауруына  әкелгенін,  оған  қазір 
ашығу,  сілтілік  тағамдар  мәзірін  ұстау  арқылы  ауруын  азайтуға  болатынын 
айттым.  Ол  мәдениетті  адам  болды,  менің  айтқандарымды,  ұсынысымды 
бірден қабылдады. Біз таза сумен үш күндік ашығуды бастадық. Ашығудан 

 
35 
шыққан кезде, таңғы асқа көкеністерді, түскі тамаққа салат және жемістерден 
пісірілген  тамақ  жеді.  Кешкі  асқа  ұнтақталған  сәбіз  бен  капуста  және 
қайнатылған  көкеністер.  Етті,  балықты,  жұмыртқаны  және  сүттен 
дайындалған  тағамдарды,  тұзды,  ұннан  жасалған  тамақты,  бұршақ 
тұқымдастардан  дайындалатын  тамақтарды  мүлдем  қолданбадық,  тағам 
құрамынан алып тастадық. Мен оған күн сайын 10 минут,  Цельсия бойынша 
40 градус ыстық  ванна тағайындадым. Бастапқыда үш көше, үш күн өткенде 
тағы үш көше, соңында күніне 5 шақырым жаяу серуендеуді үйреттім. 
 
Ашығумен, дене шынықтыру және диета сақтаумен жеткен жеңіс 
     
Ол аптасына 36 сағат, кейіннен бір жеті, бір он күндік ашығуды өткізді. 
Бір жыл өткеннен кейін сіз осы адамды әзер танушы едіңіз. Оның жанұясы 
мен  достары  бұл  өзгеріске  қатты  таңырқады.  Оның  буындары  -  қозғалыс, 
икімділік  қалпына  келіп,  Хиристиан  жастар  одағы  клубына  мүше  болып, 
аптасына 2 – 3 қабат үзбей суға шомылды. Бұрын велосипедке отырмайтын, 
қазір  талай  шақырымдарды  артқа  тастады.  Әйелі  екеуі  бимен  шұғылданып, 
келесі  жылында  би  бәсекесінің  жеңімпазы  атанды.  Буындарының  қатуы 
жоғалып, күй сандық сатып алып, кәдімгідей ойнайтын болды. Аурулардың 
бәрінен құтылды. Осының бәріне өзі жетті, мен тек өзіне - өзі көмектесуіне 
жол  нұсқадым.  Мен  тек  физиотерапевт  ретінде  салауатты  өмір  сүру 
бағдарламасын  құрап  бердім.  Ол  бүгін  аптасына  үзбей  24  –  36  сағат 
ашығады.  Жылына  4  қабат,  көктемде,  жазда,  күзде,  қыста  он  күннен 
ашығады.  Оның  қимылы  20 жастағы  жігіттің  қимылындай  дәл  әрі  шапшаң. 
Әрине,  осы  жетістікке  бір  күнде,  бір  айда  жеткен  жоқ.  Улы  қышқыл 
қалдықтарын ағзадан шығару үшін талай уақыт кетті. 
      
Эванс  мырза  жасаған  істі  бәрі  де  жасай  алады.  Ағза  өзі  емделеді,  өзі 
қалпына келеді. Бізден талап етілетіні табиғаттың заңымен өмір сүру, сонда 
ғана табиғат бізге өмір қуанышын силайды. 
      
Ашығу  –  біздің  буындарға  бөгет  жасайтын  улы  қышқылдар 
қиыршықтарынан  құтылудың  негізгі  бағдарламасы.  Кейінге  қалдырмай  24 
сағаттық  ашығудан  бастаңыз.  Буындарыңызға  қалай  әсер  ететініне  көзіңіз 
жетеді. Басыңызды екі жаққа айландырып көріңіз, сықырлағанын сезесіз. Бұл 
улы 
қышқыл 
қалдықтарының, 
омыртқаның 
жоғарғы 
бөлігіне 
шоғырланғанының  дәлелі.  24  сағаттық,  не  7  күндік  ашығу  ағзаны  тазалай 
бастайды,  бірақ  толықтай  емес.  Аптасында  бір  күннен  ашыққанда,  жылына 
52  тәулік.  Осы  мерзімде  ағзада  толыққан  өмір  күштерінің  шамасы, 
буындарыңыздағы қышқыл қалдықтарын жоюға әлі жетеді. 
     
Әрбір  келесі  ашыққан  сәтіңізде,  буындарыңыздың  босай  бастағанын 
байқайсыз. Икемсіздіктің орнына жастық пен жеңілдікті сезесіз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет